Астана қаласы №53 мектеп-лицей психологы



бет1/2
Дата04.07.2018
өлшемі1,49 Mb.
#46961
  1   2
Астана қаласы

№53 мектеп-лицей психологы

Жүнісова Назым Зиядақызы

Оқушының психологиялық денсаулығына қол моторикасының тигізер әсері



Психологтың ғылыми-зерттеуі бойынша қаншалықты ата-ана баланың моторикасын дамыту үшін көңіл бөлсе соншалықты баланың ойлау потенциалы жоғары болады.  Адамның қолы өзі туралы мәлімет береді, осы қасиетті ғалымдар пайдаланған. Өйткені баланың қолының шеберлігінен ерекшелік жүйке жүйесі, мыйының даму қорытындысын жасайды. Сонымен қол таниды, ал мыйы түйсікті, қабылдауды бекітіп оны образбен қабылдайды. И. Кант бекер айтпаған «Қол-бұл алға шығып тұрған мый». Зерттеу бойынша бала тез заттық әрекеттерді меңгереді, егер онымен жеке қатынаста болсаңыз, ол қызығушылықпен, белсенділігпен қатысады. Сурет арқылы баланың қол моторикасы дамиды, бірден бір басты міндет – қолды жазуға дайындайды, сонымен қатар коррекциялық жұмыс өтіп жатады. Мысалы: бала тұйық болса мінезі өзгеріп – ашылады. Тынымсыз, мазасыз – ыждағатты, орнықты боп түзеледі, ал агрессивті бала сабырлыққа үйренеді. Қол моторикасын түрлі әдістемелер арқылы дамиды.

Мектеп қабырғасында оқушыларды технология сабағында қол еңбегіне үйрете отырып, шығармашылық қабілетін арттырады. Бала кезінен қол өнерге бейім баланың ой өрісі, сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстау мәдениеті де ерекше болады. Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау- бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету.



Сол себепті 7 сынып оқушыларының технология сабағында «Қағазды бүктеу әдісімен бұйымдар» жасау тақырыбындағы сабақты ұсынып отырмын.
Сабақты білімділік мақсаты: өзге елдер өнері (жапон өнері )-оригами туралы мағұлмат беру, қағазды бүктеу арқылы қажетті бұйымдарды жасап үйрену, қол моторикасын дамыту;

Дамытушылық мақсаты : шығармашылығын, ақыл-ойы, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту;

Тәрбиелілік мақсаты: шыдамдылыққа,сабырлыққа, әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сабақ тақырыбына сай суреттер мен мәліметтер, дайын бұйымдар, эскиздер, нұсқау карталар, буклет, слайдтар, қолөнер туралы мақал-мәтелдер.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, желім, сызғыш түрлері, қайшы.

Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, музыка, дене шынықтыру.

Сөздік жұмыс: оригами, киригами, кусудама.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндірмесі.

Қағазды бүктеу арқылы жасайтын бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар. Қағаздың өзі қытай елінде пайда болған, ал Жапонияда одан әр түрлі пішіндерді бүктеп шығаруды ойлап тапқан. Алғашқы оригами әдісімен Жапондық діни салттарда қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық шашылмай, жинақы болу үшін пайдаланған. Содан кейін бай ақ сүйектердің ойлап тапқанындай, яғни қазіргі кезде біз бір бірімізге тілек жазу үшін ашық хаттар жазамыз. Ал сол кездері ашық хат жазғанда олар көбелек, құстар, гүл немесе абстрактілі геометриялық пішіндермен бүктеліп қағаз ішіне жазып жүрген. Уақыт өте келе ХХ ғасырда оригами туралы бүкіл әлем білетін болды. Кейбір шеберлер бір қағаздан бірнеше мың әртүрлі пішіндерді жасай алады. Қағазды қолөнердің көбінде пайдалануға болады. Оригамида қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты.


III.Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік техникасын сақтау.



Жұмыстың барысы:

Үшбұрыштар жасауға арналған қағаздың дайындалу жолы.



  1. А4 пішім ұзындығы-297 мм, ені – 210мм қажет

  2. Бір ғана A4 пішімінен ұзындығы 70 мм, ені 30мм тең болатын 24 қағаз қиып дайындап аламыз.

Үшбұрыштардың жасалу жолы

Керегінше, түр, түсіне қарай ұшбұрыштар дайындалады.


IV.Сабақты қорытындылау.

V.Оқушылардың білімін бағалау.

VI.Үйге тапсырма беру.

Жұмыс сәтінен көріністер


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет