Астана қаласының Білім басқармасы Әдістемелік кабинет



бет1/2
Дата28.06.2017
өлшемі0,6 Mb.
#20304
  1   2

Астана қаласының Білім басқармасы

Әдістемелік кабинет

Эссе жазу жөніндегі әдістемелік нұсқау





Астана 2013

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған



Эссе жазу жөнінде әдістемелік нұсқау
Алғы сөз
Уақыт талабы деген ұғымның мұғалімдерге де артар жүгі ауыр. Оның себептері де, жауаптары да қазіргі зымыран уақыттың еншісінде болса керек. Мұғалім қашан да қоғамның белсенді де жауапты, аса қажетті тұлғасы болып қала бермек, өйткені ел болашағы – жастардың азамат болып қалыптасуына, отансүйсүйгіштік, елжандылық қасиеттердің иесі болуына жауапты жандардың бірі де бірегейі мұғалім екендігі баршаға аян. Қазіргі таңда мұғалімнің жас ұрпаққа білім беруші, тәрбиеші қызметіне ғана емес, оның жеке тұлғалық болмысына да баса назар аударылуда. Шығармашыл шәкірт тәрбиелеу үшін мұғалімнің өзі де шығармашыл болуға тиіс, ол шығармашылықты оқушыдан талап етумен шектелмей, өзінен де талап етуге тиіс. Мұғалімнің түрлі қоғамдық ортада еркін, батыл сөйлей білуімен қатар өзінің әртүрлі шығармашылық жұмыстарында немесе білім жетілдіру курстарында эссе жазуына тура келеді. Бұл – мұғалімнен нағыз жазбаша шығармашылықты қажет етеді.

Астана қаласының әкімі И.Н. Тасмағамбетов білім қызметкерлерінің тамыз мәслихатында мектептердегі шығарма тақырыптарының соңғы жиырма жыл бойы өзгермей келе жатқанын, сабақ мазмұнының өткен ғасырдың 60-70 жылдарының үрдісінен әлі де жаңылмай, тіпті әдебиет сабақтарында берілетін шығармалар тақырыптарының да өзгермей келе жатқанын қынжыла атап айтты.

Жаңа қоғам, жаңа заман талабына сай жаңа ұрпақ – еркін ойлап, еркін сөйлеп, өз ойын еркін жеткізе алатын шығармашыл, ойы ұшқыр ұрпақ тәрбиелеуге баса көңіл аудару, оқушының сөйлеу, жазу тілін байыту, ұштау жолдарын дамыту қажеттігін ескертті.

Қалалық білім басқармасы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің (басқа да пәндер бойынша) жыл сайын эссе жазу байқауын дәстүрлі түрде ұйымдастыруды қолға алып отыр. Мақсат: мұғалімдердің шығармашылық біліктілігін дамыту. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулық эссе жазудың мақсаты мен міндеттерін айқындап, эссенің түрлері, ерекшеліктері мен оны жазуда қойылатын талаптар мен шарттар жөнінде толық түсініктер мен мәліметтер береді.




І Эссе туралы түсінік
Эссе - философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. (Қазақ энциклопедиясы, 10 том)

«Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде» эссеге төмендегідей анықтама берілген. «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма».

«Эссе» сөзі орыс тіліне француз тілінен енген, латынша exagium (өлшеу) деген . Французша еззаi дегенді тәжірбие, сынама, әрекет, нобай, очерк деген сөздермен аударуға болады.

«Шеттілдер сөздердерінің түсіндірме сөздігінде» (Л.П. Крысина) эссе қандайда бір мәселені жүйелі ғылыми түрде емес, еркін түрде айтатын очерк ретінде анықталады. Демек, эссе - жеке әсер етуді және нақты сылтау бойынша пікір ойды білдіретін кішкене көлем мен еркін композицияның шығармасы.

«Энциклопедиялық үлкен сөздік» мынандай анықтама береді: «Эссе - бұл философиялық әдеби-сындық, тарихи -өмірбаяндық, публицистикалық прозалар жанры, автордың жекеше ұстанымын көрсетеді».

«Қысқаша әдеби энциклопедия» нақтылайды : «Эссе - бұл жеке тақырып пен жеке әсер ету мен ойлауды жеткізуге тырысқанды білдіретін кішкене көлем мен еркін композицияның прозаикалық шығармасы».

Негізінде, «Эссе» сөзі француз тілінен аударғанда тәжірибе, шығарма, мүмкіншілік деген бірнеше мағына береді. Бұл жанрдың негізін салушы француз ойшылы Мишель Монтень болды.



ІІ Эссенің ерекшеліктері, түрлері

1. Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік сипатта болуы мүмкін.
2. Эссеұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы. Эссе мақсаты өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Мұғалім өзі істейтін мемлекеттік мекеме мен өз әрекетінің ерекшелігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу авторға өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйрену. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Мәселе бойынша авторлық позицияны қорытындылайтын, қорытынды, концепция және сөздікті қолдануымен өзі өткізген талдау жазылады. Тақырып ерекшелігіне қарай, эссе түрлері қомақты деңгейлік болу мүмкін. Кейбір кездерде оқитын тақырып бойынша мәліметтерді талдау болу мүмкін, бұқаралық ақпарат басылымдардан материалдардың талдауы және толық пікірлермен, мысалдарды іріктеу мен нақты талдау, мәселені суреттейтін және т.б. оқитын модельдерді қолданумен ұсынылған мәселені нақты талдау болып келеді. Эссе жазу– дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген түрі, бұл –сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысыңыз, эссе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жұмыстардағы сияқты ішкі логика болуы тиіс.
3. Эссе жанры еркін шығармашылықты болжалдайды. Оның жақсы ерекшелігі автор өз ойын өз еркінше кез келген тақырыпта жаза алады. Эссе — бұл қандай болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану, сол себептен эсседе басқа авторлармен (олардың пікірлерімен) пікірталас өрбиді. Басқа авторлардан цитат келтіруге болады, бірақ орынды және сирек қолданған жөн. Эссе — өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан дәйексөздер (цитата) аз болған да жақсы.
4. Эссенің алдында — автор тұлғасы. Оның ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы шығарма негізі болып келеді. Эссе жазуда қиындық туу мүмкін. Бұл тақырып, жазу стилін таңдау және кез келген мәселеге ерекше ой.
5. Эссе кез келген тақырыпқа: кәсіпорнының қаржылық-шаруашылық әрекетін талдаудан қоғам сатысына дейін бес абзац немесе жиырма бетке созылуы мүмкін. Бастысы, сіз жазып отырғаныңыз – «эссеге» жарайтын болғаны. Эссе француз тілінде «талпыну, тырысу» дегенді де білдіреді. Әдетте, эссе – өз көзқарасыңызды түсіндіру талпынысы, ал жақсы жазылған эссе үнемі ашық, түсінікті және ақпаратқа толы болады.
Әдебиеттанушы ғалымдар қазіргі эссенің бірнеше түрін анықтап көрсетеді, оның көп қолданатын басты түрлері:

    • Публицистикалық эссе,

    • Әдеби-сын эссе;

    • Әдеби эссе;

    • Философиялық эссе;

    • Ғылыми эссе;

    • Ғылыми-көпшілік эссе;

    • Классикалық эссе;

    • Тарихи – библиографиялық эссе.


Эссенің кейбір белгілері


  • Нақты тақырып немесе сұрақтың болуы: анықтамасы бойыынша эссе жанрында орындалмайтын кең көлемдегі мәселелерді талдауға арналған шығарма;эссе тақырыбы әрқашан нақты, кейбір зерттеушілер айтуы бойынша оның жекелей сипаттамасы бар.




  • Мәселені қабылдау мен оны пайымдаудың жекеше сипаттамасы: эссе - субъективті жанр, ол автордың жеке басын, ұстанымынын бірбеткейлігін көруге мүмкіндік беруімен қызықты, бағалы.




  • Кішкене көлем: қандай да бір қатқыл шекара әрине жоқ, алайда жақсы эссе үшін сөз орамын ойландыруга жетелейтін сыйымды шығарма үшін бір парақта жетіп жатыр.




  • Еркін композиция: эссе өзінің табиғатында былайша құрастырылған: ешқандай жасанды қалыпқа шыдамайды, логика заңына сирек құралады, еркін ассоциацияға бағынады, «Бәрі керісінше!» қағидасын басшылыққа алады.




  • Баяндаудың еркіндігі: түсінікті болу үшін қиын түсініксіз артық "қатал" құрастырулардан олар әдейі қашқақтайды, эссе авторына оқырманмен қарым-қатынастың сенімді стилін белгілеу маңызды; зерттеушілер жақсы эссені мәтінді еркін меңгерген, оны әр қырынан көре білетін және болып жатқан заттараға көп аспекті көзқарасты оқырманға ұсынатын адам ғана жаза алатынын атап айтады.




  • Парадоксалды: эссе оқырманды көруге бейімделген - бұл, көптеген зерттеушілер пікірлері бойынша, оның міндетті түрдегі сапасы; эссе автвордың оқу, кинофильмді көруі, досымен сөйлесуі кезіндегі таңданудан туады; эсседегі ойлануға тиек болатын нәрсе афористикалық, ашық айтылған немесе парадоксалдық анықтама, бір қарағанда даусыз, бір-бірін толықтыратын шешімдер, сипаттаулар, тезистер.




  • Ішкі мағыналы бірегейлік бұл жанр түрінің парадокстерінің бірі, композиция жағынан бос, субъективтілікке бейімделген, эссе ішкі мағыналы бірігуі бар, яғни шешуші тезистер мен бекітулердің келісімділігімен.




  • Ашықтығы: автор жарты ойда және өз пікірін аяғына дейін әдейі айтпайды,ол толықтай, аяқталған талдауға үміт артпайтын жағдайда эссе аяқталмай қалады.

ІІІ Эссе жазудың мақсаты, шарттары

Қазіргі уақытта Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді.

Сондай-ақ, мұғалімдердің әртүрлі шығармашылық байқауларында да эссе жазу тапсырылады. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс. Автордың өзіне тән ерекшелігіне сай тілі жатық, бейнелі әрі бай, стилі жеңіл болу керек. Яғни, бұл ерте ме, кеш пе әрбір шығармашыл болмыс назар аударатын философиялық, әдеби, тарихи – библиографиялық проза жанры.

Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма.

Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі.

Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашылық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады.

Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал.

Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.

Ең алдымен, өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.
Эссе жазудың алғышарттары:
1. Эссе жазуға кіріспес бұрын ең алдымен: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін?» сұрақтарға жауап беру керек.
2. Эссе жазудағы мақсатты айқындау. Ол:


  • Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;

  • Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;

  • Оқырмандарды ақпараттандыру;

  • Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;

  • Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;

  • Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;

  • Іс-әрекетке түрткі болу.

Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын білсе және өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады.

Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз көзқарастарын анықтауға тырысу керек.

Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі.

Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындай отырып,өзіңізге де эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз.



Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз, көзқарастарыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді,ал кейбіреулері дәлел және фактілерсіз болады. Сондай-ақ,тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына  енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын авторлық позицияның негізінде автордың жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл – кітапхана, интернет ресурстары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттар да қажет, олар сұрақ түрінде де болуы мүмкін.
ІV Эссенің құрылымы
Эссенің құрылымы оған қойылатын талаптармен анықталады:

  • Эссенің бірінші парағы (біркелкі үлгі бойынша толтырылады, эссенің бірінші парағын орындау үлгіге қараңыз)

  • Эссе авторының ойы қысқаша тезистер қалпындағы мәселелер бойынша баяндалады.

  • Ой дәлелдермен бекітілуі керек, сондықтан да тезистен кейін дәлелдер беріледі.


Дәлелдер - бұл фактілер, қоғамдық өмірдің, оқиғалардың, өмірлік жағдайлардың және өмірлік тәжірбиенің, ғылыми дәлелдеулердің, ғалымдардың пікірлерге бағыттамалардың құбылысы. Әр тезистің пайдасына екі дәлел келтіргеніміз жөн: бір дәлел нанымсыздау болады, үш дәлел жанр түрінде орындалып, қысқаша және образдауға бейімделген баяндаманы күрделендіріп жібереді. Осылайша эссе дөңгеленген құрылымға айналады (тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдап алынған жоспарға, ойдың қисынды дамуына байланысты).
Эссенің мазмұны жағынан жағынан түрлері:

  • философиялық;

  • әдеби- сындық;

  • тарихи;

  • көркемдік;

  • көркемдік-публистикалық;

  • рухани-имандылық және т.б.


Эссенің жеткізілу тәсілі жағынан жағынан түрлері:

  • сипаттамалық эссе;

  • баяндамалық эссе;

  • рефлексивтік эссе,

  • сындық эссе,

  • талдаулық эссе және т.б.


Эссенің классификациясы екі үлкен топқа жіктеледі:

  • Авторлық тұлға немесе басқа жағынан ашылуы негізгі элемент болып табылатын тұлғалық, субъективтік эссе;

  • Тұлғалық бастамасы бейнелеу затына немесе қандай да бір идеяға бағынған объективті эссе.



Сонымен, эссе жазу кезіндегі маңызды нәрселер:

  • Эссенің тақырыбын анықтаңыз;

  • Эссеге қажетті көлем мен әр параграфтың мақсатын анықтаңыз.

  • Басты немесе ашық сөз орамынан бастаңыз. Оқырманның (тыңдарманның) көңілін бірден баурап әкету – басты міндет екенін ескеріңіз.


Эссе жазу ережесі:

  • Эссені жазудың формалды ережесінен бірі – атауының болуы.

  • Эссенің ішкі құрылымы еркін құрылады.

  • Жазбаша жұмыстың дәлелдеулері негізгі ойды, көтерілген мәселені

құрастырады.

  • Мәселені құрастыру соңғы қорытындымен сәйкес келуі қажет.


Эсседе көтерілген мәселе сипаты
1. Автордың көтерген мәселесі:

өзекті;

қоғамдық маңызды;

терең;

философиялық;

саяси;

адамгершілік;

зәру


2. Мәселені көтерудегі мақсат:

шиеленіскендіктен;

маңыздыболғандықтан;

түйінді мәселе болғандықтан;

даулы мәселе болғандықтан;

мерзімі жеткен мәселе болғандықтан.


3. Мәселенің оқырманға ықпалы:

терең ойлануға;

шынайы талқылауға;

өзін және басқаларды жақсырақ түсінуге;

өзінің көзқарасын қайта қарауға немесе нақтылауға;

мәселе туралы ойларымен бөлісуге;

өзінің көзқарасын ашық айтуға;

өзінің позициясын бағалауға;

өзін тәрбиелеумен шұғылдануға;

ойын терең зерделеуге бағытталуы қажет.


Эссенің кез келген оқырманға бағытталған рефераттан ерекшелігі – «Менің ... туралы айтқым келеді...», «Мен мынандай қорытындыға келдім...» деген тілдік қолданыстардың болуы.

Эссе - дайын оқырманға, яғни не туралы айтылатынын түсінетін адамға бағытталған реплика. Бұл - эссенің авторына жаңаны ашуға және мазмұнда-маны қызметтік детальдармен араластырмауға мүмкіндік береді.



Эссе үш негізгі композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім.
Эссенің бөлімдері және олардың мазмұны:

Кіріспе – тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар компоненттерден құрылады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Эссе тақырыбында айтылған терминдерге түсінік беруге керек пе?», «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?» Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және мінсіз (өзіндік болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертпе, т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек. Егерде эссенің  жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады.

Негізгі бөлім – таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеуі. Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан, маңыздысы тақырыпшалар олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе қатаң ой толғауларды) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өзіндік тәжірибені де пайдалануға болады.

Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді, жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әр түрлі айқындау құралдары  қолданылады.

Қорытынды – тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау оны қолдану саласына және т.б. сілтеме. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстауы мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.

Қорытынды бөлімде жазылған мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңіл-күй мен сезімді анықтайды.
Эссе құрылымының көлемі:

  • Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)

  • Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);

  • Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);


Бірінші парағы (біркелкі үлгі бойынша толтырылады, Эссенің бірінші парағын орындау үлгісіне қараңыз).
V Эссе жазуға дайындық сатылары
1. Контексті анықтаңыз.

Егер сізге эссе берілді, онда кейбір өлшеуіштер анықталды: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы - эссенің негізгі ойы.



2. Тақырыпты таңдаңыз.

Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шеттен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет.



3. Ақпаратты жинаңыз.

Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз. Фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезис үшін дәлелдерді таба алады.

Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.

Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: фактілерді тексеру керек, өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар материал-дарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.

Тезистер сізге жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі. Ең жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да маңыздырақ ақпараттар алынады.

Жүйелі ақпарат,идеяларды нақтылайтын фактілер болып, оларды қандай реттілікпен ұсынатынын білсеңіз, сонымен қатар өзіңіздің хабарламаңызбен қандай нәтижеге жеткіңіз келетінін көргіңіз білсе – тезистерді ойды мағыналы баяндауға айналдыру қажет.



4. Эссені жоспарлаңыз.

Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.



5. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.

Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болғасын, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.

6. Қорытынды жазыңыз.

Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?



7. Кіріспені жазыңыз.

Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болғасын оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Қарапайым сөз тіркестерді қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.



8. Жазғаныңызды оқыңыз.

Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдынғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.



9. Қателерді тексеріңіз.

Мәтінде кеткен қателерді тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық.



Қайталанатын сөздер, жаргонизмдерден қашқақтаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.
Қосымша:

1. Эсседе бейнелеу, афористік, парадоксалдық тұрғыда қаралу керек.

2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әр түрлі байланыстарды қолданады.

3. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория, символ және астарлы образдар.

4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.

5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауызекі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.


P.S. Есте сақтаңыз, эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы - өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой.
VІ Эссе жазудағы тәсілдер

Баяндау. Баяндау тәсілі (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады.  Бұл арқылы жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.

Редакциялау. Автор неден бастап жазса да өз еркінде. Мүмкін кіріспе бөлімнен бастап, жайлап қорытындыға қарай жазу қажет шығар?

Қайта қарап шығу дегеніміз, хабарламаны сапасы мен нәтижесі тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни мағыналық байланыстылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің дұрыстығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды. Екінші нұсқа бойынша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге дейін талданады, сараланады. Баяндаудың жатықтығына,ойдың логикалық сабақтас-тығына, байланысына назар аудару керек.



Түзету. Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығы, сөздердің байланысы, тыныс белгісі, стилистикасына жете көңіл бөлінеді. Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Жаргон және қазіргі заманға сай сөздерді орынды қолдану керек, әйтпесе олар коммуникативті кедергі туғызуы мүмкін. Мәтінде  «жағымсыз» сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көп мағыналы сөздерді пайдалану барысында  мұқият болуы керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады.

Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме?  

Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар:



  • мәтінді дауыстап оқу;

  • өз жазғаныңа оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу;

  • ең соңында адамдардың пікірін білу.

Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек.
VІІ Эссені жазудағы ескертпелер
1. Эссені жазу уақытпен шектелмеген, оны бірнеше рет жазуыңызға болады, жолдастарыңыздан эссені оқып шығуын сұрасаңызда болады. барлық мүмкіндіктерді тиімді қолдануға тырысыңыз және белгілі қателіктерді жібермеуге баса назар аударыңыз.

2. Дұрыс жазуды тексерумен ғана шектеуге болады деп ойламаңыз. Өзіңіздің эссеңізді қайта оқып шығыңыз, екіұшты сөздердің жоқтығына көз жеткізіңіз.

3. Жалықтыратын кіріспе сөз, көпсөзділіктен аулақ болыңыз:


  • әсіресе олар эссенің бір жерінде топтастырылып берілген болса;

  • эссе мазмұнына қатысы болмаса.

4. Эссе белгілі сөздер санымен анықталады. Кейде саны көп, сапасы аз (эссеге қатысы жоқ) сөздер эссе идеясына немесе мақсатты анықтауға кері әсер етеді. Бұндай жайттар оқырманның (тыңдаушының) көңілін басқа бағытқа аударады немесе эссенің негізгі тақырыбын көмескілендіреді.

5. Ұзақ сөз орамдары неғұрлым көбірек болса, эссе соғұрлым тартымды, сапалы болады деген жаңсақ пікірден сақ болыңыз. Тыңдарманға қысқаша сөйлемдер көбірек әсер қалдырады әрі түсінуге жеңіл болады. Ыңғайлысы – қысқа сөйлемдер мен ұзақ сөйлемдердің кезектесе қолданылуы.

6. Әртүрлі энциклопедиядан алынған сөздердің дұрыс жазылғанына көңіл бөліңіз, орфорафиялық сөздіктер арқылы тексеріп алыңыз. Өз орнында дұрыс жазылмаған сөздер оқырман көңілін аударып, эссенің мағынасын төмендетеді.

6. Эссені дауыстап оқып көріңіз. Деміңіз жетпесе, параграфты ұсақ бөліктерге бөлуге тырысыңыз. Эссенің мәні мен мағынасын дұрыс жеткізуге айрықша көңіл бөліңіз, себебі сіздің еңбегіңіздің құндылығы – ой-пікіріңіз бен көзқарасыңыздың тыңдарман жүрегінен орын алуында екенін естен шығармаңыз. Жүректен шыққан сөздің жүрекке жететінін ескеріңіз.


VІІІ Эссе жазудағы тиімді тілдік оралымдар
Эссенің тілі көркем, айшықты ғана емес, сонымен қатар дәлелді, сенімді, тұжырымды, тыңдарманды ойландыра алатын болуы керек.
Эсседе қолданылатын тілдік орамдар:

Риторикалық сұрақ (жауап қажет емес сұрақ).

Мысалы:

Риторикалық сұрау – сұрақ түрінде белгілі бір фразаға жинақталған межелі ұсыныстар түйіні. Онда ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсе леппен, сұрау түрінде айтылады. Риторикалық сұрақ тыңдарманның ойына қозғау салу үшін, олардың назарын бір мәселеге аудару үшін қолданылады. Мысалы:



Тәуелсіздік алған жылдар белесінде жеткен биігіміз қайсы?

Бүгінгі ұрпақтың бабалар мұрасына, аталар аманатына адалдығын анықтайтын ісі қайсы?

Мемлекеттік мәртебе алған тіліміздің мерейі қандай?
Мәселелі сұрақ

Мәселелі сұрақ өмір, қоғам, заман, саясат, тұрмыс төңірегінде көңілді алаңдатып жүрген мәселелерге көзқарас тұрғысында қойылады. Мысалы:



Мемлекеттік тіліміздің бүгінгі таңдағы қолданысы көңілден шыға ма?

Шәкірттеріңіздің сөйлеу тіліне көңіліңіз тола ма?

Компьютер кітаптың орнын баса ала ма?
Дәйексөзді (цитата) қолдану

Эссе жазу барысында кез келген цитаталар орынды бола бермейді. Ол автордың ойын толықтай айтатындай болуы керек. Автордың ұстанымын дәлме-дәл бейнелейтін кішірек фрагментті қолдану орынды.


Эссенің кез келген оқырманға бағытталған рефераттан ерекшелігі – «Менің ... туралы айтқым келеді...», «Мен мынандай қорытындыға келдім...» деген тілдік қолданыстардың болуы.
Эссе - дайын оқырманға, яғни не туралы айтылатынын түсінетін адамға бағытталған реплика. Бұл - эссенің авторына жаңаны ашуға және мазмұнда-маны қызметтік детальдармен араластырмауға мүмкіндік береді.
● Этикалық нормаларды сақтау: дөрекі, балағат сөздерді қолданбау, этикалық сыпайылылықты сақтау;
Эсседе көтерілген мәселе төңірегінде беделді пікірлерге берілетін сілтемелер.

Эсседе автор өз ойын дәлелді жеткізу барысында ғалымдарды, қоғам қайраткерлерінің, т.б. белгілі азаматтардың пікірлеріне сүйенеді, олардан эссе көтерген мәселеге немесе эссе тақырыбына қатысы бар мәтін үзіндісін, көзқарасын айқындайтын дәлелдерлерді пайдаланады. Олар туралы мәліметтер атап көрсетіледі.


ІХ Эссені қорғауға дайындық
Мұғалім эссені арнайы комиссияның немесе өз әріптестердің алдында қорғайды.

Эссені қорғау кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

  1. Міндетті түрде барлық қатысушылармен сәлемдесу;

  2. Эссенің таңдаған тақырыбын анықтау;

  3. Тақырыпты таңдау себебін түсіндіру;

  4. Өзі қызмет ететін мемлекеттік мекемесінің жұмысында аталған теорияны практикада қолдануы;

  5. Бұл жұмыстың республика деңгейіндегі мәні мен маңызы;

  6. Қорғауға берілген уақыт (3, 5, 7. 10 минут).


Эссені қорғау барысында міндет – нақты тақырыптың мәселелерін өзінің терең түсінуін, тақырып бойынша материалды жақсы білуін көрсету.

Пән және тақырып бойынша әдебиетті терең білу негізінде факт материалдарын өз бетімен талдау және дәлелді сын берілген, ғылыми шығармашылық элементтері бар, өздік қорытынды шығарылған жұмыстарға «үздік» баға қойылады.

Жұмыста тақырып мәселелері толық және жанжақты қамтылған, бірақ қажетті шығармашылығы болмағанда, «жақсы» баға қойылады.

Егер тыңдаушы пікір берушінің сұрақтарына жауап бере алмаса, жұмыстың мазмұнын білмесе, аталған мәселе бойынша теориялық қағидалар мен қорытындыларға түсінік бере алмаса, «қанағаттанарлық» баға қойылады. Мұндай жағдайда тыңдаушы қайта қорғалуға жіберіледі.


Эссені қорғау мен бағалау – бұл автордың өздік жұмысын қорытындылау.

Жақсы эссе ғылыми жұмыстар байқауына ұсынылуы мүмкін, конференцияларда қолданылуы мүмкін, сонымен қатар семинар сабақтарында реферат ретінде пайдалануы мүмкін.



Сонымен, эссені қорғау дайындығы, пікірде жазылған қателер мен кемшіліктерді жою, қосымша әдебиетті оқу, жұмыста жазылғанды түсіну, эсседе айтылған кез келген қағидаларды түсіндіре білу.

Баға беру критерийлері:

  • тақырыптың өзектілігі;

  • мәселеге қатысты сапалы түрде жүргізілген талдау;

  • ұсынылған шешімдер мен ұсыныстардың ақиқатқа сай болуы;

  • идеяның / көзқарастың/ бірегейлігі, шығармашылық көзқарас;

  • тиісті сілтемелердің болуы (авторлық / заңнамалық актілер / дереккөздер).


Х Эссе жазу байқауына ұсынылатын тақырыптар


Реті

Ұсынылатын негізгі тақырыптар

1.

Өнер алды – қызыл тіл:

  • Тілім менің – үнім менің;

  • Қазақ тілінің мемлекеттік тұғыры;

  • Тіл – халықтың автопортреті (Шыңғыс Айтматов);

  • Бабалар аманатына адалдық;

  • «Сөйлеші, тілім, қанеки»;

  • Қазіргі «қазақ тілінің мұңы»;

  • Ұлттық тіл және тәуелсіздік – бір-бірімен мазмұндас, мақсаттас ұғымдар;

  • Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес (Бауыржан Момышұлы);

2.

Сөз өнері:

  • Сөз өнері дертпен тең (Абай);

  • Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінде (Сұлтанмахмұт Торайғыров);

  • Өнердің ең асылы – сөз (Мәшһүр Жүсіп Көпеев);

  • Сөздің құдіреті мен еркіндігі – өркениеттің өлшемі (Серік Негимов);

3.

Әдебиет, ақын-жазушылар:

  • Әдебиет – халықтың рухани байлығы (Ғабит Мүсірепов);

  • Әдебиет – тарихтың көркем көрінісі;

  • Ойлы әдебиет биік парасаттан, терең білімнен туады (Сағат Әшімбаев);

  • Абайдың философиялық ой-толғамдары;

  • Шәкәрімнің ар ілімі;

  • Әлем мойындаған Әуезов;

  • Қазақ әдебиетінің бес арысы;

  • Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі;

  • Алаш қаламгерлері;

  • Голощекиндік геноцидтің көркем әдебиеттегі шынайы суреті;

  • Әдебиеттегі алаштың азаттығы мен еркіндік жолындағы күрес идеясы;

  • Жаңа ғасырдағы жаңа әдебиет.

4.

Шешендік өнер, сөз мәдениеті:

  • Сөз мәдениетінің жоғары формасы – шешендік (Мәулен Балақаев);

  • Шешендік – сөз иесінің логикалық тапқырлығы;

  • Шешендік – ақыл-ой тапқырлығы, өткірлігі;

  • Шешендік нақылдар мен толғаулар – ғұмырлы өсиет;

  • Шешен сөйлеу – даналықтың белгісі;

  • Шешен сол — сөйлер сөзден қамалмаса... (Шал Құлекеұлы).

5.

Мұғалімнің қоғамдағы орны

  • Жаңа формация мұғалімдерінің бейнесі;

  • Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан болады (Абай);

  • Ұстаздық еткен жалықпас... (Абай);

  • Мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі... (Я.А. Коменский);

  • Мұғалімдік мамандық – адамтану, адамның жан дүниесіне үңіле білу;

  • Педагог беделі...;

  • Кемел ұстаз белгісі...

6.

Үкілеген үмітімсің, шәкіртім:

  • Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкірттерінде;

  • Шәкіртсіз ұстаз – тұл (мақал);

  • Ұстаздан шәкірт озар (мақал);

  • Өз шәкірттерін еңбектен қуаныш табуға үйрете білген ұстаз;

  • Шәкірт - мұғалім білімі мен тәрбиесінің айнасы.

7.

Білім, ғылым:

  • Шын білім - ақиқат, анық білім (Әбу Насыр әл-Фараби);

  • Ақылдыны білім ұстамды қылады (Жүсіп Баласағұн);

  • Білімдінің сөзі – ем... (Мағжан Жұмабаев);

  • Білім – бақтың жібермейтін қазығы... (Мұхтар Әуезов);

  • Адамгершілік білімі – білім берудің алтын қазығы;

  • Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті (Ахмет Жұбанов);

  • Ғылым білімге қонады: ғылымсыз білім тым құрғақ (Жүсіпбек Аймауытов).

8.

Жаңа ғасырға – жаңа технология:

  • Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – даналықты жүректен ұға білу (В.А.Сухомлинский);

  • Жаңа технологиялар арқылы жаңа сабаққа қарышты қадам;

  • Жаңа технология: жаңа ізденістер мен шеберлікті ұштау;

  • Жаңа технология: ұлттық құндылықтар туралы толғаныс;

  • Сабағымды жаңаша сөйлеткен...

9.

Тәуелсіздік:

  • Тәуелсіздік – тәтті сөз;

  • Тәуелсіздік ұлттық қасиетті қастерлеуден, дәріптеуден басталады;

  • Тәуелсіздік тағылымдары;

  • Тәуелсіздіктен қымбат еш нәрсе жоқ;

  • Тәуелсіздіктің баяндылығы болашағы туралы ой-толғам;

  • Алаш идеясы – тәуелсіздік идеясы.

10.

Көңілде жүрген көрікті ой...

Байқауға қатысушы мұғалімнің қалауы бойынша өзін толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде еркін тақырыпта жазылатын эсселер



Ескерту:

Байқауға қатысушы ұсынылған 10 тақырыптың мазмұн сәйкестігін сақтай отырып, өз қалауы бойынша басқа да эссе тақырыпшаларын таңдай алады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет