Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы Тақырыбы: «Жуан дауысты дыбыстар және олардың әріптері.



Дата25.06.2017
өлшемі33,85 Kb.
#19944
Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы

Тақырыбы: «Жуан дауысты дыбыстар және олардың әріптері.

«Ақ бұзау» өлеңі» \ана тілі пәнінен\

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі

Құлмырзаева Бибайша



Түркістан-2014ж

  • 1Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар және олардың әріптері
    «Ақ бұзау» өлеңі.
    Сабақтың мақсаты:
    а) білімділік: Жуан дауысты дыбыстарды меңгертіп, ажырата білуге үйрету; оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру; әдемі, таза, сауатты жазуға үйрете түсу;
    ә) дамытушылық: Сөйлеу әрекеттерін, ой - өрісін дамыту; Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту; танымдық қабілеттерін дамыту;
    б) тәрбиелік: Үй жануарларының пайдасын түсіндіре отырып, жануарларды аялауға баулу, тәрбиелеу;
    Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
    Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап
    Технологиясы: СТО әдістері
    Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері
    Көрнекіліктер: интерактивті тақта, таблицалар, суреттер, үнтаспа, домбыра;



  • Сабақтың барысы:

  • IІ. Ұйымдастыру кезеңі.
    1. Оқушылардың көңіл - күйлерін тексеріп, олардың назарын сабаққа аудару.
    2. Психологиялық дайындық.
    - Қазір қандай сабақ?
    - Ана тілі сабағы.
    - Олай болса біз бір - біріміздің қолымызды қысып, бір - бірімізге жүректен шыққан жақсы тілектерімізді айтайық.
    - Ақылды бол!
    - Инабатты бол!
    - Өтірік айтпа!
    - Шыншыл бол!
    - Үлкеннің алдын кеспе!
    - Ата - анаңды сыйла!
    Олай болса, сендердің қаншалықты сабаққа дайын екендеріңді байқау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын.
    3. Әріп деген не? Қазақ тілінде неше әріп, неше таңба бар?
    4. Сөз неден құралады?
    5. Сөйлем неден құралады?
    6. Сөйлем деген не? Сөйлемнің басы қалай жазылады? Соңынан не қойылады?
    7. Дауысты дыбыстарды ата.
    Балалардың жауабы тыңдалып, мадақталады.





  • II. Ой ашар: «Ойлан тап» кестесімен танысу.


    Енді балалар, мына кестеге қарайық. Бізге өрнектер берілген. Осы өрнектердің мәнін тауып, жанындағы әріпті, мәні қанша шықса, сол номердегі тор көзге апарып жазамыз.
    Соңында бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз шығады. Міне, біз «Ойлан тап» кестесінің сырын таптық.
    1. Дыбыстың 2 түрге бөлінетінін білеміз, дауысты және дауыссыз дыбыс болып. Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
    Дауысты дыбыстың өзі 2 түрге бөлінеді: жуан дауысты дыбыс және жіңішке дауысты дыбыс.
    2. Енді кестедегі жуан дауысты дыбыс әріптерін оқиық және жаттап алайық.
    3. Тақтамен жұмыс.
    Сонымен бүгінгі тақырыптың ішінен жуан дауысты дыбыс әріптерін табайықшы

    ІІІ. Оқулықпен жұмыс.


    29 - жаттығу: көшіріп жазып, жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.


  • ІІҮ. Сергіту сәті «Мал қалай дыбыстайды?»
    Сәйкестендіру тесті
    Жұмбақтар:
    Екі айнасы бар,
    Екі найзасы бар,
    Сыртылдаған тұяғы бар
    Бір желпуіш сияғы бар. (сиыр)
    - Жұмбағымыздың шешуі сиырдың атасы кім еді?
    - Зеңгібаба
    - Олай болса «Зеңгібабаның» құрметіне орай «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып жіберейікші - деп барлық оқушыға тізбектетіп оқытамын.
    Ал балалар осы төрт түліктің бірі сиыр малының қандай пайдасы бар?
    Еті, сүті тағам. Оның сүтінен әр түрлі тағамдар алынады. Атап айтар болсақ құрт, май, айран, қаймақ, сүзбе, ірімшік. Пайдасы туралы толық түсінік беремін.
    Шығармашылық тапсырма
    «Мө - мө» деп сүт сұрайтын
    (бұзауқаным)... қайдасың?
    Күнде берем сүтіңді.
    Ойнақтап жүріп құлайтын.
    Менің атам бақты оны,
    Үстінде бар ақ тоны.
    Ол не?- төлдің бозымы,
    Білемін ғой.... (қозыны)
    Ащыдан басқа жемейтін,
    Ыстық шөлде отаны.
    Шөлдесе “су” демейтін,
    Кім біледі.... (ботаны)
    Өнері бар сан қилы
    Тастан - тасқа қарғиды
    Ол не?- шұнақ құлақты
    Білемін ғой...(лақ)
  • Ү. Бекіту


    Топтық тапсырма:
    І топ: Жуан дауысты дыбыстарды ата.
    Жуан дауысты дыбыстары бар бірнеше сөздерді ата
    ІІ топ: “Бұзау” сөзіндегі жуан дауысты дыбыстарды тап.
    Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
    ІІІ топ: Айран, қаймақ, құрт, май
    Сөздердегі жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз.
    Өздеріңе ұнаған сөзге сөйлем құра.
    ІҮ топ: Сиырдың төлі қалай аталады?
    Бұзаудың суретін бейнеле.

  • ҮҮІ. Қорытынды. Егемен еліміздің ертеңгі әл - ауқаты, экономиканың даму деңгейі, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында көрсетілгендей, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарында болу үшін болашақта төрт түлікті малды көбейтіп, өсіріп баға білсек, еліміз төрт түлік малға бай ел болады.


  • ҮҮІІ. Бағалау
    Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау, бағалау.


  • ҮҮІІІ. Үйге тапсырма: 28 - жаттығу
    «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Каталог: materialy -> bastaysh2
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
bastaysh2 -> Сабақтың мақсаты: «Мейірімділік»
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Көшедегі сабақ. Қаржау Омарұлы
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеуі
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық»
bastaysh2 -> Сабақтың атауы Ана тілі Ғ.Қайырбеков. Ана тілі 4-сынып Сілтеме Блум таксономиясы
bastaysh2 -> Сабақ Тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім
bastaysh2 -> Ана тілі 3 сынып Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Құтарыс ауылы №30 Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Мәтін
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет