Қатысқандар: 37 адам (тізімі жалғанды) Күн тәртібінде



Дата27.02.2020
өлшемі25,57 Kb.
#58758
Хаттама 1

19 ақпан 2016 жылы Аташ Досалиев Мералыұлына Дене шынықтыру спорт кешенінің атын беру жөнінде жиналыс өтті.



Қатысқандар: 37 адам (тізімі жалғанды)

Күн тәртібінде:

1. Аташ Досалиев Мералыұлына Дене шынықтыру спорт кешенінің атын беру туралы

А. Досалиевтың өмір жолы Баяндамашы: Миялы балалар өнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Л.Тастаева

Б.Нығымет - Бүгінгі жиналысымыз «Спорт және дене шынықтыру» кешеніне өмірден өткен ардагер қызметкер Аташ Досалиев Мералыұлының есімін беру жөнінде ұсыныс тастау. Аташ ағайды көзіміз көрді. Ауданымыздың өркендеуіне үлес қосқан азамат. Аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. Біз бала кезімізде жүрген жүрісі,киген киімі өзгеше есімізде қалды. Басқа мемлекеттен келген қол жетпестей адам сияқты көрінетінеді. Өте қарапайым, адал еңбек еткен азамат болды. Мен «Спорт және дене шынықтыру» кешеніне есімін беру лайықты деп санаймын.

Тыңдалды:

Аташ Досалиев Мералыұлы 1928 жылы Батыс Қазақстан облысының,Жаңа қала ауданының , Нарын құмында дүниеге келген. Шешесі сол жылы қазаға ұшыраған.Тағдыр Аташқа алғашқы ана уызымен ауыздануды бұйырмаған.Әкесі Мералы 1931 жылы қайтыс болады. Әке-шешеден айырылған соң ағасы Досалы тәрбиесінде болған. Олар 1936,1940 жылы дүниеден өтеді. 1940 жылдан бастап балалар үйінде тәрбиеленіп, 1945жылы онжылдықтан кейін,Оралдағы оқытушылар институтына түседі. Оны 1947жылы институтты бітіргеннен соң, арнайы жолдамамен Гурьев облысы,Кулагино селосындағы Жамбыл орта мектебіне мұғалім болып орналасады. 1951жылы Армия қатарына шақырылып,1951 жылы ақпан айында денсаулығының нашарлауына байланысты мерзімінен бұрын елге оралады. 1951жылы наурыз айында Есбол ауданының аудандық комсомол комитетінің хатшылығына сайланады. 1952жылдың аяғында осы ауданнан партия комитетіне жұмысқа ауысады. 1954 жылы партия комитеттерінде ауылшаруашылық бөлімдерінің басшыларының қысқаруына байланысты,мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Мұғалім,Елтай орта мектебінде директорлық қызметін атқарады.

1956 жылдың аяғынан бастап, Есбол ауданы аудандық атқару комитеті төрағасы орынбасары,1960 жылдан 1962 жылдар аралығында аудандық партия комитеті хатшысы болып жасайды.

Алғашқы мұғалімдік жұмыста тәжірибелі ұстаздар Р.Тілесов, А.Н.Канцев, С.И.Наумова, А.Ламашев т.б біраз тәрбие алған.Мектеп аудандағы озат ұжымдар қатарына қосылады. Осы жылдарда мектеп бітіргендердің тоқсан пайызы жоғары білім алған.

Совет партия қызметінде адамдармен жұмыс,халықпен дұрыс қарым-қатынас жасауда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ж.Өтеғалиев аупартком төрағасы З.Гумаровтан үлкен қамқорлық көрген. Аташ Досалиевке аудандағы халықты әлеуметтік қамту,оқу-мәдениет,озаттардың іс-тәжірибесін насихаттау шаралары тапсырылды. Ауданның негізгі экономикасы мал шаруашылығы болғандықтан, малшылардың озат көрсеткіштерін жете зерттеп,кен тарату бірінші кезекке қойылды. Бұл істе білімді де іскер,жаңалыққа даны құмар,батыл да іздемпаз «Передовик» колхозы төрағасы С.Кубашевтың бастамалары мен тапқырылығы ерекше мұрындық болды.

1962-1964 жылдары екі жылдық жоғарғы мектепте білімін жетілдіреді. Бұл мектепті үздік бітіруі мен қоса,ауылшаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша экстерн аспирантурасын бітіреді. 1962 жылдың аяғында бұрыңғы Есбол ауданы Индер ауданы болып қайта құрылады. Осы ауданда 1962-1968 жылдары аупартком хатшысы болып қызмет етіп,аудан еңбеккерлерін әлеуметтік қамту,ауданның мәдени көпшілік жұмыстарына басшылық ету шаралары мен айналысқан.Бұл жылдарда аудан орталығы Индер поселкесінде екі орта мектеп салынды,мектеп саны көбейді. Передовик, Жарсуат ауылында жаңа мектеп құрылысы аяқталды. 1958жылы халық батыры ,қырғи тілді ақынның қабірі академик К.Жұмалиев,ақын Т.Жароков,жергілікті ақсақал К.Бертұрғановтар іздемпаздықтың арқасында табылды. Академик Қ.Сәтпаев көмегімен қабірі басына белгі қоюға қаражат бөлінді. Сол кездің салты бойынша 1959жылы батыр қабіріне ескерткіш ашылды. Сол жылдарда ауданда мәдени тұрмыстық обьектілер құрылысы кең қанат жайып,оның халықты қамту сапасы жақсаруына үлесін қосқан.

1968 жылдың аяғында облыстың Қызылқоға аудандық атқару комитеті төрағасына сайланады. Сол жұмысты 1987жылдың ортасына дейін атқарады.

-1969 жылы ауданда бірінші рет мемлекеттік селолық көшпелі құрылыс колоннасы ұйымдасты. Алғашқы құрылыс, газ балондарын сақтайтын арнаулы орын салынды,аудан орталығы еңбеккерлері газды тұрмысқа пайдаланатын болды. Кейін бұл жұмыс барлық шаруашылықтарда жүзеге асты. Жаппай тұрғын үй салу қолға алынды. 1969 жылдың аяғында 350 орындық аудандық мәдениет үйі құрылысы бітіп пайдалануға берілді. Кейін мұндай мәдениет үйлері 7 шаруашылықта салынды. Бұдан басқа оннан астам ферма орталықтарында 50-75 орындық клуб,кітапхана,кино көрсету орындары пайда болды. Ауданда ұзындығы 900 шақырымдай телефон желісі салынды. Темір сымды пайдаланып тұрған ескі желілер биметаллға ауысты. Сөйтіп қамтудың сапасы ауысты. Барлық аудан халқы пайдаланатын телемұнаралар салынды. Бұл жылдарда 80 шақырымдық Ойыл-Миялы және 250 шақырымдық Мақат-Сағыз жоғарғы кернеулі электр жүйесі салынып,аудан,шаруашылық орталықтары мен қоса , 18 ферма орталығы және 180 мал қыстақтары тұрақты электр қуаты мен қамтуға көшірілді. Облыста бірінші болып , Миялы селосында 100орындық аурухана құрылысы аяқталып,пайдалануға берілді. Шаруашылық әдіспен емхана үйі салынды. Өкпе аурулары аурауханасы күрделі жөндеуден өтті. Ауылдарда селолық аурухана дәрігерлік-фельдшерлік нүктелер, әйелдер босанатын орындар жаппай халық кәдесіне пайдаланылды. Аудан орталығында,және шаруашылықта қонақ үйлер салынды.Орталықта 1200 орындық мектеп үйі салынды.Бұл жылдарда типтік жобамен 8000 орындық мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Шалғайда тұратын еңбеккерлердің балаларын оқыту үшін мектеп интернаттары салынды. Денсаулық сақтау, мектеп,мәдениет т.б тұрмыстық қамту мекемелерінің материалдық базасы өсті. Оған жылма жыл ауаткомның бос қалдықтан бюджетке қосымша қаржы бөлу дағдыға айналды.

Ауданда Сағыз- Миялы , Миялы-Қарабау-Индер жолдары салынып қатынас саласында ірі өзгерістер болды. Елді пункттерді аудан орталығымен қатынасын жақсартуда «Автобаза», «Нефтебаза» ашылуының зор мәні болды. Барлық савхоз орталықтарына автобус қатынасы жолға қойылды. Миялы – Райгородок- Қарабау маршруты бойына жергілікті маңызы бар самалеттер күн сайын ұшатын болды.

Ауыл – селоларды көгалдандыру жұмыстары қолға алынып,1969 жылы Ойыл өзенінен осы мақсатта жазғы су құбыры салынып бітті. Осындай шаралар басқада ауылдарда қолға алынды. Басқаны айтпағанда, аудан орталығында бірде ағаш,тал гүл болмаса ,1987 жылы көгалданған жердің көлемі 18 гектарға жетті. Бірнеше шаршы метрге гүл егілетін болды. Осы сияқты халық әлеуметтік жағдайын жақсартуда біраз іс тындырылды.

Ауданның негізгі экономикасы мал шаруашылығында күрделі өзгерістер болды. Қоғамдық малдың өнімділігі артты.Жеке қожалықтарда да мал едәуір көбейді. Сол үшін аудан бірнеше рет республикалық , одақтық байрақтарға ие болды. Соңғы екі бес жылдықта жұмыс көрсеткішімен аудан екі мәрте республикалық алтын кітапқа жазылды. Бұның барлығы С.Сүйінов бастаған аудан басшы қызметкерлерінің мықты ұйымдастыру жұмыстарымен аудан еңбек адамдарының қажыр-қайраты еді. Өзімді осы азаматтармен қатар жұмыс жасағаныма іштей шүкіршілік ,ризалық білдіремін- деп Аташ Досалиев Мералыұлы өз өмірбаянында баяндап кеткен.

Аташ Досалиев Мералыұлы шаңырағына келсек,жары Зәуреш қырық жылдан астам мұғалімдік қызмет атқарып,оқушыларға дәріс берген. Жеті ұл-қыз өсіріп,оның бәрі өз талғамымен қабілетіне қарай жоғары білім алды. Бұл күнде бәрі бір -бір отбасы иелері.Еңбек ете жүріп, үш орден,үш мәрте одақтық жетістіктер көрмесінің медальі,Қазақ ССРы Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.


Сөйлегендер:

А.Таласбаев «Спорт және денешынықтыру» кешен меңгерушісіАташ ағамыз елде жұмыс жасаған кезде бірге жұмыстас болдық.Балаларымен қатар оқыдық. 2011жылы Спорт кешеніне демеушілік болып,ұйытқысы болған балалары. Спорт кешенінің Аташ ағамыздың атымен аталуына ешқандай қарсылығым жоқ ,қайта қуана құптаймын.Өздеріңіз білесіздер қазіргі заманда қаржының тапшылығына байланысты пайдаланған нәрсені қайтадан қалпына келтіруге қаражаттың қол байлауы болып тұр. Осы мәселелерді біз ойлаймыз, егер ағамыздың атына сол кешеннің аты берілетін болып жатса,ағамыздың ұрпақтары ,балалары осы спрот кешенін осы қалыпта ұстап,әрі қарай дамуына көмек жасайды. Бәріміз бір ауыздан қолдап, Аташ Мералыұлына осы «Спорт және денешынықтыру» кешенің атын берсе деп тілейміз.

Е.Бермағамбетов - Аташ ағамыздың Қызылқоға халқына еңбегі зор.Халықтың құрметіне бөленген жан. Баяндамада айтып өткендей - 1969 жылы ауданда бірінші рет мемлекеттік селолық көшпелі құрылыс колоннасы ұйымдасты. Алғашқы құрылыс, газ балондарын сақтайтын орын салынды, газды тұрмысқа пайдаланатын болды. Жаппай тұрғын үй салу қолға алынды. 1969 жылдың аяғында 350 орындық аудандық мәдениет үйі салынды.Бұдан басқа оннан астам клуб,кітапхана,кино көрсету орындарын салған.

Ауданда шақырымдай телефон желісі салынды. Барлық аудан халқы пайдаланатын телемұнаралар салынды. Аудан халқы ,ұсақ ауылдарда,қыстақтарда электр қуатымен қамтылды.Ауданда емхана,аурухана,өкпе аурауханасы салынып,жөндеуден өткен. Айта берсек, Аташ ағамыздың халыққа еткен еңбектері ұшан теңіз. Осының бәрі ауданымыздың өркендеуіне үлес қосқан үлкен еңбектің арқасы деп білемін. Мен өз басым ешқандай қарсылығым жоқ. Еңбектері еленіп, «Спорт және денешынықтыру» кешеніне атағын берсе қуана құптаймын.



А.Ағашина – Баяғыда кеңестік кезеңде Қызылқоға аудандық атқару комитеті төрағасы болып жұмыс жасады. Өте қарапайым адам болды. Аташ ағайдың Махмуд атты баласы қобыз сыныбында оқыды. Балалары өте тәртіпті және сабақты жақсы оқыды. Ал жары Зәуреш апайды ұстаз ретінде білемін. Қазір ұл-қыздары жақсы белді жерлерде еңбек етіп жүр.

Ж.Бағдаров – Мен өз басым ұсынысты қолдаймын. Аташ ағайдың Махмуд деген баласымен бірге оқыдым. Көз көрген адам. Баласы Махмуд сабаққа зерек болды. Бұл әрине Аташ Мералыұлы елдің көркеюіне еңбек ете жүріп,балаларына да тәлім –тәрбие беруді қатар алып жүрді. Мен «Спорт және денешынықтыру» кешенін Аташ ағайдың атына беруге лайық деп санаймын.

Г.Оразғалева - Мен Аташ Мералыұлыны және де жанұясын бала кезімнен білемін. Баласы Ильяспен бірге сыныптас болдым. Ал,Зеуреш апай бізге дәріс берді. Аташ Мералыұлының Қызылқоға халқына еңбегі зор. Еңбегі еленіп, «Спорт және денешынықтыру» кешеніне атын берсе деймін. Соған ел ағалары Спорт кешеніне Аташ ағайдың атын беруге септігін тигізсе деп ойлаймын.

Г.Есетова – Мен ол кісіні көрмесем де ерен еңбегін ел ауызынан естіп біліп жүрмін. Көзкөрген аға- әпкелеріміз Аташ ағайдың еңбегін мақтана айтып жүреді. Сіздердің айтуларынызбен оқылған баяндамада айтқандай Аташ Мералыұлының еңбегі «Спорт және денешынықтыру» кешеніне атағын беруге лайықты деп санаймын. Менің ешқандай қарсылығым жоқ және менің сөзімді әріптестерімде құптайды деп ойлаймын.

Қаулы:

  1. Ұжымның қолдауымен «Спорт және денешынықтыру» кешеніне Аташ Досалиевтің аты берілуі құпталсын.

  2. Аудандық білім бөліміне ұсыныс берілсін.

  3. Ұжымның ұсыныс пікірлері мақұлдансын.


Комиссия төрағасы: Б.Нығымет

Хатшысы: А.Батанова
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет