Ата заңым алтын діңгегім!



Дата05.09.2020
өлшемі15,69 Kb.
#77244
Байланысты:
Конститутция күніне разработка


Ата заңым – алтын діңгегім!

Мақсаты:Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Патриоттық сезімін ояту.Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу.

Көрнекілігі:Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың суреті,мемлекеттік рәміздер,әнұранның фонограммасы,слайд.

Әдіс – тәсілі:Түсіндіру,сұрақ – жауап,әнұран,би,ойын.

Балалар шаттық шеңберге тұрып амандасады:

Амансың ба,көк аспан!

Амансың ба,жер – ана!

Амансың ба,достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Жүргізуші сұрақтар қояды,балабар жауап береді.



  • Арайлаған танды сүйетін кім?

  • Алтын сәулені сүйетін кім?

  • Жарқын даланы сүйетін кім?

  • Туған жерді сүйетін кім?

  • Ата-ананы сүйетін кім?

  • Досын сүйетін кім?

  • Еліміздің болашағы кімдер?

Жүргізуші: -- Қазақстан Республикасы тәуелсіз,егеменді мемлекет.Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды.Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 – тамыз 1995 жылы өз Ата Заңымыз қабылданды.30 тамыз – мемлекеттік мереке Конститутция күні деп аталды.

Елдігімнің – реңі,

Теңдігімнің – тірегі,

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі.

Алтын заңым – арай таңым!

Балаларға конституция кітабының суретін көрсету.

Жүргізуші:Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.Мемлекеттің барлық азаматтары – үлкендерде,балалар да мемлекеттік рәміздерді,олардың символикаларын білу және түсінуі тиіс.

Өз еліңнің Туын,Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.


  • Балалар,біз қай елде,қай Республикада тұрамыз?

  • Қазақстанның елордасы қай қала?

  • Елбасмыз кім?

  • Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз ба?

Жүргізуші:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай үстінде қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар.

Шарықтаған таза күн

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Балаларға елтаңбаны көрсетіп түсіндіреді.

Жүргізуші:Отан туы желбіреп,

Көз тартады құбыла.

Біз қараймыз елжіреп,

Туған жердің туына,

Балаларға туды көрсетіп түсіндіреді.

Жүргізуші:Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі – бақи шырқалады,

Республика әнұраны

Балаларға әнұран айтуды ұсынады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

Қимылды ойын «Киіз үй»

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

Слайд көрсету.

Қыздардың орындауында «Қамажай» биі.

Жүргізуші:Конституция күні баршамызға құтты болсын!



Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап,гүлдене берсін дей отырып «Ата заңым – алтын діңгегім» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет