Атты мақалаға талдау



Дата30.03.2018
өлшемі48,95 Kb.
#39902
«Ұлттың қазығы да, қазынасы да – тіл» 

атты мақалаға талдау


(«Ана тілі» газеті, 09- ақпан, 2015)

Халықтық мәдениет пен құндылықтарды бойына сіңірген ұлт тілі – ол ағып жатқан арналы кәусар бұлақ, баға жетпес рухани қазына. Тау-тасты жарып аққан небір керемет арынды өзендердің өзі әртүрлі табиғи өзгерістерге түсіп жатады. Жолындағы құмды шөлден өте алмай, сіңіп жоқ болып немесе арнасы шөп-шаламмен былғанып, соңы лайға айналып жатқаны қаншама! Міне, сол секілді тіл де жанды құбылыс. Бұлақтың көзін ашсаң одан әрі ағады, ал қоқыспен бітесеңіз немесе басқа арнаға бұрып жіберсеңіз, бір өзен екіншісіне қосылып, жоғалып тынады. Әлемде күн сайын, тіпті сағат сайын екінші тілдің жетегінде кеткен кейбір тілдер жаңағы бұлақ секілді біржола жер бетінен жойылып жатыр.

Қазақ тілі сөйлейтін адамдар саны жағынан әлемдегі тілдер арасында жетпісінші, ал тіл байлығы жағынан екінші, үшінші орындарда. Ең бай тіл саналатын араб парсы тілінің 12 миллионнан астам сөздік қоры болса, қазақ тілінің сөздік қоры бүгінгі таңда жеті жүз мыңдай. Оның үстіне, сапалық деңгейі жағынан өзге тілдерден анағұрлым жоғары.Ал жаһанданудың ұйытқысы болып саналатын ағылшын тілі жыл сайын жиырма бес мыңдай жаңа сөздермен толығып отырса, оқшауланған отыздай тілдің жұтылуына көмектеседі екен.

Тіліміздің шұбарланбай күні бүгінге дейін таза қалпында сақталып келуінің негізгі құпиясы – бұл көшпелі халық мәдениетінің көпке дейін басқа ұлт мәдениетінен оқшау дамуында. Көшпенділер өз мәдениетін дамыта отырып, ұлттың рухани қазынасы тіл байлығын молайтты, өмірде көрген-білгендерін ой-санасында қорыта отырып, тілі арқылы кейінгі ұрпағына мұра етіп қалдырды. Тіл – ұлттың дәстүрімен, тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты. Мәселен, бір кездерде мал шаруашылығымен айналысатын қазақ жұрты баласын «ботақаным» деп мейірленіп, айналып толғанса, ал бүгінде «ботақан» сөзінің не екенін білмейтін орыстілді қандастарымыз қаншама.

Ата-бабаларымыз бірнеше том болатын жыр, қисса-дастандарды таңды таңға ұрып, жатқа айтқан. Соның арқасында тіл ұстарып, сөздік қор ұлт арасында кеңінен пайдаланылған. Бүгінде ғалымдарымыз, жазушыларымыз жазудай-ақ жазып жатыр. Бірнеше томдаған кітаптар да шығаруда. Бірақ оны бірен-саран адам ғана болмаса, жалпы жұрт пайдаланбайды. Сөздік қор қолданыста болмағандықтан да, қолданылу аясы тарылып, жылдан-жылға халық арасындағы сапалық деңгейі ортая түсуде.

Қазақ тіл тарихы қилы кезеңдерді басынан өткерді. Біріншіден, қазақ халқы 300 жылдай қытай араб, жоңғар, шапқыншылығынан зардап шегіп, тақымын жаза алмаса, кейінгі 300 жылда Орыс империясының бодандығында болып, жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрды. Ғасыр басында қазақ түркілер әлемінде бүгінгі түріктерден кейін екінші орында тұрса, бүгінде түріктердің өзі 80 миллионнан асып, әлемнің барлық елдеріне аттары мәшһүр бола бастады. Әзірбайжандар 40 миллион, өзбек ағайындар 35 миллионнан асып барады, ал біз таза қазақ 10 миллионға да жете алмай келеміз. Соған қарамастан басқа түркі тілдерімен салыстырғанда сөздік қоры жөнінен қазақ тілі ежелгі таза қалпын сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Бүгінгі зерттеулердің негізіне сүйенсек, тілдің осынша құнарлы болуы, бейнелі болуы, таза қалпын сақтауының негізгі қайнар көзі – бұған дейінгі ауыздан-ауызға тарап келе жатқан қазақтың жыраулық, ақындық өнерінің, яғни ауыз әдебиетінің күні бүгінге дейін сақталуы.

Тіл дамуының негізгі қозғауыш күші де, ертеңгі болашағы да бүгінгі жас бүлдіршіндер. Белгілі тіл жанашыры, ұлт көсемі М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзі тектен-тек айтылмаса керек. Сондықтан, біз ең әуелі басты назарды бала тәрбиесіне аударуы¬мыз керек. Бүгін сәбидің тілін қалай шығарсақ, ертең ол дәл солай сөйлейді. Бүгінгі таңда балабақша, мектеп, тіпті жоғары оқу орындарының өзінде де тіл мәселесінің ақсап тұрғаны баршамызға аян. Балабақша – әр баланың отбасынан кейінгі екінші тіл дамыту орталығы. Сондықтан балабақшадағы тәрбиеге, ондағы оқу құралдарының мазмұнды болуына бәріміз де салғырт қарамауымыз керек. Қазақ отбасында дүниеге келген әр баланың тілі қазақша шығады деу қиын. Өйткені барлығының ата-анасы бірдей тілге жетік, сөзге бай, бейнелі сөзді меңгерген жандар емес. Өзі қазақша жақсы сөйлей алмаған ата-анадан қазақы ұрпақ күту де қиын. Сондықтан бұл жерде қазақ балабақшасының рөлі ерекше. Ең бірінші кезекте бала тәрбиешілеріне көңіл бөліп, жағдай жасағанымыз абзал. Тәрбиешілердің бүгінде алатын айлықтары 30-40 мың теңгеден әрі аспайды. Мұндай айлыққа қандай маман жұмыс істейді?

Ал кейбір отбасыларда баланың тілі қос тілде шығады. Қостілділіктің жақсы тұсы, артықшылығы бар шығар, алайда қазақ өз баласының тілін алдымен қазақша сындыруы керек. Әйтпегенде, не өз ана тілінде дұрыс сөйлей алмайтын, не өз тілін менсінбейтіндер саны өкінішке орай, тағы біреуге артады. Бұл бара-бара үлкен қасіретке айналары сөзсіз. Сол себепті де әр ата-ана өз баласының тілінің шығу үрдісіне немқұрайлы қарамай, отбасында орынсыз басқа тілдерде сөйлеспеуі, баланың қабылдауына ауырлық, салмақ салмаулары керек деп ойлаймын. Әсіресе орыс балабақшаларында тәрбиеленген қазақ балаларының тілі сол күйі «ң» мен «ә»-ге келмей қалыптасып өсіп жатыр.

Балаға шет тілін балабақша түгілі бастауыш сыныптың өзінде оқыту асығыстық. Бұл қазақ ұлты үшін берік қағида болуы керек.

Кезінде қазақ тілінің алғашқы жанашыр ғалымдары, тілдің ғылыми негізін салушылар А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Т.Тәжібаев қазақ мектебінде оқып, ұлттық тәрбие алмаған баладан ұлттық мүддені күтуге болмайтынын қадап айтқан болатын. Ал Т.Тәжібаев, М.Мырзахметов сынды ғалымдар аралас мектептердің қазақ балалары үшін зиянын дәлелдеген бір-бір кітап жазып қалдырды. Бірақ оған құлақ асып жатқан біз жоқ. Бір айта кететін жайт, бұл жерде тіл үйрену мен ұлттық тілде ұрпақ тәрбиелеу мәселесінің ара-жігін айыра білгеніміз жөн. Өзге тілді білгеннен адамдардың өресімен бірге өрісі өсіп, ел-жұртты танитыны сөзсіз. Бірақ өзге дүниені ұлт көзімен қарау, ұлттық психологияда тану әркімнің қолынан келе бермейді. Мәселен, бүгінгі таңда орыс халқының көзімен дүние есігін ашқан, білімін орыс дүниетанымымен жетілдірген, орыс рухымен сусындап философиясынан нәр алған кейбір мемлекет басындағы мықты деген қазақ азаматтарының өзі ұлттық мүддеге келгенде тайсақтап, бойкүйездік танытады. Оның себебі тілдік рухтың жоқтығында.




Қорытынды: Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.“Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.


Қазақ тілі және мәдениеті

кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова


Тақырып бойынша ұсынылады:


  1. « Қазақ тілі» Балтабаева Ж. Қ, Солтанғазина М.Қ

  2. «Тіл мәселесі» Ермек Мұқанғалиев


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет