Астана қаласының тарихы



Дата08.09.2017
өлшемі142,41 Kb.
#31940
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
Жанаева Н.

«Сырдария» университетінің студенті

Ғылыми жетекшісі, т.ғ.к., доцент Мейірбеков М.Б.
1998 жылы Қазақ тарихында ұлы өзгеріс болды. Ол астананың Сарыарқаның төріне орын тебуі еді. Сарыарқа қазақтары Есіл өзенінің қазіргі Астана қаласы орналасқан, көшкен ел аттылы жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден «Қараөткел» деп атаған. Ақмола атауы ХІІІ-ХІҮ ғасырларда тұрғы -зылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. Қаланың қазіргі атауы қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Қазақша елдің «бас қаласы» деген мағынаны білдіреді.Ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие.

Астана қаласы «қазақ» деген атымызбен дербес ел-жұрт болған 1456 жылдан бергі уақыттың өзінде: Ордабазар, Тараз, Арқұқ, Барысқан, Сығанақ, Ақсүмбе, Хандақор, Тарса, Түркістан, Орынбор, Қызылорда, Алматы, одан кейінгі он үшінші елордамыз Астана екен. Сайын даланың төсінде көлісіп жатқан Ақмола даласының, қазіргі Қазақстанның астанасының тарихының көнеден келе жатқан өркениет пен мәдениеттің, ірі саяси толқулардың тарихы деп еркін айтуға болады. Тарихи құжаттарға сүйенсек, Астананың тарихы б.д.д. ІІІ мыңжылдықтан бастау алады. Дәл сол кезеңде Ұлы даланың өркениетін қалыптастыруға үлес қосқан ғұндар (ата бабаларымыз) осы қаланың іргетасын қалаған. Бұл туралы сонау ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген шетел саяхатшыларының еңбектерінде айтылады. Бұндай көзқарасты сенімді түрде бекіткен тарихи ескерткіш, көне жәдігер – қаладан 15 шақырым жердегі Тайтөбе жотасындағы ескі қорған. Міне, Сарыарқаның дәл жүрегіне Есіл мен Нұра өзеннің аралығына ғұндардың көсемдері қорғанын тұрғызады. Бұл қамал ғасырлар бойы шегі мен шетіне көз жетпейтін ұлы даланың қарауылшысына айналады. Қаланың алғашқы аты – Ақмола атауы ғұндардың тілінен аударған кезде «ақ» - батыс, «мола» - қамал деген мағынаны береді екен. Яғни, Ақмола – «Батыстағы қамал» деген сөз. Есімі әлемге әйгілі ғалым Әлкей Марғұлан өзінің «Көне жырлар мен аңыздар» атты кітабында былай деп жазған екен: «Есіл мен Нұра өзендерінің аралығындағы жазық дала түрлі ағын көлдерімен ноғайлы-қазақтарының белсенді көшіп-қонып жүретін аймағы. Сонау ғұн патшалығы негізін салып беріп кеткен қамалдар мен қорғандар көптеген ғасырлар бойы Дешті Қыпшақ даласының киелі мұрасы болады». Ақмоланың жанында орын тепкен көне Бытығай қаласы да соған дәлел. Ең алғаш бұл қала 1694 жылы Ресейлік картаға түсіріледі. Оны Тәуке ханның ордасына келген ресейлік елшілер Ф.Скибин мен М.Трощин түсіреді. Бұл жиырма беттен тұратын еңбек «Қазақ Ордасы» деп аталады. Біз үшін баға жетпес осы құнды деректе Бытығай қаласына Тәуке хан ордасының қоныс тепкендігі, оның ірі сауда мен мәдениеттің ошағы болғандығы туралы жазылған. Жүз жылдан астам уақыт өткенде бұл көне қала туралы тау-кен инженері И.П.Шангин өзінің жазбаларында баяндайды. 1816-1820 жылдар аралығында «Вестник Европы», «Сибирский Вестник», «Горный журнал» басылымдарына жарияланған бұл еңбектерінде Бытығай қаласының маңызы, Тәуке ханның өлімінен кейінгі оның құлдырауы суреттеледі. [1]

Астана туралы аңыз бен хикаялар жетерлік. Астананың дамуына, өсуіне байланысты шаһарды кешенді түрде зерттеу, сондай-ақ оның ежелгі бастауларын зерделеу мәселесі туындады. Адамзат тарихының ежелгі қалаларының, соның ішінде астаналардың өзінің хикаялары мен әпсаналары баршылық. Мемлекеттің пайда болуы, халықтың шығу тегі, көне қалалар жөнінде әртүрлі аңыздар мен хикаялар қатар жүреді. Астана, яғни Ақмола да бұдан шет қалған жоқ. Мұрағат құжаттары, қаазқ шежірелері, зерттеушілер Левшин, Андреев, Қатанаев, Шангин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шоқан Уәлиханов, Құрбанғали Халиди, Әлкей Марғұланның еңбектері, жергілікті ақ- сақалдардың әңгімелері, Ақмола облысы бойынша этнографиялық және фоль -клорлық экспедициялар Астнананың ежелгі бастаулары туралы деректерді жинаудың негізгі көзі болды. Қазіргі сәтте іздестірулердің нәтижесінде 100-ге жақын хикаялар мен аңыздар жиналды.

Ақмола – қазіргі Астана қала­сының ежелгі заманнан келе жат­қан байырғы атауы. Бұл – ақ мола, қасиетті мола дегенді біл­ді­реді. Ақмола атанған мекен Астана қаласынан 20 шақы­рым­дай жерде, Нұра өзенінің жаға­сында, Тайтөбе ауылының жанын­да. Осы ақ молаға орай нешеме аңыздар мен әпсаналар туын­даған.

Қазақ үшін мола, қорым, бейіт, зират, кесене қасиетті киелі орын, мұнда ата-бабалардың аруақтары, рухтары мекендейді. Ата-баба жатқан жерге халық қолын жайып дұға жа­сай­ды, сиынады, тілеуін тілейді және құрсақ көтер­меген келіншектер келешек күндерінен үміттеніп бала тілейді. Ал еуро-американдық мифология бұған кереғар. Мола олар үшін жанды жараты­лыс­қа, тірілерге қарсы қаскөй қара күштердің ұясы деп таниды. Шығыстың дүниетанымы бойынша, зират тағзым жасайтын қасиетті, киелі орын. Мұндай жерлер Тәңірдің панасында, қарауында. Ата-бабалар жатқан киелі топырақтың қасынан қалалар мен бекіністер салынған. Дала кезген көшпелі халық пен саудамен шұғылданған керуеншілер аруақ­қа сиынып ескі қорымдардың жанында түнеген, ант беріп жоғарыдан медет тілеген.

Ескі аңызда: көне түркілер шақырайған күннің астында нәр татпай бірнеше күндер бойы жау­ларымен шайқасыпты. Жауды қуған соң біраз күн сусыз жүрген көшпелілер мәңгі көк аспан – Тәңірге жалбарынып, жаңбыр жауғызуын сұрайды.

Ұлы Тәңірі көшпелілердің тілегін қабыл етіп, күннің шұғыласын төгеді. Аспаннан саулаған алтын Нұр жермен (Ұмай) табысып-қауышып өзенге ай­налады. Түркілер аспан шұғыласынан пайда болған өзенді “Нұра” деп ат қойып Тәңірінің қасиетті рухына бағыштап, Нұра жағасынан сәулетті аппақ мазар тұрғызады.

Жергілікті халық оны “Тәңірдің ақ моласы” деп атап кеткен. Кімде-кім бейіт басында тізесін бүгіп тағзым етсе, ұлы тілек тілесе: “Тәңірі жарылқайды, жолы ашылады”, – деген ел арасында наным-сенім бар.

Ерте заманда Сарыарқада тайпааралық араз­дықтар етек алған дейді аңыз. Бірде қасиетті Мек­ке, Медине жерінен екі қария мен арыстан терісін жамылған әулие келді. Халық оны Арыстанбап деп атайды. Пайғамбардың елшілері жөнсіздіктерді тыйды, көшпелілерді ізгілікке, кісілікке шақырды, адам­шы­лыққа жат қылықтардан арылып тазаруға, жақ­сы істерге үндеді. Көшпелі халық бұлардан құран аят­тарын үйренді, тағылым алды. Кейі­нірек Арыс­танбап Түркістанға кетті, ал екі қа­рия Мұхаммед ілімін насихаттау ұшін тұрақтап қалды.

Әулие абыздар дүниеден озған соң халық Нұра өзенінің биіктеу қабағына жерлеп екі аппақ кесене тұрғызды. Олар жерленген қос оба Ақмола атауына ие болды, әрі көшпелі тайпалар үшін киелі орынға айналды деген де аңыз-әңгіме бар.

Аса көрнекті ғалым Петр Николаевич Савиц­кий 1957 жылдың 1 қаңта -рында Лев Николаевич Гумилевке жазған хатында Сарыарқаны көне өр­кениеттің бесігі және жер патшасы (гений места) деп сипаттайды. Бұл әлем таныған мамандардың осы жерге берген жо­ғарғы бағасы. Еліміздің оңтүсті- гінен жаңа Астананың қазақ жерінің географиялық орталығына, тоқсан жолдың торабына қоныстануы жара­сымды құбылыс, дұрыс ұйғарым деген қорытынды шығаруға болады.

Егер тарихқа ой жүгіртер болсақ, көптеген ғасырлардан бері Сарыарқа Ресей, Қытай, Иран мемлекеттерінің көз құртына айналды. Қазақтың қа­зыналы даласына Ескендір Зұлқар­найын, Тұмар патшайым, Шыңғыс хан, Әмір Темір және Византия мен орыс патшалары, қытай император­лары мен парсы шахтары, үнді махараджалары мейлінше қызықты.

Сақ дәуірінде бұл аймақ Византия мен Иранға орасан мол мыс пен темірді жеткізіп тұрды. Араб тарихшысы Әл-Идрисидің (1100-1165) көрсетуінше Ортау мен Ақтау (Астананың оңтүстігінен 250 шақырым жерде) тауларының бөктерінде ірі сауда мен өндіріс ошағы, Оғыз қағанның астанасы Хиам атты шаһар болған. Ақтау тауының етегінде Мұхан қаған 569 жылы Шығыс Рим империясымен сауда және дипломатиялық қарым-қатынас жасау үшін келісім-шартқа отырды.

Сарыарқаны көрген Марко Поло бұл аймақта жоғары дәрежеде дамыған сауда мен көшпелі түркі тайпаларының әскери өнерді жоғары деңгейде ұстанғанына тамсанды. Ұлы Жібек жолында Сарыарқадан шыққан желдей гулеген жүйріктер айрықша пайдаланылды. Қытай императоры ең тамаша жібегін дала тұлпарына айырбастады, ал Марко Поло аңның неше атасын қағып түсіретін қазақ төбеті дүрегейдің күшігін олжалады. Сол күшіктен кейін, шекара күзетіне лайық, атақты итальян итінің тұқымы пайда болды.

І Петр заманынан бастап Столыпинге дейін Сарыарқа даласының алтыны, күмісі, мысы, тың және тыңайған жерлері, барша байлығы Ресейдің ашса алақанында, жұмса жұдырығында болды. Қазақ жерін орыс отаршыларының басып алу әрекеттері Ұлы Даланың соңғы ханы Көшім бабамыз көз жұмғаннан кейін басталды. Кенесары да Сарыарқада қанды майдан ашып, көлдей ағылған жаумен соғысты, бірақ күші жетпеді. Сонымен XІX ғасырдың екінші жартысында патша әмірімен Ақмоланың шұрайлы, құйқалы жеріне Ресей мен Украинаның шалғай түкпірлерінен қарашекпенділер мен келімсектер шұбырды...

Талай дүбірлі заман өтті. Қазақ елі арманына, тәуелсіздігіне қол жеткізді. Сарыарқаның мөлдір таза ауасы мен көгілдір аспаны, дәмді ақ наны түпкі иесіне бұйырды. Ақмоланың құдіретті рухы Ұлы Дала мұрагерлерінің жүрегі мен ой-қиялын тербеп асқақтата берері хақ.

Келесі бір аңыз былай басталады: Көне аңыздардың сарыны бойынша барша түркілердің арғы атасы Ата Түрік түсінде батыс жаққа бағытталған алтын садақ пен үш күміс жебе көреді. Ұлы баба былайша жорыды: “Алтын садақ нақ өзі, ал үш жебе – күнбатысқа кеткен үш ұлы”. Жоғарғы жебе оңтүстікті, ортаншысы – шығысты (Бозоқ), төменгісі батысты (Ұшоқ) меңзейді.

Ата Түріктің ортаншы ұлы Бозоқ Ұлы Даланың орталық бөлігі саналатын Сарыарқаға ордасын тікті. Осы өңірден қыпшақ-мадьярлар ұбақ-шұбақ көшімен Еуропаға ұмтылған еді. [2]

1816 жылы Бозоқ қаласының қиратындыларын, жұрнақтарын И.П. Шангин көрді. 1927 жылы көне қалашықта Ақмола тарихи-өлкетану музейінің директоры Л.Ф.Семенов қазба жұмыстарын жүргізді. Музей коллекциясы Тәңірдің мүсіні, құс және ат бейнелері түсірілген алтын және мыспен көмке- рілген әшекейлі заттармен, тас балталармен, темір дулығалармен, сауыт, кіреу -келермен толықты. (Со­ғыс­тан соң, яғни 1946 жылы музейдің жиі тұрақ-мекен ауыстыруына орай Бозоқ қалашығының коллекциясы із-түзсіз жоғалған).

Археологтардың мәліметі бойын­ша, қыпшақтардың ежелгі байтағы – Астананың батыс жағынан 5 ша­қырым жерде, Бозоқ көлінің шығыс жағалауында. Академик Кемел Ақышевтің үш жыл бойғы үздіксіз археоло -гиялық қазбаларының жемісті нәтижелерінің түйінді тұжырым­дамалары бойынша Бозоқ қалашығы Қазақстанның бас қаласы – Аста­наның түпқазығы деуге лайық.

Тұрмыстық заттар мен қару-жарақтар түрлеріне орай және араб­тың күміс теңгелері мен қытайдың мыс айналарының табылуына бай­ла­нысты археологтар Бозоқ қаласы X-XІ ғасырларда тұрғызылған және Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпа­ларынан шыққан әміршінің тұрағы, ордасы болған дейді. Бозоқ қалашығында үш кесене мен биік қарауыл мұнара орналасқан. Қалашық гүлкүлте түріндегі үш кварталға бөлінген, сыртынан бөрене ағаш пен қорғанмен қоршалған. Қарауыл мұнарасы мен құлпытастың құрылыс ғимараты шаршы форма­сын­дағы және оған қашап өрнек салынған, күйдірілген сары балшық­тан жасалған бұйымдармен істелген. Бозоқ қаласындағы сауда мен қолөнердің қарыштап дамуы оңтүстік пен солтүстікті байла­ныс­тыратын керуен жолдарының бойына орналасқаны: Есіл – Нұра – Қорғалжын – Сарысу – Сырдария – Иран; шығыстан батысқа: Қытай – Моңғолия – Алтай – Дешті Қыпшақ – Хорезм – Бұлғария –Ресей – Византия.

Бозоқ қаласы – рухани және дәстүрлі мәдениеттің орталығы, аруаққа тағзым жасаушылардың құтты мекені болған.



Есіл – үш жүздің қара шаңырағы деген әпсанаға сенсек, 1790 жылы орыс ғалымы, әс­ке­ри инженер Иван Григорьевич Андреев (1744-1824) қазақ хал­қының шығу тек-төркіні жөнінде “Ресей өлкесіндегі Колыван және Тобыл губернияларының шека­ра­сына іргелес Орта жүздегі қыр­ғыз-қайсақтардың сипаттамасы” атты тарихи-этнографиялық зерттеуін әзірлеген.

Бұл сирек кездесетін еңбек қазақстандық ғалымдардың ғы­лы­ми айналымына толық түскен жоқ деуге болады. Әсіресе, Иван Григорьевич Андреев қазақ­тар­дың ұлт болып қалыптасуы мен қазақ тайпаларының Үш жүзге таралу тарихында Есіл өзенінің рөлін айрықша қадап айтқан еді.

И.Г. Андреев жазып алған ескі аңызда былай делінген: “Бағзы заманда Түркістан қаласының ханы қала тұрғындарының ара­сында дүрдараздық тудырып қантөгіске апарған. Оның аяғы бет-бетімен ыдырауға ұласқан. Он мың халық Түркістаннан қашып, жан-жаққа тарыдай шашылып, батыста жатқан Құбан, Тана, Түркия жерлеріне бет алды.

Түркістан шаһарынан шошынып безген халық ұлан даланы кесіп өтіп Есіл өзеніне жетеді. Сөйтіп, құланша жөңкіп жүргенде бір үйір жылқы жоғал­тады. Жылқыларды іздестіруге сайдың тасындай отыз үш жігітті қалдырады. Халық ілгері кетеді, жаңа­ғы жігіттер алдыңғыларды қуып жете алмайды да олар шетсіз-шексіз байтақ далада қалып қояды, қоныс құрады. Сөйтсе бұл мекен – Есіл бойы екен. Негізінде бұлар үш ағайынды кісі екен: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Олар Құбан дала­сынан түрік елінен шығып ізім-қайым жоғалған табынын іздеп жүріп Есіл бойында қоныстанды. Кейін үшеуі көбейіп “Ұлы”, “Орта”, “Кіші” орда атанып тұқымдары жан-жаққа тараған”.

Қазіргі таңда И.Г. Андреевтің жазып алған аңызы ақиқат шындыққа ұласып, сәтті жалғасын тауып отыр. Өйткені, ағайынды үш жігіттің ұрпақтары үшінші мыңжылдықтың тоғысында Есіл өзенінің жағасында қайтадан, біраз ғасыр өткен соң, салтанатты түрде бас қосып, төл астанасын негіздеп, шаңырағын құрып отыр.

Біздің тарихымызда маңызды оқиғалар аз болмаған. Солардың бірі Тәуке ханымыздың данагөйлігінің арқасында Ақмола жерінің қараша қазақ жұртының киелі тәу ету орны – үш жүздің басын қосатын орталыққа айналуы. Осы маңызды заңдылық қазақ халқының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігі арқылы қайта оралды. Ертедегі Астана тарихына шолу жасай отырып, бұл қала Ресейді ғана емес, Франция, Испания елдерін де қызықтырғанын көреміз. Өйткені, бұл аумақ арқылы олар бүкіл шығыс әлеміне әмір жүргізе алатынына сенген. 1252-1255 жылдары Франция королі Людвиг ІХ қазақ өлкесіне Рубрук Виллем деген фламант саяхатшысын құпия тапсырмамен аттандырады. Оның мақсаты шығысқа баратын жолды айқындап, маңызды елді-мекендерді білу еді. Қайтіп оралғаннан кейін ол Людвиг ІХ-ға жазған өз есебінде Ертіс, Нұра, Есіл, Кеңгір, Сарысу, Қорғалжын, Балқаш суларын сипаттап, Анжатам, Болған-ана қалаларына тоқталады. Сонымен қатар Марко Поло да 1271-95 жылдары Қытайға барған жолында қазақ жерін кесіп өткені белгілі. Ақмола жерінің орта ғасырлардағы тарихи дамуы осындай.

1914 жылы қалада 3 кірпіш, 4 май өңдеу, 2 тері илеу, 2 сабын қайнату, 2 тон тігу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана жұмыс істеді. Мәдени ағарту орындарынан 3 жалпы білім беретін училище, мектеп, медресе, 2 кітапхана болды. Қала тұрғындарының саны 15 мыңға жетті.

1928-1930 жылдары округтің, 1930-1939 жылдары ауданның, ал 1939 жылдың 14 қазанында Ақмола облысының әкімшілігі болды. 1929 жылдың қарашасында қалаға алғашқы пойыз келді. Бурабай-Ақмола (1929), Ақмола-Қарталы (1940), Ақмола-Павлодар (1952) темір жолдарының іске қосылуы Ақмоланы еліміздің солтүстік және орталық өңіріндегі ірі транспорт торабына айналдырды. Қалада ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің дәстүрлі тәсілдері жетілдіріліп, жеңіл өнеркәсіп орындарының саны ұлғайды. 1940 жылы «Тігінші» артелі өнім бере бастады. 1941 жылы құрылған «Металшы» артелі кейіннен газ тетіктерін шығаратын ірі өндіріске айналды. Соғыс жылдарында Ресейден көшіріп әкелінген «Мелитополь» станок жасау зауытының негізінде республикадағы ауылшаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібінің негізін салған «Қазақауылмаш» кәсіпорны іске қосылды. Өнеркәсіптің басқа да жаңа салалары пайда болды. Қалада сәулетті құрылыстар салына бастады. Ұлы Отан Соғыс жылдарында Ақмола қаласы мен облысында өндірілген өнімнің көлемі орташа көрсеткіштен екі есеге жуық артық болды. Соғыстан кейін алғашқы жылдары шаруашылықтың жаңа түрлері игеріліп, «Қазақауылмаштың» қуаты арттырылды. Вагон жасау зауыты пайдалануға берілді.

Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырады. 1960 жылдың 26 желтоқсанында Тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қала атауы Целиноград болып өзгертілді. Бір қызығы, Целиноградтың біршама уақыт астана болғаны да бар. Бірақ Қазақстанның астанасы емес, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының қақ ортасында әлдебір автономиялық құрылым өмірге келуі тиіс еді. Өз заманында Никита Сергеевич Хрущев Қазақстан құрамында автономиялы әкімшілік-аумақтық субъект – Тың өлкесін құру туралы шешім қабылдаған болатын. Осы автономияның астанасы Целиноград болды. Одан да сорақысы, Хрущев тың өлкесін РКФСР-дың заңдық құзырына беруге ұсыныс жасағаны бар. Бірақ Хрущевтің ойы жүзеге аспай, тың өлкесі Қазақ КСР құрамында қалды және кейін тың игеру науқаны аяқталған соң, күні өткен аумақтық құрылым ретінде жойылды. Ақыры Целиноград астанаға айналды: Целиноград – Ақмола – Астана болып дәйекті бірнеше рет қайта аталып отырып, тәуелсіз де егемен Қазақстанның кіндік қаласына айналды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің 24 жыл ішінде Қазақстан 27,2 млрд. кеңес сомына 250 млн тонна астық сата алды. Бұл ретте Қазақстан бюджетінің шын мәнінде алтын дәннен алатын таза пайдасы 6,1 млрд. сом болды.

1958 жылы қалада алғашқы жоғарғы оқу орны ауыл шаруашылық инсти- туты ашылса, 1962 жылы педагогикалық, медициналық және инженерлік құрылыс институттары алғашқы рет білімгерлерді қабылдады.

1960-1980 жылдары қалада 30 жобалау және ғылыми зерттеу институттары ашылды. 1965 жылы Тың өлкесі таратылып, қала қайта құрылған Целиноград облысының орталығы болды. 1960-1990 жылдары қалада машина жасау, металл өңдеу, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сауда құрылыс салалары өркен жайды. Топырақ қорғау және эрозияға қарсы қолданылатын техника мен машиналар шығару жедел қарқынмен өсті.

1994 жылы 6 маусымда қалаға ежелгі аты қайтарылды. 1996 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» тарихи қаулы қабылданды. Бір жылдан кейін, 1997 жылы 20 қазанда Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1997 жылы 20 Қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен Ақмола бұрынғы Целиноград Қазақстан Республикасының Астанасына айналды. Сәл кейінірек 8 қарашада Мемлекеттік биліктің негізгі нышандық белгілерінің бірі Республиканың туы, елтаңбасы және байрағы жаңа астанаға әкелінді. Бұл айтулы тарихи оқиғаны елбасы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былайша суреттейді:

«1994 жылы 6 шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында астананы Алматыдан Республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің қажеттілігін қисындық және мәнжайлық тұрғыдан негіз деп сөйлегенім әлі күнге анық жадымда... Депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін тәптіштеп айтып бердім... Жаңа астананы таңдаудың барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққанына тоқталдым... Барлық тартысты жағдайдан кейін депутаттар мемлекеттік істе даурықпаған және шеткері қалаға көшу мәселесінде жеке бастың мүддесіне орын жоқ екендігін көрсетіп, мемлекеттік қайраткерліктерін танытты...» [3]

Осылайша жоғарғы кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы ұсынысына келісім берді.

1997 жылы 10 желтоқсанда бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды. Бірақ ұзақ тұрмады, 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталды. Елорданың бастапқы атауы – Ақмолаға қатысты қаншама өрескел қателіктер жасалып жатты. Кейбір БАҚ журналистері оны сөзбе-сөз аударып, соның негізінде қаланың болашағы туралы қорқынышты тұжырымдар жасап жатты. 

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Еуразия жүрегінде» кітабында былай жазады: «Шындығына келер болсақ,  елорданың атауын өзгерту туралы мен көп ойладым. Бір күні... түнгі сағат екіде Астана деп атасақ қалай болады деген ой  келді. Астананың аты астана. Қазақ тілінде әдемі естіледі. Орыс тілінде де, ағылшын тілінде де солай айтылады. Біздің ортақ көңіл-күйіміз бен елорданы көшірудегі біздің үмітімізді бейнелегендей. 1994 жылғы 6 шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында астананы Алматыдан республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің қажеттілігін қисындық және мән-жайлық тұрғыдан негіздеп сөз сөйлегенім әлі күнге анық жадымда… Депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін тәптіштеп айтып бердім…Жаңа астананы таңдаудың барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққанына тоқталдым… барлық тартысты жағдайдан кейін депутаттар мемлекеттік істе даурықпаға және шеткері қалаға көшу мәселесінде жеке бастың мүддесіне орын жоқ екендігін көрсетіп, мемлекеттік қайраткерліктерін танытты» [4 ].



1998 жылы 10 маусымда Қазақ елінің жаңа елордасы – Астана қаласының тұсау кесер тойы өткізіледі. Оған көптеген алыс-жақын шет мемлекеттердің басшылар, саяси тұлғалр келді. Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы кеңесінің және қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі мен 10 маусым «Астана күні» болып белгіленді. 1998 жылы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ң шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі, әрі қуатты өсуге, тұрақты этникалық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әртүрлі елдерінің 12 қаласын басып озды. 1999 ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласы бейбітшілік қаласы болып жарияланып, қазіргі уақытта халықтар достастығының алтын бесігі, ірі мәдениет орталығына айналды. Содан бері Астанамыз қазақ елінің гүлденуі мен жаңаруының символы іспетті. Бұл аз ғана уақыт ішінде шын мәнінде нағыз қазақтың ұлттық орталығы болды. Отарлық бұғауындағы бір ғасырдан кейінгі тарихта тұңғыш рет тәуелсіз өз мемлекетін құрған ұлтымыздың шын мәніндегі елордасына айналды. [5]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. «Астана». // қоғамдық-саяси, танымдық журнал. –Астана: «Ақарман», 6(43) 2008ж.

  2. «Астана». // қоғамдық-саяси, танымдық журнал. –Астана: «Ақарман», 2(33)2013ж.

  3. Махмұт Қасымбеков «Елін сүйген, елі сүйген елбасы». –Астана: «Елорда», 2011ж.

  4. Н.Ә.Назарбаев. «Еуразия жүрегінде». –Алматы: «Атамұра», 1998 ж.

  5. «География және табиғат»// ғылыми-педагогикалық журнал. №3, 2012 мамыр-маусым

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет