Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер



Дата17.06.2018
өлшемі144,54 Kb.
1- жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.




2-жүргізуші:

Тәуелсіздік.

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен кеңдігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
1-жүргізуші:

Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

Биыл 2011 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды.

Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толды.
2-жүргізуші:

Ендеше желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына, тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «МЕН – ҚАЗАҚПЫН, МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН…» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.




1- жүргізуші:

Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
2-жүргізуші:

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» атты видеоны назарларыңызға ұсынамыз.


1-Жүргізуші:

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
2-Жүргізуші: Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
1-Жүргізуші:

Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.

1-оқушы: 1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
2-оқушы: 1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қа­зақстан Коммунистік партиясы Орта­лық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
3-оқушы:

1991 жылы 29- тамызда Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне  мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды. Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.
4-оқушы: 1992 жылы 2- наурызда Қазақстан республикасы дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.
5-оқушы: 1992 жылғы қаңтарда мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері және 7- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.

Жерім бар ертегінің жұмағындай,

Елім бар нұр сәулелі шырағындай.
Сал-сері, батырлардың ұрпағымын

Жайқалған жасыл желек құрағындай





6-оқушы: 1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.

Көк аспандай көкпеңбек


Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.
Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
7-оқушы: 1992 жылы Алматы қаласында  Дүниежүзі қазақтарының

І Құрылтайы өтті.

Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім — Қазақстан!
8-оқушы: 1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.

Адамның құқығының қорғап бәрін,
Айқындап берді билік тармақтарын.
Халықаралық құқықпен үндестің де,
Әлемде өз орныңды салмақтадың.
9-оқушы: 1993 жылғы мамыр айында  Елбасының бастамашылдығымен «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, 30 мамыр - қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітілді.

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,



Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
10-оқушы: 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. Сөйтіп, төл теңгеміз  1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті. Республикамыздың тиын ақшаларын жасауға Досбол Қасымов, Еркін  Жамалбаев, Нияз Наурызбаев сияқты суретшілер,  мүсіншілер атсалысып келеді.
11-оқушы: 1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.

Арқауы ерен ерлік дастанының, 

 Қайраты елге әйгі жастарының.

 Желбіреп көк байрағы тұрған шақта

 Жұлдызы жарқырайды аспанының.
12-оқушы: 1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган —Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты —  қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.

Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
13-оқушы: 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.

Тәуелсіз ел боп солай бағаланып,
Құқықпен іргесін ел қалады анық.
Барлық заң қабылданған елімдегі
Бастауын Ата Заңнан алары анық.
14-оқушы: 1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды. 2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
15-оқушы: 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
16-оқушы: 2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды және 2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі»монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
Хормен: Тәуелсіздік – мәңгілік байлығым!
Мерей, Нұрсұлтан, Ботакөз мәнерлеп жатқа өлең оқиды.
1-Жүргізуші: «Нұр аға» әнін қабыл алыңыздар!

Мөлдір, Ералы мәнерлеп жатқа өлең оқиды. (Оқушылар сахнадан шығып кетеді)



2-жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз. Көк тудың астында ән айтып, би билейміз. Біз бақытты жастармыз. Бірақ тәуелсіздіктің бізге 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін келгенін ұмытпауымыз керек. Демек, тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің бірден – бір себебі болған – Желтоқсан оқиғасы. Міне, биыл желтоқсан оқиғасына 30 жыл толып отыр.

1-жүргізуші:

Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
2-жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында кеудесіне қазақ деген ұлттық намысын сақтай білген жастардың бірі – қазіргі кезде еңбек етіп жүрген Жетісу орта мектебінің ұстаздары. Олар да сол кезде өрімдей жас студенттер болса да тайсалмай, Алматы қаласының алаңында ұрандап, ерлік көрсетіп, таяқтың астына жығылды.

1-жүргізуші: Ағайларымыз бен апайларымыздың есімін атап өтейін:

  1. Андасбаева Сауле Шопанқызы

  2. Болысбекова Жарқынай Қыдырбайқызы

  3. Шоқпарова Шолпан Күлмұханқызы

  4. Бағашев Бейбіт Сағынайұлы


2-жүргізуші: Біз апайларымыз үшін басымызды иіп құрмет көрсетеміз.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл, желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына орай, Желтоқсан оқиғасына қатысқан ұстаздарымыздың сол кезде болған оқиға туралы естелік сөздерін жинақтап, «Ер намысы — ел намысы» атты кітапша шығардық.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Желтоқсан оқиғасына қатысқан апайларымызға құрмет көрсетіп, біздің сыныптың атынан шығарған кітапшамыз бен азғана сыйлығымызды табыс етуге рұқсат беріңіздер.

1-жүргізуші:

«Желтоқсан жаңғырығы» атты видеоны назарларыңызға ұсынамыз.


2-жүргізуші:

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
Көрініс.

Автор: Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының бірі. Қыздар жатақханасы.

— Қыздар, мен газет әкелдім

— Қане, не жаңалық бар екен?

— Пленум болыпты. Қонаевты орнынан алды дейді.

— Онысы несі?

— Орнына кім болыпты?

— Колбин деген. Ульяновтан келіпті.

— Қазақтан-ақ біреу қойсашы!

Білмеймін. Газетте солай жазылған.

Сол кезде бөлмеге Қайрат кіріп келеді.



Қыздар, қыздар! Тездетіңдер! Алаңға жастар жиналып жатыр дейді. Қонаев атамызды алып тастап, орнына бір орысты қойып дейді. Бізде алаңға шығайық! Жүріңдер! (жастар шуласып шығып кетеді)
Автор: Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі – қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы сағат 7-де Брежнев атындағы алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды.

Бір топ жастар «Менің Қазақстаным» әнін айтып шықты.

— Пленум шешіміне қарсымыз!

— Әр ұлтқа өз басшысы!

— Колбинді әкетсін!

— Қонаевтің өзі сөйлесін!

Сол кезде милиция келеді.

— Бұл не шу! Қане, тез тараңдар! (жастар шулайды)

Тоқтатыңдар! Өшіріңдер үндеріңді! Қазақтың жастары өңшең маскүнемдер, нашақорлар! Әкетіңдер мыналарды! Қамаңдар түрмеге! (Жастар шулайды)

Қайрат сұрақ қояды:

  • Қонаев атамыз қайда?

  • Қонаев атамыз сөйлесін!

  • Бізге орыстың басшы болғаны керек емес!

Милиция басшысы қатты ашуланып:

  • Әкетіңдер мынаны түрмеге қамаңдар!

  • Мен сенімен сол жерде сөйлесемін!

Қайрат:

Менің ақтық сөзім бар!

Өшір үніңді! - дейді.

Қайрат:

Күнадан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Бозтоғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар!

(Жастар шулайды, ұрып-соғып түрмеге әкетеді).


Видео. Мұхтар Шаханов «Желтоқсан алаңы»
2-жүргізуші: Міне, қазақ халқы мен басқа да КСРО-ның 19 одақтас елдерінің егемендік алуына себеп болған - Желтоқсан оқиғасы. Жалпы, Қазақстанның тәуелсіздік алған күнінің 16 желтоқсанға тұспа-тұс келуі кездейсоқтық емес. КСРО құрамында болған елдердің барлығы 1991 жылғы Тамыз оқиғасынан кейін бірінен соң бірі егемендіктерін жариялап жатқан. Тек Қазақстан ғана ақырын күтіп, желтоқсанға дейін уақытты созып отырып алды. Себебі, қазақ халқының ойлағаны – желтоқсан оқиғасын құрметтеу болды.
Келесі кезекте Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Желтоқсан тағылымы» әнін назарларыңызға ұсынамыз.
2-жүргізуші:

Қазақстан!

Қазақстан елім бар мақтанарым!

Қазақстан жерім бар шаттанарым!

Көк аспанда желбіреп көк байрағым,

Туып өскен жерімді мақтағаным!.


1-жүргізуші: Келесі кезектегі қыздар тобының орындауындағы «Тәуелсіздікке шашу биін» қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:

Тарт күйіңді, домбыра! 
Төгіл, төгіл тәтгі күй.
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр! - келесі кезектегі Ерланның орындауындағы «Көңіл толқын» күйін еліміздің тәуелсіздік мерекесіне арнаймыз.
2-жүргізуші:

Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Қазақ жерінде қазір 140-тан аса ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр. Тәуелсіз еліміздің көк туының астында көпұлттардың тату-тәтті өмір сүріп жатуы да – бізге мақтаныш.
1-жүргізуші:

Туған жер деп лүпілдеген жүректерді

Ержүрек Ұл-қыздарын мақтан еткен

Тәуелсіз қазақ жері, байтақ өлкем

Әр ұлттың өкілдері пана еткен.
Би. Әр ұлттың биі.

Ән. «Ия, солай»
1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, халайық, құтты болсын қуаныш!




2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!
2-жүргізуші:

Құтықтау сөз кезегі мектеп директоры Б.Б. Жапабаевқа беріледі.



Келесі құттықтау сөз «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан апайларға беріледі.


  1. Фанфар

  2. Би. «Төрт ана»

  3. Видео. Тәуелсіздік туралы

  4. Мәнерлеп оқу. Күй. (мектеп киімі)

  5. «Нұр аға» әнін қабыл алыңыздар!

  6. Желтоқсан туралы видео

  7. Көрініс. «Желтоқсан желі» әні.

  8. Видео. Мұхтар Шаханов «Желтоқсан алаңы»

  9. Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Желтоқсан тағылымы» әні

  10. Қазақша шашу биі.

  11. Ерланның күйі.

  12. Би. Әр ұлттың биі.

  13. Ән. «Ия, солай»

Каталог: uploads -> doc -> 072c
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
072c -> Тақырыбы: «Физика әлемінде» сайысы Мақсаты
072c -> Скери даярлық пәнінен


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет