Атырау облысы Сағыз селосы



Дата05.01.2017
өлшемі35,58 Kb.
#6426
Атырау облысы

Сағыз селосы

№9 орта мектеп

Ашық сабақ.

Жайлауда.

Өткізген:МАД “ә”сынып жетекшісі Әлиева Айгерім


Тақырыбы: Жайлауда.

Мақсаты: Жайлау және оның орналасқан жері,ағаш үйдің

құрылысымен таныстыру.Сурет бойынша әңгіме

құрап өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі

әңгімелеуге үйрету.Үй жануарлары туралы

білімдерін толықтыру.

Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылығы:Оқушыларды білімділікке,сауаттылыққа баулу.

Ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: Туған жердің табиғатының сұлулығын сезінуге,

оны аялап қорғауға,адамгершілікке,қамқорлық

сезімдерге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Жайлау суреті,киіз үйдің құрылысы,төрт түлік

малдың және жабайы жануарлар суреттері,мал-

дан алынатын өнімдер суреті.

Әдісі: Әңгімелеу,ойын,түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ-

тар,мадақтау.
1.Ұйымдастыру бөлімі.

-Қане,балалар,апайлармен сәлемдесіп алайық:


Балалар:Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздерме!-деп

Сәлемдесіп аламыз.

-Жарайсыңдар балалар.Бәріміз орнымызға отырайық.

Балалар күн жылынып көктем шыққанда малдар қайда шығады?

-Далаға,өріске,жайлауға шығады.

-Көктем шығысымен малдарды жайлауға бағады.Олар жайлауға киіз үй тігеді.Киіз үйдің құрылысына кереге,уық,шаңырақ,сықыр-

лауық жатады.

-Ал,балалар үй жануарларын маған кім атап береді?

-Түйе,жылқы,қой,сиыр,ешкі т.б.


-Балалар,бізге жайлаудан төрт түлік малдың бірі түйе келіп тұр екен.Бізге әкелген көптеген тапсырмалары бар екен.

1 тапсырма:Суретке қарап әңгіме құрау,ат қою.(Жайлауда)


2 тапсырма:Жұмбақ шешу.

1.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар (Қой)

2.Үстінде екі тауы бар

Кезікті бір жануар (Түйе)
3.Өзі сұлу, өзі жүйрік

Жарысады желменен (Жылқы)


4.Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Бірақ сақалы тағы бар.(Ешкі)

3 тапсырма: Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ

Керегелер керіліп

Өрімдей боп өріліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрініп.
4 тапсырма: “Төлдерін тап” ойыны
5 тапсырма:Төрт түлік мал туралы тақпақтар айту.

1.Айналайын торпақ,

Бола берме қорқақ.

Тар болып тұр аула,

Тысқа шықта заула.

Әукешім-ау күнде,

Ойнайықшы бірге.

2.Жалт-жұлт етіп лақ,

Жағалайсың бұлақ,

Секірем деп бірақ,

Қала көрме құлап.
3.Құлын-құлын,құлыншақ

Желкілдейді тұлымшақ.

Маңдайында жұлдызы

Құйрығында құндызы.


6 тапсырма: “Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата”

ойыны.
7 тапсырма:Дидактикалық ойын.

Малдан алынатын өнімдерді табу.Сәйкестендіру әдісі арқылы

қай малдан қандай өнім алынатынын көрсету.
8 тапсырма: “Қошақаным қайда екен” әнін айту.
-Жарайсыңдар, балалар енді “Жайлау көркі” өлеңін хормен оқиық.
“Жайлау көркі”

Табиғат әлемі

Гүл толған әдемі.

Ұйқы ашар сағаттай

Бозторғай әуені.

Сайға түс,қырға шық,

Жүресің гүл басып,

Көбелек алдайды.



Бір қонып,бір қашып.
Қорытындылау.
Мадақтау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет