Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №3 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі



бет1/2
Дата26.06.2018
өлшемі493,12 Kb.
  1   2
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

№3 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі



Тажмағамбетова Меңдіхан Тоқтамысқызы



Түсінік хат
Тәуелсіз мемлекет ретінде елімізде көптеген өзгерістер болуда. Елдің ертеңі – жасөспірімдерге лайықты тәрбие беру – басты міндет болмақ.

Бүгінде жасөспірімдердің бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жолы халықтық, ұлттық тәрбие тағылымдарымен ұштастырылып жатыр.

Білім мен тәрбиенің мақсаты – дені сау, мәдениетті, адамгершілігі мол, имандылығы жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

ҚР-ның «Білім туралы заңы» мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық негізін қалыптастыруға ерекше назар аударуда.

Бұл әдістемелік құралдың мақсаты оқушылардың рухани, адамгершілік қасиетін ұлттық және адамзаттық қазыналар негізінде қалыптастыру.

Бұл әдістемелік құралды пайдалана отырып, ұстаз «адамгершілігі мол шешім қажеттілігі жоғары, инабатты, ізетті,сыпайы, ұлттық қасиеттерді бойына терең сіңірген азаматты» тәрбиелейді.


Тақырыбы: Туған тілім - ана тілім

Сабақтың мақсаты: оқушыларды ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге және тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсунуге шақыру, елжандылық, патриоттық сезіммен өз ана тілін сүюге, құрметтеуге оның құдіретін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали Мақатаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Абай Құнанбаев, және т.б. Ақын-жазышулардың тіл туралы айтқан пікірлерін, суреетерімен үлкен стенд етіп іліп қою. Күй жай ғана ойнап тұрады.

Бастаушы: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! «Туған тілім-ана тілім» атты сыныптан тыс шараны қазақ халқының салт -дәстүрі бойынша шашу шашып бастаймыз!!!

Бүгінгі тәрбие сағатымызда танымал ақын-жазушылардың ана тілі туралы айтқан асыл ойларын ортаға салмақпыз.



Бастаушы: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз- қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге баспайды. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз- тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып, үлкен мәртебеге ие болды.

1991 жылы 16 желтоқсанда елімізді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Ата заңы қабылданды.Осы жылы 16 желтоқсанда еліміз мерейтойын тойлайды.



Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»

Тауды көрсең күн көзіне таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім- мөлдіреген сол аспан.

Дала көрсен, көкжиекпен ұштасқан,

Көлді көрсең, секілді бір түскі аспан,

Менің байтақ Республикам даласы,

Менің көлім теңізбенен ұштасқан.

Қызыл Бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсен ашық Алатаудың үндерін,

Жерінде гүл, Көгінде күн бір жүзген

Ұлан-байтақ Республикам менің.

Мұқағали Мақатаевтің өлеңі «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым -Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым-тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші-Отан деген,

Кім мықты?-десе біреу,- Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.-деп, Мұқағали ағамыз жырлағандай, қазақ жері, қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениеті қарыштап дамыған бай өлкеге айналды.

Ал, кезінде қазақ халқының болашағы үшін оқуға, өнерге талпынған ағамыз Сұлтанмахмұт:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрлеп шығып күн болам!

Қараңғылықтың көгіне

Күн болмағанда, кім болам!- дегені- бұл күнде қиял-арман мен талап, ой ғана емес, іс жүзінде ақиқат шындық болып отыр.

Біз ана тілімізді- халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік тіл мәртебеге ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек

Бастаушы: Енді әзіл көрініске кезек береміз «Сырласу».

(әке):


-Сабақ қалай балам?

(ұл):


-Жаман емес, әке.

(әке):


-Жаман болмаса, жақсы екен. Қандай сонда бағаң?

(ұл:


-Бағанын несін сұрайсыз? Мысалы кеше диктанттан үштік баға алғам, бірақ арық арықтау.

(әке):


-Қайтесің шырағым, арықтау болса да баға ғой. Ол ештеңе емес-ау!..

(ұл) :


-Осы менің жазуыма ұстазым риза болмай-ақ қойды. «Талапқа сай жазды» деп өзгелерді мақтайды. Ал мен дегенде жыны бар. Сызықтан асып кеттің дей ме, тасымалды аттап кеттің дей ме, әйтеуір ескерпесі көп -ақ. Шынында, менің шақшадай басыма, сол ережелердің сиюы қиын-ақ! Әке, осы сіз оқығанда сөйлемдердің мүшесі болды ма?

(әке):


-Білмеймін, қарағым, есімде жоқ.

(ұл):


-Ал бізге мұғалім сөйлемнің бақандай бес мүшесі болады дейді. Әжеме айтсам «сөйлемей отыр, сөйлемде мүше болатын ба еді, мүше адамда ғана болады»,-дейді. Ол рас па, әке?

(әке):


-Рас болғанда қандай, адамда 7 мүше болады ғой.

(ұл:


-Иә, әжем де солай дейді. «Мұғалім айтып басыңды катыра берсе, 7 мүшен сау болсың, үйде отыра бер» дейді. Сонда әкемді тыңдаймын ба, әлде әжемді ме, әлде мұғалімді ме?

/иығын көтеріп, шығып кетеді/



Бастаушы:Тіл-ғылымның кілті, шындық пен данышпандықтың құралы. Яғни, тілден ащы сөз де шығады екен. Ендеше, сөз адамды өлтіре де алады, тірілте де алады. Тілдің құдіреттілігі, міне, осында болса керек. Тіл туралы өлеңдер оқып, тіл туралы түсінігімізді тереңдете түсейік.

Сүйемін өз тілімді-анам тілін

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Туған тілім тіргшілігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін.

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Ана тілін білу, оның қасиетін түсіну- бас парызымыз. Ана тілін үйрену- бұл ұлы іс. Әркім өз тілінде сөйлеуге тырысу керек.

Тіл байлығы- ой байлығы.

Тіл барша халықтың ортақ игілігі.

-Балалар, кім Отан туралы мақал-мәтелдерді біледі /оқушылардың жауабы/

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ал, сендерден балалар болашақта көп нәрсені күтуге болады. Себебі, сендер өз тілдеріңде, мемлекеттік тілінде жақсы сөйлеп, көптеген мақал-мәтелдер білесіңдер, жарайсыңдар!


Әндетіп шалқып қиялға сүйеп,

Ашыла түсер көңілдің күйі.

Өзің де үйрен, балаға да үйрет

Абайдың тілін, Жамбылдың тілін.



Абай Құнанбаевтін өлені « Ғылым таппай мақтанба »

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлүге.

Бес нәрсеге қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз...

Жамбыл Жабаевтың өлеңі:

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым кім берер,

жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз...

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсен,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгенніңнің бәрі -тұл.

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма...

Тез үйреніп, тез жойма,

Жас уақытта көңіл-гүл.

Ұмытсаң-дағы бөпеңді

Ұмытпа ана тіліңді.

Өз тілің- өскен өркенің

Ананың берген ақ сүті!

Мақтаныш ұлтың -ол сенің.

:Тіл- халықтың автопортреті. Әр тіл өз орнында ұлы. Тіл- бүкіл адамзат қазынасының ортақ палитрасында өз өрнегімен қымбат.

Бастаушы Көркем сөз дегеніміз қай елдің болса да бойындағы қайрат жігерінің, ой- сезімінің айнасы сияқты көрінеді екен. Сөзге өлім жоқ. Сөз арқылы тараған ойға өлім жоқ.

Ана тілі-ананың құнар сүті ғой

Ғұмыр бойы мен еметін.

Ана тілі- халқымыздың ырыс құты ғой.

Игілікке кенелетін.

Бастаушы: Ендеше әрдайым өз Отанымызды өз ана тілімізді мақтан тұтайық. Тіліміздің де, еліміздің де мәртебесі асқақтай берсін.

Бүгінгі «Туған тілім-ана тілім» ашық тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!



Тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі

Сабақтың мақсаты : Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы , микробтардың ағза үшін қауіптілігін , кір қолдың қандай ауруларға ұшырататынын , жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын айтып түсіндіру. Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ойлау қабілетін дамыту. Жас кезден бастап белсенді демалыс мәдениетін, қозғалыстың қажеттілігіне тәрбиелеу.

Керекті құралдар : жалауша , сөзжұмбақ, карточкалар , салат (қажетті заттар), жарнама ( қажетті заттар ) магнитафон

Алдын ала жүргізілген жұмыстар :

1. Залды әшекейлеу.

2. Мақал – мәтелдер жаттау .

3. Үй тапсырмалары

4. Жарнама

1 – бала Денсаулықты сақтауды ,

Тазалықты сақтауды,

Табиғатты сүюді,

Жалқаулықты тыюды.

Үйренеміз әрдайым.

2 – бала : Хош иісті сабынның

Көбігіне малынып,

Қолымызды жуамыз

Барлық кірден арылып.

Көкөністі жуып жеп,

Қайнаған су ішеміз.

3 – бала

Сақтағаннан тазалықты

Ауырмайды ішіміз.

Тазалықты сақтасаң

Ауырмайсың ешқашан.

Жүргізуші : Саламатсыздар ма құрметті қонақтар !

Сіздерді бүгінгі болатын «Тазалық – денсаулық кепілі » атты интелектуалды ойынымызға шақырамыз!

Ал , енді осы интелектуалды ойынға қатысушы «Тұлпар» мен «Сұңқар»

командаларын ортаға шақырамыз.

Ән : Балдырған

Жүргізуші : Сіздерге интелектуалды ойынымыздың шартымен таныстырып өтейін.

Бүгінгі интелектуалды ойынымыз 3 – кезеңнен тұрады:

1 – кезең «Денім сау болсын десеңіз»

2 – кезең «Дәрумендер пайдасы»

3 - кезең «Микробтарға қарсы күрес»

Сіздерге ескерту . Берілген сұрақты мұқият ойланып , тыңдап . толық жауап қайтарасыңдар !

Әр команданың үстелдің үстінде жалаушалар жатыр , қай кезде жауаптарың дайын болса , сол команда бірінші жауап береді. Ойын шартын бұзған команданың ұпайы шегеріліді.

Осы интелектуалды ойынымызға баға беретін әділ – қазылар құрамымен таныстыру.

Сонымен бірге ойынымыздың жанкүйерлері отыр.

Интелектуалды ойынымыздың 1 – кезеңі «Денім сау болсын десеңіз»

1. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек ?

2. Денсаулық туралы тақпақ .

3. Сөзжұмбақ шешу

4. Қажетті құралды белгіле. ( карточкамен жұмыс )

5. Денсаулық туралы мақал – мәтел

( жанкүйерлер қосымша жауап беруге болады)

Ән : «Біздің бақшада»

Интелектуалды ойынымыздың 2 – кезеңі «Дәрумендер пайдасы»

1. Қандай дәрумен түрлерін білесіңдер ?

2. Дәруменді не үшін жеуіміз керек ?

3. Ойын : « Пайдалы – зиян »

4. Дәрумендер қайда болады? ( карточкаларды көтереді )

5. Салат жасау ( үй тапсырмасы )

Би : «Дәрумендер»

Интелектуалды ойынымыздың 3 – кезеңі «Микробтарға қарсы күрес»

1. Микробтар қайда болады ?

2. Микробтарды болдырмау үшін не қажет ?

3. Микробқа қарсы күрес ( сурет салу )

4. Жарнама көрсету ( үй тапсырмасы )

Әр команданың бір – біріне тілегі , әділ – қазылардың қорытындысы .

Жүргізуші :Бүгінгі интелектуалды ойынымыз аяқталды, барлығыңызға көп – көп рахмет ! Алдағы уақытта ойын сабақтарын жалғастыра бермекпіз,кездескенше күн жақсы болғай !

Тақырыбы: «Сыйластыққа қадам. Отбасылық кеш»

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын

бір шарт - жас күнде көрген өнеге.

Жүсіпбек Аймауытов

Қоғам үшін әр кезеңде , әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке , білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. . отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.

Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты - балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.

- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .

- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі.

« Баланы жастан », « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ? » деген сауал туады.

Ұлы педагог А. С. Макаренко : « Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.

Отбасы - барлығының басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері.

Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .

Бала бақыты - білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А. Байтұрсынов.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.

Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

* Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;

* Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;

Ал міндеттері:

* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.

* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.

Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.

Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .

Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?

Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналар және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі:

* Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;

* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;

* Ұнайды;

* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;

* Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;

* Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;

* Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,

Мұғалімдер ата - аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек;

Бір – біріне көңіл бөлу

Тыңдау

Сыйлау


Көзбе – көз қарау

Тиімді орынды таңдау

әзілді сезіну

ұрыс – керістен сақтану сияқты

Сонымен қатар ата - аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;

Сиқырлы сөздер айту;

Баласының жетістігін айту

Сенімді болу

Көңіл - күйіне қарау

Намысына тимеу

Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б)

Қарапайымдылық

Пікірін сыйлау

Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары

* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді;

* Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;

* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;

* Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;

* Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;

* Мұғаліммен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;

* Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру;

« Таным » ата – аналар мектебінің жұмысымен танысу

« Таным » ата – аналар мектебі

Ата – аналар клубы

« Мектептегі, отбасындағы сыныптағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады»

Тақырыптық кеңес

« ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту »

Топқа ата – аналарды тартудың қажеттілігі

* Балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады

* балаларға маңызды жетістіктерге жете алады

* балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды

* мұғалімге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады

* ата - аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді

* ата – аналар мектептегі оқыту - тәрбие жоспарларымен танысады

Ата – анамен жүргізілетін жұмыс

Жұмыс түрлері :

кластағы ата - аналар жиналысы

мектепішілік ата – аналар жиналысы

ата – аналармен жеке кездесу

ата – аналар үшін ашық есік күн

мерекелік кештерге шақыру

ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру

отбасылық жарыстарға қатыстыру

Негізгі міндеттері :

*мұғалімнің топ ата - аналармен құрамын зерттеуі

* ата – аналармен тұрақты байланыс орнату

* ата – аналар ұжымын құру

* ата - аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру

* үштік одақ ( бала, ата – ана, тәрбиеші ) жұмысын жандандыру

Атқаратын қызметі :

* ата - аналарды топтағы оқу - тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру

* ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру

* отбасы тәрбиесі туралы ата - аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру

* ата - аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру

Ата - аналарға арналған жұмыстар

Тақырыбы: Табиғатты аялайық Мақсаты: Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын қалыптастыру Міндеттері: Балаларды тірі табиғат обьектілері оның ішінді жәндіктермен, олардың қасиеттерімен таныстыру. Олардың бір-бірінен айырмашылығын салыстыру. Эстетитакалық талғамын дамыту табиғат әсемдігін сезіне білу.

Тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты:

Мұғалім: Саламатсыздар ма, балалар!

Балалар бізге көп апайлар қонаққа келіпті.

-Балалар амандасады.

Мұғалім: Балалар бүгінгі біздің жобамыз өте қызықты болмақшы.

Жұмбақ: қаны жоқ, жаны бар, гүл іздеп сабылар (көбелек)

( осы кезде музыка ырғағымен әдемі көбелек ұшып келеді қолында гүлі болады)

Көбелек: Саламатсыздар ма, балалар? Мені білесіңдер ме? Мен көбелекпен мен жаз айында ұшып жүремін. Мен әдемілікті, әдемі гүлдерді жақсы көремін.

Мұғалім: Көбелек, көбелек біздің балалар сіз туралы көп біледі.

-Қане балалар, еске түсіріп жіберейікші.

Мұғалім интерактивті тақтадан қарай отырып, еске түсіреді, сұрақтар қою.

-Көбелек немен қоректенеді?

-Қасиеттері қандай?

-Муртшалары арқылы нені сезеді?

-Олар нені жақсы көреді.

Пайдасы мен зияны

Осы кезде жұмыртқа, жұлдызқұрт, қуыршақ, көбелек пайда болатын суреттерді көрсету.

Балалар тақпақтар айту арқылы ретімен айтады.

1. Жұмыртқадан жаралып,

Жапырақтан нәр алдым.

2. Жұлдызқұртқа айналдым

Бой тізеуші мергенші

3. Қабықтарым алғашқы

Бір неше рет алмасты.

Тие бермей.

Сергіту сәтін жасау.

Мен тимеймін, жасқанба

Дос болайық, көбелек.

Жайнап тұрған бақшамда

Гүлдерімді тере кет.

Жаңбыр жаушы себелеп,

Тақияның астыны

Тығына ғой көбелек.

Мұғалім: Балалар, осы көбелек неден пайда болатынын, бақылағыларың келе ме?

Мұғалім: Балалар, көбелек туралы біз көп біледі екенбіз. Енді осы көбелек гүлдің шырынымен қоректенеді ғой. Бізге көбелек, бәрімізге өзімен шырындарды сыйлыққа алып келіпті. Қане көбелектер сияқты шырынмен қөректеніп көрейікші.

Мұғалім: Балалар менің кетуім керек. Мен гүлдерімді сағындым. Оларды төзгездыруым қажет. Сау болыңдар!

Мұғалім: Балалар біз осы бір жәндік туралы көп білеміз. Енді осы мәліметтерді өзіміздің жадымызға, ойымызға сақтап жүрейік. Келген апайларға көп рахмет!

-Сау болыңыздар. Балалар қоштасып шығып кетеді.

Тақырыбы: «Сен өз құқығыңды білесің бе»

Мақсаты: адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу; дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашу; оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Барысы.


1. Кіріспе.

Қысқаша шолу. «Бүгін сабақта»

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

ҚР Конституциясы.

Өмір, денсаулық, бостандық.

2 . «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)

а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?

ә) Партада кіммен отырдың?

б) Білім туралы мақал айт.

в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?

г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?

3. «Бәріміз бірге!» ойыны ( қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)

а) Біздің мемлекет – ҚР.

ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.

в) Елорда – Астана.

г) ҚР кім басқарады? – Президент.

Мұғалім: – Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқыған бар.Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өо Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

4. Пікірталас.

- Адамға не қымбат? – Өмір

15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

1. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хұқылы.

- Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыныз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

Олай болса, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.

Оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман-тоғай елімізді.

Сабақты қорыту.

-Сендердің қазіргі міндеттерің? -Адамзаттың басты құндылықтарын ата.



Тақырыбы: “Өлеңсөздің патшасы сөз сарасы

Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілеремен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой – өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, “ Тайқазан ”, “ Алтын адам ” суреттері. Өнер туралы өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер:

Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет.

Қолөнер – мол өнер.

Өнер талаптан туады.

Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен. – деген сөздер жазылып ілінеді. Магнитофон, “ Мақал құрастыр ойыны ”.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

I. Бөлім

Кіріспе


Мұғалім сөзі:

Бүгінгі тәрбие сағатымыз “ Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы ” деп аталады. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.

Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.

Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. Ортаға екі жүргізуші шығады.

Екеуі бірігіп: Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу маржан шашайық!

Қонақтарды таң қалдырып,

Өнерді күмбез жасайық!

1 – жүргізуші: Ассалаумағалейкум, уа халайық!

2 – жүргізуші: Армысыздар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар!

1 – жүргізуші: Ұлттың негізгі тірегі – ана тілі. Ана тілінен айрылған халық ұлт емес. Тіл – киелі дүние. Тілімізден айрылғанымыз ұлттық қасиетімізденайрылғанымыз. Әжелеріміз бесікті тербете отырып өмірлі бол, ақ ботам Бақытты бол, ақ қозым – деп жырлаған.

Магнитофоннан “Бесік жырын” тыңдау.

2 – жүргізуші: Осы ана тіліміздің ең асқар биігі, мөлдір маржаны, қасиетті қаусары – өлең. Өлең – тілдің соғып тұрған жүрегі, жүріп тұрған қаны.

1 – жүргізуші: “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” – деп Абай атамыз айтқандай, сөз кезегін әнге берейік.

Хор: “Ана тілі”

II. Бөлім “Қолөнер – мол өнер”

1 – жүргізуші: Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою – өрнек. Енді ою – еліне саяхатты тамашалаңыздар.

Ою түрлерін көрсете отырып, ою түрлері туралы оқушылыр орындайтын жұмыстар.

Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.

Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі.

Қошқармүйіз – әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз.

Құстаңдай оюы – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі.

Оқушы: Көрші әжей өнерлі!

Барып тұрам күнде мен

Құрмет тұтып шеберді!

Ою – өрнек үйренем.

“Мақал құрастыру” ойыны

Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шеберді – бізі.)

Қолы – тоны (Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны өнер.)

Жақсы – жаман (Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.)

III. Бөлім “ Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні”

Бұл бөлімде зергерлік өнер туралы әңгімелейміз.

Мұғалім: Балалар, өскенде кім боласыңдар оны өздерің таңдайсыңдар, ал мен бүгін тағы бір қазақтың қолөнерімен сендерді қызықтырғым келеді. Ол – зергерлік. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.

1 – оқушы: Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған.

2 – оқушы: Зергерлер қолынан неше түрлі әшекей бұйымдар шыққан. Ең көрнектісі де, сымбаттысы да – Сәукеле.

3 – оқушы: Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы, ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады.

4 – оқушы: Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл жасалады.

5 – оқушы: Ертеде қыз балалар шашына шашбау таққан. Ызған не болмаса кестеден бау жасаған. Оған ұсақ жеңіл күмістер, моншақтар таққан.

6 – оқушы: Зергерлер әйелдер үшін – оймақ, алқа, түйреуіш, қапсырма ерлер үшін – насыбай шақша жасаған. Оны әдемілеп әшекейлеген.

7 – оқушы: Ұлдар атқа мінген кезде зергерлер әдейі ер – тұрман жасаған. Ертұрманды нағашы жұрты жиендеріне сыйға тартқан. Оны ашамай ер деп те атайды.

8 – оқушы:

Білесің бе бұл істі

Зергерлікке кім дайын?

Балқытып – ап күмісті

Сапырады су дайын.

9 – оқушы:

Демеңдер бұл қалай

Күмісті де илеген

Осы өнерді мұрадай

Зергерлерден үйренем.

Қорытынды

Мұғалім: Міне балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда қазақ халқының өнер түрлерімен таныстық.

Халық өнері тек қана эстетикалық мұрағат емес, ол сонымен қатар халықтың белгелі бір тариха кезеңіндегі таным – түсінігінен, өмір – салтынан, сұлулық туралы ой – талғамынан хабар береді. Есік қаласында табылған “Алтын киімді адам” әлемде теңдесі жоқ қолөнер болып саналады.

600 жыл бұрын әйгілі құймашы Абдуал – Әзілдің қолынан шыққан алып Тайқазан Түркістанға Қожа Ахмет Яссауй мовзалейіне қайтып оралуы – мәдениет пен әдебиет саласындағы үлкен оқиға.

1 – жүргізуші: “Туғанда дүние есіген ашады өлең” – деп ұлы Абай айтқандай ән – жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ.

2 – жүргізуші: Енді сөз кезегін әнге берейік.

Ата – аналар “Дедім – ай – ау” халық әнін орындайды.

1 – жүргізуші: “Өнер – таусылмас азық, жұтамас – байлық” – дейді халық даналығы. Өнер түрлері елде мол. Халықпен бірге жасап келеді және жасай береді.



Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін біліп жүр.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол

Ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе

Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жолбойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолғашығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақаталады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын « Жолда жүру ережесі » тақырыбындағысабақтымұқияттыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала жолережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі ,тәртіпті бала .

Мұғалім : Ал енді Жол тәртібін біліп жүр атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .

ІІ. Негізгібөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

1.Ала таяқ ұстаған,

2.Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған.

Адам тасып аялайды.

Өміріңді күзеткен, (Автобус)

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

3.Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып ,алысқа жеткізген. (Жол)

4.Жоқ өзінде бас та ,ауыз да , құлақ та ,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5.Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6.Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын білу, баршамызға керек.

-Неге ?


Біздің қаламызда ,сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да ,үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

2.Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

3.Жиек жолдеген не ?Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Тақтада:Қызыл – Тоқта !

Сары – Сақтан !

Жасыл – Жол ашық

Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға !

Сары көзін ашқанда ,

Қарап қалма аспанға !

Жасыл көзін ашқанда ,

Өте бергін , жасқанба !

Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Ән: Бағдаршам

1.Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата – ана .

Жолда сен бол лайық,

Жасұлан деген атқа

Қ- сы :


Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

2.Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың ,

Сен өзіңдісаусақтап

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы ,канне кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақшүберекпен таңған , сыртынан қаншып – шыпшықан аю өкіріп келе жатады)

Инспектор :

Апа, қараңыз мына сұмдықты ,

Маймақты кім қыңжылтты ?

Мед.бике:

Маймағым, не болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

Аю:Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,

Сақтапқал ,апа жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Медбике: Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті бұздың қарынның қамыүшін.

Міне, енді еңірепт ұрғаның ұят – ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю:Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын. Кешіріңіздер мені!

Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?

Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде ,оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше, сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

Оқушы қалай өтетінін көрсетеді.

Инспектор: Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

Бағдаршам:Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Бағдаршам:Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жолашық!»

Жүрме жолға таласып.

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру ,ескерту белгісі

Қып – қызыл үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.

Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу белгісі

Қызылмен боялған ,шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан – жақты.

Міндеттеу белгісі

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол ,шартыңды міндетті орында !

Ңұсқау белгісі: Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол сілтеп ,жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де ,түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

Қорытындылау :

Мұғалім : Балалар, бүгінгісабақты қорыта келе «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.

Ирек – ирек көшелер,

Көшедеген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жергеасықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет