Қатысқан ата аналар саны



Дата10.05.2020
өлшемі14,9 Kb.
#66950
Байланысты:
хаттама


ҚМҚК «Гүлдер» бөбекжайы

Ата - ана жиналысының

№1 Хаттамасы

«Балбөбек» орта тобы

Тәрбиеші: Хуанбай С.



2019-2020ж.

«Балбөбек» орта тобындағы ата - ана жиналысының

№1 Хаттамасы
Қатысқан ата - аналар саны: 18
Қатыспағандар: 10
Күн тәртібінде:
1. 2019 - 2020 жаңа оқу жылының іс - жоспарымен танысу.
2. Ата - аналар комитетін қайта сайлау.
3. Балалабақша тәрбиеші Мамырова «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты баяндама оқылды.
4. Әр түрлі мәселелер.
Бірінші мәселе бойынша тәрбиеші Мамырова Кулимай жаңа оқу жылының іс - жоспарымен таныстырып өтті. Балалармен мектепке дейінгі білім беру стандарты бойынша жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
Шешім: 2019 - 2020 оқу жылының іс - жоспары қанағаттандарылсын. Жауаптылар: Мамырова Гулим мен Аятханова Жұлдыз
Мерзімі: Келесі ата - аналар жиналысына дейін
Екінші мәселе бойынша ата - аналар комитетін қайта сайлауға ұсыныс тастады. Ата - ана Ақбаева Жазира сөз кезегін алып Изеева Лаураны сайлауға ұсыныс тастады. Мүшелері: Исламова Перизат ата - аналар комитетінің мүшесі болып сайланды. Ата - аналар бір ауыздан келісіп сайлады.
Шешімі: ата - аналар комитетінің төрағасы изеева Лаура мүшесі болып Исламова Перизат сайлансын. Жауапты: ата - аналар комитетінің төрамы мен мүшелері. Мерзімі: келесі ата - ана жиналысына дейін.

Үшінші мәселе бойынша балабақша тәрбиешісі Мамытова Кулимай «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты баяндама оқылды. Болашағымыз балалар олардың жауапкершілігі біздің қолымызда. Сол үшін болашағымыз туралы ойланатын мәселе бойынша тақырып қозғады.
Шешімі: Баяндама бір ауыздан мақұлдансын.
Жауаптылар: ата - аналар мен тәрбиешілері. Мерзімі: келесі ата - аналар жиналысына дейін.
Төртінші мәселе бойынша Аяпова Жұлдыз әр түрлі мәселерді ортаға салды Оқу құралдарын толық әкелуін талап етті Балалардың тазалығын, балабақшадан себепсіз қалдырмай, кешікпей келуін, төлемақысын уақытылы төлеуін айтып өтті.
Шешімі: «Балбөбек» тобындағы кезекті ата - аналар жиналысы қаралған мәселелерді бір ауыздан мақұлдады
Жауаптылар:
барлық ата - аналар мен топ тәрбиешілері.
Мерзімі: келесі ата - аналар жиналысына дейін. «Балбөбек» тобының балаларының жаңа оқу жылына толық дайындықпен қатыссын.
Дауыс беру нәтижесі: «ия» (келісім берді)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет