Астана қаласы №29 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қорытынды-есебі


Негізгі пәндер бойынша білім сапасының мониторингі



бет2/5
Дата15.09.2017
өлшемі0,54 Mb.
#32947
1   2   3   4   5

Негізгі пәндер бойынша білім сапасының мониторингі:


Сынып
Оқу жылы

Қазақ тілі


Орыс тілі

Шет тілі

Мате-матика

Инфор-матика

Та

рих


Геогра

фия


Биоло

гия


Хи

мия


Физи

ка


2013-2014

67

50

51

40

74

60

53

62

43

25

2014-2015

69

52

48,9

41

75

66

55,5

65

45,5

26,4


Пәндер бойынша білім сапасына тоқталатын болсақ, өткен оқу жылындағы білім сапасымен салыстырғанда негізгі пәндер бойынша өсу деңгейін көруге болады. Бұл, әрине, пән бірлестіктерінің сапалы еңбегі екені даусыз. Мектепте 5-11 сыныптар бойынша 13 пән бірлестігі жұмыс жасайды. Оқу жылының басында пән бірлестіктерінің жылдық жоспары, ашық сабақтар мен жазба жұмыстарының графигі жасалынып, уақытында орындалуы қадағаланды. Жыл көлемінде мұғалімдердің өткізген ашық сабақтарының сапасы ескеріліп, оқушылардың пән бойынша орташа білім сапасы, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі, іс-қағаздарының жүргізілуі, байқауларға қатысу деңгейі бағаланып, әр бірлестіктің диагностикалық талдауы жасалынды.



Әр айдағы пән апталықтары өз мерзімінде өткізіліп отырды.Қазақ тілі бірлестігі 2014-2015 оқу жылында Білім басқармасының кестесіне сәйкес Алматы, Есіл аудандары бойынша «Мұқағали Мақатаев оқулары» өткізілді. Ақпан айының 11-і өткізілген «Мұқағали оқуларына» қала мектептерінің оқушылары ІІІ номинация бойынша қатысып, бақ сынасты.

Жыр додасын ұйымдастырудың басты мақсаты:

- мектеп оқушылары арасында Мұқағали шығармаларын насихаттау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, жас ақындарға рухани қолдау көрсету болып табылды.



« ... Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқу номинациясына ақынның 20 өлеңін жатқа білетін оқушылар қатыстырылды, талап бойынша оқушы өлеңді ой кестесіне сай көркемдеп оқуы, дауыс ырғағы, сонымен қоса өзін-өзі ұстау мәнері (актерлік шеберлігі) ескерілді. Ақын өлеңдерін жатқа оқу бөлімі бойынша оқушылардың көбі талапқа сай 20 өлеңнен аз жаттаған. Ережеге сай 20 өлеңнен көп жаттаған оқушылар да болды.Оқушыларға, мұғалімдеріне алғыс айтылды. Әділ-қазылар мүшелері оқушыларды бағалау барысында олардың ақын өлеңдерін ой кестесіне сай көркемдеп оқуына, есте сақтау қабілетіне, өлеңді талапқа сай жаттауына, сахнада өзін ұстау мәнеріне, киім үлгісіне, өз жинақтарында ескерді. Сахнада ақын өлеңдерін талапқа сай жаттап, ой кестесіне келтіріп оқып, әділ-қазылар көңілінен шыға білген №29 орта мектептің 9-сынып оқушысы Әбіқұл Әсел бас жүлдемен марапатталды. Биология-химия бірлестігінің онкүндігі «Гүлденсе мектеп- гүлденеміз бәріміз»атты акциямен аяқталды. Онда 1-11 сынып оқушылары сынып атынан мектепке бір гүлден сыйлап, әрине, оны қорғап шықты.Акция қорытындысы бойынша әрбір сыныпқа бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Орыс тілі бірлестігінің

«В мире пословиц и поговорок» викториналық сұрақтар, «Русский язык – язык межнационального общения»-дөңгелек үстел , эссе «Это мой дедушка» («Это моя- бабушка») апталықтары оқушылардың танымдық қызығушылығымен, ұстаздардың шығармашылық ізденісінің шыңымен жоғарғы деңгейде өткізілді. Апталық соңында шығармашыл оқушылар марапатталды. Дене шынықтыру пән бірлестігінің «Бақытың да байлығың да-денсаулық » тақырыбында апталығы қанағаттанарлық деңгейде өткізілді. Шет тілі, ИФМ пән бірлестігінің апталығы қанағаттанарлық деңгейде өткізілді.

Дарынды балалармен жұмыс.

Мектептің әдістемелік жұмыстарының бір бағыты –«Дарын» орталығының жұмысы. Орталықтың мақсаты: оқушылардың ғылыми ойлау және шығармашылық қызметін ғылыми негізде дамыту, жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын жүзеге асыру үшін мектебімізде жекелеген пәндер бойынша қабілеті ерекше оқушылар тартылды.Осы жұмыстар негізінде  биылғы жыл жемісті болды.  Атап айтсақ, «Кенгуру – математика для всех» - халықаралық байқауында Ямашкин Максим – ІІІ орынды диплом.«Выход есть» - Москвалық олимпидасынан – Ахмедиянов Алмаз Куракпаева Нұрай,Кайратов Шыңғыс–І орын,Айдарханов Аблайхан,Узгельдин Мағжан,Жубалдыков Куаныш,Толеув Жаслан –ІІ орын,Кайркенова Аружан –ІІІ орын.Бүркітбай Назгуль,Табылды Аят – сертификат.«Ардагерге хат» үздік суреттер байқауы –Кашнткова Мария, Назымбекова Жадыра,«Информатика және бағдарламалау білімпаздары» - ІІІ қалалық олимпиада – Әлтөре Әлішер – сертификат.Сұлтанғазин Vқалалық математикалық олимпиада – Сүлеева Диана – грамота.«Выход есть» - Москвалық олимпидасынан –Нұрымжанов Тоғанас,Мусатаева Аделя,Нарбаев Капархан –І орын.Картаев Адиль,Абдрахманова Дильназ,Манадырова Анель –ІІ орын.Колтубаев Аслан,Еркинбаева Арайлым –ІІІ орын.Математикадан қашықтық олимпида (КИО) Сүлеева Диана,Картаев Адиль,Альфитов Расул,Мусатаева Аделья,Дүйкенова Айдана – сертификат.«Кенгуру – математика для всех» - халықаралық байқауында :Сүлеева Диана – ІІ орын,Картаев Адиль – ІІІ орын. «Астана балалары бейнелейді». X қалалық сурет салу байқауы – Шакирхан Айсулу – ІІ орын.«Ардагерге хат» үздік суреттер байқауы – Шакирхан Айсулу – ІІІ орын. «Ардагерге хат» үздік суреттер байқауы – Шариппулинов Бауыржан, Қажыбаева, «Жас математиктер» қалалық сайыс – Асылхан Азат – сертификат.«Выход есть» - Москвалық олимпидасынан –Қорғаш Айымжан

Сертификат.Қалалық Мұқағали оқуларында 9-сынып оқушысы Әбіқұл Әсел бас жүлдемен марапатталды. Шәкіттерді тәрбиелеумен қатар өздерінің әдістемелік шеберлігін шыңдау мақсатында ұстаздарымыз көптеген байқауларға қатысып түрлі деңгейлерде жетістіктерге жетті.   «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, оқушылардың тәрбие саласынан да Республикалық, облыстық деңгейде алған жетістіктері деп өте көп. Сонымен қатар  мектепте өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс істейді.Үстіміздегі жылы осы ұйымның басшылығымен мектепте көптеген аудан көлемінде іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы аталған жетістіктер мектеп ұстаздарының білімінің және адал  еңбегінің нәтижесі деп ойлаймын.

Жыл көлемінде жоспарланған семинарлар да мерзімінде жауапкершілікпен өткізіліп отырылды.Семинар «Технология сабағына оқушылардың қызығушылығын арттыру», «Қосымша білім беру-бала дамуының кепілі», «Өзіңді тану-өмірді тану», тақырыптарында өткізіліп, материалдары жинақталып, папкіге тігілді. Факультатив сабақтарының сапалы жүргізілуі үшін өткізілген « Қосымша білім беру-бала дамуының кепілі » тақырыбындағы мектепішілік семинарда ұстаздар өзара тәжірибе алмасты.

Пәндік тақырыптық тексерулер де жоспар бойынша уақытысында тексеріліп, жетістіктер мен кемшіліктер айтылып, кемшілік уақтысында жөнделіп отырылды.

Бүгінгі күнде мектепте барлығы 60 мұғалімнің 28%, яғни 17 мұғалім деңгейлік курсты аяқтаған. Соның ішінде: Бірінші деңгей – 1, Екінші деңгей – 3, Үшінші базалық деңгей – 13 мұғалім. Бірінші мен Екінші деңгейді Мұғалімдердің Шеберлік орталығында, Үшінші деңгейді «Өрлеу» институтында оқыды. Соның ішінде 2 мұғалім басқа аймақтардан келген.

Пән жағынан сараптайтын болсақ, деңгейлік курстарды аяқтаған мұғалімдердің 6 - бастауыш сыныпта, 2 - қазақ тілі мен әдебиеті, 2 - орыс тілі мен әдебиеті, 2 -тарих, 2 - математика, информатика, 2 – химия және биология, 1- сурет және бейнелеу өнері пәндерін қамтыған. Екеуі бала күтуге байланысты еңбек демалысында. Оқыту тіліне қарағанда 52 % орыс сыныптарында, қалған 48% қазақ сыныптарында істейді. Курстарда оқу жылына қарай: 2012 жылы – 4, 2013 жылы - 7, 2014 жылы – 6 мұғалім оқыды. Барлығы сертификатталған, соның ішінде Үшінші деңгейдің 1 мұғалімі 2 мәрте қайта тестілеуден өтті. 2015 жылы тағы 3 мұғалім деңгейлік курстан өтуде: Бірінші деңгей – 1, Үшінші деңгей – 2. Деңгейлік курсты оқыған мұғалімдердің жас мөлшері 30-50 жас аралығын қамтыған. Өткен оқу жылында 41 сынып комплектісі жұмыс жасады. Қыркүйек айында Денсаулықтың 100 жыл толуына орай «Денсаулық-зор байлық» апталығы өткізілді. 1-4 сыныптар арасында спорттық жарыстарды Ахмедиярова Б.М ұйымдастырды, параллель сыныптар бойынша бір түсті киім киді. ал 5-11 сыныптар арасында «Мен денсаулығымды сақтаймын-өз-өзіме көмектесемін» ұранымен денсаулық апталығының акциясы өтті. 8 сыныптар арасында «Веселые старты», 9-11 сыныптар бойынша қыздар арасында волейболдан,9-11 сыныптар арасында гир көтеруден, қол күресі, теннис турниры ,футболдан жарыс ұйымдастырылды. Оған дене шынықтару пәнінің мұғалімдері қызу дайындықпен өткізді. «Қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» дөңгелек үстелді мектеп инспекторы Таурбаева К.Е. қатысуымен өткіздік. «Менің сүйікті отбасым» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Жауапты – Мухантаева Ш.С. «Гран При» алған 4А сынып оқушысы Нұркеева Ж., қалған орындарды 2-4 сыныптан қойылған жақсы жұмыстар алды. Салтанатты сап түзеген жиында марапаттау жүргізілді.

Тілдер күні қарсаңында «Тілдер мерекесі» өткізілді. «Біз таза қаланы қолдаймыз!» тақырыбында тазалық айлығына оқушыларды ұйымдастырдық. Әр сенбі сайын мектеп ауласы мен маңайына 630-700 оқушы жұмылдырылды. Мамандық таңдау бағытында сауалнамалар 9-11 сынып оқушыларына жүргізілді. Мектеп түлектерінің оқу орындарына орналасуы да жақсы деңгейде жүзеге асты. Сонымен қатар, мектепішілік шаралар ғана емес, оқушылар «Жеңістің 70 жылдығына» арналған теміржолшылар тұрғын алабындағы ескерткіш маңында саптық жиын өткізіп, соғыс және тыл ардагерлеріне арнап, шағын концерт ұйымдастырды. 7 мамыр күні «Отан қорғаушылар» күніне арналған ұл балалар арасында сайыс өткізілді. «Ұлы Отан жеңісіне 70 жыл толуына» орай патриоттық әндер сайысы өтті. Оқушылар соғыстың сұрапыл кезіндегі әндерді шырқады.

1-4 сыныптар арасында І орынды 2 «А» сыныбы иеленді.

14 мамырда «Қазақстан кеше және бүгін» тақырыбында семинар өтті. «Қазақ хандығына 550 жыл», «Р Ассамблеясына 20 жыл», «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы», «ҚР Конституциясына 20 жыл» –осы атаулы даталарды қамтып өтті. Семинарды тарих пәнінің мұғалімі Қызбаева А.А ұйымдастырды. Семинар өте жоғары дәрежеде өтті.




Каталог: uploads -> doc -> 11b2
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11b2 -> Сабақ түрі: Жаңа сабақ. Әдіс тәсілдері: Баяндау, сұрақ жауап, сурет салу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет