Ақтүйесай орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының жылдық қорытынды есебі



Дата18.06.2020
өлшемі0,86 Mb.
#73820
Байланысты:
жылдық қорытынды есеп


Ақтүйесай орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының

жылдық қорытынды есебі

Мектепалды даярлық сыныбының жылдық қортынды есебі.

2019-2020 оқу жылында мектепалды алды даярлық сыныбының жалпы бала саны 17 оқушы.

Соның ішінде 6 ұл бала , 11 қыз бала.

Мектепалды даярлық сыныбы ,мектептегі барлықіс-шаралар жыл бойы

Белсене қатысып отырды.



Алтын күз мерекесі өткізілді. Мереке жақсы өткізілді. Оқушылар «Жапырақтар » биін биледі.

Бастауыш апталығында даярлық сыныбында «Ертегілер әлемі» тәрбие сағаты өткізілді.



Жаңа жыл мерекесінде мектепалды даярлық сыныбының ата-аналар,



киім дайындап ертенгіліктебелсенді қатысты.Балаларға өте ұнады.



Сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті.

Абай Құнанбайұлының “Қыс”атты өлеңін мәнерлеп оқудан,респубикалық

Байқауға қптысып,II-орын алған үшін Мендағали Мақсат марапаталды.





Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай аудандық «Абай және Мағжан оқулары» сайысына Әбіш Әбілмансұр қатысып, III - орынға ие болды.

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай өткізілген “Абай әлемі”

апталығының “Өлең-сөздің патшасы ,сөз сарасы’’атты мәнерлеп оқу

бағамы бойынша I-орын алған үшін даярлық сыныбыңын оқушысы



Әбіш Әбілмансұр марапатталды.

8-наурыз мерекесіне сыныпта өткізілді.Балалар жақсы қатыстып.



Ер балалар қыздарға гүл сыйлап өз өнерлерін көрсетті.

Мектепалды даярлық тобы 5 сала бойынша жұмыс жасайды;

Денсаулық

Коммуникация

Шығармашылық

Әлеуметтік орта

Таным

Жыл басында балалар денсаулық саласы бойынша; жүруді(тез, жылдам, аяқтың ұшымен, тізерлеп, жүгіру) біледі, бірақ баяу, сенімсіздік басым болатын. Б алалардың спортқа деген ынталары көтерілді; себебі - оларға сапқа тұру, сап түзеу, саппен жүру, гимнастикаларды жасап, спорт залда ойнаған олар үшін таңсық жағдай болды. Уақыт өте келе балалар спорттың адам өміріне пайдасы зор екенін түсіне білді.



Қатынас білім беру саласы бойынша айтатын болсақ; жыл басында балалардың көпшілігі әріпті танымайтын, ойын ашық жеткізе алмайтын, ұяң болатын. Тілдері дұрыс дамымаған. Балалар екінші тоқсаннан бастап қана бір біріне үйреніп, мұғалімге үйренісіп ашыла бастады. Мәтіндер бойынша әңгімелеуді, ойларын толық жеткізуді үйренді. Тілдері жаттығып дыбыстарды дұрыс айтуға бейімделді.

Шығармашылық білім беру саласы бойынша; Балалардың құзыреттілік көрсеткіштері өте жақсы, балалар әуенді мұғаліммен қосылып айта алады, мәтінді жылдам жаттайды, әуенімен орындай алады, әуенді жақсы қабылдайды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық аспаптарын таниды, суреттерін сала алады, аттарын жатқа біледі.

Әлеуметтік білім беру саласында; барлық балалар өз беттерінше әрекет ете алады, достарымен сыныптастарымен жақсы қарым қатынаста. Олар бірімен жақсы араласады, әңгіме айтады, қалжыңдасады. Барлығының тәрбиелері жақсы және мәдениетті сөйлеуге үйренген. Үлкендермен амандасуды, сыйлауды біледі.

Таным білім беру саласы бойынша көрсеткіштер; балалар 1 - 20 дейінгі сандарды таниды, 1 - 20 дейін сандарды қосып алады сонымен қатар пішіндерді таниды, ажырата алады. Мысалдар мен есептер құрастыра алады және оларды шеше алады.

Балалардың даму үлгерімі мен оқу үлгерімдері бойынша мынаңдай деңгейді

көрсетеді.

- Сыныпта тыңдалым жақсы

-әр бала өзінің не істеп жатқаның түсінеді,белгілі бір білім қорына не

-әр бала өзінің білетінің жасай алады.

Осы білім салары бойынша мектепалды даярлықтобы жақсы көрсеткіштерді



көрсетеді.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІКТЕРІ МЕН


Денгейі

Балалар саны

Төмен денгеймен

Жоғары денгеймен

Үлгерім пайызы

Бастапқы

18

6

6

45

Аралық

17

5

9

56

Қортынды

17

4

11

82
ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУЫН ҚАДАҒАЛАУ БОЙЫНША ДИАГНОСТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ .

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет