Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


-тақырып: Адамды иландыруға көмектесетін 14 ереже



бет7/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#4644
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

7-тақырып: Адамды иландыруға көмектесетін 14 ереже.
Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Иландыру дегеніміз не?

- Сіз біреуді көндіріп көрдіңіз бе?

- Қандай мақсатты көздедіңіз?

- Әрқашан көндіре алдыңыз ба? Неге?

Көндіруге көмектесетін 14 ереже бар. Олар өте қарапайым, бірақ өзінің көпшілігімен жеделді.


1-ереже (Гомер ережесі): Келтірілген аргументтердің қатары көндіруге әсер етеді. Келесі қатардағы көндіру аргументтері тиімді болады: күшті, орташа, өте күшті.

Бұл ережені қалай түсіндіңіз? Бұл ережеден түсінетіміз - өтініштен емес, аргументтерден бастау керек. Әлсіз аргументерді қолданбағаныңыз жөн болар. Оларды дайындық кезеңінде анықтасаңыз, иланым үшін қолданбаңыз. Себебі, оның пайдасынан зияны көбірек болады. Шешім қабылдайтын тұлға сіздің аргументтерініздегі әлсіз жақтарға көп көңіл бөледі, өйткені ол келіскенде, өзіне үлкен жауапкершілік алады. Сондықтан ол үшін қателеспеу өте маңызды. Шешім қабылдауға аргументтердің саны емес, сенімділігі шешуші рол атқарады.


2-ереже (Сократ ережесі): Өзіңізге өте маңызды сұраққа оңды, дұрыс шешім алу үшін, сол сұрақты үшінші орынға қойыңыз. Әңгімелесушіңіз еш қиындықсыз «иә» деп жауап беретіндей, басында екі қысқа, қарапайым сұрақ қойыңыз.

Бұл ереже 2400 жыл қолданылып келеді және ол жүздеген білімді адамдардың ұрпақтарымен тексерілген. Ол дұрыс болғандықтан, өзінің өміршеңдігінен айырылған жоқ. Жуырда ғана берілген ереженің эффектілігін түсіндіретін терең (физиологиялық) себепері анықталды.

Егер адам «жоқ» дегенді айтса, не естісе, оның қанына күреске дайындайтын ноадреналин гармоны түседі. Ал, керісінше, «иә» сөзі морфтектес заттарды – «ләззат, қанағат гормондары» (эндорфиндерді) бөледі.

Ләззат гормонының екі порциясын гормон алғаннан кейін, әңгімелесуші босап, жақсылыққа дайындалады, бейімделеді. Психологиялық тұрғыдан күресуге қарағанда, оған күреске түсудің орнына келісе салған жеңілдірек.

Эндорфиндердің бір порциясы жетпей қалуы мүмкін. Әсіресе егер сіздің әңгімелесушіңіз жаман көңіл-күйде келсе. Сонымен қатар, адам бір көңіл-күйден екінші көңіл-күйге ауыса алмайды. Ол үшін уақыт пен ләззат гормондары көбірек беру керек. Алдында қойылатын сұрақтар әңгімелесушіні шаршатпау үшін қысқа болып, көп уақытын алмау керек. Сонымен бірге, әңгіменің негізгі бөліміне ұзақ дайындалып жатқанда біреудің кедергі жасауы (телефон шалып немесе біреудің келіп) және сіздің дайындығыңыз басқа біреудің пайдасына тиюі мүмкін.
3-ереже (Паскаль ережесі): Әңгімелесушіні бұрышқа тықпаңыз. «Жүзін сақтауға» мүмкіндік беріңіз.

Әңгімелесуші сізбен келіссе өзінің намысын жоғалтып алатындай сезініп, жиі келіспей қояды. Мәселен, ашық қауіп, қатер ретінде қабылданады. Сол себепті сужүрек болып көрінбеу үшін, өзіне қандай зияны болса да, бұл істі соңына дейін аяқтауға бел буады. Немесе оның намысына қарсы болғанда, келісу - өзінің тұлғаның жаман бағалануымен келісу. Паскаль сөзі: «Капитуляцияның құрметті шартынан басқа ештеңе қарусыздандырмайды». Өзіңіздің әңгімелесушіңізге қиын жағдайдан ар-намысын сақтап қалатындай дұрыс шешімді ұсыныңыз. Ол сіздің көзқарасыңызбен келісуге көмектеседі.


4-ереже: Иланым аргументтер көп жағдайдаі көндірушінің имиджі мен статусы байланысты болады.

Құрметті, лауазымды, беделді адамды тыңдау, қарапайым адамды тыңдауға қарағанда, жақсы қабылданады. Төртінші ережені қолданатындар құрметті адамның «өзі үшін сөз сөйлеуді» сұрайтын адамдар немесе беделді адамның сөзіне сілтеме жасап, өз көзқарасын дәлелдеу үшін дәйектемелерін келтіреді.

- Статус дегеніміз не? (қоғамдағы орны). Студент, оқушы, мұғалім, жұмыскер, шебер, депутат, басшы, директор - осының барлығы статус деп саналады.

- Имидж дегеніміз не? (Кейіп, образ)

Егер «статус» «кім?» деген сұраққа жауап берсе, онда «имидж» «қандай?» деген сауалға жауап береді: жақсы немесе жаман, ақылды немесе надан, әдемі немесе жоқ, жағымды немесе жағымсыз және т.б.

Жоғары лауазымдық немесе әлеуметтік жағдай, бір саладағы жоғарғы жетістер, қоршаған адамдардың мадағы, жеке басының жақсы қасиеттері, индивидттің статусын көтереді. Себебі: ұжым статусы оның әрбір мүшесінің статусынан жоғары болып келеді.

Студенттер айтқандай: «Басында сен жақсы сынақ кітапшасы үшін қызмет етсең, сосын ол саған қызмет етеді».

Тағы бірнеше мысал. Бірдей шарт кезінде толық, ірі адам үлкен сенім ұялатады, аяғын нық басатын адамға ұқсайды.

Еске түсірейік, осындай адамдар қандай түсінікке ие болады?

(құрметті, сенімді, беделді және т.б)

Айыпталушы статусы акталушы статусына қарағанда жоғары қабылданады. Бұл тұжырымның айғағы: «Егер ақталса - кінәлі». Келеңсіз жағдайларға қатысу имиджті төмендеуіне әсер етпей қоймайды. Халықта бір сөз бар: «Не ол ұрлады, немесе одан ұрлады»


5-ереже: Өзіңізді тығырыққа тіреп, статусыңызды төмендетпеңіз.

Егер әңгімелесушілердің статустары әр түрлі болса, онда көп жағдайда әңгіме басталмай жатып өшіп қалады. «Өзін өлтіретін» әңгіменің басына қалыптасқан.

Себепсіз кешірім сұраудан аулақ болыңыз. Бұл өзіне деген сенімсіздіктің белгілері. Теріс мысалдар мынаған: «Кешіріңіз, мен кедергі жасаған жоқпын ба?», «Мен тағы бір рет естетейін деп едім», «Өтінемін, егер сіздің мені тыңдауға уақытыңыз болса». Сенімсіз қылығыңыз мәртебеңізді, статусыңызды төмендетеді.
6-ереже: Әңгімелесушіңіздің статусы мен имиджін төмендетпеңіз

Құрметтеудің қандай болмасын қылығы, белгісі әңгімелесушіңіздің статусына қол сұғу болып, кері реакция, әсерге әкеледі. Әңгімелесушінің қатесін түзету және дұрыс еместігін білдіру оның имиджіне әсер етеді. Сондықтан ол ауыр тиеді, дауды немесе ұрысты тудырады.

Егер түзетуге мәжбүр болатындай жағдайда болса, қателікті түсіну оның намысына тимейтіндей істеу керек. Мысалы: «Менің білуімше, сізге кейбір жағдайлар таныс емес (айтып өту)», «Өзіңіздің ойлауыңызға байланысты бұл жағдайлар, келесі қортындыға келтіреді».
7-ереже: Өзімізге жағымды әңгімелесушінің аргументтерін біз жұмсақ қабылдап, ал жағымсыз әңгімелесушінің аргументтерін сынаймыз.

Аристотель айтқандай, көндірудің күшті құралы шешеннің өз жеке қасиетіне байланысты. Цицерон айтып кеткендей, шешен өз тыңдаушысына жағымды болуы керек.

Бұл ереже әрекетінің механизмі Сократ ережесі сияқты сүйкімді әңгімелесуші ләззат гормондарды тудырады, ал ұнамсыз керісінше.

Адам өзінің сыйлауымен тыңдай білу қасиетімен, мәнерлі сөзіммен, ұнамды қылықтарымен және сыртқы әлпетімен көзге түсіп, ұнамды болады.


8-ереже: Әңгімелесушіні иландыру үшін, сіз онымен келіспеуден емес, келісуден бастаңыз.

Бұл әңгімелесушінің пікірінің басты емес, тұрлаусыз жағдайы болсын. Егер сіз онымен мүлдем келісе алмасаңыз, онда ол адамның жасаған позициясына және көзқарасына алғысыңызды білдіріңіз (жиі кездесетін жағдай). Осыдан кейін де «Бұл жағдайға менің көзқарасым бар» деп айтуға болмайды. Бұл сізді екі жаққа бөліп тастайды. «Қазір мен сеннен ақылдырақ екенімді дәлелдеймін» деумен бірдей.

Біздің әрқайсымыз өзіміздің көзқарасымызға жақын, сөзімізге қайшы келмейтінді үлкен ләззатпен тыңдаймыз. Керісінше, егер естігеніміз біздің ойлағанымызға қарсы болса тітіркенеміз.
9-ереже: Эмпатияны білдіру.

- Эмпатия дегеніміз не? Эмпатия дегеніміз басқа адамның сезімдерін түсініп, бірге сезіну, қобалжу қабілеті. Біз ол туралы әлі сөйлесеміз.

Эмпатия әңгімелесушіні жақсы түсініп, оның ойлау жолдарын біліп, көруге көмектеседі, «оның ішіне кіріп кету» сияқты.

Эмпатияны жарыққа шығармай Гомердің бірінші ережесін қолдана алмаймыз, себебі аргументтердің күшін шешім қабылдаушы бағаласа, біз өзімізді оның орнына қоюымыз керек. Сол сияқты Сократ және Паскальдің ережесіндегіндей, әнгімелесушінің сіздің сөздеріңізге деген реакциясын болжау керек, яғни эмпатияны білдіру керек.



«Эмпатия» ойыны

Ойынның мақсаты: «көзбен байланысты ұстай білу» әңгімелесушіні түсіне білу қабілетін арттыру.

Ойынның барысы

Бір оқушы сыныптан бір минутқа шығады. Қалғандары шығып кеткен баланың мінезіне немесе сыртқы бейнесіне байланысты ең жақсы үш қасиет айтады. «Ақпарат сақтаушы» кімнің не айтқанын жазып алады. Кірген оқушының міндеті - сыныпта қалған оқуышылардың көздеріне, мимикаларына және басқа да мінез-құлықтарына «ақпарат сақтаушы» айтқан сөздердің иесі кім екенін анықтау. Топ «ыстық», «жылы», «суық» сияқты сөздермен көмектеседі. Оқушыларға тек қана жақсы қасиеттерді айтуды ескерту керек.

10-ереже: Жақсы тыңдаушы болыңыз.

– Жақсы тыңдаушы болу дегеңіміз не?

– Көбінесе қандай себептерден дау басталады? Дауды мұқият талдау кезінде көбінесе дау барысында дауласқан адамдар әр түрлі жағдайлар туралы айтатыны анықталады.

Мұқият тыңдау-көндірудің кепілі. Егер оның ойының тәртібін, құрылымын түсінбесең, ешқашан көндіре алмайсың. Сонымен бірге, мұқият тыңдаушы әңгімелесушіні өзіне қаратады, яғни жетінші ережені қолданады. Сонда ол қалай естіледі? Біз айтылғанды емес, өзіміздің қалағанымызды еститініміз мәлім.

Өзіміздің тыңдай алуымызды, коммуникативтікті көптеген тестер арқылы тексеруге болады. Міне солардың бірі.
Тест.

Сіз адамдармен қарым-қатынас жасай аласыз ба?

Бұл сіздің тіл табыса алу, тыңдау қабілеттеріңізге тікелей байланысты. Бұл сұрақтарға жауапты тесттен кейін жауап бере аласыздар. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береміз:


    1. Сіз басқа адамның сөзін соңына дейін айтып болғанша шыдайсыз ба?

    2. Сіз мәселені түсінбей жатып, шешім қабылдайсыз ба?

    3. Сіз өзіңізге ұнатайтынды, жағымды ғана естімейсіз бе?

    4. Сізде эмоция тудыратын адамды тыңдай аласыз ба?

    5. Басқа біреудің сөйлеуі сізге бөгет болмай ма?

    6. Әңгіменің керектісінің орнына бос нәрселерді ғана есте сақтамайсыз ба?

    7. Ескертулерді тыңдау сізге кедергі жасамай ма?

    8. Түсініспеушілік кезінде сіз тыңдауды тоқтатасыз ба?

    9. Тыңдау кезінде жағымсыз позицияны ұстанасыз ба?

    10. Мүмкін сіз тыңдап жатқандай түр жасайсыз?

    11. Сіз түсіну үшін өзіңізді сөйлеушінің орнына қоясыз ба?

    12. Сіз және сөйлеуші әртүрлі сұрақты талқылайтыныңызды есепке аласыз ба?

    13. Сізге және сөйлеп тұрған адамға сөздің мағынасы әртүрлі болатындығынын бақылайсыз ба?

    14. Сіз даудың көзқарастың келіспеушілігінен немесе сұрақтардың әртүрлі қойылғанынан болғанын анықтайсыз ба?

    15. Сіз басқа адамды тыңдаған кезде оның көзінен қашқақтап, бұрышқа немесе жан-жаққа қарайсыз ба?

    16. Сізде сөйлеп тұрған кісінінің сөзін бөліп, өзіңіздің сөзіңізді қоюға құмарлық пайда бола ма?

Нәтиже:егер сіз 11-14 сұрақтан басқа барлығына шын ниетпен «жоқ» деп жауап берсеңіз, онда сіз адамдарды тыңдай аласыз және ести аласыз. Кімде-кім өз жауаптарына сенімсіз болса, бұл тест негізінде кеңестерден құралған.
11-ереже: Конфликтогендерден (дау туғызатын сөздерден) аулақ болыңыз.

Конфликтоген деп, дау туғызатын сөздер, дау туғызатын әрекет, яғни конфликтке соқтыратын сөздер. Конфликтоген сөзінің нақты аудармасы -«дау тудырушылық» («ген» жалғауы күрделі сөзде «тудыратын» дегенді білдіреді).

Сіз қалай ойлайсыз, конфликтоген дегеніміз не? (Асырмалау, ашулық және тәрбиесіздік туғызатын көрсеткіштер: дөрекілік, қорқыту, мысқылдау, ескерту мақтану, апелляциясыздық, кеңес беру, сөйлеушінің адамның сөзін бөлу, өтірік, ақпаратты жасыру және т.б.).

Берілген ереже жетінші ережеге сәйкес. Расында, конфликтогендер көрінбей қалмайды, кері әсер пайда болып, әңгіме шиеленіске айналады.


12-ереже: Сіз бір-біріңізді дұрыс түсінетініңізді тексеріңіз.

- Оны қалай тексеруге болады?

Мәтінге байланысты сөздер әртүрлі мағынада болады. Бұл кез-келген тілге айтуға болады (мысалы, ағылшын тілінде 500 аса қолданылытын сөздің орташа санағанда 28 мағынасы бар). Қазақ тіл де солай. Сондықтан, хабарламаны алғанда түсіну дәрежесін, әсіресе қазақша әрқашан тескеру керек. «Мен қайдан пайда болдым?» - деген сұрақты баласы анасына қойды. - Адамдардың пайда болу туралы дәріс кезінде, соңында естідім: «Көрші Қарағандыдан келдік дейді. Ал біз қайдан?»

Пайда болған дауды сараптама дауласу кезінде затты әр жақты түсінетінін көрсетеді, нәтижесінде - «домбырам не дейді, мен не деймін», «бас десе, құлақ дейді». Келісімге келу үшін бір-бірін түсіну керек.

Түсінудің қарапайым, жай тәсілдер бар. «Мен сізді дұрыс түсіндім бе?» (Түсінгеніңізді қайталау) немесе «Басқа сөзбен айтқанда, сіз ...», «Сіздің айтқаныңыз ... білдіреді?» және т.б. Қайта сұрау күнә емес: «сіз нені айтып жатырсыз?», «қайтала алмайсыз ба?», «анығырақ айтуға бола ма...».

Галилео Галилейдің ғылыми тұжырымдарынан ешкім аса алмады: ол ең алдымен өз қарсылыстарының пікірлерін олардың өздерінен анық айтып, содан кейін оның тас-талқанын шығаратын. Ол нағыз шешен, виртуоз болды.


13-ереже: Өзіңіздің және әңгімелесушінің мимикасын және қимылдарын бақылап отырыңыз.

Мимика және ым дегеніміз не? Қалай ойлайсыз, оларды не үшін бақылау керек?

Көндіру процесінде тыңдаушы біздің сөзіміз туралы не ойлайтынын білмейтініміз бөгет болады. Сөйлеушілер әрқашанда бір-бірімен ашық болмайды.

Ым және қимыл тілін білген көмектеседі, ол туралы кейінірек айтамыз. Мимика мен сөзге қарағанда өзіміздің қимылымызды бақылай алмаймыз және кей қимылдар ойламаған жерден пайда болады. Ым және қимыл тілін білетін адам әңгімелесушіні оқып, қосымша акпарат алады. Сонымен қатар егер біздің ым мен қимылдарымыз сөзбен сәйкес келмесе көндіре алмаймыз. Көбісі келіспеушілікті сезеді. «Бір нәрсенің дұрыс еместігін сеземін» деу осыған байланысты. Ым және қимыл біздің сөзімізді нақтырақ сездіртеді.


14-ереже: Сіздің ұсынысыңыз әңгімелесушінің қандай да болмасын қажеттілігін қанағаттандыратынын көрсетіңіз.

– Сізде, адамдарда қандай қажет бар?

Адам қажеттіліктері бөлінеді:

а) физиологиялық (ас, су, ұйқы, тұратын үйі, денсаулық және т.б.);

б) сақтандыруға қажеттілік, болашаққа деген сенім;

в) қажеттілік бір ортаға жатады (отбасына, достар ортасына, ұжымға және т.б.)

г) сыйластыққа, танымға қажеттілік;

д) өзінді дамытуға, өзінің шамасының ашылуына қажеттілік, рухани қажеттілік.

Адам жоғарыда айтылған бес деңгейдегі қажеттілікті де керек етеді. Ол күшті аргументтер табу үшін көздер жақсы болып табылады.

Ең күшті аргумент – бір қажеттілікті қанағаттандыру болып табылады. Мысалы: жарнама бойынша мамандар адамның қорқыныш, үрей сезімдері қауып, тәуекел жөнінде болатынын тұжырымдайды. Осының негізінде барлық сақтандыру ісі құралған. Адамдардың қауіпсіздіктерін сақтандыру бизнесі нағыз қаржылы болып табылады.

Енді сіздер барлық 14 ережені білесіздер. Қалғаны тәжірибеде қолдана білуді үйрену керек. Әрине ол үшін уақыт және шыдамдылық қажет.

Соңында тест «Сіз басқа біреуге әсер ете аласыз ба?». Сізде қоршаған ортаға әсер етуге қабілетіңіз бар ма? Мүмкін сіз осы қасиетіңізді дамытқыңыз келеді? Келесі сұақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

1) Сіз өзіңізді актердің немесе саясаткердің орнында елестете аласыз ба?

2) Экстравагантты киінген және сөйлейтін адамдар сізді тітіркендіре ме?

3) Сіз басқа адаммен өзіңіздің жыныстық уайымыңыз туралы сөйлесе аласыз ба?

4) Сіз қоршаған ортаға өзіңіздің қасиетіңізді көрсету үшін, қиын шаруаны істей аласыз ба?

5) Сіз үлкен табысқа жету үшін бәрін құрбандыққа шала бас аласыз ба?

6) Сіз қатаң тәртіппен, тіпті ойын сауықты өлшемді өмір салтына келтіре аласыз ба?

7) Сіз өзіңіздің үйіңізде жиһаздардың орнын ауыстырғанды жақсы көресіз бе?

8) Сіз өзіне өте сенімді және тәкаппар адамдарды жағындыра аласыз ба?

Жауаптар бағасы:




1

2

3

4

5

6

7

8

иә

5

0

5

5

5

0

5

5

жоқ

0

5

0

0

0

5

0

0

Н ә т и ж е л е р:



20-30 ұпай. Сіз басқа адамдарға жақсы әсер ете аласыз, ол үшін сіздің бойыңызда таптырмайтын қабілеттер байқалады. Сіз олардың тәртібін өзгертіп, басқарып, дұрыс жолға бағыттай аласыз. Осы тәрізді жағдайларда сіз судағы балықтай еркін жүзесіз. Сіз адамдардың тұйық болмауына, адамдардың қашқақтауына тек қана өзінің қара басын ойлауға жол бермейсіз.

Ол басқа адамдар үшін бірдеңе жасау керек, оқыту басқару, күнделікті өмірде өздерін одан да жақсы сезінуі үшін шара қолдану керек. Сіз қоршаған ортаны өзіңіздің дұрыстығыңызды дәлелдеуге қабілетіңіз бар. Бірақ сіздің позицияңыз өте агрессивті болуы мүмкін. Сондықтан байқау керек.



20 ұпайдан төмен:

Сіздікі әрдайым дұрыс болғанмен, қоршаған ортаны сіз сендіре алмайтын жағдайлар болады. Сіз өзіңіздің өміріңіз және қоршаған ортаның өмірі қатаң тәртіпте, сау ойда және жақсы қылықтармен шектелуі қажет деп ойлайсыз. Сіз жиі ұстамды боласыз, сондықтан өзіңіздің мақсатыңызға жете алмайсыз және басқалары сізді дұрыс түсінбейді.



8-тақырып: Ережелерді қолдану мысалдары (біздің өміріміздегі жағдайлар)

Сынып төрт топқа бөлініп, топта жағдай талқыланып, содан оның жалпы талқылануы өткізіледі.

- Сонымен, біз көптеген иланым ережелерімен таныстық. Ал қазір олардың күнделікті өмірдің түрлі жағдайында қалай жұмыс істейтінін тексерейік.
1-карточка. Подъездегі бұзақылық

К а р т о ч к а ғ а т ү с і н і к т е м е.

Сәтсіздіктің себептері - эмпатияның болмауы, сөзбен кінәлау (күшті конфликтоген), және осының салдарынан - әңгімеленушінің реномының көңілге жақпауы. Жасалған бұзақылыққа әсер етпеуге болмайды, өйткені ол алдын ала дайындалған іс-әрекет.

Карточканың екінші сұрағына мысал.



  • Қайырлы кеш, Ғәлия-апай. Сізбен құпияласуға бола ма?

  • Кіріңіз, өтінемін.

  • Мен сізден көмек сұрап келдім. Біреулер біздің подъезде бұзақылық жасайды. Сіздің ұлыңыз біздің подъезде жиналатын жас өспірімдердің барлығын біледі. Ол балаларға егер бұзақылық қайталанса, оларды милицияға тіркеуге қоятынын айтып жіберсе жақсы болар еді.

  • Сонда олар не бүлдірді?

  • Бүгін - олар біздің телеантенамызды қиып кетті. Подъездің бүкіл қабырғалары мен лифтің ішін сызып, ұятсыз сөздерді жазып тастаған. Бұның соңы жаман аяқталуы мүмкін. Біз аналары ретінде оларды тоқтатуымыз керек.

  • Жарайды, ұлыммен мен сөйлесіп көрейін.

Осы жағдайдан біз нені ұтамыз? (күдікті бұзақының анасының көңілін өзімізге қарату) Бұл мүмкін бе? (Көршінің айтқандары оны бұрышқа тықпай, керісінше «намысын сақтауға» көмектеседі)
2-карточка. Сәби және бала

К а р т о ч к а ғ а т ү с і н і к т е м е.

Неге ата–аналар бұл жағдайды көндіре алмайы? Өйткені көптеген көндіру ережелерін бұзады.

Ең басты - балаға эмпатия көрсетпейді. Өздерін оның орнына қойып, көпшілікке қызығушылық апаратын түсінеді: ана жерде не бар? Себебін түсінгеннен кейін, онымен күресу қажеті жоқ (ол зиянды да болуы мүмкін,

Себебі баланың дамуын тоқтатады).

Жай ғана балаға резенке етік кигізіп оның қызығушылығын қанағаттандыру керек. Егер етік жоқ болса, онда басқа жағдайға көңілін аудару керек. Яғни, оның қызығушылығынан қажеттілікті алу керек. Дамыту керек (өздік даму).

Осы жағдайда үлкендерге түсінікті, ал балаларға түсініксіз тұжырымдамалар жасалады («ауырып қаласың, «мерт болысың»), осыдан аргумент күші тыңдаушымен анықталады және әлсіз аргументтерден қашқақтауға болмайды деген Гомер ержелері бұзылады. Ананың дауыс көтеру жағдайды ушықтырып, 11-ережені бұзады. Жауап ретінде ерегесіп, дауыс көтеруге қарсы әрекет жасалады (сендірушінің денгейін төмендету реакциясы).

Осы жерде 8 ереже де сақталмайды: себебі ана баласымен біріктіретін қатынастан емес, бөлетін қатынастан бастайды (баланың түсінігі бойынша)

Қортындылай келсек, ата-ана көндірудің бес ережесін сақтамайды. Осыдан сөздер сендіре алмайды.


3-карточка. Тоқсандық баға

Карточкаға түсініктеме.

Оқушы сендіруге тырысып 1, 3, 6, 7, 8-ережелерін бұзады. Ол бөлу кезеңінен бастайды (бағаға әр түрлі көзқарас). Тәртіпті бұзушы ретінде мұғалімді ызаландырып, жағымсыз, теріс имиджді, ұнамсыз әңгімелесуші болып табылады. Мұғалімнің қашан және қандай баға қою шешіміне кедергі келтіргенде, мұғалімнің статусын түсіреді. Ескертеміз, тәртіп үшін қойылған екі мұғалімге әлсіз аргумент болып табылады.

Оқушы мұғалімге эмпатия көрсете алмағандықтан, екінің қандай болғанын жасыра алмайды. Мұғалімді кінәлап, дауласып, оны бұрышқа тығады. Осының нәтижесінде өзі қалмаған бағаға қарама-қарсы баға алады.

Сіздің нұсқауңыз: осындай жағдайда өзіңзді қалай ұстауыңыз керек?

Барлық оқушылар осылай дауласпайды, оны келесі жағдай көрсетеді, тыңдаңыздар.



Тарих туралы әңгіме

Оқушы тарих пәнінен бағасын түзеткісі келіп, мұғалімнің сабақ сұрағанын қалайды. Мектепке бара жатып, мұғалімді қуып жетеді:

- Қайырлы таң, Гүлзәйда-апай! Бүгін ауа райы тамаша ғой? Иә?!

- Сәлеметсіңбпе, Сапарбек, ауа райы расында жақсы!

- Демалыс жақындап барады ғой, сіз ақыры бізден демаласыз.

- Иә, бәріміз шаршадық - біз де, сендер де. Сірә, демалысты аңсайтын шығарсыздар?

- Әрине. Демалысқа жақсы бағамен шығу көңілдірек қой. Рас қой?

- Тоқсанды қалай бітіріп жатырсың?

- Егер сіздің пәніңізден түзетсем, мүмкін үш болмас еді,.

- Неге дұрыс оқымадың?

- Мен оқыдым. Бірақ, сіз сезгендей нашар дайындалып келгенде, сұрайсыз.

- Иә. Жиырма жыл оқытқаннан кейін, оқушыларды бірден біліп тұрасың.

- Ал қазір мен дұрыс жаттадым.

- Жарайды, онда бүгін тексереміз.
- Неліктен бала өз алдына қойған мақсатына жете алды?

Жас дипломат тәжірибеде Сократ ережесін қолданды. Ол мұғалімнен бірнеше бекітілген, нақты жауаптарды алды.

Ол мұғалімнің алдында басқа пәндерден жақсы оқитындығын айтып, өз имиджін көтереді. Өзінің жақсы сөздерімен мұғалімді өзіне қаратып, жағымды әңгімелесуші болады. Осының нәтижесінде иландырудың мақсатына жетеді.
4-карточка. Мектепте темекі шегу.

Карточкаға түсініктеме.

- Неге мұғалімдерді көндіре алмайсын?

Мұғалімдерге қарсы бірнеше ереже «жұмыс істеді». Мұғалімдердің аргументтері кішкентай балаларды сендіре алмайды. Балалар темекі шеккен кезде, болашақта не боларын ойлап көрмейді. Денсаулыққа зияндылығы «үлкендердің» түсінігімен баяндалады (аурулар, өмір ұзақтылығы), сондықтан балалар үшін олар әлсіз аргумент, балалар ой-өріс қабылдай алмайды.

Басқа жағынан қарағанда, бұл балалардың темекі шегу әрекеті үлкен жолдастарына еліктеуден туындайды. Үлкен жолдастарының мысалдары, мұғалімдердің сөздерінен әлдеқайда сенімдірек. Сондықтан бастауыш мектептерде осындай жағдайларға тап боламыз.

Бірге шешейік.



Құлыптағы шекара

Мектепте би кеші өткізілді. Кешіккендерді кіргізбеді. Кешіккендердің саны жиырма болды, мен де солардың қатарында болдым. Күзетші ірі адам ешкімді жібермеді. Кешікккендер артқа шегінген кезде, мен күзетшінің қасына бардым:

- Қайырлы кеш! Өтінемін, сіздің қасыңызда жылынып отыруға бола ма, өйткені, мен би кешінің аяғына дейін тосуым керек, ал дала болса суық.

- Неге тосу керек?

- Қызыма би кешінен кейін, шығарып салам деп уәде берген едім. Ал өзім сабақта болып кешігіп қалдым. Ол қауіпсіз ауданда тұрады.

- Сен де мында оқисың ба?

- ПМУ-дың дайындық курсына барып жүрмін.

- Оқуға түсуге дайындалып жүрсін бе?

- Иә, бірақ бүгін төбелесем деп ойлаймын.

- Неге?

- Менің қызыммен билеп жүрген жігітке, оны шығарып салуға жол бермеймін. Ол үшін күтіп тұрған жоқпын.

- Онда өзің барып биле.

- Сіз мені жібермейсіз ғой!

- Олай болса өте бер, бірақ төбелес болмасын.

- Рахмет!

- Жарайды...
- Бұл жас жігіттің жетістігін талдаңыздар.

Бұл жігіт басынан бастап, өзінің өтінішіне «иә» деген жауап алды, яғни Сократ ережесі бойынша әрекет жасады. Екінші «иә» деген жауаптың қажеті болмады, өйткені ол өзің «нағыз жігіт» екенін көрсете біліп, имиджін көтерді. Ал соңғы төбелес туралы аргумент күзетші үшін шешуші болды, өйткені күзетші төбелесті болдырмас еді.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Мамандық «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің тәжірибе жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар бекітемін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет