«Қашықтан оқыту технологиялары»



бет1/8
Дата29.03.2017
өлшемі1,78 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ПОӘК 042-14.2.07.1.20.01/03-2013

03.09.2013 ж. 1 басылым

беттің




Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


3 деңгейдегі СМК құжаты


ПОӘК


ПОӘК


042.39.1.ХХ/01-2013

ПОӘК

«Қашықтан оқыту технологиялары» пәні бойынша оқу - әдістемелік материалдар



__.__.20__ж

№__ басылым




«Қашықтан оқыту технологиялары»

пәнін оқыту-әдістемелік кешен
5В011100 - «Информатика» мамандығына арналған

оқу - әдістемелік материалдар


Семей

2013

МАЗМҰНЫ





Глоссарий






Дәрістер






Зертханалық сабақтар






Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары






1. Глоссарий
Автоматика – (automation) автоматты басқару теориясын қамтитын,автоматты жүйелерді құру принципі мен оның техникалық құралдарын қамтитын ғылыммен техниканың саласы.

Автоматтандырылған оқыту жүйелері – компьютердің көмегімен оқытуға пайдалануға арналған программалық пакеті.

Ақпарат - объекті туралы нақты нақты мәліметтер мен олардың арасындағы тәуелділіктер туралы білімдер жиынтығы.

Ақпарат педагогикалық - білім беру сферасындағы білім берумен тәрбиелеу процесін бейнелейтін және педагогикалық процестерді,адамдар тобын және жеке тұлғаларды басқару туралы мәліметтер,білімдер жиынтығы.

Ақпараттандыру – бұл қоғамдағы еңбек сапасымен өмірдің шарттары түбеегейлі жақсартылған қажетті және жеткілікті болатын барлық қоғам мүшелердің хабардарлылық деңгейге жетуін және оны суйемелдеу деңгейін қамтамасыз ететің жалпыға бірдей ақпараттық құралдармен технологияларды құру, дамыту және қолдану.

Ақпараттық басқару – «басқару» және «ақпартты басқару» ұғымдарының өз ара байланысы модель мен ақпаратты модель ұғымдарынын өзара байланысындай. Тікелей басқарудан айырмашылығы, ақпараттық басқару барлық уақытта жанама, тым болмағанда байланыс араналарын, ақапаратты тарату араналарын пайдаланумен болады. Мағынасы бойынша, ақапараттық басқару басқарылатын объектіге әсер етумен байланысты, тікелей басқарумен қатар, материалдық немесе алаңдық әсер ету бар.

Ақпараттық қоғам-бұл жоғары деңгейдегі өндіріс пен ақпарат және ақпараттық қызметті тұтынумен сипатталатын қоғам.

Қоғамды ақпараттандыру-ақпарат пен білімнің мәнділігін арттыру процесі, қоғамдық өмірдің барлық адамдардың тұлғалық әдістерді кеңнен тарату.

Ақпараттық білім беру кеңістігі-білім беру мақсатында қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде адамдардың тұлғалық өзгерісі өтетін кеңістік.

Ақпараттық мәдениет деңгейі-төмендегідей міндеттерді :

-ақпараттық технолоияларды түсіну, жауап қайтару, пайдалану қажеттілігін ұсынуға негізделген;

-тек ақпараттық технологияларды пайдалану үшін ғана емес, сонымен бірге, ақпаратты ғылыми ұйымдастыруды түсіну, эмпатия, құндылыққа бағытталғандыққа негізделген;

-ақпараттық құзырлықтың базалық сипаттамаларына құндылыққа бағытталғандық пен импровизацияға қабілеттілікке негізделген зерттеу тобындағы қамтиды.



Ақпараттық модель-ақпараттық объектілер жиынтығы, олардың атрибуттары мен объектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығын, пәндік саланың динамикасының өзгерісін, пайдаланушылардың ақпаратты тұтыну сипатын анықтайтын пәндік саланың моделі. Алгоритм және программа – бұл ақапарттық моделдердің әртүрлі түрлері. Компьютерде жүретін кез келген процестің сәйкес ақпараттық модельді құрып, зерттеу өтуі мүмкін емес.

Ақпараттық құзырлықтың деңгейін-төмендегідей міндеттер тобы:

  • ақпараттық бөлік міндеттері;

  • компьютерлік және ақпараттық техника бөлігінің міндеттері;

  • операциялық жүйелер бөлігінің міндеттері;

  • қолданбалы программалыр бөлігінің міндеттері құрайды.

Ақпараттық педагогикалық орта-ақпараттық мәдениет пен қоғамдық және тұлғалық мәні бар құндылық ретінде есептелетін, білім маманының ақпараттық құзырлығын қалыптастыруға қажетті жағдайды құру мақсатындағы ақпараттық білім беру кеңістігінің құрылымы.

Ақпараттық педагогикалық тезаурус-өзара түсіндірілетін және педагогикалық ұғымдардың және олардың өзара байланысының ашық кәсіби бағытталған жүйесі, ол қоғамды ақпараттандыру жағдайындағы қазіріг білім беру маманының ақпараттық қызметінің мазмұны мен оны кәсіби дайындаудың бөлігі болып табылады.

Ақпараттық процесс-ақпараттық жүйелер мен мәліметтерді тарату құралдарымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қабылдау, қорландыру, өңдеу және тарату процесі.

Ақпараттық технологиялар-ақпаратты алу, түрлендіру,сақтау, тарату және пайдалану әдістері мен құралдары.

Ақпараттық экология-әлеуметтік және табиғи ортадағы адамдардың салауатты ақпараттық өмір салтын қалыптастыру туралы ілім.

Ақпараттық этика-адамдарға қатысты рухани залалдықты жою мақсатында ақпаратпен қарым-қатынас жасау ережесі.

Ашық беру-бұл оқыту процесі өтетін белгілі бір білім деңгейіне жетуді жүзеге асыратын ұйымдастырылған,педагогикалық және ақпараттық технологиялар жүйесі.

Әлемнің ақпараттық бейнесі-ақпарат құралатын, тұтынылатын, орналасатын көп өлшемді ақпараттық кеңістіктің моделі.

Әлеуметтік интеллектуалдандыру-ақпараттың қабылдануы мен дүниеге келу қабілетін дамыту процесі, яғни жасанды интеллект құралдарын пайдалануды қоса есептегендегі, қоғамның интеллектуалдық потенциялын арттыру.

Базис-бұл мақсат, міндеттер, зерттеу пәні мен объектісі, зерттеу әдістері, ктегориялары мен ұғымдары.

Білім беруді ақпараттандыру-танымдық іс-әрекетті қайта құру үшін және оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге араналған жағдайды құру үшін және оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге арналаған жағдайда құру мақсатында микропроцессорлық техника мен ақпаратты тарату құралдарының, осы құралдарға негізделген педагогикалық технологияның базасында ақпаратты жинау, өңдеу,арату және сақтау әдістері мен құралдарын педагогикалық практикаға жаппай енгізу.

Білім беруді қазірігі ақпараттық технологиялар-адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін өзіне жинақтаған және азаматтың интеллектуалдық, оның ішінде білім берудегі қызметін шынацы күшейтуге қабілетті құрал.

Білім беру жүйесі-адамның дамуы үшін арнайы тағайындалған аға ұрпақтардың тәжіриблерін тарату және қабылдау тәжірибесінің арнайы ұйымдастырылған жүйесі.

Білімдік компетенция-бұл шынайы ақиқаттың объектісіне қатысты жеке тұлғалық және әлеуметтік мәні бар өнімді іс-әрекеті жүзеге асыруға қажетті оқушының өзара байланысқан мәні бар бағдары, білімі, іскерлігі, дағдысы және іс-әрекет тәжірибелерінің жиынтығы.

Білім маманының ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы(латын тілінен аударғанда compete-жетемін, сай боламын,сәйкес келемін)-кәсіптік педагогикалық іс-әрекет ретінде ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және меңгеру міндеттерін шешу қабілеті.

Білім беру процесінің қашықтан оқыту технологиясы

ақпараттық және телекеоммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген қашықтықтағы оқу процесін жүргізуді қаи\мтамасыз ететін, оқу прроцедураларын әкімшілітендіру, оқыту әдістері мен құраладрының жиынтығы.



Білім беру кеңістігі-білім берудегі жалпы мемелекетті бірлік сақталатрын кеңістік.

Білім берудегі компьютерлендіру-программалық құраладардың пайда болына байланысты болды және ол компьютер мен адамның диалогты өзара әрекеттесуінің пайдалануын сипатталды.

Білім берудің ұлттық моделі-жалпы білім беру моделі негізінде оның жатістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды:

  • мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу;

  • орта білім беру;

  • жоғары кәсіптік білім беру;

  • жоғарғы оқу орыннан кейінгі кәсіптік білім беру;

Бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі-механизмер мен тәсілдермен ұйымдастырылатын және басқарылатын шынайылық, оқушылардың мәдени, білімдік, кәсіптік деңгейлерін арттыру мақсатына жету.

Гиппертекст-(hypertext) немесе гипертекстік жүйе-бұл тек әртүрлі файлдармен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әртүрлі ақпараттар жиынтығы.

Гиппермедиа-(hypermedia)-бұл гипермедиалық тұжырымдамалар, ұғымдар, қосымшалар, техникалық құралдар мен технологиялар саласы.

Гуманитарлық-адамзат қоғамына, адамға және оның мәдениетіне қатысты.

Гуманииарлық білім беру-оқушылардық тұлғалық кемелділігін қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнындағы мәдени компоненттерін басым дамыту.

Дидактика-(білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы)-оқыту нәтижелерін өңдеу процесін автоматтандыру, білім беруді, оның ішінде, оқытудағы ілгерілеуін қамтамасыз ететін, индивидтің мүмкіндіктері мен қабілеттерінің дамуына жағдай жасайтын, оқушының жеке тұлғалығын дамыту процесві жайындағы білімдер жүйесі ретінде қарастырылатын білім беру мен оқыту теориясы (И.В.Роберт).

Дербес оқыту траекториясы-білім берудегі іс-әрекеттің сәйкес түрлерін жүзеге асыру арқылы оқушының жеке тұлғалық потенциялын жүзеге асыру нәтижесі(А.В.Хуторский).

Қашықтан білім беру-қашықтан оқыту арқылы жүзеге асырылатын білім беру.

Жалпыға міндетті стандарттар-ҚР азаматтарының әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына сай толыққанды орта білім алуға қажетті конституциялық құқығына кепілдік беру үшін енгізілген.

Жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі-оны шынайы ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған ақпарат оның жеке тұлғаларының қалыптасыуна кедергі жасамайды.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту-әрбір оқушының бірегей маңызын және оның оқу траекториясының дербестілігін тануға негізделген оқыту.

Желілік технология-оқушылардың оқу әдістемелік материалдары мен және оқытушы, әкімшілік, оқушы араларындағы интерективті өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге арналған.

Инновация-педагогикалық (жаңаны енгізу) білім беру ортасына оны жеке бөліктерін, компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің сипаттамаларын жақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін, мақсатты көздейтін өзгеріс.

Информология-әлемді ұғынудың жалпы категорияларының бірі кеңістік пен уақыт, материя және қозөғалыс, энергия және энтропия мен қатар, сондай –ақ, жердегі өмірдің шарты затымен энергия мен және космостағы процестердің негізгілерінің бірі ретінде қарастырылатын ақпараттық табиғаты, қасиеттері мен басқарылуы туралы ілім.

Кейс-технология-мәтіндік-аудио визуалды мультимедиялық оқу материалдарының жиынтығын пайдалануға және оның өз бетімен оқу үшін жіберуге негізделген дистанциялық оқыту технологиясының түрі.

Компьютерлік білімділік-жеткілікті танымның бар болуы мен әлемнің ақпараттық бейнесін терең тануда белгілі бір жинақылықтың болуы, ақпараттық технологияларды пайдалана білуі.

Компьютерлендіру-ақпаратты іздеу жіне өңдеу құралдарын жетілдіру процесі.

Құзырлық-индивидтің жеке тұлғалық қатынасының және іс-әрекет пәнін қамтитын адамның сәйкес компотенцияларды меңгеруі мен ие болуы.Құзырлық-компотенцияларды қолдануды ең төменгі тәжірибесінің болуын қажет етеді.

Лекция-белгілі бір сала бойынша идеялар жүйесін біртіндеп монологты баяндау, оқыту мен тәрбиелеу әдісі.

Мазмұны-бұл процесс принціптері,теориясы,заңдылықтары (ғылымның методологиялық құрылымы).

Медиатизация-ақпаратты жинақтау, сақтау және тарату құралдарын жетілдіру процесі;

Модельдеу-басқа жүйенің көмегімен физикалық және абстрактілі жүйені жүргізудің әртүрлі сипаттамаларын ұсыну В.И.Першиков.

Оқыту программалары мен жүйелері-компьютердің көмегімен оқытуда пайдалануға аранайы жасалған программалармен программалық жүйелері.

Оқыту траекториясы – бір электрондық оқу басылымындағы оқу бірліктерінің немесе нақты біліктілікті алу үшін енгізілген пәндер тізбегі.

Педагогикалық ақпарат-білім беру және тәрбиелеу процесін бейнелейтін, осы процестерді, білім беру ссаласындағы адамдар ұжымын және жеке тұлғаларды басқаруға қажетті мағлұматты, мәліметті,білімдер жиынтығы.

Педагогикалық жобалау-құрылған модельді ары қарай жасау және оны практикалық пайдалану деңгейіне дейін жеткізу.

Педагогикалық модельдеу-педагогикалық процестер мен жағдайларды және оған жетудің негізгі жолдарын құру мақсатны жасау.

Ресурс-қандай да бір құралдардың қоры немесе көзі. Қазіргі қоғамда материалдық, шикізат, энергетикалық, еңбек, қаржы ресурстары мен қатар ақпараттық ресурстар да бар.

Рефлексия-педагогикалық бұл мұғалыімнің және өзінің әрекетін объективті бағалау, өзін оқушылар және басқа адамдар қалай қабылдайтынын түсіну, ең алдымен, педагогикалық қарым-қатынас процесінде кіммен өзара әрекеттесетінін түсіну қабілеті.

Сараланған оқыту-бұдан олардың икемділігі қызығушылығы байқалатын қабілеттері ескеріледі, бірақ оқушыларды жалпы білімдік дайындаудың базалық деңгеиі төмендейді.

Телеконференциялар- үлкен қашықтықта орналасқан адамдар қатыса алатын, талқылау материалдарын алу және жіберу технологиясы.

Тест-(ағылшынның test-тексеру сөзінен алынған)адамның дербес психологиялық ерекшеліктері мен тәртібін өте дәл мөлшерімен нақты сапалық бағалауға арналған стандартталған зерттеу әдісі.

Электрондық басылымы-прораммалық басқару құралдары мен құжаттамалыры бар және кез келген электрондық ақпарат-магниттік, оптикалық –тасымалдаушысына (CD-ROM,DVD RW және т.б.) орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа да ақпараттар жиынтығы.

Электрондық оқу құралы-құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқалар, практикумдар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.

Электрондық оқу басылымы-оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендіріліп, сонымен қатар, шығу траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым.

Электрондық оқулық-құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйеле мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.

Электрондық оқу құралы-бұл оқулықты жекелей немесе толық алмастыратын немесе толықтыраты, басылымның осы түрі үшін арнайы бекітілген электрондық баслым.

Мультимедия технологиясы (ағылшынша-көп компонентті орта) мәтін, графика және бейне мультипликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолдану саласын кеңейту.

Мультимедиа-бұл әртүрлі формада (мәтін, графика, дыбыс, бейне, анимация) берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені.

Гипертекст немесе гиппертекстік жүйе-бұл тек әртүрлі файлдармен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әртүрлі ақпараттар жиынтығы.

Гиппертекстің негізгі сипаты-бұл гиперсілтемелер арқылы көшу мүмкіндіггі, ол арнайы безендірілген мәтін түрінде немесе белгілі бір графикалық бейне түрінде беріледі. Гиппертексте бір немесе бірнеше негізгі сөздер, көшшу батырмалары ерекшеленген графикалық элементтер түрінде бірнеше сілтемелер болуы мүмкін, олардың көмегімен мәтіннің басқа бөлігіне көшуге болады. Гипертексте мәтіннің бейнеленуі-сызықтық емес тәсілімен жүзеге асырылады.



Гипермедиа немесе гиперорта деп құрамына әртүрлі типті құрылымданған ақпарат кіретін гипертексті айтамыз. Бұл гипермедиялық тұжырымдамалар, ұғымдар, қосымшалар, техникалық құралдар мен технологиялар саласы.

Архитектураланған гипермедиа-бұл оны құру барысында гипермедиалық тораптың мазмұнын осы гипермедиалық торап арқылы ұсынылған объектінің атрибутына сәйкес құруға мүмкіндік беретін гипермедиа, өйткені олар мәліметтер қорына сипатталған және тораптардың арасындағы гипербайланыстар ассоцияланатын болып табылады.

Интерактивтілік. Шынайы уақыт режимінде оқушы мен ақпараттқ жүйе арасындағы белсенді хабар алмасу интерактивтілік деген атауға ие болды. Әдебиеттерде үш түрлі қарастырылады:

Реактивті интерактивтілік-бұл тізбектелген тапсырмалар(оқытудың сызықтық моделі).

Әрекетті интерактивтілік-тапсырмаларды орындау ретін өз бетімен таңдау(оқытудың сызықтық емес моделі). Дербес білім алу жолы бойынша өзіндік оқу мүмкіндігі.

Өзара интерактивтілік-оқушы әртүрлі кедергілерді жоя отырып, зерттеу жүргізуге, жеке есептер шығаруға, тапсырмалардың ретін құрылымдауға мүмкіндігі бар.

Оқыту бірлігі-семантикалық, синтаксистік және прагматикалық тұтастығы бар, бір бүтін ретінде рәсімделген және оның мазмұны мен оның құрылымын формалдауға қолданылатын электрондық оқу басылымының бөлігі.

Оқыту траекториясы-бір электрондық оқу басылымындағы оқыту бірліктерінің немесе нақты біліктілікті алу үшін енгізілген пәндер тізбегі.

Ауқымды желі internet-ауқымды ақпарат көлеміне кіру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Көптеген сарапшылар internet технологиясын дербес компьютердің пайда болуынан туындайтын революциялық қопарылыс ретінде қарастырылады.

E-mail,электрондық почта-электрондық хаттарды жіберу және қабылдау, желі абоненттеріне шолу, мәліметтер және басқа да анықтамалық материалдар жіберуге болатын ақрпататтық қызмет көрсету жөнінде тұтастай қызметтер сериясы.

Телеконференциялар-үлкен қашықтықта орналасқан адамдар қатыса алатын, талқылау материалдарын алу және жіберу технологиясы.

Оқытудың ақпараттық технологиясы-бұл ақпаратпен жұмыс істеуге арналған арнайы тәсілдер, программалық және техникалық құраладры(аудио, бейне құралдар, компьютерелер, телекоммуникациялық желелер) пайдаланылатын педагогикалық технология.

2. Дәрістер

Дәрістің қысқаша конспектісі
ҚОТ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ МЕН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дәріс 1.

Тақырыбы: Мектепте ҚОТ құралдарының даму тарихы. Бағдарламалық оқыту және оны ҚОТ дамуының жаңа сатыларына көшу. ҚОТ дамуының конгнитивтік сатысы.

Мақсаты: ҚОТ құралдарының даму тарихымен таныстыру
Оқу процесінде есептеуіш техника құралдары мен компьютерлік технологияны енгізу мен пайдалану процесін тарихи талдау білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттарын ерекшелеуге мүмкіндік береді, ол шартты түрде білім беруді автоматтандыру, электрондандыру, компьютерлендіру деп аталған. Бұрынғы Кеңестер Одағында білім беруді автоматтандыру мен электрондандыру алғашқы ұмтылыстары академик А.И.Берг техникалық оқыту құралдары (ТОҚ) мен оқыту машиналарын пайдалану жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырған кезеңге – 1962 жылдарға сәйкес келеді. Қазіргі ақпараттық технологиялар компьютерлік техника мен байланыс құралдары саласындағы жетістіктерге сүйенеді.
Білім беруді ақпараттандыру

1.3-сурет. Білім беруді ақпараттандырудың алғы шарттары.

Білім беруді электрондандыру үш негізгі аспектіні қамтыды:


  • электрониканы кеңінен оқыту мен микропроцессорлық техника құралдарын қолдану;

  • оқу процесінде техникалық оқыту құралдарын, оның ішінде, оқыту машиналарын, видео жүйелерді, қарапайым электрондық ойындар мен жаттықтырушыларды интенсивті түрде пайдалану;

  • оқу процесіне микрокалькуляторлар, арнайы оқу ЭЕМ-дерін және т.б.енгізу.

Электрондандыру студенттерді дайындау процесіне, алдымен техникалық мамандық иелеріне электрондық құралдар мен есептеуіш техникаларды кеңінен енгізіу мен сипатталады. Дидактикалық программалаудың негізгі міндеттерінің бірі оқу әрекеттерін оңтайлы басқару жүйелерін белгілі бір мақсатты көздейтін жүйелерімен синтездеу, оны орындау барысында оқушылардың білімі мен іскерлігі талап етілген деңгейге жақындайды.

А.П.Ершовтың «Мектеп информатикасы» атты еңбегінде жазылғанындай, программалап оқыту дегеніміз оқыту мен тәрбиелеу психологиясының біратар идеяларын, басқару мен ақпараттық байланыстар туралы қағйдаларды және ЭЕМ-нің икемділігі, программаланатындығы мен пайдаланушымен диалогтық байланысы тәрізді жаңа мүмкіндіктерінің мәнін синтездеу негізінде дүниеге келген.



Ақпараттандыруға байланысты мемлекеттік саясат төмендегідей негізгі бағыттарды қамтыды:

  • бірыңғай ақпараттық кеңістікте ақпараттандыру жұйелері мен желілерін құру және дамыту, олардың үйлесімділігі мен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

  • ұлттық тағылым ретінде мемлекеттік ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және қорғау;

  • ақпараттандыру және басқа бағыттарды ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету.

Бағдарлама (білім беру жүйесін ақпараттандыруға арналған кешенді шаралардың теориялық негіздемесі)


1.4-сурет. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы (кешенді шаралардың теориялық негіздемесі)



  • Оқытудың терминологиясы деп оқу программаларында қарастырылған білім мазмұнын жүзеге асыру тәсілін түсінеді, ол қойылған дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін оқытудың формалары, әдістері және құралдары жұйесін қамтиды.

Тұжырымдама материалдарында жаңа ақпараттық технологиямен оқытудың айырымдық белгілері ретінде оған байланысты төмендегідей компоненттер жүзеге асырылатын арнайы орта аталған:

  • техникалық (пайдаланылатын техниканың түрі),

  • программалық-технологиялық (оқыту технологиясымен жүзеге асырылатын программалық құралдар);

  • ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелер (оқушы мен оқытушыға арналған нұсқаулар, оқу процесін ұйымдастыру);

  • білімнің пәндік саласы.

Біріні ееңнің мамұны:

  • жаңа ақпараттық технология құралдарын, алдымен компьютерді жаппай меңгеру басталды;

  • оны педагогикалық меңгеру мен бұрын табылған, бірақ дәстүрлі оқыту технологиясының әдістері мен оқу жұмысын ұйымдастыру формаларында қолданылмайтын технологияларды дамытуға, білім беру мазмұнының жаңа құраушыларын іздеуге бағытталған зерттеу жұмыстары басталды;

  • ақпараттандыру процесінің объективті қажеттілігінің мәнін қоғамның түсіну процесі өтеді.

Екінші кезеңнің мазмұны:

  • ЖАТ құралдарын жан-жақты меңгеріп, оны дәстүрлі оқу пәндеріне біртіндеп енгізу, осы негізде жаңа әдістер мен оқу жұмысын ұйымдастырудың формаларын педагогтардың жаппай меңгеруі;

  • «компьютерлік курстарды» оқу барысындағы еркін үйлесімділік, оқытуды дәстүрлі ұйымдастырудың формалары мен әдістерін дербес, топтық оқытумен, жұмыстың лекциялық формасын, компьютер сыныбындағы сабақтарды физикалық және т.б. зертханалық жұмыстармен үйлестіре өту.

Сөйтіп, 91 жылдарға дейінгі кезеңде білім беруді компьютерлендіру мен ақпараттандыруды бірыңғай жаппай қамтитын мемлекеттік бағдарламаны жасау қажеттілігін уағыздайтын жағдай қалыптасты.

1.6-сурет. Жаңа ақпараттық технология құралдарының оқу-әдістемелік кешені.



Ақпараттық технологиялардың дамуы.

Ақпараттық технологиялардың дамуы мен компьютерді пайдалануға бөлінудің әртүрлі белгілерімен анықталатын әртүрлі көзқарастар бар.Төмендегі баяндалатын тәсілдердің бәріне ортақ нәрсе дербес компьютердің пайда болуынан бастап, ақпараттық технологиялар дамуының жаң кезеңінің басталуы болып табылады. Мұндағы негізгі мақсат - әрі кәсіптік салада, әрі тұрмыстық салада адамның дербес ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру.

Бөліну белгісі-міндетті түрі мен ақпаратты өңдеу процестері

1-кезең (60-70 жж.)- есептеу орталықтарында топтық пайдалану режимінде мәліметтерді өңдеу. Ақпараттық технологиялар дамуның негізгі бағыты адамның бұрынғы операциялық іс-әрекеттерін автоматтандыру болып табылады.

2-кезең (80 жж. бастап)-стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ақпараттық технологиялар құру.

Бөліну белгісі-қоғамды ақпараттандырудың алдында тұрған мәселелер.

1-кезең-(60 жж. соңына дейін)мүмкіндігі шектеулі ақпараттық құралдармен үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу мәселесімен сипатталады.

2-кезең-(70 жж. соңына дейін) IBM сериялы ЭЕМ-дердің таралуымен байланысты. Бұл кезеңде пайда болған мәселе-ақпараттық құралдардың даму деңгейінен программалық қамтамасыз етудің кешеуілдеуі.

3-кезең-(80 жж.бастап)-компьютер кәсіпқой емес пайдаланушылардың құралы, ал ақпараттық жүйелер-шешім қабылдауды сүйемелдеу құралы. Мәселелер-пайдаланушының қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыру және компьютерлік ортада сәйкес жұмыс интерфейсін құру.

4-кезең (90 жж. бастап)-байланыстар мен ақпараттық жүйелерді ұйымдастырудың қазіргі технологияларын құру. Бұл кезеңнің мәселелері барынша жан-жақты. Олардың ішіндегі маңыздылығы:

-компьютерлік байланысқа арналған келісімдер жасау, стандарттар мен хаттамалар тағайындау;

-стратегиялық ақпаратқа кіру мүмкіндігін тағайындау;

-ақпаратты қорғау мен оның қауіпсіздігін ұйымдастыру.
Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпараттық технологиялар дегеніміз не?

  2. Электрондандыру үш негізгі аспектісін атаңыз?

  3. Программалап оқыту мен оны жүзеге асыру құралдарына сипаттама беріңіз?

  4. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз?

  5. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасап, бөліну белгісіне қарай әрбір кезеңіне сипаттама беріңіз?




Дәріс 2. тақырыбы:
Тесттік бақылау.
Виртуалды шындық
Компьютерлік желі –
Конец формы зертханалық сабақ 5 .

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет