Астана қаласы Көлік және коммуникация



бет1/5
Дата31.01.2018
өлшемі7,6 Mb.
#36368
  1   2   3   4   5
Астана қаласы "Көлік және коммуникация

колледжі" МКҚК

« СЫЗУ» пәнінің оқытушсы БАХЫТ СУЛУШАШ

Пәні: Сызу

Тақырыбы: Аксонометриялық проекция

Мақсаты: аксонометриялық проекцияны салыну жолдарын, оларды сызбада дұрыс орналасуын сызып түсіндіру, үйрету.

Білімділік: аксонометриялық проекция түрлерін және проекциялардың осьтерін дұрыс орындауға, жазық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын сызуға үйрету.

Дамытушылық: ойлау жүйелілігін және сызбаларды талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: тиянақтылыққа, жылдам ойлауға, топтастарының ой-пікірін тыңдап, сыйлауға тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялары: жобалап оқыту

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқыту әдістері: сұрақ жауап, баяндау, тапсырмаларды орындау

Көрнекі құралдары: интерактивті тақта, маркерлік тақта, компьютер, презентация, бейнебаян, үлестірмелі материалдар.

Пәнаралық байланыс: электротехника, техникалық механика, архитектура және дизайн.
Сабақтың барысы
I бөлім. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттерді тугелдеу. Сызу сабағына қажетті құрал-жабдықтардың дайындығын тексеру. Сабақтың мақсатын, жоспарын айту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
ІІ –бөлім. Үй жұмысын тексеру
Қайталау. Блиц-сұрақтар.

  1. Сызбадағы негізгі сызықтарды бастырып жүргізу үшін қандай маркалы қарындашты қолданамыз? М

  2. Сызбада жіңішке үзілмелі нүктелі сызық арқылы нені орындап сызады және қандай талаптарға сүйенеді? Көрінбейтін контурды көрсетеміз және сызық бөлігінің енін 5...30 мм дейін, ал сызық бөліктерінің арасын 3...5 мм.

  3. А4 форматтың стандарт бойынша тағайындалған өлшемдері қандай? Ені 210 мм, биіктігі 297 мм.

  4. Түйіндесу дегеніміз не? А сызығынан Б сызығына С сызығының көмегімен біртіндеп өтуді айтамыз.

  5. S /3 жазбасы нені білдіреді? Сызықтың тұтас жуан негізгі сызықтан 3 есе жіңішке екенін.

  6. Сызба алаңындағы М1:2; М 1:1; М 2:1 жазбалары нені білдіреді?

Масштабты кішірейту, натурал масштаб және кішірейту масштабы.

  1. Сызба қарпы дегеніміз не? Әріптер, сандар, сызбада қолданылатын белгілер жиынтығы.

  1. Қай суретте түйіндесу дұрыс орындалған? 2


2 3


  1. Кешенді сызба дегеніміз не? Сызбада тағайындалған үш жазықтықтың жызындысын айтамыз.

  2. Сызба қарыптары қандай талаптар негізінде сызылады? 75 градусқа көлбей немесе тік.

  3. А нүктесінің горизонталь проекциясы дегеніміз не? А нүктесінен горизонталь жазықтық Н – қа түсірілген перпендикуляр А нүктесінің горизонталь проекциясы деп аталады.

  4. Суреттен сызба жазықтыңының кешенді сызбада дұрыс белгіленген нұсқасын көрсетіңіз. 3

1 2 3



ІІ-бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру.

Аксонометриялық проекция
Балалар адамдар күнделікті өмірде, өндіріс жағдайында кескіндеудің әртүрлі әдістерін қолданады: орталық немесе перспективалық проекция, аксонометриялық проекциялар, тікбұрышты проекциялар, т.б.

Аталған әдістер бір-бірінен кескіндеу сипатымен, сол сияқты тұрғызу шартымен де ерекшеленеді.

Керек есепті шешуге мүмкіндік беретін кескіндерді қайтымды , мүмкіндік бермейтін кескінді қайтымсыз деп атайды.Сызуда қайтымды кескіннің екі түрі – аксонометрия мен монж эпюрі қарастырылады.

Эпюрфранцуз сөзі, қазақшаға аударғанда жазық сызба деген мағына береді. Француз ғалымы Госпар Монж / 1746 – 1818 / дың құрметіне қайтымды кескін Монж эпюрі деп аталған.

Аксонометрия (гректің “axco” - ось және “metreo” – өлшеу) осьтер бойынша өлшеу дегенді білдіреді. Аксонометриялық проекциялардың негізгі артықшылығы – көрнекілігінде және бейнеленген заттың көлемін жалпылама көрсетуінде, сондықтан оны заттың құрылымдық пішінін түсінуді жеңілдету үшін сызбаға иллюстрация ретінде қолданады.

МЕСТ 2.317-69 стандарты аксонометриялық проекцияларды қарастырады; олардың ішінде көбінде қолданылатындар тік бұрышты изометрия және қиғаш бұрышты фронталь диметрия.



Проекциялар бағыты жазықтығына перпендикуляр болса, аксонометрия тік бұрышты деп аталады. Тік бұрышты проекция тік бұрышты изометриялық проекция және тік бұрышты диметриялық проекция деп екіге бөлінеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет