Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі



Дата08.09.2017
өлшемі293,45 Kb.
#31581
Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі

Әлеуетті салалар

2011 жылғы 1 шілдедегі мемлекеттік басқару органы Мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдары желісі бір бірлікке қысқартылды.

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 қаңтардағы № 27-31 қ Қаулысымен «Конгресс-холл» МКҚК «Мемлекеттік филармония» МКҚК қосылып, қайта құрылды. 2011 жылғы 7 маусымдағы Астана қаласы Әділет департаментінің № 4593 бұйрығымен заңдық тұлғалар тізімдемесіне «Конгресс-холл» МКҚК қызметін тоқтатқандығы туралы жазба енгізілді.

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 27-260қ Қаулысымен «Астана балет компаниясы» МКҚК «Астана Сазы» МКҚК болып өзгертілді.

Осыған орай, 2011 жылғы 1 шілдедегі мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының Мәдениет басқармасының саласын дамыту бойынша көрінісі мынадай: 1 – 23 кітапхананы біріктіретін «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» МК; 17 – МКҚК; 3 – ЖШС. Оның ішінде:

- кітапханалар – 23;

- театрлар – 6.

- мұражай – 4

-концерттік ұйымдар – 1 (Мемлекеттік филармония);

- мәдени демалыс кәсіпорындары (ғимараттар, орталықтар) – 5;

- цирк – 1;

- кинобейнені жалға беру ұйымы – 1;

- өзгелер – 2 (Дыбыс жазу, Астана Сазы).

2011 жылғы жергілікті бюджет есебінен (анықталған бюджет) бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға мәдениет саласына бөлінген қаржы мөлшерінің көлемі 5274,5 млн. теңге. I жартыжылдықта орындалуы 99,5% құрап, жоспар бойынша 3294257,3 мың теңге болды.


Стратегиялық бағыт бойынша ақпарат

Саланы дамыту Стратегиясы негізінде қызметтің үш стратегиялық бағыты анықталды:



  • Тарихи – мәдени мұраны сақтау мен насихаттау;

- Қаланың мәдениет және өнер саласының бәсекелестік қабілетінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

  • Елорданың тұрғындары мен қонақтарының мәдени өмірін байыту.

  • Есептік кезеңде қаланың мәдениет кәсіпорындары аталған бағытпен жұмыс істеді.

1-стратегиялық бағыт. Тарихи- мәдени мұраны сақтау мен насихаттау

Тарихи-мәдени мұраны сақтау аясында Қазақстан Республикасының заңын сақтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

2011 жылғы 1 наурыздағы Астана қаласы әкімдігі Қаржы басқармасымен бірлесіп «Ескерткіштер мен мүсіндерді Астана қаласының коммуналдық меншігіне қабылдау туралы» № 16-144қ Қаулысын қабылдады.

Тарихи-мәдени мұра объектісін сақтау мақсатында тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар мен иеленушілермен қорғау міндеттемелерін ресімделу аяқталды. Қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің қорғау міндеттемелерін қажет ететін 35 объектісінің барлығы да 100% жаңа үлгіде жасалынған. 12 археология ескерткішінің бәрінің қорғау міндеттемелері жаңа үлгіде бекітілген. Нәтижесінде, 47 тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау міндеттемелері бар. Аталған стратегиялық бағыт бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Жылжымайтын материалдық тарихи-мәдени құндылықтарға кезеңдік тексерістер жүргізіліп, нәтижелері тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бойынша қалалық комиссия отырыстарында қарастырылды.

2010 жылғы 29 желтоқсандағы Астана қалалық мәслихатының шешімімен бекітілген № 421/55-IV 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасының орындалу барысында мемлекеттік сатып алу бойынша С. Сейфуллин әкімшілік ғимаратына (доктор Благовещенскийдің үйі) - ағаш өнері ескерткішіне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бюджеттен 43448,0 мың теңге бөлінді. (келісімшарт сомасы 43224,8 мың теңге); жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары осы жылғы мамыр айында басталды.

- ХХ ғасыр басындағы тарихи – мәдени ескерткіш көпес Кубриннің үй-жайына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына (13 мамыр е.к.) бюджеттен 28900,0 мың теңге бөлінді. (келісімшарт сомасы 28778,0 мың теңге); жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары осы жылғы маусым айында басталды.

- С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің алдындағы Сәкен Сейфуллин ескерткішінің тастұғырын жасау мен орнату жұмыстарына бюджеттен 4840,0 мың теңге бөлінді. (келісімшарт сомасы 4840,0 мың теңге).

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру Астана қаласының қалпына келтірілген тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны көрсеткішін орындауға мүмкіндік беріп, 2011 жылға арналған жоспарлық мәні 3 бірлікті құрайды.

Бұдан өзге, «XIX ғасырдың соңындағы тарих және мәдениет ескерткіші – бұрынғы мұсылман мектебінің ғимаратын қалпына келтіру бойынша ғылыми-зерттеу және жоба жұмыстары» жобасының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. (мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс е.к 17 мамырда өтті), бұл іс-шараны іске асыруға бюджеттен 9562,0 мың теңге бөлінген. (келісімшарт сомасы 9562,0 мың теңге).

Осыған орай мәдени әлеует, оның ішінде туризмді дамыту, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау, республика мен елорда абыройын көтеретін мәдени әлеуеті сақталады.

Мұражай заттарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі заманғы өнер мұражайынан 9 бірлікті (7 кескіндеме жұмысы, 2 кенеп) қалпына келтіруге 647,0 мың теңге бөлінді. «АЛЖИР» мұражайында лагерде болған тұтқын- әйелдің сандығы қалпына келтірілді.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес – әкетілетін және әкелінетін затттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытындыны Мәдениет басқармасы береді. Аталған қызмет түрі – әкетілетін және әкелінетін мәдени құндылықтар бойынша сараптама комиссиясының қорытындысы мен уақытша әкетілетін мәдени құндылықтарға сараптама комиссияның қорытындысы. 2011 жылғы I жартыжылдық бойынша мәдени құндылық болып есептелмейтін әкетілетін заттарға 93 қорытынды ресімделді.

2011 жылғы I жартыжылдықта өткізілген шаралар тарихи-мәдени мұраны насихаттау өз септігін тигізе білді.

«Астана қаласындағы туристердің қызығушылығын тудыратын тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны» көрсеткішіне қолжеткізу мақсатында е.к. 15 қаңтарында Халықаралық «Арман-Тур» туристік агенттігінің аудармашы-гидтер мен экскурсия жетекшілері мектебінде оқитын топтар үшін Орыс театрының ғимараты (қала құрылысы мен XIX ғасырдың соңындағы сәулет өнері ескерткіші) мен мұражайында экскурсия ұйымдастырылды. «Атамекен» Қазақстан Картасы Этномемориалдық кешенінде өткен Халықаралық мұражайтанушылар форумы аясында «Ақмола турист» АҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Халықаралық форумда қаланың өзге де туристік агенттіктерінің өкілдері қатысты.

2-стратегиялық бағыт. Астана қаласының мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету

Астана қаласының мәдениет және өнер саласының бәсекелестікке қабілеттілігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету мәдениет кәсіпорындарының театрлық-концерттік қызметін жақсартуға ықпал етеді.



Музыкалық өнердің барлық жанры репертуар балансын сақтауға мүмкіндік тудыратын Мемлекеттік филармония жарнамасында ұсынылған. I жартыжылдықта 118 концерттік шаралар өткізіліп, 378160 көрерменге қызмет көрсетілді. Симфониялық оркестрдің 8 концерті; «Солистер академиясының» 5 концерті; «Сарыарқа» қазақ ұлттық аспаптар ансамблінің ұлттық вокал солистерінің қатысқан 9 концерт.

Мемлекеттік филармония концерттердің сапасын көтеру мақсатында концерттерді фонограммасыз өткізуге кірісті. Е.к. 24 қаңтарда 70-80 жылдардағы қазақ авторлары мен композиторларының шығармаларын эстрада әншілері фонограммасыз, фортепианоның сүйемелдеуімен орындады.

Астана қаласының Мемлекеттік филармония ұжымының репертуары мен концерттік бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға аса қатты мән беріледі. Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Сары Арқа» фольклорлық ансамблі, халық әндерін орындаушылар қазақтың танымал композиторлары мен авторларының шығармаларымен өз репертуарлары толықтыруда. I жартыжылдықта ұлттық жанр әншілері өз репертуарына 16 жаңа туынды енгізді. Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің репертуары Құрманғазы, Махамбет, Тілендиев, Жұбанов және т.б. шығармаларымен толықтырылды; барлығы 38 жаңа шығарма. «Сарыарқа» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі өз репертуарына 15 жаңа туынды; камералық хор 25; ағаш үрмелі аспаптарының квинтеті. Мемлекеттік филармония симфониялық оркестрінің симфониялық музыкадан концерті өтті, репертуар саны – 35. Бағдарламада М. Дунаевскийдің, А. Зацепинаның, Т. Хренникова және басқалардың шығармалары орындалды барлығы - 49 жаңа шығарма. Классика және эстрада жанрындағы солистер бөлімі де өз репертуарларын 37 шығармамен түрлентті. Мемлекеттік филармония ұжымының жалпы репертуарындағы жаңа шығармаларының 2011 жылғы 1 шілдедегі үлесі 11,2% (239 шығарма); 2010 жылғы репертуарға 12,2% құрайды.

Алғашқы қойылымдар деңгейін өткен жылдардағы жетістіктерімізді сақтау мақсатында есеп беру кезеңінде театрларда келесі жұмыстар өтті.

М. Горький атындағы орыс драма театрында 3 қойылым өтті:

е.к. 4 ақпанда театр ұжымы ГИТИС режиссерлік факультетінің түлегі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері А. Эфростың шәкірті - режиссер Дмитрий Горниковпен (РФ, Мәскеу қ.) кездесті. о.ж. 11 ақпанда режиссер француз драматургы Франсис Вебердің пьесасы бойынша «Ақымақпен бірге ішкен кешкі ас» спектаклін қойды.

Тарихи-мәдени мұраны насихаттау аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Әлімбек Оразбеков орыс театрында өзінің алғаш рет орыс тіліндегі «Бір түп алма ағашы» пьесасын ұсынды. Премьера 18 наурызда өтті. Драма Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығының арналған ұлттық театрлардың I фестиваліне қатысуға іріктеліп алынды. Спектакль «Ұлттық драматургияны меңгеру» номинациясы бойынша дипломға ие болды; спектакльдегі Тұрсынның қайынатасы ролін сомдаған актер Денис Анников «Екінші орындағы ең үздік еркек ролі » дипломымен марапатталды.

Е.к. 29 мамырда Н. Коляданың «Amerika for Russia подарила пароход» пьесасының тұсаукесері өтті. Пьеса авторы Ресей және ТМД елдерінің театрларының қызығушылығын арттыратын жаңа драматургия мектебінің негізін қалаушы.

20 наурызда Орыс театрында Гогольдің «Ревизор» пьесасы бойынша «Мұнда бәрі өзіміз...» 100-ші комедиясының көрсетілімі болды.

Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында 2 қойылым өтті.

19 наурызда Макс Фришттің «Дон Жуанның думаны» комедиясы бойынша ҚР Халық әртісі, режиссер Асанәлі Әшімовтың қойылымы көрсетілді.

19 мамырда Е. Жуасбектің «Антивирус» комедиясының тұсаукесері болды.

Қазақ театрында ұлттық театрлардың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған I фестивалінде «Кенесары-Күнімжан» спектаклінің премьерасы қойылып, «Ұлттық драматургиядағы ең үздік жұмыс» номинациясында дипломға ие болды.

Е.к. маусым айында театр Е. Жуасбектің «Терең тамырлар» аллегорикалық драмасының әзірлігіне кірісті.

Жас көрермендер театрында Л. Бернстайнның «Ветстсайд оқиғасы» мюзиклінің премьерасы көрсетілді (17 және 18 ақпан).

«Наз» Мемлекеттік би театры «Нұрғиса» хореографиялық спектаклі мен «Начало войны» және «Достық гүлшоғы» хореографиялық композициясы қойылды.



Көңілді тапқырлар театрының Жеңіс күніне арналған эстрадалық миниатюралық қойылымы болды.

Астаналық циркте «Сфера» әуе гимнастары мен «Испания» аттар акробатикасының премьералық жұмыстары аяқталды. «Бамбук», «Канатоходцы», әуе нөмірлері, фокус және жаңа үш Клоунада репризаларының жаңа қойылымдарына әзірлік аяқталды.

Кәсіби өнердің жаңа туындылардың жалпы репертуарын ұйымдастырудың 2011 жылғы I жартыжылдықтағы үлесі 11,0% құрайды; 2010 жылғы репертуар – 12,0%.

Шығармашылық кеңестің жұмысында театрдың барлық қойылымдарының деңгейін қамтамасыз етуге ықпал ететін репертуарлық саясаттың мәселелері қаралады; декорацияның эскиздері мен спектакльдердің костюмдері және т.б шығармашылық мәселелер талқыланып бекітіледі.

Театрлар өтетін премьералар жөнінде тұрғындарды хабардар ету мақсатында PR-компаниялар ұйымдастырады. Премьера қарсаңында БАҚ пен кездесу-интервьюлер өткізіледі. Мақалалар «Казахстанская правда», «Вечерняя Астана», «Республика.кz», «Инфо-цес», «Литер», «Караван», «ОКО» газеттері мен «Weekend.kz», «Business Women», «Made in Kazakhstan», «Театр. kz» және «Русский век» (Мәскеу қ.) журналдарында жарияланды. Бейнесюжеттер «Астана ТВ», «Қазақстан», «Хабар» Агенттігі, «Мир»ХТРК (Мәскеу қ.), «ЯМАЛ-регион», «7-арна» арналарында көрсетілді.

2011 жылғы I тоқсан бойынша театрларда 553 спектакль көрсетіліп, 7 театрлық қойылым өтті; 5 хореографиялық қойылымдар мен миниатюралар премьералары ұсынылды; театрға келуші көрермендер саны 71500 адам.

Е.к. 10-14 сәуірде Орыс театрының көркемдік жетекшілері Алматы қаласындағы Ғ. Мүсірепов атынд. Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында өткен «Театр режиссурасындағы жаңа әдістеме» XI республикалық практикум жұмысына қатысты. Қатысушылар «Sound Drama» жаңа режиссерлік әдістемесі ұсынылды.

30 мамырда мен 26 маусымда театрдың жас әртістері Ульяна Апрельская мен Евгений Карачаров Звенигород қаласында өткен Ресей Федерациясының театр қызметі одағының V халықаралық жазғы театр мектебінде өткен жас кәсіби әртістерге арналған курсқа оқыды. Бір ай бойы ресейдің Б. Щукин атынд. театр институтының, М. Щепкин атынд. театр институтының педагогтарының басшылығы белгілі театр және кино әртістері сахналық сөйлеу мәнерімен және қимыл-қозғалыс, сайысқа түсу, акробатика, вокалмен, орыс және шетел театрларының тарихымен, актерлік шеберлікпен айналысты. Оқу аяқталғаннан соң Ресей театр режиссерлерінің төрағасы Григорий Дитятковскийдің басшылығымен басты ролде театр әртісі Е. Карачаров ойнаған У. Шекспирдің «Гамлет» спектаклі қойылды. Жазғы мектептің пластикалық жобасында актриса У. Апрельская режиссер Ренат Маминнің қойған «Кинотанец» спектакліне қатысты. Мектептің жабылуында актерлерге Ресей халық әртісі РФ ТҚО төрағасы А. Калягиннің қолы қойылған Ресей Федерациясы театр қызметі одағының V Халықаралық жазғы театр мектебінің аяқтағаны жөнінде сертификаттар табыс етілді.
Халықаралық және республикалық деңгейдегі Астана қаласының мәдениет орталығы ретінде имиджін көтеруге мына іс-шаралар мүмкіндік берді:


  • шетелде елорданың өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен іс-шаралар:

Ақпан айында Мемлекеттік филармонияның «Академия солистері» камералық оркестрі Франция (Париж қ.), Италия (Рим, Неаполь), Иорданияға барған гастролінде 5 концерт өткізді. Концертті 5500 көрермен тамашалады.

Мамырда Мемлекеттік филармонияның камералық хоры Варшава және Белостоке (Польша) қалаларындағы гастроль барысында XXX Халықаралық «Хайнувка-2011» музыкалық фестиваліне қатысты. Ұжым концертке 5000 адам келді. Гастрольдер бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асырылды.



  • шетелдік өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен іс-шаралар:

Е.к. 16 наурызда шетелде білім алып жатқан халықаралық байқаулардың лауреаттары - Ордабек Дүйсен (скрипка, АҚШ, Далас қ.) және Ордабек Динаның (фортепиано, Англия, Лондон қ.) ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған классикалық музыкадан концерт өткізді.

23 мамырда симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Ресей еңбек сіңірген әртісі Граф Муржаның концерті өтті.

10 маусымда симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен дирижер Роберт Гуттердің (АҚШ); солист Марко Скьявоның концерті болды.

2011 жылғы маусымның 24-і мен 26-сы аралығында Астанада Анкара күндері өтті. Түркия өнер шеберлерінің концерті «Қазақстан» ОКЗ өтіп, оған Ferhat Goder, Chiden Tunch, би топтары «Woman Forged», «Man Forged» мен оркестр және басқалар қатысты.





  • байқаулар мен фестивальдар:

29 наурыз бен 1 сәуір аралығында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» II Халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. Фестиваль екі тур бойынша үш номинациядан құралды: классикалық вокал (әйел адамдар, ерлер), домбыра, дирижерлер байқауы. Әділқазылар алқасында қазақ сахнасының мэтрлері Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Нұржамал Үсенбаева, Алтынбек Қоразбаев, Секен Тұрысбеков, Айтқали Жайымов және басқалар қазылық жасады.
- Қазақстан аумақтары бойынша гастрольдік іс-шаралар:

Ақпан айында Мемлекеттік филармонияның үрмелі ағаш аспаптары квинтеті Павлодар қаласында гастрольдік сапарда болды; наурызда «Сарыарқа» ансамблінің Қызылорда қаласына гастролі; сәуірде классикалық вокал бөлімі Көкшетау қаласында; мамырда «Академия солистері» мемлекеттік камералық оркестрі Атырау қаласында және «Шалқыма» халық би ансамблі классикалық және эстрада вокалымен бірге Ақмола облысына гастрольдік сапармен барды.

«Көңілді тапқырлар театры» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 20 концерт» жобасын іске асыруда. Ақпанда Тараз, Қызылорда, Ақтауда; наурызда Жезқазған, Сәтбаев, Қарағандыда; сәуірде Павлодар, Семей, Өскеменде; мамырда Алматы қаласында гастрольдік сапармен болды.

Сәуірдің 17-21 аралығында Жас көрермендер театры Павлодар қаласы тұрғындарына 4 спектакль ұсынды. 13 қойылым көрсетіліп, оған 3097 көрермен қатысты.

Қазақ театры Ақтөбе қаласында (12-17 сәуір) 7 спектакль қойылды. 10 қойылым көрсетіліп, осы кезеңде қазақ театрының сахнасында «Алақай» Ақмола қуыршақтар театрының алмасқан гастрольдері өтті.

Орыс театры мамырдың 11-13 аралығында Степногорск қаласындағы «Горняк» орталық мәдениет үйінің сахнасында 3 спектакль (4 қойылым) қойылып, 1962 көрермен қатысты.

Қуыршақ театрының 17 мамырда Көкшетау қаласында гастролі өтті.

«Фестивальдер мен байқауларда берілген жүлделер мен марапаттар» саны:

Е.К. 28 наурызында Орыс театрының актрисасы С. Фортуна Қазақстан театр қайраткерлер кеңесінің республикалық «Еңлікгүл» сыйлығын иеленді. Салтанатты шара Алматыдағы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрдың сахнасында өтті.

24 наурызда Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ театры Шымкент қаласында өткен аймақаралық театрлар фестивалінде Е. Жуасбектің «Сен үшін» спектаклін ұсынды. Екі номинация «Ең үздік спектакль» және «Ең үздік әйел ролі» (театр актрисасы Л. Ханинга-Бекназар) бойынша жеңімпаз атанды.

23-25 сәуірде Мемлекеттік филармонияның камералық қоры «Жұбанов көктемі - 2011» Халықаралық фестивалінде (Ақтөбе қ.) Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

27-28 мамырда Мемлекеттік филармонияның камералық қоры «Хайнувка-2011» XXX Халықаралық музыкалық фестивальде (Польша, Варшава қ.) 1-орынды иеленді.

Е.к. маусым айында Хакасия Республикасында (РФ) өткен этникалық эстрада Халықаралық байқауында Мемлекеттік филармонияның солисі Нұрбол Балапанов Гран-при жүлдесін жеңіп алды; республикалық «Жас қанат» байқауында «Алтын қанат» сыйлығын иеленді.


3-стратегиялық бағыт. Елорда тұрғындары мен қонақтарының мәдени өмірін байыту
Мұражайлық қызмет
2011 жылдың I жартыжылдығы бойынша қала мұражайларында 62 жаңа көрме ұйымдастырылды, 1129 экскурсия жүргізді және 50 дәріс оқылды; аталған іс-шараларға 58700 адам қатысты. Келушілер назарына 3712 бірліктегі мұражайлық мәндегі заттар көрсетіліп, негізгі және ғылыми-көмекші қордың 21,2% құрады.

Қазіргі заманғы өнер мұражайында I жартыжылдықта 32 жаңа көрме өтті, 359 экскурсия, 27 дәріс оқылды.

27 қаңтардан бастап В. Семыкин мен В. Семеновтің жеке топтамасынан кеңестік фарфор көрмесі жұмыс істеп, 100 бірліктен астам ұсақ пластик көрсетілді;

23 ақпаннан 31 наурыз аралығында тұс кілем шеберлері Меруерт Торыбаева мен Диана Реваеваның «Восточные нити Мер и Диан» көрмесінде 50 тұс кілем жұртшылық назарына ұсынылды;

16 наурыздан 5 сәуірге дейін Гүлмира Телғозиеваның «Наурыз әуендері» жеке көрмесінде 53 көркемсурет кенебі ұсынылды;

19 сәуірден 23 мамырға дейін Ұлы Отан Соғысының Жеңісінің 66 жылдығына арналған көрмеде Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің өзге де қалаларының суретшілерінің 29 өнер туындысы ұсынылды;

Халықаралық мұражайлар күніне арналған Халықаралық «Арт-ЭСПО Нью-Йорк-2011» байқауындағы алтын медалінің иегерлері Астананың суретшілері Төлеуғазы Байғалиев пен Бақытнұр Бүрдесбековтың блиц-көрмесі ұйымдастырылды;

3-16 маусымда ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 170 жылдығына арналған балалар көркем шығармашылығының «Кел, балалар, оқылық!» байқау көрмесі жұмыс істеді. Онда 26 мекеме, оның ішінде 7 балабақша, 16 жалпы білім беретін мектеп, № 1 өнер мектебі, Оқушылар сарайы мен «Persona+» қатысты. Байқау көрмеде түрлі техникамен жасалған 189 жұмыс ұсынылды. Байқауға 3 жастан 14 жасқа дейінгі 196 жас суретші қатысты. Оның 47-і мектепке дейінгі балалар, ал 149-ы мектеп оқушылары (8-14 жасқа дейінгі). Байқау көрменің 54 қатысушысы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазіргі заман өнер мұражайында балаларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында жалпы білім беру мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған «Цветная азбука» эстетикалық дамыту мектебі жұмысын жалғастыруда. Мұндай сабақтарды мектепке дейінгі балаларға да өткізуге болатыны тәжірибеден байқалды. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға өнермен таныс болудың басқа бағдарламасы жасалған (мұндай топтар 2009 жылы құрылды). Эстетикалық дамыту мектебінің мақсаты – 1) әрбір баланы өнердің әр түрімен таныс болуға (сұңғат өнері, ән, хореография, театр және т.б.); 2) әр балаға қазіргі заманғы әлеммен өзара әрекеттестікті көрсете білу және өнер саласымен таныстыру.

Мектептегі сабақтарды жалпы дайындық есебінде қарастыруға болады, олар келесі сапа мен қабілеттілігін арттыруға көмектеседі:


  • Түрлі түстерді, пішіндерді, дыбыс пен оның ерекшеліктерін көріп және естіп қабылдауға;

  • Сөзге мән беру, қоршаған ортаға мән беруге;

  • Бейнелеп ойлауға;

  • Кеңістікті көз алдыңа келтіруге (геометриялық сызықтар мен пішіндер);

  • Интонациялық сөз сөйлеу мүмкіндіктеріне ие болуға;

  • Сезіну әсерінің байлығы мен нәзіктігіне;

  • Қозғалу дағдысы; қозғалу мәдениетіне;

  • Есіту мен көру – жадына;

  • Ойын арқылы ережелерді сақтай отырып - әлеуметтік дағдыларға;

  • Шығармашылық шешімдерді табуға дайын болуға.

Сабақтар аптасына үш рет өтеді. Мектептің негізгі ерекшеліктері балалармен бірге олардың ата-аналарының шығармашылық белсенділігі болып табылады. Оған мерекелер, ашық білім есігі, жыл мезгілі, тақырыптық мейрамдар арқылы жетуге болады.

Қаңтар-маусымда айында «Цветная азбука» мектебінде «Суретшілер туындысындағы балалар образы», «Васнецов ертегілері», «Суретші-иллюстраторлар», «Әлемнің жеті кереметі», «Қазақтың әшекейі», «Қазақстанның декоративті қолөнері», «Қытай өнері», «Суретшілер туындысындағы әйел образы» туралы дәрістер оқылды.

Халықаралық мұражайлар күніне арналған Халықаралық «Арт-ЭСПО Нью-Йорк-2011» байқауындағы алтын медалінің иегерлері Астананың суретшілері Төлеуғазы Байғалиев пен Бақытнұр Бүрдесбековтың блиц-көрмесі ұйымдастырылды;

Саяси қуғын сүргін репрессиясының құрбандары Алжир мемориалды-мұражайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 2011 жылдың 19 қаңтарынан бастап Астана қаласының ЖОО-да “Алжир ” мұражайы күндері” атты мерекелік жоба бастауын алды, бағдарлама негізінде: жас оқытушылар және студенттер арасында «Тәуелсіз Қазақстан:өткенге және шынайыға көзқарас» тематикалық фильмдер көрсетілімі «Біз өмір сүреміз», «АЛЖИРдің» суық ызғары», «Біз куәгеріміз» «ескі кез,ескі сырқат» және т.б.:қозғалмалы көрме жұмыстары «Тәуелсіздіктің тамыры-Алаш арыстары». Ғылыми экспедиция барысында көрменің басты мағлұматтары Ақтөбеде, Қызылордада, Қарағандыда, Алматы, Санкт-Петербургте, Орынборда, Мәскеуде, Ташкентте жиналған. 21-ші қаңтарда С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университетінде 300студенттер мен оқытушылардың қатысуымен мерекелі кеш өтті. 25-ші қаңтарда «Тұран» Университетінде 200студенттер мен оқытушылардың қатысуымен. 20-шы мамырда Қазақ мемлекеттік медицина академиясында «Сол кездегі жылдар» атты қозғалмалы көрме өтті, онымен академияның 895 студенттері мен оқытушылары танысты.

«Тәуелсіздіктің тамыры- Алаш арыстары» Қозғалмалы көрменің құрамымен №40 мектеп оқушылары мен экономика және азық түлік стандарттау колледжі есеп кезеңі уақытында танысты.

Ұйымдастырылған көрмелер:

-«Қазақ зиялыларының қасіреті» көрмесі қазақ мемлекетінің атақты саяси және қоғамдық ғұламаларының атылу жазасының алғашқы күніне арналған. Көрме А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, Х.Досмұхамедов, С.Сейфуллин, Т.Рысқұловтардың қызметтерінен мағлұмат берді.

- «Қазақ басылымдарының тарихы» көрмесі «Айқап»журналының және «Қазақстан» газетінің құрылу тарихымен, беттерде қозғалған басты қиыншылықтармен, баспа редакторларының өмірбаяндарымен таныстырды.

- «Теріп бір алды-ау асылды» көрмесі тұтқын әйелдердер тағдырының шындығын айтты.

- «Ұлттың ұлы тұлғасы» көрмесі Қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым А. Ермековтың 120 жылдығына арналды.

-«Қасірет шеккен қазақ қыздары қалай ұмытылады?» көрмесі өмірлерін лагерьде өткізген, қазақ әйелдерінің өмірлерімен таныстырады.

-«Гулагтың балалары» көрмесі лагерде болған тұтқын балалардың аналарын еске алулары, олардың тағдыры мен көрген қиыншылығы туралы деректер ұсынылған.

-«Құпия шындыққа айналады» көрмесі саяси репрессия құрбандары күніне арналған шара.

-«Тарих, уақыты және заман» көрмесі ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының коркем-кітап көрмесі.

-Санкт-Петербург қаласынан әкелінген «Сталин - адам және символ» атты плакаттар көрмесі.

«АЛЖИР» саяси және тоталитарлық қуғын-сүргін

құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенінде мынадай көрмелер

ұйымдастырылды.

31 мамыр «Алжир» саяси және тоталитарлық қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Грузин тұтқын әйелдеріне арналған салтанатты ашылуы болды.

Мұражай бағдарламасының аясында балаларға арналған «АЛЖИР» тарихына балалардың көзқарасы» атты экскурсия өткізілді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында 15 мамырда украиндық тұтқын әйелдерге арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы болды. Біраз үнсіздіктен соң ескерткіш қабырғасына гүл шоқтары қойылды.

31 мамырда «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін құрбандары мемориалды-мұражайында әзірбайжандық тұтқын-әйелдерге арналған салтанатты ескерткіш тақтаның ашылуында ҚР Әзірбайжан Төтенше және Өкілетті елшісі сөз сөйледі.

I жартыжылдықта мұражайда 18 жаңа көрме ұйымдастырылып, 447 экскурсия өтіп, 12 дәріс оқылды.

«Алжир» саяси және тоталитарлық қуғын-сүргін құрбандары мұражай-мемориалдық кешенінің мұражайлық қоры ғылыми-іздестіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының арқасында кеңеюде. Мұражай қызметкерлері 24 сәуірден 4 мамырға дейін Омбы қаласына ғылыми-зерттеу экспедициясымен барды. Экспедиция барысында Омбы облысының тарихи мұрағатында жұмыс жүргізіліп, 15 құжат қайтарылып алынды. Омбы тарихи-өлкетану мұражайында тәжірибе алмасулар өтті. қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарымен кездесулер өтті. Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Жұмыс нәтижесінде мұражай қорына 240 мұражайлық мағыналы құжат бірлігі жинақталды.

«Атамекен» Қазақстан Картасы Этно-мемориалдық кешені Республика мектептерінде іс-шараларға енгізілген «On Line» режімде өткізілетін конференциялар жақсы үрдіске айналды. 14 қаңтарда «Тәуелсіз Ел Тұңғыш Президентімен» оn line конференциясына қазақстан халықтар кіші ассамблеясы хатшылығы өкілдерінің, мемлекет тарихы институты, «Нұр-Отан» ХДП, ұлттық-мәдени орталықтардан 70 адам қатысты. 28 қаңтарда «Алға Қазақстан, Азиада 2011» тақырыбында оn line конференциясы өткізілді. Астананың 39 мектебі, Алматы, ШҚО, ОҚО, Павлодар, Жамбыл облыстарының мектептері мен жастар ұйымы, спорт және қоғам қайраткерлері оn line байланысына шықты. Бұл конференцияның негізгі мақсаты: жас ұрпақтың салауатты өмір салтын насихаттау, патриотизмді, отан үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

I тоқсан бойы этнокешен аумағында макеттерді алу мен жаңа макеттерді жасау жұмыстары жүргізілді.

18 мамырда этнокешенде мұражайтанушылардың Халықаралық форумы өтті. Форумға Қазақстанның барлық аумақтарынан және жақын шетелдің 124 мұражай қызметкері, сонымен қатар туристік агенттіктердің өкілдері қатысты. Мұражайдың мәселелері жөніндегі форум делегаттарының баяндамалары тыңдалды. Форум аясында «Атамекендегі» жұлдызды түн» шарасы өткізілді. Белорусь ұлттық сәулет және тұрмыс мұражайы, Қорған қаласының облыстық көркемдік мұражайы, Венгер ұлттық мұражайы, Баку қ. Гала мемлекеттік тарихи-этнографиялық мұражайы, Алматы қ. тарихи мұражайы, Көкшетау қ. тарихи мұражайы, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, Алматы облыстық Қарасай ауданы, Түркістан этнографиялық мұражайымен оn line режімінде Халықаралық конференция өтті. Форум шеңберінде өткен республикалық байқауға Астана мен Алматы 9 экскурсия жетекшісі, сонымен қатар Новосібір қ. Экскурсия жетекшісі қатысты. Байқау «Шешендік өнер», «Әртістік», «Өзіндік шешім» номинациялары бойынша өтті.

С. Сейфуллин мұражайында 25 ақпанда Сәкен Сейфуллинді еске алу күні Сәкеннің жақындары, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, оқу орындарының өкілдері жиналып, ескерткішіне гүлшоқтарын қойды. Мұражайда «Қазақстан» телеарнасы әзірлеген С. Сейфуллиннің өмірі мен қызметіне арналған деректі фильм түсірілді, сонымен қатар мұражай қызметкерлері Красногор қ. кино-фотомұрағатта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде тапқан 1930 жылы режиссер А. Роом түсірген Сакен Сейфуллин туралы мәліметтер алынған «Түркісіб ашылды» дыбыссыз деректі фильмнің тұсаукесері болды.

I жартыжылдық бойынша мұражайда 12 жаңа көрме, 172 экскурсия, 9 дәріс оқылды.

Мұражай топтамасын толықтыру үшін сатып алынған экспонаттар саны

Қазіргі заманғы өнер мұражайы қорына 46 сақтау бірлігі берілді (19 сұңғат өнері, 27 графика). 6375,5 мың теңгеге 20 жұмыс сатып алынды; 26 жұмыс сыйға тартылған.

«АЛЖИР» мұражай кешеніне 6965,0 мың теңгеге 89 бірлік сақтауға берілді., 624 бірлік сыйға тартылған.

Сейфуллин мұражайына 7 бірлік жұмыс сыйға тартылды.



Кітапханалық қызмет

2011 жылғы 28 қаңтардағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына

«Болашақты бірге қалайық!» Жолдауының Жалпыұлттық жоспарының іске асырылуы барысында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының нақты басымдықтарын ашу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Қала кітапханаларында аталған құжаттарды талдау мақсатында «Орнату және жасампаздық уақыты», «Жолдаудағы негізгі басымдықтар», «Елбасының келешегіміз жайлы толғанысы» т.б. тақырыптар бойынша ойлану сағаттары, сауал сағаттар өткізілуде. Оқырмандарды Жолдаудағы әлеуметтік модернизация сауалдары қызықтырды. Бұл сауалдарға жауапты «Біздің болашағымыздың құжаты», «Президенттің Жолдауындағы жолдардан», «Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации» атты экспресс-көрмелер мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұлттық ой-сана мен рухани құндылықтарды ашатын, тәуелсіз Қазақстанның болашағы «Астана - Елбасының ерлігі» атты безендірілген кітап көрмелері ұйымдастырылған. Сарыарқа ауданы әкімдігінің ақпараттық-насихат тобының қатысуымен көлемді іс-шаралар өткізілуде. Ү.ж. 4 наурызында «Жолдаудың жаңа белестеріне бірге жетейік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасында «Біздің таңдауымыз – біздің болашағымыз» акциясы өтті. 6-16 сәуір аралығында кітапханаларда «Жолдаудағы жолдар» декадасы ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шаралардың басты мақсаты – тұрғындардың ақпаратқа қолжеткізілуін арттыру, оқырмандардың азаматтық позицияларын құру, Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекетіміздің қойған мақсаттарына қолжеткізуге деген сенімділік орнату.

Қала кітапханаларында «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы», «Қазақстан және әлемдік қауымдастық», «Тәуелсіздік тарихы – ұлт тарихы, ел тарихы», «Қазақстан және оның көшбасшысы: тарихтың ақтаңдақ беттері», Қазақстан ЕҚЫҰ: Батыс пен Шығысты жақындастырады» циклдары бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстанның ең ірі баспа-полиграфиялық кешені – «Астана полиграфия» акционерлік қоғамы отандық нарықта 80 жылдам астам жұмыс жасайды. Республикалық «Бір әлем, бір кітап» акциясы шеңберінде АҚ ОКЖ кітапханашыларына М. Мақатаев, Ш. Айтматов, Б. Әбдіразақовтың шығармалары бар 10000 кітап сыйға тартылды (е.к. сәуір).

Қызықты шаралармен қатар атауға болатын жас ұрпақтың рухани және интеллектуалды келбетін қалыптастыруда өлшеусіз қызмет атқаратын балалар кітабы күніне орай Халықаралық балалар кітабы күніне орай 2 сәуірде балалармен жұмыс істейтін кітапхана қызметкерлерінің шебер-кластары ұйымдастырылды. Балалардың демалысын ұйымдастыру кезінде олардың көңілдерінің көтеріңкі болуы, белсенділігін жоғарылату және білім алу жөнінде көрсеткіш іс шаралары ұсынылды. Бұл күні Кітап мерекелері, ертегілер лотосы өткізді, «Сүйікті ертегілер қонақта», «Сиқыршылар мен ғажайыптардың тамаша елі», «Лучщий сказочный персонаж»,«Крекс, фекс, пекс!» суреттер байқауы т.б. тамашаланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу бойынша жалпыхалықтық жоспарын іске асыру.

2011 жылғы 28 ақпандағы Астана қаласы әкімдігінің № 21-6р, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына әзірлік пен өткізу іс-шаралары Жоспарына сәйкес, төмендегідей іс-шаралар өтті.



  1. КСРО, Қазақстан халық әртісі Бибігүл Төлегенованың

шығармашылық кеші 20 қаңтарда «Қазақстан» концерт залында өткізіліп, Қазақ ұлттық аспаптарының оркестрі мен Мемлекеттік филармонияның симфониялық оркестрі қатысты.

  1. «Мың күй» жобасының іске асырылу барысы қала оркестрлерінің

концерттері есте қаларлық жағдай болды. «Мың күй» жобасында Мемлекеттік филармонияның 8 ұжымы (қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестрі, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Тілеп» қылқобызшылар квартеті, «Солистер академиясы» камералық оркестрі, Ғазиза Жұбанова атындағы шекті квартет, үрмелі оркестр, «Сарыарқа» ұлт аспаптар ансамбльдері) астаналық концерт залдарында: Президенттік мәдениет орталығы, Конгресс-холл, Өнер университеті (Шабыт) мен Орган залдарында концерт берді. - «Қазақстан» Орталық концерт залының сахнасында жоғарыда аталған ұжымдардың қатысуымен өткен Гала-концерт - жобаның басты оқиғасы болды (5 ақпан). Құрама оркестрмен Құрманғазы, Тәттімбет және т.б. атақты композиторлардың музыкалық шығармалары бір мезгілде орындалды. Концертке 300 әртіс атсалысты.

Іс-шараның нәтижесі Қазақстан музыка мәдениетінің келешектегі дамуына негіз болады, оркестрлерге арналған партитуралар барлық ел аймақтарына бағытталғандықтан, республиканың барлық музыкалық репертуарын байытуға үлес қосатын болады.



  1. Бейбітшілік және Келісім Сарайының «Бесік» залында Қазақстан

Республикасы дін басыларымен «Мәдениеттер диалогы конфессияаралық қарым-қатынас үндестігінің негізі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға ҚР дін өкілдері, Қазақстан халықтары Ассамблеясы өкілдері, ҚР Парламенті депутаттарының дипломатиялық корпусы, БАҚ өкілдері қатысты. Өз сөздеріне іс-шараға қатысушылар қазақстандық үлгінің конфессияаралық, этникааралық келісімге жетуде өз үлесін қосуда екеніне баса назар аударды. Қатысушылар алдында «Нұр-Астана» мешітінің найб-имамы – Руслан Қамбаров, Астана қ. Орыс шіркеуінің иерейі – Дмитрий Байдек, Архиепископ – Томаш Бернард Пэта, Астана қ. рим-католиктері Әулие Мария митрополиті, ҚР Евангел-лютеран шіркеуінің епискобы-Юрий Новгородов, Астана қ. бас раввині- Юда Кубалкин, Иордания патшалығының хашимит өкілі – Слайман Арабиат, ҚР еуроұйымының өкілі – Жюстен Норбер, Миссияның басшысы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Камал Бұрханов, Қазақстан халықтары Ассамблеясы жанындағы ғылыми-зерттеу кеңесінің хатшысы – Наталья Калашниковалар сөз сөйледі. Әлем мәдениетін құрайтын маңызды дінаралық қарым-қатынастар жөнінде диалогтар өрбіп, Қазақстан халықтар бірлігін одан әрі нығайту мен дамыту туралы мәселелер қозғалды.

  1. 2011 жылғы 3 наурызда Конгресс-Холда 8 Наурыз Халықаралық

әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізіліп, сахна безендірілуінде Қазақстан Республикасының 20-жылдығының рәмізі белгіленді.

  1. «Әлемдік қауымдастық мойындаған Қазақстан» аясында Қазіргі

заманғы өнер мұражайында 29 наурыздан 5 сәуір аралығында әріптестерінің «қазақстандық Отто Лацисі» атанған, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы, публицист, қоғам қайраткері Бақыт Рүстемовтың «Тәуелсіздік және халықаралық публицистика» атты көрмесі жұмыс істеді. Көрмеге кітаптар, мақалалар кәдесыйлардың 150 түрі қойылды.

  1. Қазақстан Республикасының 20-жылдығы ұранымен Наурыз

мейрамы аталып өтілді. «Қазақ елі» алаңында театрландырылған көріністер, мерекелік концерттер, көпшілікке арналған түрлі іс-шаралар өтті. Қазіргі заманғы өнер мұражайында 17-18 наурызда «Қазақстанның декоративті-қолөнері» көрмесі; 16 наурыздан 5 сәуірге дейін Гүлмира Телғозиеваның «Наурыз әуендері» атты жеке көрмесі өтті.

  1. «Ғылым және технология» тақырыбының шеңберінде ақпарат күні

өткізілді. Бұл шара Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №5 жалпы кітапханасында өтті. Мақсат - қатысушыларды әр түрлі саладағы ғылым және инновациялық технологиялар жетістігімен таныстыру болатын. Кітапханаларды компьютерлендіру мәселесі - негізгі тақырыптардың бірі болды. Әр баяндамашы мамандандырылған кітапхана инновациясына белгілі бір көзқарас тұрғысынан пайдалану туралы: балалар кітапханасында жаңа технологиялар енгізу, көзі нашар көретін және көрмейтін азаматтармен жұмыс жүргізу мәселесін талқылады.

  1. Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай «Бірлік» мерекелік шарасы

өтті. 20-22 сәуірде Қазақстан халықтары мерекесіне Қазақстан халықтары Ассамблеясы этно-мәдениет шығармашылық ұжымдары қатысты. 1 мамырда «Қазақ Елі» алаңында әр түрлі этностардың «»С любовью к Отчизне к благодатным вершинам» атты шеруі мен «Бабалар арманы - бүгінгі ұрпақ шындығы» мерекелік концерті өтті.

9. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 66-жылдығын мерекелеуге байланысты 19-22 мамыр аралығында Қазіргі заманғы өнері мұражайында «Дорогою побед и свершений» көрмесі; 6-8 мамырда Конгресс-холда мерекелік концерттер болды. 8 мамырда қаланың орталық зиратында Ұлы Отан соғысы жылдарында алған жарақаттан қаза болған жауынгерлердің моласына Даңқ гүлтізбегі мен гүл себетін қою рәсімі өтті. 9 мамырда «Отан қорғаушылар» монументі алаңында ансамбльдер концерттері өтіп, үрмелі аспаптар оркестрі мен Мемлекеттік филормония әртістері өз өнерлерін көрсетті.

10. 31 мамырда «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін құрбандары мемориалды-мұражайында саяси қуғын-сүргін кезінде жазықсыз құрбан болған жандарға гүл шоқтары қойылды. Рәсім аяқталған соң қатысушылар 2010 жылғы Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Санк-Петербург, Мәскеу, Ташкентке жасалған ғылыми экспедиция нәтижесінде жинақталған материалдармен танысты.

Қазақстанның саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - түрлі ұлттың жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағандарды өмір сүру құқығынан айырған ел тарихының қайғылы парақтарын еске түсіреді. Бұл күні сонымен қатар азербайжандық тұтқын-әйелдерге арналған салтанатты ескерткіш тақтаның ашылуында ҚР Әзірбайжан Төтенше және Өкілетті елшісі сөз сөйледі.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ү.ж. 15 мамырда украиндық тұтқын әйелдерге арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы болды. Біраз үнсіздіктен соң ескерткіш қабырғасына гүл шоқтары қойылды.

Материалдық-техникалық базаны жетілдіру

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын жетілдіру мақсатында бірнеше іс-шаралар орындалды. Мәдениет ұйымдарының техникалық жарақтандыру паспорттарының негізінде бюджет құрастырылып, кәсіпорындардың қажеттілігі анықталды.



2011 жылы бұл салада стандарттау және сертификаттау бойынша заманауи жүйелер мен есептеу құралдарын енгізудің қажетті жұмыс көлемі жоспарланған. А.ж. наурыз-маыр айларында мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді.

  • Мәдениет ұйымдары ғимараттарында өртке қарсы техникалық

қамтамасыз ету жүйелерін орнату («Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» 23 кітапханасы, 2 мұражай, 3 театр). Аталған мақсаттарға бюджеттен 14948,0 мың теңге бөлінген.

  • Мәдениет ұйымдары ғимараттарына жылу энергиясын есептеу

құралдарын және оларды жарықтандыру құрылғыларын орнату. Мәдениеттің 4 объектісіне осы қажеттіктерге байланысты бюджеттен 815,0 мың теңге бөлінді.

  • Қашықтықтан басқару көрсеткіштері бар суық суды есептеу

құралдарын орнату мен қалпына келтіру бойынша; тапсырыс берген мәдениет ұйымдарының саны МКҚК-8 және «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» 23 кітапханасы. Қала бюджетінен қаржыландыру көлемі – 1282,0 мың теңгені құрайды.

Алдағы тұрған міндеттер


  1. Алдағы уақытта да тарихи-мәдени мұраны сақтау. Үш нысан бойынша: Кубрин көпестің үйіне – ХХ ғасырдың басындағы тарихи ескерткіш; С. Сейфуллин мұражайының әкімшілік ғимаратына; С. Сейфуллин ескерткіші бойынша (Агротехникалық университеті Жеңіс, 62) күрделі жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау. (ХІХ ғасырдың соңындағы ғимарат кешендері) Отырар, 29; тұрғын үй – Отырар, 31 қала құрылысы мен республикалық мәндегі сәулетшілік ескерткіштеріне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша ЖСҚ әзірлеме жоспарлануда.

  2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығының мерекеленуіне байланысты Жалпыұлттық іс-шараны ұйымдастыру.

  3. Елорда мен мемлекеттің имиджін көтеруге бағытталған жұмыс.

  4. Атаулы күндерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру.

  5. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, құқықтық сана, заң сыйлаушылыққа бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.


Астана қаласы

Мәдениет басқармасының бастығы Б. Мажағұлов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет