Астана қаласында орта кәсіптік



Дата23.10.2020
өлшемі49 Kb.
#71369



23.09.2014 280/40-V

Астана қаласында орта кәсіптік

білім берудің жай-күйі оларды

дамыту болашақтары туралы

«Астана қаласында орта кәсіптік білім берудің жай-күйі оларды дамыту болашақтары туралы» баяндаманы тыңдап және талқылап, мәслихат сессиясы қалалық атқарушы органдар елордада білікті жұмыс кадрларын кәсіби дайындаудың сапасын арттыруға бағытталған шара қабылдайтынын атап өтті.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген техникалық және кәсіптік білімді дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі жанында Үйлестіру кеңесі ашылып жұмыс істеуде, қалалық білім басқармасы жанында техникалық және кәсіптік білімді дамыту жөнінде әдістемелік бөлме және қалалық Кәсіпкерлер палатасы жанында техникалық және кәсіптік білім саласын талдау мен оған көмек көрсету бөлімі ашылды.

Астана қаласында техникалық және кәсіптік білім беру саласында қызмет ететін 34 колледж бар, олардың 12-сі мемлекеттік, 22-сі жеке меншік болып табылады. Үш деңгейлі білім алу мүмкіндігін берумен 66 мамандық пен 113 біліктілік бойынша кәсіби кадрларды даярлау жүзеге асырылады. 2013 жылдан бастап колледждерді белгілі бір салаға бағыттау жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Кәсіптік білім беру мекемелерінің кадрларды даярлаудың дуальдық жүйесін іске асыру жөніндегі қызметі жандандырылуда. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап политехникалық колледждің 25 студенті, көлік және коммуникациялар колледжінің 258 студенті, энергетика және байланыс колледжінің 50 студенті және М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжінің 25 студенті дуальдық жүйе бойынша оқу алуда.

Техникалық және кәсіптік білімнің сапасы көтерілуде, оның кадрлық әлеуеті 1 903 адамды құрайды, соның ішінде 1 573 оқытушы, 146 өндірістік оқыту шебері, 184 әкімшілік қызметкер бар.

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жоспарлы түрде дамуында. Ағымдағы жылы техникалық және медициналық-фармацевтикалық колледждер үшін ғимараттар сатылып алынды, жатақханасы жоқ колледждердің студенттеріне тұрғын үй аудандарын беру туралы 7 шарт жасалды. Оқу бөлмелерін, шеберханаларды, арнайы пәндер зертханаларын материалдық-техникалық жабдықтау жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуда. 2011 жылдан бастап осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 500 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 82 млн. теңге бөлінді.

Кәсіби білім беру мекемелерінің түлектерін жұмысқа орналастыру жөнінде шара қабылдануда. 2014 жылы қаладағы колледждер 7 082 жас маманды оқытып шығарған, олардың 5 730-ы жұмысқа тұрған, бұл 80,9 пайызды құрайды.

Кәсіпорын мен оқу орнының жұмыс кадрларын және техникалық мамандарды даярлау жүйесін дамытудағы әлеуметтік серіктестігінің рөлі өсуде. Жұмыс берушілермен 2 250 шарт жасалған, соның ішінде іс-тәжірибе алу мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру туралы жеке шарттар.

Қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдар колледждерде ресурстық орталықтарын ашуда. Политехникалық колледжде «Базис» құрылыс компаниясы кадрларды даярлау жөнінде эксперименталдық алаңын ашты, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжінің оқу шеберханаларын жабдықтауға қаражат бөлді. Құрылыс-техникалық колледж базасында құрылыс секторына кадрларды даярлау мен қайта даярлауға, отандық пен шетелдік кәсіпорындарда инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің тағлымдамадан өтуіне бағытталған ресурстық-технологиялық орталық ашылды.

Колледждердің түлектерін әлеуметтік қорғауға көңіл бөлінуде. Мемлекеттік колледждерде оқитын көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге жол жүру билеттері беріледі, олар ыстық тамақ ішеді, 418 студент стипендия алады.

Колледждердегі тәрбие жұмысы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жүргізіледі. Осы мақсаттарда оқу жылынан бастап патриотизмді, толеранттілікті, құқықтық сауаттылықты, белсенді азаматтық көзқарасты, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған 10-нан астам әлеуметтік жоба іске асырылуда.

Сонымен бірге, Астана қаласы мәслихатының сессиясы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөнінде қабылданған шараларға қарамастан білікті кадрларға деген күннен күнге өсіп келе жатқан сұраныс толық көлемде орындалмайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің қажеттілігіне бағыттау, өндірістің нақты сұранысы қарай кадрлар даярлауды жүзеге асыру қажет.

Оқу орындары ұсынатын білім беру қызметтері сапасының төмен деңгейіне қаржы жетіспеушілігі де әсер етуде, өйткені бүгінгі күн талабы колледждерді мамандықтарды жаңғыртуға бағытталған мақсатты қаржыландыруды қажет етеді.

Колледждердің материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базасын жақсартуға бюджет қаражатын бөлу қажет. Он екі мемлекеттік колледждің онында күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу керек, соның ішінде қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, құрылыс-техникалық колледж. Осы күнге дейін Көпбейінді колледжге жапсарлас салынатын ғимарат құрылысы аяқталған жоқ.

Колледж студенттері әлеуметтік көмектің қосымша шараларына аса мұқтаж екендігін ескерумен кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитындарды әлеуметтік қолдау түрлерін одан әрі жетілдіру қажет. Оларға қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, жеке меншік колледждерде оқитын көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету жатады.

Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің ұйымдарында арнайы пәндерден сабақ беретін кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі бүгін өзекті болып қалуда. Инновациялық режимде жұмыс істей алатын және еңбек нарығы талаптарына сәйкес келетін дағды мен машыққа студенттерді оқыта алатын өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығы да байқалуда.

Астана қаласы мәслихатының сессиясы ШЕШТІ:

1. «Астана қаласында орта кәсіптік білім берудің жай-күйі оларды дамыту болашақтары туралы» баяндама назарға алынсын.

2. Астана қаласының әкімдігіне қаладағы техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерге олардың инфрақұрылымын күшейту мен материалдық-техникалық базасын жаңғырту мәселелерінде көмек көрсету және қолдау жөнінде нақты шара қабылдау ұсынылсын. Астана қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджетін бекіту кезінде техникалық және кәсіптік білімді қаржыландыру мәселесі басымды болып есептелсін.

Қалада техникалық және кәсіптік білім беру объектілерін салу және салынып жатқандардың уақтылы пайдалануға берілуі ерекше бақылауға алынсын, көпбейінді колледж құрылысын аяқтауды қаржыландыру көзделсін.

Мемлекеттік органдар өкілдерінің, кәсіпорындардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен әлеуметтік серіктестіктің одан әрі дамуына көмек көрсетілсін. Кәсіптік білім беретін мекемелерге көмек көрсететін жұмыс берушілерге, ұйымдар мен кәсіпорындарға қосымша жеңілдіктер беру мүмкіндігі қарастырылсын.

3. Білім басқармасына Астана қаласындағы колледждердің басшыларымен бірлесіп еңбек нарығының болжамды қажеттілігіне сәйкес мамандар даярлауды жүзеге асыру бағдарламасын әзірлеу ұсынылсын. Кәсіби жағынан да, жеке тұлға ретінде де студентті оқыту мен дамыту процесінің сапасын көтеруге бағытталған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қамтамасыз етуді жаңарту жөнінде шара қабылдансын.

Елорданың кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында қазіргі заманғы стандарттарды ескерумен және еңбек нарығының сұранысына сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің жұмыс істейтін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту үшін қажетті жағдай жасалсын. Оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын қазіргі заманғы оқу-өндірістік және технологиялық жабдықпен қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдансын.

Қолданыстағы өкілеттіктер шеңберінде аса мұқтаж колледж студенттерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін шешу жолдары зерделенсін.

4. Білім басқармасына Астана қаласының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында жұмысшы мамандықтардың беделін көтеруге бағытталған кәсіби-бағдарлы жұмысты жандандыру, осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншіліктері мен жұмыс берушілердің әлеуетін толық шамада пайдалану ұсынылсын.

5. Қалалық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшыларына:

елорда талаптарына сәйкес түлектердің кәсіби құзыретіне назар аударумен жан-жақты білікті, сонымен бірге жоғары мәдениетті, жаңа үлгідегі мамандарды даярлауды қамтамасыз ету;

колледж студенттерін одан әрі жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарды білім беру процесіне қатысуға тартумен колледж студенттерінің кәсіби білімі мен іс-тәжірибелік машықтарының өзара байланысын қамтамасыз ету ұсынылсын. Кәсіпорындардың жоғары білікті мамандарын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына педагогикалық қызметке тарту жөнінде шара қабылдасын;

техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер үшін педагогикалық кадрларды даярлау саласындағы бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту үшін елордалық жоғары оқу орындарымен үйлестірілген байланыс орнатылсын.

6. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жеке меншік колледждерде оқитын көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру мүмкіндігін зерделеу және қалалық мәслихатқа енгізу ұсынылсын.



7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы М. Оралов
Астана қаласы

мәслихатының хатшысы С. Есілов

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет