ҚАсымова сәуле сүйіндікқызы сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі



бет1/3
Дата08.07.2018
өлшемі260,5 Kb.
#48400
түріДиссертация
  1   2   3
ӘОЖ 94 (574) Қолжазба құқығында




ҚАСЫМОВА СӘУЛЕ СҮЙІНДІКҚЫЗЫ


Сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі

(1894 – 1938 жж.)

07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2010
Жұмыс Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихы бөлімінде орындалды

Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының кандидаты,

профессор Алдажұманов Қ.С.

Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Ахметов К.А.

тарих ғылымдарының кандидаты,

доцент Өскембаев Қ.С.

Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің

академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы

Диссертация 2010 жылы 1 сәуірде сағат 10.00-де Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас ғимарат, 204 аудитория) жанындағы БД 14.50.12 Біріккен диссертациялық кеңесінде қорғалады.

Автореферат 2010 жылғы «_26_» ____ақпанда___ таратылды.

Диссертациялық кеңестің



ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы Т.Ә. Әлімбаев



КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері отандық тарихты зерттеу жолында көптеген игі істер жасалып жатыр. Соның бірі – кеңестік саясат пен коммунистік идеология шеңберінде бұрмаланып жазылып келген төл тарихымыздың ақтаңдақ мәселелерін шындық негізінде қайта жазуға мүмкіндік туды. Қазіргі таңда бұрын зерттеуге тыйым салынған ұлттық тарихтың құндылықтары терең талдау арқылы ой елегінен өткізіліп, өзінің лайықты бағасын алуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында: «Ұлттық сипаттың барлық көріністері үшін тоталитаризм әсіресе апатты болды. Жүздеген және мыңдаған жылдар бойындағы ұлттық тарих оның небір нәзік, небір айшықтарымен қоса соншалықты өрескел озбырлыққа душар болды. Небір кемеңгер билікшілері мен небір ғажайып өнерпаздары бар қазақ даласының нақты тарихы бүкіл дүниені түп-түгел қайта құрудың жаңа доктринасы шеңберінде түк құны жоқ қайдағы бір «жабайы тағылық» ретінде қайта жазылды. Ұлттық сананы қорлап, жер қылған осы содырлы нұсқадан біз әлі арыла алмай келеміз», - деп тарихты танып-білуге таптық әдістің тигізген зардабы турасында жазған еді [1, 226 - б.].

Отандық тарихтың әлі де ашылмаған, ақиқаты айтылмаған күрделі тұстары көп. Қазақ ұлтының болашағы жолындағы күреске толы осындай күрделі кезеңнің бірі – ХХ ғасырдың 20-30 - жылдары болып табылады. Өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырған қазақ зиялылары осынау күрестің көшбасында тұрды. Езілген елдің санасын оятып, азаттыққа үндеген А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатовтар болса, алдыңғы толқынның ізін төңкеріс уақытында, төңкерістен кейінгі азамат соғысы кезеңінде шыңдалып, саяси өмірге белсене араласқан С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев, А. Асылбековтер жалғастырды. Ұлтжанды қайраткерлердің қай-қайсысы болмасын ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметімен қазақты мәдениетті елдердің қатарына көтеруге бар күш-жігерін, өмірін арнады. Қазақ мемлекетінің экономикасы мен ауыл шаруашылығын дамытуды, білім мен мәдениетті өркендету сияқты көкейкесті мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан шешудің жолдарын ұсынған қайраткерлер аз болған жоқ. Алайда олардың ұлы мақсаттарын жүзеге асыруға кеңестік қасаң саясат шек қойды, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Коммунистік партияның ХХ съезінен кейін арыстардың көпшілігі ақталғанымен де, олар туралы ақиқаттық тұрғыдан толық танып-білуге қалыптасқан саяси жүйе мүмкіндік бермеді.

ХХ ғасырдың 20-30 - жылдары қазақ мемлекеттігін нығайту жолында аянбай еңбек етіп, елеулі үлес қосқан зиялы азаматтардың бірі, ақын, жазушы әрі қайраткер – Сәкен Сейфуллин. Кеңестік идеологияның талабына сәйкес бұған дейін С. Сейфуллин өмірі мен істеріне біржақты төңкерісшіл, кеңес өкіметінің қолдаушысы деген баға беріліп келді. Оның елім, ұлтым деген шығармалары, қазақ ұлтының мүддесі үшін атқарған өлшеусіз еңбегі айтылмады, ұлтжандылық келбеті ашып көрсетілмеді. Әсіресе оның неліктен ХХ ғасырдың 20-жылдары сол кездегі идеологиялық талас-тартыстың ортасында болуы, кейбір замандастары тарапынан үнемі айыптау нысаны болғаны, не себептен репрессияға ұшырағаны айтылмай келді. Қазақстан егемендікке ие болып, тәуелсіздік туын тіккеннен кейін сол жылдары ұлт үшін күрескен азаматтардың есімдері, өмірінің белгісіз тұстары қайта жаңғырып, ғылыми зерттеу жұмысының нысанына айналуда. Сондай азаматтардың бірі - Сәкен Сейфуллин.

С. Сейфуллинді өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері әр түрлі пікірде сынаушылар көп болды. Олардың ішінде жаңа демократиялық қоғамның белсенділері де, кеңестік жүйені сынап, онан бас тартушылар да болды. Алайда тәуелсіздік жылдарының барысында ондай көзқарас та өзгеріске ұшырады. Кеше кейбір С. Сейфуллинді қаралағандар бүгін оның «Жас қазақ марсельезасынан» үзінді беріп, газеттерінің әр номеріне эпиграф ретінде пайдалануда. Солардың бірі республикалық апталық «Тасжарған» газеті. Яғни, қоғамдағы байлық пен меншік негізінде жіктелу, осының негізіндегі келеңсіздік жағдайында оларға С. Сейфуллин ұран ретінде қажет екен.

С. Сейфуллиннің 1920-24 жылдар аралығындағы мемлекеттік қызметі Қазақ Автономиялық Республикасының саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуымен тұтасып жатыр. Сондықтан тәуелсіздік кезеңінде С. Сейфуллиннің саяси өмірін зерттеп, шынайы түрде ашып көрсету арқылы қайраткер өмір сүрген ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы өзгерістерді танып-түсінуге, баға беруге мүмкіндік туды.



Зерттеу нысаны - ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси, мемлекеттік, мәдени-ағарту қызметін зерттеу болып табылады.

Зерттеу пәні - С. Сейфуллиннің Қазақстанның қоғамдық-саяси, мемлекеттік, мәдени-ағарту дамуына қосқан үлесін зерттеу және Отан тарихындағы орны мен ролін жаңадан талдап баға беру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық қызметі бүгінге дейін әдебиеттану ғылымы тұрғысынан арнайы зерттелген. Тарихнамада мәселенің зерттелуін 3 кезеңге бөлуге болады: І кезең – С. Сейфуллиннің жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағанға дейінгі 1920-жылдан бастап, 1957 жылы ақталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. ІІ кезең – С. Сейфуллинді 1957 жылғы ақтау шараларынан бастап тәуелсіздік жылдарына дейінгі аралықты; ІІІ кезең - 1991 жылғы тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі отандық тарихқа жаңаша көзқарастың қалыптасуымен байланысты.

С. Сейфуллиннің есімі өзінің мақалалары, шығармаларымен және оларға басқалардың берген әдеби сын-пікірлері арқылы 1920 жылдардан бастап басылым беттерінен халыққа жақсы таныс. С. Сейфуллиннің шығармашылық еңбегінің 20 жылдығына арнап 1936 жылы 21 шілдедегі «Қазақ әдебиеті» газетінің № 28 санында ақынның қайраткерлігі мен шығармашылығы жайлы жан-жақты қалың көпшілікке жария еткен тұңғыш мақаланың авторы С. Мұқанов болатын. Мақалада автор С. Сейфуллиннің ақындық, күрескерлік өмірінің елеулі кезеңдеріне тоқталып, баяндаған [2, 1- б.]. «Әдебиет майданы» журналының 1936 жылғы 15 санында С. Сейфуллин поэзиясына сыншы Е. Ысмайылов лирикалы өлеңдерінің күйі, сарыны естілген, жалынды төңкерісшіл, дарынды ақын деп баға береді [3, 68 - б.]. Көлемі шағын болса да, тағылымы мол «Шыншыл, тәкәппар ақын» деген ой толғамында М. Әуезов С. Сейфуллиннің азаматтық өрлігін, шыншылдығын, адалдығын оның өнерпаздық еңбегімен, өмірімен сабақтастыру арқылы таныта білді [4, 2 - б.].



ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы баспасөз беттеріндегі кәсіпқой сыншы Ғ. Тоғжановтың «Байтұрсынов және байтұрсыновшылдық», Қазақ өлкелік бақылау комиссиясы коллегиясының хатшысы Х. Жүсіпбековтың «Сейфуллин және «сейфуллиншілдік», ҚазАПП – тың төрағасы М. Қайыпназаровтың «Қазақ поэзиясы Октябрь мерекесінің 15 жылдығына», партия-кеңес қызметкері І. Қабыловтың «Қазақстан партия ұйымдары тарихындағы кейбір мәселелер» атты сын мақалаларында, саяси әдебиеттерде С. Сейфуллин көзқарасының ұлтшылдық бағытта болғаны, ескілікті көксейтін «байшыл-ұлтшыл» ақын екендігі, жікшілдік топты басқарғаны туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Пікір авторларының қалыптасқан идеология ықпалынан аса алмауы С. Сейфуллин еңбектерінің, шығармашылық, қоғамдық қызметінің алға жылжуына кедергі келтірді.

Жеке басқа табынушылықты айыптаған КОКП-ның ХХ съезінен кейін көптеген мемлекет қайраткерлерімен бірге есімі қайта оралған соң С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы зерттеушілердің нақты зерттеу нысанына айналды. 1962 жылы көрнекті ғалым С. Қирабаев Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық қызметі жайында докторлық диссертация қорғады [5]. Бұл еңбекте төңкеріске дейінгі қазақ әдебиеті және С. Сейфуллинмен бірге жаңа әдебиеттің тууы, оның шығармаларындағы дауылды жылдар, революциялық күрес, социалистік құрылыс бейнесі жайында зерттеулер жарияланды, ақынның зерттеушілік және сыншылық еңбегіне ғылыми талдаулар жасалды. Е. Ысмайылов өзінің «Ақын және революция» еңбегінде С. Сейфуллиннің төңкеріс жолындағы қызметін сипаттап, ақындық жолына зерделеме жасады [6]. Ғалымдар Сәкен Сейфуллин туралы өз дәуірі қойған биік міндеттерді таза азаматтық қажырлылықпен орындады деген тұжырым жасады. Алдыңғы зерттеулерімен салыстырғанда Е. Ысмайылов С. Сейфуллинді голощекиндік саясатқа қарсы күресуші деп көрсеткенімен, шығармашылығы негізінен төңкерістік күреспен, партиялық идеямен байланыста қарастырылып, таптық көзқарас тұрғысынан баға берілді. Белгілі тарихшылар Т. Елеуовтың, К. Нұрпейісовтың, С. Бейсембаевтың еңбектерінің қазақ тарихнамасындағы алатын орны ерекше [7]. Олардың зерттеулерінде Қазақстандағы кеңестік құрылысты орнатушылардың, қазақ мемлекетін өркендету жолында күрескен қайраткерлердің қатарында С. Сейфуллиннің де есімі аталады. Әдебиетші-ғалымдар Қ. Жұмалиев, М. Қаратаевтың зерттеулерінде С. Сейфуллиннің поэзиядағы жаңашылдық ерекшеліктері нақтылана түссе, жазушы С. Талжанов өзінің повесінде Сейфуллиннің тұлғалық қалыптасу жолдарын таныта білді. Т. Кәкішевтің есімі С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын тынымсыз зерттеуші ғалым ретінде кеңінен танымал. 1959 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін сәкентану ғылымына қосқан өлшеусіз еңбегін ерекше айту керек. Автор 1960 жылғы «С. Сейфуллиннің өмірі мен өнеріне қатысты деректерді жинау» экспедициясына қатысып, Қарағанды, Ақмола, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Омбы қаласынан бастау алған ғылыми ізденісінің мақсатын «Сәкен сынды алыптар өмірі – мәңгілік өмір, оның тындырған ісі, артында қалдырған мұрасы – бүгінгі және келер ұрпаққа өшпес өнеге. Сондықтан да мен абзал ағаның өміріне, шығармашылық қызметіне байланысты ізденіс зерттеулерімді бір сәт те тоқтатқан емеспін» - деп атап өтеді. 1968 жылы жарық көрген «Қызыл сұңқар» кітабында [8] Сәкеннің жазушылығымен бірге мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлік тұлғасын сипаттаған ғалым, 1972 жылы Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасынан «Әйгілі адамдар өмірі» сериясымен мол қамтылған деректермен «Сәкен Сейфуллин» кітабын жарыққа шығарып, кеңестік кеңістікте әдебиет ғылымы қауымына ақын, қайраткер С. Сейфуллиннің атын тұңғыш рет паш етті. Еңбекте автор С. Сейфуллиннің жастық шағын, от кешкен күрес жылдарын, қоғам қайраткері болып қалыптасуы, шығармашылық кемелдену кезеңі жайында баяндайды [8]. Ал ғалымның 2005 жылы жарық көрген «Дала дауылпазы» кітабының құндылығы - алдыңғы еңбектерінің өңделіп, жаңа деректермен толықтырылуында [8]. Ғалымның «Мағжан-Сәкен» эссесін, Ахмет Садыққызы Күләшпен бірігіп жазған «Тар жол тайғақ кешудің тағдыры» [8] атты еңбектерін бұған дейінгі еңбектерімен салыстыра қарасақ, С. Сейфуллиннің шығармашылығы, ғалымдығымен бірге қайраткерлік өмірінің тұстары жаңаша көзқараспен жазылып, кеңестік кезеңдегі еңбектерінде айтуға мүмкіндік болмаған алаш қайраткерлерінің қызметімен сабақтастыра қарастырылған. 1969 жылы орыс, 1983 жылы қазақ тілінде жарық көрген К. Қамалиеваның «С. Сейфуллиннің ағартушылық қызметі» атты еңбектерін салыстыратын болсақ, орыс тіліндегі басылымында «Сейфуллин тұлғасының жасөспірімдерге әсері» атты тақырыпша кейінгі қазақ тіліндегі басылымында кездеспейді. Керісінше автор 1983 жылғы басылымын «Сейфуллиннің педагогикалық публицистикасы» атты тақырыпшамен толықтырған. Жалпы алғанда К. Қамалиеваның еңбектерінің негізгі мазмұны бірдей, әсіресе қайраткердің мұғалімдік қызметі жан-жақты қамтылып, оқу-ағарту саласын өркендетуге қосқан үлесі деректер негізінде баяндалған [9]. Біз К. Қамалиеваның көрсетілген еңбектерін зерделей отырып, зерттеу жұмысында негізінен С. Сейфуллиннің республиканың ағарту ісіндегі ролі мен орнын Қазақ үкіметіндегі қызметі кезеңіндегі тың мұрағаттық деректер негізінде көрсетуге талпындық. Жинақтап айтсақ, 1991 жылға дейін жарық көрген ғылыми зерттеулер мен мақалаларда негізінен С. Сейфуллиннің шығармашылық өсу жолдары, азаматтық қайраткерлігі, қазақ әдебиеті мен тарихындағы алатын орны зерттелгенімен оларға тән басты кемшілікті айту керек: шығармашылығы социалистік реализм тұрғысынан зерттеліп, С. Сейфуллин үнемі партия мен үкіметтің сара жолынан ауытқымаған, коммунистік идеяға жан-тәнімен берілген тұлға ретінде біржақты суреттеліп келді. Зерттеушілер оның төңкерісшіл-большевиктігін ерекше көрсетуге тырысты. Ал шындығында, С. Сейфуллиннің коммунист бола тұрып ұлтын, халқын шын сүйген патриоттығы, ұлтжандылық еңбегі ескерілмеді, объективті баға беруге кеңестік идеологиялық қатаң тәртіп мүмкіндік бермеді.

Қазақстанның тәуелсіздігімен отандық тарихнамада зерттеудің бүгінгі талаптарына сәйкес тарихи тұлғаларды да зерттеп бағалаудағы жаңаша үрдістер жандана бастады. Десек те, Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін оны құрған қайраткерлерге деген түрлі қайшылықты пікірлер туындағанын айтқан дұрыс. Бұған дәлел жазушылар, әдебиетшілер арасында кейбір авторлардың С. Сейфуллинге объективті баға беруге талпынысы, сөйте тұра оны басқа қазақ зиялыларына қарсы қойғысы келетіні. 1992 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің «Азат елдің әдебиеті қандай болуы керек?» айдарымен ұйымдастырылған пікір алысуда С. Сейфуллиннің негізгі шығармасы деп саналатын «Тар жол, тайғақ кешу» романын «...таза тарих үшін ғана керек болғанымен, ендігі жерде қазақ әдебиетінің игіліктері қатарына қосыла алар ма?» деп күмән келтіргендер болды [10, 10 - б.]. Осыған орай С. Сейфуллиннің де қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлігі, көзқарасы мен ұстанымы жайлы объективті ғылыми баға беру мәселесі көтерілді. Академик М. Қозыбаев өзінің «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» [11] мақаласында жасаған талдауларында қазіргі жариялылық заманында өткен тарих турасында пікірталастардың болуы заңдылық екенін құптай отырып, дегенмен зерттеушілер арасында проблемаларға әлі тек қара не қызыл бояумен қарау басым екендігін, кейбір белсенді зерттеушілердің тереңнен қарастырылмаған шалағай ой-пікірлері көрініс беріп отырғандығын айтады: «Алаш» партиясының негізін қалаған үркердей топтың, «Алашорданың» басынан аяғына дейін жүргізген саясаты дұрыс еді, Сәкендердікі қате еді, деп айтуға бола ма? ...Сөз жоқ, «Алаш» ұстаған реформаторлық бағыт стратегиялық жағынан дұрыс. Оны тарих көрсетті. Бірақ сол дәуір оны дәлелдей алмады. Алаштықтар өз мақсаттарына жету жолында халық мүддесіне сай тактикалық шешімдер қабылдай алмаған шақтары да аз болмады. С. Сейфуллин, Б. Майлиндер кешегі жаңа экономикалық саясат кезінде халық шаруашылығы қалпына келіп, бес-алты жылда мал басы екі есеге өсіп, қалың қазақ сауаттана бастаған шақта кооперативтік социализмнің тегеурінді күшін көрді. Сол социализмді жырлады. ...Сәкеннің армандаған, күрескен социализмі ол Франц Беконның «Жаңа Атлантидасы», Томас Кампанелланың «Күн қаласы», Асан Қайғының «Жерұйығы», ол Маркс пен Энгельс ойлаған әділет, теңдік, бостандық орнаған қоғам. Ал егер Сәкен көксеген социализм сондай болмаса, оған Сәкен, Бейімбет кінәлі еді деп кезінде бір атылған күнәсіз жандарды бүгін екінші рет қалай атуға үкім шығаруға болады?» - деп зерттеушілерді ақиқат негізінде зерделеуге шақырады. С. Сейфуллин кеңестік жүйенің өзгерістерін үнемі бас шұлғып қолдай берген жоқ. Ол голощекиндік саясатқа ашық қарсы болған адамның бірі. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ халқының өміріне қасірет әкелген оқиғалар мен кеңестік зымияндық саясатты шындықтың жүзінен саралап, халыққа жеткізуде көптеген еңбектер жарық көруде. М. Қозыбаев, Қ. Алдажұманов, Ж. Әбілғожин сынды белгілі ғалымдардың біріккен зерттеу еңбегінде С. Сейфуллин өмір сүрген қоғамның ащы шындығы ғылыми түрде баяндалған [12]. Аталған еңбекке сүйене отырып, Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру шаралары кезіндегі С. Сейфуллиннің көзқарасы мен ұстанымдарын жарыққа шығара аламыз.

Осы бағытпен тәуелсіздік жылдарының барысында С. Сейфуллиннің қайраткерлік келбетіне, тарихтағы орны хақында сәкентанушы, әдебиетші-ғалымдар С. Қирабаев, Т. Кәкішев жаңаша тұжырымдар жасады. М. Әбсеметовтың [13] еңбегінде С. Сейфуллин Қазақстанның халық шаруашылығын ұйымдастырушы, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы аштықтың зардабын жоюшы, голощекиндік саясатқа қарсы күресуші ретінде мұрағаттық деректер арқылы көрсетілген. Қазақ үкіметін басқарған қызметіне байланысты қосымша құжаттар топтамасы және Сейфуллиннің айтқан ойлары, мақалаларының мазмұны толық берілгенімен, алайда осы құжаттарды талдау, істің нақты нәтижесін көрсету жағына аз көңіл бөлінген. Бұл құжаттарды зерттеу жұмысында талдау, салыстыру, зерделеу С. Сейфуллиннің қоғамдық қызметін жан-жақты аша түсуімізге септігін тигізді. Зерттеуші Д. Махат қазақ қайраткерлерін әр түрлі «шылдықтарға» айыптаудың себептерін ашуда С. Сейфуллинді қатып қалған төңкерісшіл емес, заман ағымына қарай ақ пен қараны ажырата білген, өзіндік көзқарасына берік тұлға деп бағаласа, журналист А. Кәкен өзінің деректі хикаясында С. Сейфуллиннің жазықсыз сотталуына қатысты құжаттарға зерделеме жасаған. Т. Кәкішевтің редакторлығымен «Ұлы тұлғалар» сериясымен шыққан «Сахара сұңқары» атты ғұмырнамалық жинақ Сәкеннің таңдамалы мақалаларының, зерттеулері мен естеліктерінің енгізілуімен, ақын еңбектерінің хронологиялық көрсеткіштерінің, ол туралы әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіштерінің берілуімен құнды [16].

Қорыта келе, С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметінің жекелеген тұстары, өмірі мен шығармашылығы негізінен әдеби тұрғыдан зерттелгенін көреміз. Алайда тарихи зерттеу әлі жоқ. С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ол өмір сүрген кезеңнің шындығы және ерекшеліктерімен, саяси жүйенің бар қайшылықтарымен, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуының көріністерімен, өзгерістерімен толыққанды қамтылмады. Мәселені осылай қалдыру сол кезеңдегі қоғам дамуының жаңалықтарын, прогрессивті маңызын жоққа шығарып, халықтың тарихына, мәдениет тарихына бейтарап қарағанмен тең болар еді. Сондықтан зерттеу жұмысында айналымға енген және алғаш рет енгізіліп отырған мұрағаттық деректер, басылым материалдары, мұражай қорлары негізінде С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі тарихи тұрғыдан арнайы нысан ретінде қарастырылды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Кең ауқымды деректер негізінде С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік, мәдени-ағарту қызметіне талдау жасау;

Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:

- С. Сейфуллиннің саяси көзқарасының қалыптасу негіздерін анықтау;

- С. Сейфуллиннің қазақ жерлерінің Қазақ Автономиясына біріктірудегі еңбегін қарастыру;

- Қазақ үкіметін басқарған қызметін, өзіндік ұстанымдары мен көзқарасын сол кезеңдегі халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесімен, ондағы өзгерістермен тығыз байланыста, салыстыра талдап, тұжырымдау;

- С. Сейфуллиннің Қазақстандағы оқу-ағарту ісін ұйымдастыру ісіне қосқан еңбегіне талдау жасау;

- С. Сейфуллиннің қазақ тілін ресми қолданыс деңгейіне жеткізудегі, қазақ мамандарын даярлаудағы атқарған жұмыстары мен қол жеткізген нәтижесіне талдау жасау;

- Қазақ партия-кеңес номенклатурасының сипатын, С. Сейфуллиннің әр түрлі бағыт ұстанған топшылдармен қарым-қатынасын елеусіз, ескерілмей келген мұрағаттық деректерді айналымға енгізу негізінде анықтау;



- Шығармашылығы мен қызметін талдау негізінде С. Сейфуллиннің ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы кеңестік реформаларға ұстанған позициясы мен көзқарасын айқындау;

Каталог: download -> AREF
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
AREF -> Иманбаева сәуле тохтарқызы
AREF -> Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет