Ақтөбе облысының тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін айқындау туралы



Дата26.06.2018
өлшемі21,24 Kb.
#44487


Ақтөбе облысының тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін айқындау туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 137 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 мамырда № 5510 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13375 тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпандағы № 53 бұйрығымен бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесінің 6-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының тірек ауылдық елді мекендердің тізбесі айқындалсын.

      2. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.С.Биахметовке жүктелсін.



      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысы әкімінің

      міндетін атқарушы

Ж.Бексары

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т.Сүлейменов

      "____" _________ 2017 жыл

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің

 

2017 жылғы "11" мамырдағы

 

№ 137 қаулысымен бекітілген

Ақтөбе облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі

№ р/с

Аудан атауы

Ауылдық округ атауы

Ауылдық елді мекеннің атауы

1

2

3

4

1

Әйтеке би ауданы

Әйке ауылдық округі

Әйке ауылы

2

Әйтеке би ауданы

Құмқұдық ауылдық округі

Құмқұдық ауылы

3

Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ ауылдық округі

Қарабұтақ ауылы

4

Алға ауданы

Маржанбұлақ ауылдық округі

Маржанбұлақ ауылы

5

Байғанин ауданы

Жарқамыс ауылдық округі

Жарқамыс ауылы

6

Байғанин ауданы

Көлтабан ауылдық округі

Жарлы ауылы

7

Ырғыз ауданы

Аманкөл ауылдық округі

Кұтикөл ауылы

8

Ырғыз ауданы

Қызылжар ауылдық округі

Құрылыс ауылы

9

Қарғалы ауданы

Желтау ауылдық округі

Петропавлов ауылы

10

Мәртөк ауданы

Родников ауылдық округі

Родников ауылы

11

Мәртөк ауданы

Жайсаң ауылдық округі

Жайсаң ауылы

12

Мұғалжар ауданы

Ақкемер ауылдық округі

Ақкемер ауылы

13

Мұғалжар ауданы

Батпақкөл ауылдық округі

Жағабұлақ ауылы

14

Мұғалжар ауданы

Еңбек ауылдық округі

Сағашилі ауылы

15

Темір ауданы

Кеңқияқ ауылдық округі

Кеңкияқ ауылы

16

Ойыл ауданы

Ш.Берсиев ат. ауылдық округі

Қаратал ауылы

17

Ойыл ауданы

Көптоғай ауылдық округі

Көптоғай ауылы

18

Ойыл ауданы

Сарбие ауылдық округі

Сарбие ауылы

19

Қобда ауданы

Бегалы ауылдық округі

Калинов ауылы

20

Қобда ауданы

Бұлақ ауылдық округі

Әлия ауылы

21

Қобда ауданы

Жиренқопа ауылдық округі

Жиренқопа ауылы

22

Хромтау ауданы

Ақжар ауылдық округі

Ақжар ауылы

23

Хромтау ауданы

Көктау ауылдық округі

Көктау ауылы

24

Хромтау ауданы

Бөгетсай ауылдық округі

Бөгетсай ауылы

25

Шалқар ауданы

Айшуақ ауылдық округі

Бегімбет ауылы

26

Шалқар ауданы

Мөңке би ауылдық округі

Мөңке би ауылы


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Каталог: sites -> default -> files -> osnovnaya
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
osnovnaya -> 500 мыңға жуық адамды қамтитын, 2200-ге жуық шараны өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде
osnovnaya -> Жекешелендірудің екінші ағымы аясында сауда-саттықты өткізу туралы ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет