Атыс дайындығы тарауынан әскери жетекшілерге



бет2/11
Дата31.01.2018
өлшемі3,51 Mb.
#36452
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

АВТОМАТТЫ ҚАРУ
Автоматты қару жасаудың конструкторлық ойлары Қазан социалистік революциясының жеңісінен кейін қолға алынды. Бұл бастаманың басында В.Г. Федоров әртүрлі қарулардың үлгілерін жасауға шеберхана ұйымдастырды. Алғашқы кеңестік 6,5 мм автоматтың конструкциясын үлгісі В.Г. Федоров 1919 ж жасап, ол 1920 жылы сынақтан өткізілді. Сынақ барысында бірқатар күрделі кемшіліктер анықталды және әскерді 6,5 м жапондық патронмен қамтамасыз ету қиындық тудырды. Сондықтан бұл автоматты өндірістен алынып тасталды.

В.Г. Федоровтың әріптестері мен оқушылары автоматты қару шығару жолында қажырлы жұмыстар жүргізді. Олар – Ф.В. Токарев, В.А.Дегтярев, Г.С. Шпагин және басқалар.

Сол уақыттағы жаңаша тапанша – пулеметті ұсынған В.А.Дегтярев болды. Сол кездегі басқа қарулармен өткізілген салыстырмалы сынақ кезінде оның тапанша – пулеметі жоғары көрсеткіштер көрсетіп, 1934 ж Қызыл Армияның қару жарағына қабылданды. Бұл тапанша – пулеметке 1930 ж үлгідегі тапаншаға арналған 7,62 мм патрон пайдаланылды. Қарудың құрылысы қарапайым, қолдануда сенімділігімен ерекшеленді. Атыс жекелей және автоматты түрде жүргізіледі. Бұл қару 1939-1940 ж.ж. ақфиндермен болған соғыста қолданылды.

1940 жылы тапанша – пулеметке азғантай өзгертулер енгізілді, ол қорапшалы оқжатары, барабанды оқжатарға ауыстырылды. Мұнда сиымдылығы 25-тен 71 патронға артты. Осы өзгерістерден кейін ол «Конструктор Дегтяревтің 1940 жылғы үлгідегі тапанша –пулеметі» ППД-40 деп аталды.




Калибр……………………...………... 7,62 мм

Вес без магазина …….…………….….3,6 кг

Длина ………………………………… 780 мм

Темп стрельбы ............…1000 выстр/мин


Боевая скорострельность…….…………… ……………………….…...100-120 выстр/мин

Емкость магзина………..…....….71 патрон

Начальная скорость пули.............500 м/сек




ППД - 40

Осы кезде жаңашаландырылған Г.С. Шпагиннің конструкциясымен жаңа тапанша – пулемет шықты. Ол жан-жақты сынақтан өткізіліп қару жараққа қабылданды және «Конструктор Г.С. Шпагиннің 1941 ж. үлгідегі тапанша - пулеметі» ППШ-41 деп аталды.

ППШ-41 автоматының құрылысы, бөліктері мен механизмдерінің жұмысы ППД-40 автоматына ұқсас, бірақ конструкциясының қарапайымдылығы, қолдануға пайдалануға ыңғайлылығы жоғары және ұңғылық компенсаторды қолдану арқылы атыс кезіндегі тұрақтылық пен оқтың нысанаға шоғырланып баруына қол жеткізілді. Қолданыс барысында Шпагиннің тапанша - пулеметіне аз ғана өзгерістер енгізілді, оның қорапты оқжатары мен көздеуіші жақсартылды.

Ұлы Отан соғысы жолдарындағы қатал сыннан ППШ сүрінбей өтіп, Кеңес Армиясының сүйікті қаруына айналды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет