«Қашықтан оқыту технологиялары»



бет3/8
Дата29.03.2017
өлшемі1,78 Mb.
#12454
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:


1. Мультимедиалық окыту деген не? Қандай түрлері бар?
2. Технология деген сөздін мағынасы?

3. Мультимедиалық технология дегенді қалай түсінесіз?

4.Ақпараттық технологиа дегеніміз не?

5.Білім беру процесі



Дәріс 5.

Тақырыбы: ҚОТ-ны пайдаланудың негізгі бағыттары:моделдеу, есепке алу және бақылау, оқу үрдісін қолдану.

Мақсаты: ҚОТ-ны пайдаланудың негізгі бағыттары:моделдеу, есепке алу және бақылау, оқу үрдісін қолдану жайлы түсінік беру
Модельдеу-басқа жүйенің көмегімен физикалық және абстрактілі жүйені жүргізудің әртүрлі сипаттамаларын ұсыну В.И.Першиков.

Ақпараттық модель (Информационная модель; information model)

1) басқару жүйесінде – автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну;

2)мәліметтер базасында - тұтастық шектеулер жиынтығы;

мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау [1].

Ақпараттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға – яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі “физикалық” тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттық теңдеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық теңдеу формуласы болып қала береді.

Модель (фр. modele, ит. modello, лат. modulus - өлшем, үлгі) – бұл:


  • нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;

  • заттың кішірейтілген/ұлғайтылған түрдегі макеті;

- табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;

- жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық/ақпараттық аналогы;

- анықталған шарттарда түп нұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі;

- модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтін жаңа объект.



Ақпараттық модель – модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипатталуы.

Модельдеу – бұл:

- нақты бар объектілердің (заттар, құбылыстар, процестер) модельдерін құру;



  • нақты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру;

  • таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу.

Модельдеу кез-келген мақсатқа бағытталған қызметтің ажырамас бөлігі. Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі.

Нақты қызметтердегі объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады:



  • материалдық заттарды бейнелеу;

  • белгілі фактілерді түсіндіру;

  • болжамдар құру;

  • зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу;

  • болжау;

  • басқару және т.с.с.

Ақпараттық модель-ақпараттық объектілер жиынтығы, олардың атрибуттары мен объектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығын, пәндік саланың динамикасының өзгерісін, пайдаланушылардың ақпаратты тұтыну сипатын анықтайтын пәндік саланың моделі. Алгоритм және программа – бұл ақапарттық моделдердің әртүрлі түрлері. Компьютерде жүретін кез келген процестің сәйкес ақпараттық модельді құрып, зерттеу өтуі мүмкін емес.

Білім берудің ұлттық моделі-жалпы білім беру моделі негізінде оның жатістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды:

Ақпараттық модельдердің негізгі сандық бағаларының бірі оның күрделілігі.

Құрылымның күрделілігін оның ең кіші сипаттамасының ұзындығы ретінде түсіну керек (А.Н.Колмогоров бойыншы күрделілік).

Алгоритмнің күрделілігі оны орындауға жұмсалатын уақыт пен қажетті ресурстар (ЭЕМ, оның жады көлемі, қажетті аппараттық/ бағдарламалық жабдықтар) арқылы анықталады.

Құрастырылымды емес объектінің негізгі күрделілік бағасы оның шексіз көп элементтерінің болуымен байланысты. Элементтердің мұндай жиыны дискретті әрі үзіліссіз ұйымдастырылуы мүмкін.

Құрастырылымды емес объектілер негізінен сапалық жағынан бағаланады.

Егер объект күйі белгілі заңдылықтарға бағынып, бастапқы шарттармен бірмәнді анықталса, сәйкес детерминациялық модельдер белгілі физикалық, математикалық, экономикалық заңдар негізінде оның болжамдылығы тұрғысынан сандық бағалануы мүмкін.

Детерминациялық модельдер ортасынан күйі модельденуші объект күйі сияқты бастапқы шарттардың өзгеруіне сәйкес орнықты модельдер бөлінеді.

Модельденуші объектіге түрлі кездейсоқ әсерлердің ықпалын ескеріп, объект күйінің ықтимал (стохастикалық, индетерминациялық) моделін құру қажет. Ықтимал модельдің сандық бағасын ықтималдық теориясы мен математикалық статистика негізінде алуға болады.

Индетерминациялық модельдер орта мән (математикалық күтім), орта мәннің орташа ауытқуы (дисперсия) сияқты көрсеткіштермен сипатталады.

Модельдерді келесі параметрлер бойынша сандық бағалауға болады:

объектінің сыртқы түрін модельдеуде:

- физика-химиялық сипаттамалардан (өлшемі, салмағы, түсі т.с.с.) берілетін дәлдік (өлшеу қателігі);



объект құрылымын модельдеуде:

нақты көрсеткіштер:

  • бейнеленетін элементтер мен олардың өзара байланыстарының

үлесі (пайыз);

- элементтер салмағы мен олардың арасындағы байланысты бейнелеу дәлдігі (дөңгелектеу қателігі);



  • объект құрылымын деталдау (ірілендіру);

ықтимал көрсеткіштер:

- элементтер санының орташа мәні мен бұл мәннен орташа ауытқуы (дисперсия);



  • орта бағалардың дәлдігі (сенімділік аралығы);

объект күйін модельдеуде:

нақты көрсеткіштер:

- объект қатысатын себеп-салдарлық байланыстарды ескеру дәлдігі

(есептеу қателігі);

- дискретті модельдер (дербес жағдайда сандық) көмегімен үзіліссіз процестерді модельдеуде дискреттеу қадамдары (кванттық уақыт периоды);



  • модельдеу процесінің уақыт параметрі бойынша бейнеленуінің пропорционалдылығы (теңөлшемділігі);

ықтимал көрсеткіштер:

- модельденуші объект күйі параметрлері таратылымының ықтимал заңдары;



  • объектінің бақыланатын күйі мен оның моделі арасындағы айырымның статистикалық мәнділік деңгейі.

Модельдерді келесі параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады:

  • модель мен объектінің ұқсастық алмасу дәрежесі (жоғары, орта,

ұқсастықтың төменгі дәрежесі);

  • модель бойынша объектіні тану дәрежесі (танылды, тануға болады,

танылмайды);

  • модель бойынша объект күйін алдын-ала болжау дәрежесі.

Компьютерде есептеу

Егер біз математикалық модельдеуді компьютерде атқаратын болсақ, машина есептеу барысында зерттеушіні қызықтыратын кез –келген мәліметті бере алады. Бұл мәліметтердің сенімділігі құрылған модельмен анықталады. Осы себеппен қолданбалы зерттеулерде ешқандай толық түрдегі, басқа сөзбен айтсақ, өндірістік есептеулерді құрылған программа көмегімен бірден орындауға болмайды. Ол үшін алдымен тесттік есептеулер кезеңін өткізу керек. Олар программаны түзету үшін ғана емес, алгоритмді құру мен оны программалық іске қосу барысында жіберілген қателерді тауып, түзетуге арналған.

Бұл алдын –ала есептеулерде математикалық модель де сынақтан өтеді, оның құбылысты қаншалықты дұрыс сипаттайтынын, шын өмірдегі жағдайға қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды. Ол үшін бір қатар сенімді өлшеу нәтижелері бар бақылау тәжірибелерін қайта есептеп, жауабын алынған нәтижелермен салыстырады.

Бұл жағдайлар параметрлерінің кіші шамалары үшін орындалады, яғни, толыққанды зерттеулер жүргізген кезде пайда болатын қиындықтар тумайды. Осы нәтижелерді есептеу, нәтижелерімен салыстыру арқылы математикалық модельді анықтауға, модель көмегімен алынатын болжамның дұрыстығына көз жеткізуге болады.



Нәтижелерді талдау

Бұл кезде модельде алынған нәтижелердің зерттелуші обектіге сәйкестігі талданады. Модель негізінде зерттеуші есептеу тәжірибелері көмегімен модель негізінде қойылған сұрақтарға жауап алып, тиісті талдаулар жасайды. Талдау барысында гипотезалық модель мен есептеу алгоритмі сәтті таңдап алынады ма деген сұраққа жауап беріледі. Егер модель зерттелетін обектіге сәйкес келмесе, модель құрудың бастапқы сатысында –ақ маңызды нәрселерді елемей кеткетніміз. Бұл жағдайға модельді анықтап, жетілдіруге тура келеді. Егер оның негізіндегі мүмкіншілігі жоқтығы анықталса, алғашқы берілген жағдайлар қайта қаралып, жаңа модель құрылады. Мысалы, алынған модель таңдалатын параметрлерді болса да анықталған параметрді есепке алу үшін барлық кезеңдерді қайталау керек. Зерттелетін объектіні жеткілікті дәрежеде толық және таңдап алынған критерийлер бойынша қажет етілген дәлдікпен сипаттаса, модеь құрылып, аяқталады деп есептеуге болады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Компьютерде есептеу беруді қалай түсінесіз?

  2. Ақпараттық модель?

  3. Модельдерді қай параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады?

  4. Білім берудің ұлттық моделі дегеніміз не?

  5. Модельдеу деген не?

Дәріс 6.

Тақырыбы: Білім берудегі ҚОТ құралдарының сапасын бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер.

Мақсаты: Білім берудегі ҚОТ құралдарының сапасын бағалауға қолданылатын

жалпы тәсілдер туралы мәлімет алу.


Мектептер дамуының барлық кезеңдерінде оқытушының оқушы білімін бағалаудың тиімді жолдарын іздестіруі бірінші орынға қойылып отыр. Жеке тұлғаның өзінің іс-әрекетін өз бетімен анықтап, өзін-өзі дамыта алатын дәрежеге жетуі үшін білім беру мазмұнында ғана емес, сонымен қатар, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқушылардың білімін бағалау жүйесінде де жаңаша өзгерістерді де енгізу қажетті. Мұндай жаңа формалардың қатарына әр түрлі деңгейде саралап оқыту технологиясына сәйкес қарастырылған рейтинг жүйесімен бағалауды жатқызуға болады.

Бүгінгі дәстүрлі мектептерде қалданылып жүрген «5» балдық бағалау жүйесі оқушы білімінің толық көрсеткіші бола ала ма?



Бұл сұрақ кез келген оқушылар қауымының толғанысын туғызады. Бес балдық жүйесі деп айтылғанымен оқушылар біліміне «1», «2» балдық бағалары өте сирек қолданылады. Бұл балалар білімінің деңгейін емес, баланың «үрейін» ұшыратын, «қорқыныш» туғызатын құралға айналғаны баршаға мәлім. Осының әсерінен «халықаралық» деп аталған «3»-тің, алдыңғы қатарлылар санынан көрсететін «4», «5» бағаларының дәрежесі төмендеді. Осылайша оқушы біліміне қойылатын бағалар бір-бірімен байланысын жоғалтты. Оқу процесіне бағалар салыстырмалы түрде қойылап, оларға қойылатын талаптар сақталмады. Оқушы білімі мен оны бағалау арасында алшақтықтар пайда болды. Бұл жалпы оқу процесінің сапалық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқты. Ал бағалар қойылатын талаптар қателердің санын және оқушының дұрыс емес іс-әрекетін көрсетуге бағытталады. Осыдан келіп «оқушы білімінің өлшемі, көрсеткіші болған бағаның бағасын қалай арттыруға болады?» деген заңды сұрақ туады. Осындай сұраққа шешуші қадамдарды оқытудың жаңа педагогикалық технологияларынан іздестірейік. Дәстүрлі оқыту кезеңдерінде оқушыға қойылған баға тапсырманың орындалуының дұрыстығымен өлшенеді. Сондай-ақ оқушылар тарауға бөлінген сабақтардың әр түрлі сағаттарында сұралып, жауабына сәйкес бағаланды. Алайда оқушы білімін бұлайша бағалауда тапсырманың қиындығы ескерілмеді, белгілі-бір кезеңдерге бөлінген нақты мақсаттардың орындалуын айқындау мүмкін болмады. Сондықтан оқушы білімін нақты бағалауда жаңа педагогикалық технология өз басымдылығын танытады. Мысалы, күнделікті тәжірибеде информатика сабағыны арналған әр түрлі педагогикалық технология бойынша тапсырмалардың картасын, кезең- кезеңнен тұратын мақсаттары түзілген кітаптарын қолданған пайдалы. Осыған орай мақсаттардың орындалуын бақылауда жүргізілетін болжау жұмыстары оқушылардың меңгерген білімін көрсетсе, онда берілген тапсырмалар олардың білім деңгейін анықтайды. Тапсырмалардың деңгейлік бағаланушы оқушылардың өзіне белгілі болғандықтан, олар алдын-ала өз мүмкіндігін, білімін анықтап, бағалай алады, ал мұғалім оқушының білім деңгейін көтеруде қандай талаптарды қосымша орындау керектігін ажыратып, түзетулер жүргізе алады. Пән бойынша оқушылар білімін бағалау мұғалімнің тақырып мазмұнына сәйкес деңгейлік талаптарды толық меңгеріп, ажырата білуін талап етеді. Осыған сәйкес күнделікті оқу процесіндегі орындалатын тапсырмаларды қиындық дәрежесіне қарай деңгейлеп, оқушыларға ұсыну қажет. Қазіргі жағдайда оқу құралдары жаңа педагогикалық технология талаптарына сәйкестендіріліп жазылмағандықтан мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауын қажет етеді. «Білім туралы» заңға сәйкес, мұғалім оқушының білім игеру деңгейінің мемлекеттік стандарттан төмен түспеуіне кепіл болу керек. Мұндай деңгейге оқыту технологиясы жан-жақты шыңдалу арқылы ғана қол жеткізуге болады – делінген, орта білім беру стандартының жалпы тұжырымдамасында. Стандарт белгілеп берген білім мазмұнының міндетті минимумын оқушының оқу жүктемесінің шетіне жеткен (максимум) көлемін оқушы дайындығына қойылатын талап деңгейін ескере отырып, жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне қолдану оқушы білімін бағалауда тиімді нәтижелерге қол жекізеді. Сондай-ақ жаңа буын оқулықтары жаңа педагогикалық технология талаптарына сәйкес жазылса, бұл нәтижелі білім беруге жасалған оң қадам болған болар еді. Оқушы біліміне баға төмендегі талаптарды ескере отырып қойылады :

- «қанағаттанарлық» баға Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көрсетілген математикалық даярлықтың міндетті деңгейіндегі үлгідегідей тапсыпмаларды шығару біліктілігін қамтамасыз еткенде қойылады.

- «жақсы» бағасы көп компоненттілігімен ерекшеленетін тапсырмалар-ды орындағанда, амалдар алгоритмін дұрыс құра білгенде, оқушы өз білімін тұтастай қолданып, іріленген кез келген материалды жүйелеп, реттеп, кері байланысты құбылыстарды орындай білгенде қойылады.

- «өте жақсы» бағасы оқушының игерген білімін тереңдету бағытындағы танымдық ізденіс жасап, түрлі логикалық операцияларды дұрыс орындай білгенде, өздігінен графиктер, диаграммалар құрып, программалармен еркін жұмыс істей білгенде қойылады.

Сабақ кезеңінде сыныптағы оқушылар көпшілігінің білімін тексеріп, бағалау мүмкін емес. Ал сұралып, баға алған оқушының келесі кезегі келгенше біршама уақыт өтетіні белгілі. Осы өткен уақыт аралығындағы оқушының меңгерген білімі туралы толықтай мәлімет алу қиындық әкеледі. Бұл қиындықтардан шығуда оқушылардың сыныптан тыс орындайтын тапсырмаларының атқаратын рөлі ерекше. Жаңа технология бойынша мақсат түзулерде көрсетілген міндетті тақырыптық тапсырмалар (Б1) сәйкесінше болжау жұмысы (Б2) арқылы тексеріліп, бағаланады. Мұндай бірнеше міндетті тақырыптық тапсырмалар жиынтығы (Б12+...) арқылы тарау бойынша оқушының саналық білім дәрежесі анықталып, бақылау жұмыстары арқылы тексеріледі. (Б123=>БЖ1) Оқушылар білімін бақылау мен бағалаудың бұл тәртібі 1-кесте арқылы көрсетілген. Осындай бақылаулар арқылы оқушы білімін тексеру жиілігі артады. Оқушының тапсымаларды орындаудағы жауапкершігі күшейеді.




Тарауға сәйкес

түзілген

мақсаттар



Мақсаттарға сәйкес тақырыптық, санамдық тапсырмаларды болжау және бақылау

«қанағаттанарлық», ( «жақсы», «өте жақсы»)

Тақырыптық болжау

Санамдық бақылыу жұмысы

М

М

М

Б1

Б2

Б3

Б123=>БЖ1


Оқушылардың тарау бойынша шығармашылық қабілетін арттыруда қосымша бөлімде танымдық (*), конкурстық (**) тапсырмаларды ұсынуға болады. Оқушы білімін дұрыс бағалау оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы толық түсіністікті орнатуға жағдай жасайды. Оқушы білімін бағалауда оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын орынды қолдану оқушының қабілетінің дамуына және толықтай ашылуына туғызылған қолайлы жағдай болады.



Соңғы жылдары жүгізілген педагогикалық зерттеулерде оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты тұлғада өзін-өзі басқару білім сапасын тексеру мен бағалаудың педагогикалық технологияларының ғылыми негіздерін жасау мәселесі болып табылады. Соңғы жылдары еліміздің барлық орта оқу орындарында оқу процестерінде әртүрлі деңгейде оны басқару басқаруға оқушылардың білімін тнксеру мен оның сапасын анықтауға бағытталған көп сатылы, көп баллды бақылау жүйелеріне негізделген статистикалық әдістер рейтинг жүйелерімен тестілеу кеңінен қолданылуда. Рейтинг жүйесі дегеніміз – көп балмен бағаланатын үздіксіз бақыланатын жүйені айтамыз. Бұл әдістің негізгі тиімділігі оқушы білімін тиянақтылығын қамтамасыз ететін жүйелі күнделікті бақылау. Бақылау жүйелері мынадай қағидаларға негізделіп құрылады:

  1. Білім адамның ойлау қабілетінің құрылымдық интегралдық қасиеттерімен сипатталады.

  2. Білім деңгейін сараптаудаоның сапасын анықтауда ойдан алынған коэффициенттер енгізілетін, бақылаудың шытырман жүйесін пайдалануға болмайды.

  3. Білім деңгейінің көрсеткіші балл түрінде қойылатын баға бақылаудың әртүрлі формаларына сайланып алынуы керек.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет