Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



Дата18.03.2017
өлшемі140,07 Kb.
#11804
Атырау облысы әкімі аппаратының

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы


БЕКІТЕМІН

Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы

__________________ С.Д.Құбашева «_____»_____________2016 ж.



Қазақстан Республикасындағы

әлеуметтік-экономикалық

жаңғыртудың өңірлік аспектілері


Оқу бағдарламасы

Мақсаты: Атырау облысында үдемелі индустриялық дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа өңірлік саясатын қалыптастыру және іске қосу бойынша мемлекеттік қызметшілердің теориялық білімдері мен кәсіби дағдылары деңгейлерін арттыру.

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы өңірлік саясатының мәні мен мақсаттарын ашу;

  • өңірлерді дамыту бойынша Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын, оның жаңа аспектілерін «Қазақстан – 2020» стратегиялық жоспардың маңызды бөлшегі ретінде сипаттау;

  • Тыңдаушыларды Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсаттары мен критерийлерімен таныстыру;

  • Қазақстан Республикасы өңірлік саясатының негізгі міндеттерін сипаттау және қазіргі кезеңдегі Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайларына талдау жасау, олардың даму бағыттарының өміршең бағыттарын белгілеу.

Контингент: Облыстық басқармалардың, қалалық, аудандық құрылымдық бөлімдердің басшылары, олардың орынбасарлары және сектор меңгерушілері

Сағат саны: 40 академиялық сағат
Бағдарламаны әзірлеген: Досмағамбетова Г.И., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік саясат» кафедрасының доценті, саяси ғылымдар кандидаты.

Ғазизова Л.Б., Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының бөлім меңгерушісі.



Семинардың өзектілігіӨңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты факторлары ретінде мемлекеттік қызметтер мен саяси өкілеттіліктерді тапсыру үдерістері де, мемлекеттік реттеуді орталықсыздандыру да үлкен рөл атқарады. Бұл жағдайларда өңірлік деңгейдегі мемлекеттік билік органдары үлкен өкілеттілікке ие. Сондықтан да олардың рөлі тек мемлекеттік басқару жүйесінде ғана емес, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде де күшейеді.

Семинардың құрылымы мен маңызы: Семинар бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының өңірлерді дамыту бойынша мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары қаралады. Тыңдаушылар Қазақстан Республикасының өңірлік саясатының мақсаттарымен, өңірлерді мемлекеттік реттеуді орталықсыздандыру үдерісі арқылы әлеуметтік-экономикалық дамыту критерийлерімен танысады. Бағдарлама үш оқу модулінен тұрады:

  1. Қазақстан Республикасының жаңа өңірлік саясаты «Қазақстан – 2020» стратегиялық жоспарының маңызды бөлігі ретінде Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен критерийлері

  2. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау

  3. Мемлекеттік саясат және басқару

Оқыту түрлері: дәрістер, практикалық сабақтар, тренингтер, іскерлік ойындар, «дөңгелек үстел».

Күтілетін нәтижелер: семинардың тақырыптары, сабақтарды өткізудің интерактивті түрлері тыңдаушылардың білім деңгейлерін едәуір кеңейтіп, Қазақстан Республикасы өңірлерін дамыту бойында тиімді жұмыстар жүргізуде практикалық дағдылар алуға мүмкіндік береді.

1 - модуль

Қазақстан Республикасының жаңа өңірлік саясаты «Қазақстан – 2020» стратегиялық жоспарының маңызды бөлігі ретінде Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен критерийлері




Тақырыбы

Мақсаты

Негізгі мазмұны

Сабақ

түрі

Сағат

саны

1.1

Мемлекеттік экономикалық реттеуді орталықсыздандыру өңірдің экономикалық дамуының басты факторы ретінде

Қазақстан өңірлерін дамытудағы мемлекеттік экономикалық реттеуді орталықсыздандыруүдерін көрсету



Өңірлердің шаруашылық дербестігін қамтамасыз ететін саяси, экононмикалық, экологиялық және құқықытық сипатын айқындайтын іс-шаралар кешенін өңдеу. Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жэалпы стратегиялық тәртіптерімен сәйкес өңірлік басымдылықтарын айқындау

Дәріс-әңгіме

2

1.2

Қазақстан Республика-сындағы саяси жаңғырту

Заманауи саясат мәселелері туралы біліктіліктерін жинақтау және жүйелеу, Қазақстан Республикасының саяси жүйесін жаңғыртудың концептуалды мәселелерімен таныстыру

Заманауи саясат, Қазақстан Республикасының саяси жүйесін жаңғыртудың концептуалды-әдістемелік мәселелері туралы, билік пен қоғамның саяси әріптестігі, Қазақстан Республикасының саяси жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері мен келешегі тура біліктіліктерін кеңейту

Дәріс

2

1.3

Өңірлік үдемелі индустриялы даму бағдарламала

рын жүзеге асыру



2020 – Стратегиялық жоспардың маңызды бөлігі ретінде Қазақстан Республикасының жаңа өңірлік саясатын жүзеге асырудың бастапқы кезеңін көрсету

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері: индустрияландыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру. Басым бағыттары: АШК, металургия, мұнай өңдеу, энергетика, химия және фармацевтика, құрылыс индустриясы, көлік және ақпараттық байланыс, машина жасау, уран және жеңіл өнеркәсібі, туризм, космос. Республикалық және өңірлік индустриаландыру картасы

Дәріс

2

1.4

Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламалар

дың тиімділігі



Мемлекеттің жастар саясатын жүзеге асырудың негізгі бағыттарына түсінік беру, мәнін ашу

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша билік органдарының қызметі. Жастар мен жас отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету. Жастарға эстетикалық тәрбие беру, олардың интеллектуалды және физикалық дамуы. Жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы

Дәріс

2

1.5

Халықтың денсаулығын сақтау бойынша өңірлік деңгейдегі мемлекеттік саясат: мүмкіндіктер, өзекті мәселелер және болашағы

Тыңдаушыларды тұтас елдегі және жеке өңірлердегі денсаулық сақтау реформаларымен таныстыру

Қазақстандағы және жеке өңірлердегі халықтың денсаулығы. Денсаулық сақтаудың бұрынғы жақсы дәстүрлері және реформалары: мақсаттар мен міндеттері. Ауруханалық және қаржылық медицинаның қайта өзгеруі. Медициналық қызмет пен денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасының жағдайы және келешегі: өңірлік аспект, жүйелі және салыстырмалы талдау жасау

Дәріс

2

1.6

Қазақстан өңірлеріндегі халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау саясаты

Мемлекеттік әлеуметтік саясатының қызметін, мазмұнын және мәнін ашу

Әлеуметтік саясаттың бөлімдері: салықтық, бюджеттік саясат, еңбек нарығы саясаты. Әлеуметтік құқық, әлеуметтік құқыққа кепілдік беру және қорғау. 2006–2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесімен күрес стратегиясы. Дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы

Дәріс

2

1.7

Өңірлік деңгейдегі білім беру жүйесінің басымдықтары

Өңірлердегі орта және кәсіби-техникалық білім беру жүйесінің дамуын көрсету. Өңірлік деңгейдегі білім беру жүйесін әрі қарай жетілдірудің жолдары

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, оның мәні, негізгі бағыттары және өңірлерде жүзеге асырудың ерекшеліктері. Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының ерекшеліктері. Білім беру сапасын көтеру

Дәріс

2

1.8

Қазақстандағы қазіргі уақыттағы көш-қон жағдайы: жаңа сынақтар, жаңа шешімдер

Қазақстанның көш-қон саясатының негізгі бағыттарын және оның ел өңірлерінде жүзеге асу ерекшеліктерін ашу

Өңірлердегі көш-қон саясатының негізгі бағыттары. Ұлттық және халықаралық қауіпсіздік контексіндегі негізгі сынақтар мен тәуекелдер және олардың өңірлік көш-қон саясатындағы есебі. Әлеуметтік жерсіну бойынша отандастармен жұмыс. Көш-қон саясатының өңірдің экономикалық, әлеуметтік-саяси, ақпараттық саласына әсері

Дәріс

2

1.9

Ұлттық бірліктің факторы ретінде өңірлік этносаясат

Өңір этностарының азаматтық және рухани-мәдени шоғырлануындағы этносаясаттың рөлін көрсету

Өңірлік этносаясаттың мәні, оның өңірді дамытудағы орны және рөлі. Өңірлік этносаясат спецификасына әсер ететін факторлар. Қазақстан халықтарының облыстық ассамблеясы өңірлік этносаясат моделінің негізі ретінде. Өңірлік этносаясаттың негізгі жобалары және олардың әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі. Этносаясат мәселелері және оларды өңірде шешу жолдары

Дәріс

2

1.10

Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізудегі өңірлік мемлекеттік саясаттың рөлін көрсету

Ішкі саяси тұрақтылықтың түсінігі және міндеттері. Өңірде ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге сыртқы және ішкі факторлардың әсері. Әлеуметтік саланың экономикалық өсімі мен дамуы өңірдің тұрақты да мықты дамуының негізі ретінде. Өңірде және тұтас бір елде ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізуде өңірдегі мемлекеттік және азаматтық қоғам құрылымдарының өзара әріптестігі. Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның шоғырлануы

Дәріс

2

Барлығы__20___2_-_модуль'>Барлығы

20


2 - модуль

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен критерийлері




Тақырыбы

Мақсаты

Негізгі мазмұны

Сабақ

түрі

Сағат

саны

2.1

Ақпараттық технологиялар

ды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін бағалау



Мемлекеттік органдар қызметтерінің ашықтығын арттыру мен іскерлік үдерістерді оңтайландыру бағытында ақпараттық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігімен таныстыру

Бағалау әдістері: жалпы сипаттамасы және қолданысы

Дәріс

2

2.2

Мемлекеттік қызметте персоналды басқарудың тиімділігін бағалау

Мемлекеттік органдарда персоналды басқару бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігімен таныстыру

Бағалау әдістері: жалпы сипаттамасы және қолданысы

Дәріс

2

2.3

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруды бағалау жүйесі ретінде

Мемлекеттік органдар қызметінің ұйымдастыру жүйесін бағалау және елімізді, өңіріміздегі салаларды дамыту өлшемдеріне мемлекеттік органдарының ықпал ету деңгейімен таныстыру

Бағалау әдістері: жалпы сипаттамасы және қолданысы

Дәріс

2

2.4

Мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау

Мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру, бюрократизмге жол бермеу, стратегияларды әзірлеу сапасын артыру және шешім қабылдауда мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау жүйесінің тиімділігімен таныстыру

Бағалау әдістері: жалпы сипаттамасы және қолданысы

Дәріс

2

Барлығы

8



3 - модуль

Мемлекеттік саясат және басқару




Тақырыбы

Мақсаты

Негізгі мазмұны

Сабақ

түрі

Сағат

саны

3.1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін жаңғыртудың негізгі бағыттарымен таныстыру

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасының үштұғырлық мақсатын жүзеге асыру

Дәріс

2

3.2

Мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен имиджі

Әлеуметтік-адамгершілік институты ретінде мемлекеттік қызметтің мәнін ашу

Мемлекеттік қызмет этикасының мазмұны мен қызметі. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың негізгі ережелері мен этикалық нормалары. Этика мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджінің негізі ретінде.

Тренинг

2

3.3

Басқарудағы жүйелілік бағыт

Мемлекеттік қызметшілердің талдамалық және жүйелілік ойлауын дамыту

Жүйелілік бағыт туралы түсінік. Ақпаратты талдау дағдыларын алу үшін практикалық тапсырмалар беру

Практи

калық сабақ



4

3.4

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

Кәсіби құзіреттілікті ынтымақтастық үдерісінде қарастыру

Басқарушылық, көшбасшылық және кәсіби құзіреттілігі ынтымақтастық үдерісінде

Тренинг

2

3.5

Құзіреттілік бойынша бағалау

Мемлекеттік қызметшілердің құзіреттілік деңгейін анықтау

Психологиялық тестілеу

Тестілеу

2

Барлығы

12


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: жеті Жарғы, 2007.

2. Мемлекеттік қызмет туралы: 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V ҚРЗ Заңы

3. Мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы: ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: ҚР Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ

5. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: ҚР Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ

6. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы 2016 жылғы 6 қаңтар

7. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 2015 жылғы 30 қараша


  1. Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформаны

жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамы, 2015 жылғы сәуір.

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір

болашақ» 2014 жыл 17 қаңтар.

10. «Болашақты бірге жасаймыз!» Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. //Казахстанская правда.

-2011. -28 қаңтар.

11.Өрсариев А. Новая модель государственной службы в РК // Мемлекеттікбасқару және мемлекеттік қызмет. Государственное управление и государственная служба – 2008. - №4 – С. 17-23.

12.Доктрина национального единства Казахстана. – Астана, 2010.

13. Тугжанов Е.Л. Модернизация государственной национальной политикичерез Институт Ассамблеи народа Казахстана // Государственное управление и государственная служба. – 2009. - № 3. – С.23.

14. Доктрина национального единства Казахстана. – Астана, 2010.

15.Ашимбаев М. Аналитические методы в системе государственного управления // Analytic. – 2002. - № 2.

16.Официальный сайт Президента Республики Казахстан [Электронный ресурс] . – Режим доступа: www.akorda.kz

17.Уваров В.Н. Теория государственного управления: Учебник, Петропавлоск: Северо-Казахстанская юридическая академия, 2006, 473с.

18. Государственное управление: основы теории и организации / Под. Ред. В.А.



Козбаненко – М.: «Статут», 2002.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет