Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құтикөл ауылы



Дата27.12.2016
өлшемі30,71 Kb.
#6105
Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Құтикөл ауылы

Т.Шонанұлы атындағы орта мектеп

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Төлепбергенова Рскүл Оңғарқызы
Тақырыбы: Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ
Мақсаты: Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту.

Міндеттері:

Оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту;

Оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ылпал ету;

Табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Күн,күн шапақтары,түрлі түсті кағаз,қарындаш

Әңгімелесу:

Әңгімелесу әдісін қолдану арқылы оқушылардың тақырыпқа сәйкес меңгерген білімдері мен игерген біліктерін айқындаймын. Сабақ тақырыбы бойынша әңгімелесу оқушылардың адам және табиғат туралы түсініктерін кеңейте түсіп, табиғаттың адам өміріндегі маңызы, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік, табиғатқа қарым-қатынас тұрғысындағы сұрауларға жауап іздестіру арқылы өз пайымдарын жеткізуге мүмкіндік туғызамын.

Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?

Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

Табиғатқа өз қарым-қатынастарыңды қалай білдіресіңдер? .

Мәтінмен жұмыс

Ақселеу Сейдімбектің «Бетпақдала» атты әңгімесін оқу ұсынылған. Әңгімені оқу барысында оқушылардың табиғатқа қарым-қатынас туралы білімдері арта түседі. Өйткені әңгімеден оқушылар адамның табиғатқа қарым-қатынасына көп нәрсенің байланысты екенін біледі. Әңгімеде адам мен табиғат арасындағы үйлесімділіктің сақталмауы, адамның қатыгездігі, озбырлығы, немқұрайдылығы табиғаттың ішкі заңдылығын бұзып, апатқа ұшыратып, оның зардабы адам баласының өзіне келіп тиетіні өткір көрсетілген.

Бетпақдала А.Сейдімбек

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

Хан жарлығы мен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайда душар етті?

Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуының себебі неде?

Тапсырма

Оқушылар тапсырманы орындау үшін табиғат туралы білімдерін еске түсіріп, ойланады.

Тапсырма: Табиғат тұтастығын сақтау жөнінде ұсыныстар айтып, оның мәнділігін дәлелдеңдер.

Ұсыныстарды әр түрлі үлгіде, яғни сызба, жоба, кесте, сурет, модель түрінде берулеріне болады.

Оқушылар ұсыныстарын сынып алдында жария етеді.

Оқу ақпараты

Біздің жер киелі жер.Ырғыздай тарихы мол жердің табиғатын қорғауға да дайынбыз. Шіркін, өмір-ай!Аз ғұмырда ұрпаққа із қалдырған данышпан Абай өмірінің соңында баласымен,бауырымен қоштаспай,тек туған жер,өскен елімен қимай қоштасқан мына өлеңіне назар аударайық «Өлсе өлер,табиғат адам өлмес,

ол брақ қайта келіп ойнап күлмес»

деген сөзінде барды жоғалту қиын ,жоқтың орнын толтыру ауыр.Сондықтан табиғат заңдылығын бұзуға болмайды. Табиғат адам баласының құтты қонысы,жайлы мекені.Ырыс дәулеті денсаулығының сенімді сақшысы.Сондықтан халық оны аялайды,қадір тұтады,күтіп баптайды.Адамның екі анасы бар:бірі туған анасы,екіншісі табиғат.Табиғат ұстаз,тәжірибелі тәрбиеші,адам мейірімділікті,сүйіспеншілікті,әдемілікті табиғаттан үйренеді.
(Топтастыру стратегиясы)

Абай:Егер маған біреу «дүние дидарындағы ең сұлуды,ең қымбатты,ең әділді аташы»,десе ,менсоның бәріне«табиғат»деп бір созбен жауап берер едім

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

Мәтінді оқыңдар. Табиғат пен адам тұтастығын көрсететін теңеулерді жалғастырып жазыңдар.

2-тапсырма

Табиғаттағы «Жасыл-достарға» арнап достық тілек жазыңдар.

3-тапсырма

Жоиылып құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат ғажайыптары атынан өтініш хат жазу

Жүректен жүрекке

Оқушылар кезекпен шеңбер бойына жиналып, ұсынылған сөйлемді өз ойларымен жалғастырып айтады: - Мен үшін табиғат маңызды, өйткені… .ын

Барлығы бірге «Ырғыз» әнін шырқайды. . Сөзі Н.Жүсіпов
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет