Атырау облысы, Атырау қаласы, И. Тайманов атындағы №27 орта мектебінің мектепалды даярлық «В» тобының тәрбиешісі: Қаресова Эльвира Абатқызы



Дата05.06.2017
өлшемі43,83 Kb.
#17658
Атырау облысы, Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектебінің мектепалды даярлық «В» тобының тәрбиешісі: Қаресова Эльвира Абатқызы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сауат ашу Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Б б» дыбысы мен әрпі. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: «Б б» әрпі кездесетін сөздерді меңгерту, ойлану қабілеттерін дамыту.Жазу дағдысын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,ойын,сұрақ-жауап,жұмбақ шешу, әліппе-дәптермен жұмыс, жылулық шеңбері.

Көрнекілігі: Көрме,суреттер,слайд-шоу.
-Сәлеметсіздер ме, ұстаздар және балалар! Балалар, ең алдымен бәрімізқонақтарға сәлем берейік: бірге қайталайық: Армысыздар,қонақтар,

Жарқыраған жарқын күн,

Маған мейірім мен шуақ бер,

Қуаныш пен бақыт бер. Ұйымдастыру:



-Бүгінгі оқу қызметімізді мейірім мен қуанышпен бастайық. (Сол сәтте бауырсақ кіреді) -Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме,балалар. Қалайсыздар? -Балалар: Сәлеметсің бе. Жақсымыз. -Бауырсақ: -Балалар, бүгін партаға күндегіден ерекше жайғасыпсыздар ғой. 3-топ бөлініпсіздер. Топтарыңыздың аты қандай? І топ: Бақыт тобы: барлығы бірге: «Біз бақыт тобымыз. Бақытты болыңыздар.» (қолдарын көтереді) ІІ топ: Бақ-береке тобы: барлығы бірге: «Үйлеріңіз бақ-берекеге толсын» (қолдарын ұстап, көтереді) ІІІ топ: Байлық тобы: «Біз байлық тобымыз. Әрқашан қастарыңыздан байлық пен бақыт және бақ-береке кетпесін»( қолдарын шапалақтайды)

Бауырсақ: Тілектеріңіз орындалсын. Осы сәтте мен сіздерге сұрақ қойғым келеді. (сұрақ қояды:) 1)Сауат ашу сабағынан нені үйрендіңіздер? - Әріптерді үйрендік, жазуды үйрендік. Дыбыстық талдау жасауға үйрендік. 2) Сауат ашудан неше әріппен таныстыңыздар? -14 әріппен 3) Әріптерді атап беріңіздерші: А, Т, П,Н, Ғ, Р, Л, У, Ш,Й,О, Қ, Д,М 4)Қазақ тілінде неше әріп бар? 42 әріп бар. 5) Сөздер буынға бөлінеді ме? Бөлінеді. 6) Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? Қызыл түспен белгілейміз. 7) Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? Көк түспен белгілейміз. 8) Әріптерді қалай жазамыз? -Әріптерді көру арқылы жазамыз, есту арқылы айтамыз. Бауырсақ:- Жарайсыңдар, балалар. Өте тамаша. Менің сіздерге қойған сұрақтарыма өте дұрыс жауап бердіңіздер. Рахмет сіздерге. Бауырсақ: -Апай, мен сіздің сабағыңызға қатыссам бола ма? -Әрине болады, бізбен бірге болыңыз.

  • Жаңа сабақ. Балалар, бізге келген қонақтың аты қалай аталады? -Бауырсақ. – Қандай әріптен басталады? - «Б» әрпінен басталады.

-Олай болса, бүгінгі сабағымыз да «Б» әрпі және дыбысымен танысамыз. – «Б» дыбысы дауыссыз дыбысқа жатады. Көк түспен белгілейміз. «Б» дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. «Б» дыбысы созып айтуға келмейді.

  • «Әуенді кесте»

  • Оқулықпен жұмыс. Оқу

  • Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашайық, қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, әдемі етіп жазайық.

  • Дидактикалық ойын. « Буынға буын қос» І топ: ба-лық, ба-нан ІІ топ: ба-тон, бал-ға ІІІ топ: ба-қа, бал-та.

  • Сөйлем құрау: сурет бойынша. Балық, банан, балға.

  • Тексеру, бағалау. «смайлик)

  • Бауырсақ, сен үнсіз қалдың ғой. Балаларға не айтасыз? -Бауырсақ: Балалар, жарайсыздар. Сіздер бүгінгі сабақты түсіндіңіздер деп ойлаймын. Сол себепті, сіздерге мен тәтті бауырсақ таратқым келеді. Ас болсын!!!

Апай: -Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет