Қатты денелер физикасы



бет22/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   252
Металдық байланыс
Менделеев кестесінің әрбір периодының басында тұрған металдар ерекше денелер тобын құрайды. Металдық байланыстың пайда болуын иондық және коваленттік байланыстар тұрғысынан түсіндіру мүмкін емес. Шын мәнінде иондық байланыс металл және галоидтар атомдары арасында, яғни қосымша электрон қосып немесе беріп жібере алатын атомдар арасында пайда болады. Мұндай байланыс металдардың біртекті атомдары арасында бола алмайды. Екінші жағынан, металл атомдарының көршілес атомдармен валенттік байланыс жасауға қажетті электрондары жоқ. Мысалы, мыс атомының бір ғана валенттік электроны бар және бір атоммен валенттік байланыс жасай алады. Мыстың кристалдық торында әрбір атом он екі көршілес атомдармен қоршалған, ол олармен күштік байланыста болуы керек. Бұл, металдарда ерекше байланыс күштерінің бар екендігін көрсетеді, оны металдық байланыс деп атайды. Осы күштің табиғатын қарастырайық.


1.8 -сурет
Металл атомындағы сыртқы валенттік электрондар ядромен нашар байланысқан. Сұйық және қатты күйде атомдардың бір-біріне жақын орналасатыны соншалық, валенттік электрондар өздерінің атомдарын тастап, кристалдық тор ішінде емін-еркін қозғалып жүреді. Сонымен, металдың кристалдық торында теріс зарядтың біртекті таралуы байқалады. Ол тікелей тәжірибелер барысында дәлелденген.

Мысал ретінде 1.8-суретте рентгенографиялық әдіспен алынған алюминийдің кристалл торлары түйіндері арасындағы электрондық тығыздықтың тәжірибелік таралу қисығы көрсетілген. Түйіндер арасындағы кеңістіктің басым бөлігінде электрондық тығыздық тұрақты түрде сақталады. Тек қана түйіндерде ол алюминий атомының ішкі бұлтшалары есебінен күрт артады.

Металл торларындағы байланыс оң иондардың электрондық газбен өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Олардың арасында тұрған электрондар оларды өздеріне тартып, аттас зарядталған иондар арасындағы тебіліс күштерін теңестіруге тырысады. Иондар арасындағы ара қашықтық азайған сайын электрондық газдың тығыздығы артады, соның нәтижесінде иондарды тартушы күш те артады. Екінші жағынан, иондар арасындағы ара қашықтық азайған сайын, иондарды бір-бірінен алыстатуға тырысатын тебіліс күштері артады. Тартылыс күші мен тебіліс күштері тепе-теңдікте болатын ара қашықтыққа жеткенде тор орнықты болады.

Көріп тұрғанымыздай, металдық байланыс пен валенттік байланыс арасында ұқсастық бар, себебі екеуінің де негізі сыртқы валенттік электрондардың бірігуінде жатыр. Бірақ та, валенттік байланыста көршілес атомдар болып табылатын атомдар жұбы электрондары бірігеді, бұл электрондар үнемі атомдар арасында, ал металдық байланыс кезінде кристалдың барлық атомдарындағы электрондар бірігеді және олар тор ішінде еркін қозғалып жүреді.



Сутектік байланыс
Сутектік байланыс сутек атомы өте теріс электрлік атоммен, мысалы оттегі, фтор, азот, хлор және т.б. атомдармен байланысқан кезде пайда болады. Осындай атом электрондарды тартып алады да, теріс зарядталады, ал электроны кетіп қалған атом оң зарядталады. Сутектік байланыс зарядтардың электростатикалық тартылуына негізделген.

1.9 –сурет


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   252




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет