Аудан мектептерінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының орындалуын зерделеу қорытындысы бойынша анықтама



Дата29.03.2017
өлшемі155,6 Kb.
Аудан мектептерінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының орындалуын зерделеу қорытындысы бойынша

АНЫҚТАМА

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес 2014 жылдың 11- 14 қараша күндері аудан мектептерінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының орындалу барысы зерделенді.



Зерделеу барысында білім беру мекемелерінің Жұмыстық оқу жоспарлары, оқу –тәрбие жоспарлары, жоспарлардың орындалуы, Алфавиттік кітаптың жүргізілуі, сынып журналдары, оқушылардың жеке іс құжаттары, күнделіктері және оқу жоспарындағы вариативті бөліміндегі пәндердің оқытылуы тексеріліп, зерттелді.

Барлық білім беру мекемелерінде жұмыстық оқу жоспары әзірленіп, бекітілген. Дегенмен зерделеу барысында Р.Смаилов атындағы орта мектепте жұмыстық оқу жоспарында 11 «А» сыныбында «Журналистикаға кіріспе» курсы сабақ кестесінде «Журналистика негіздері» -деп көрсетілген. Бірлес орта мектебінің жұмыстық оқу жоспарында 10 сыныпта «Қазақстанның экологиялық проблемасы» деген, ал сынып журналына «Экология» - деп жазған. Сол сияқты жұмыстық оқу жоспарында 10 сыныпта «Молекулалық физика» деп берілген бағдарламасы бар, журналда мүлдем жоқ. Бұл сабақтың жүргізілуіне 2 апта болған, оған дейін өтпеген. А. Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектебінің 8 «Б» сыныбында жұмыстық оқу жоспарында «Химиялық элементтер сыры» деп көрсетілсе, сынып журналына «Алгоритмдеу және программалау» курсы деп жазылған. Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінің 6 «б» сыныбының жұмыстық оқу жоспарында «Мәнерлеп оқу» деп көрсетілген, сынып журналында «Мәнерлеп оқу» деп жазылып, толтырылған, 7 «б» сыныбының Жұмыстық оқу жоспарында «Киелі Құлан тарихы» деп көрсетілсе, сынып журналында «Киелі Құлан өңірі» деп жазылған. Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінің 5 «а» сыныбының Жұмыстық оқу жоспарында «Грамматикалық структура» деп көрсетілсе, сынып журналында «Қарапайым грамматикалық структура» деп жазылған. Қ.Сатбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің 11 «А» сыныбы бойынша оқу жоспарының вариативті бөлігінен берілген мектеп компонентінің «Шешендік сөз – шеберлік өрнегі», «Абайтану» курстары сынып журналына да, «Оқушы компоненті» журналына да жазылмаған. Осы күнге дейін бұл пәндер өтілмеген. (п/м Қайпылдаев Т) Малдыбай орта мектебінде 3 сыныптың оқу жоспарында «Тіл дамыту » курсы жоспарланғанымен, сынып журналында курс мүлдем жоқ. Сонымен қатар 4 сыныпта «Ғажайып сандар әлемі» 13 қазаннан бастап толмаған ( Молдашева Мая). Сабақ кестесінде бұл курс жазылмаған. 5 сыныпта «Бейнелер сыры» курсына 5-ақ оқушы қамтылған (Мұғалім Абдикаримов Нұрлыбек). 7 сыныпта оқу жоспарында көрсетілген «Комьпютерлік желілер» курсы журнал және сабақ кестесінде «Ғажайып информатика» атауымен тұр және бұл курс 26 қыркүйектен бері журналда толтырылмаған болса , сабақтардың тақырыптары 17 қазаннан бастап жазылмаған. (Мұғалім: Абдикадыров Досжан). Журналдағы «Өлкетану» курсы оқу жоспарында жоқ. 9 сыныпта «Пікірсайыс» курсы 15 қазан күнінен бастап толмаған. (Пән мұғалімі: Қазақбаева Балзия.) Малдыбай орта мектебінде 10 сыныпта «Физика және экология» курсы 14 қазаннан бастап толмаған. 5 сынып журналында сабақ кестесіндегі сағат саны оқу жоспарындағы сағат санымен сәйкес келмейді. Мысалы: қазақ тілі пәні журналда 4 сағат болса, оқу-жоспарында 3 сағат; пән атаулары толық жазылмаған. Мамайқайыңды бастауыш мектебінде 2 сыныптың оқу жоспарында «Шешендік өнер» курсы деп көрсетілсе, сынып журналында «Шешендік өнер әліппесі» деп жазылған. Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебіндегі 9 «Ә» сыныбында «Шебер қолдар» таңдау курсы 9 қазаннан бері толтырылмаған. (Ш.Мансуров) Подгорное шағын орталықты орта мектебінің 10 «Б» сыныбына берілген «Тіл мәдениеті» «Краеведение» қолданбалы курстары журналға жазылмаған, бірақ Жұмыстық оқу жоспарында тақырыптары тұр, бағдарламаларын көрсете алмады. №2 шағын орталықты орта мектебінде 3 «б» сыныбының оқу жоспарында «Тіл ұстарту» курсы деп көрсетілсе, сынып журналында «Тіл дамыту» курсы деп жазылған, сол сияқты 2 «а, д, в» сыныптарында оқу жоспарында «Көркем әдебиет» деп жазылса, сынып журналында «Тіл дамыту» курсы деп жазылған.

Зерделеу барысында мектептердің Жұмыстық оқу-тәрбие жоспарлары, және оның орындалуы зерделенді. Нәтижесінде төмендегі кемшіліктер анықталды. Сөгеті бастауыш мектебінде талдауда тек мұғалімдер туралы мәлімет көрсетілсе, Жамбыл атындағы орта мектебінде талдау мазмұны әңгіме мазмұнын баяндау ретінде жазылған, атап айтар болсақ, «Аталған семинарға өкінішке орай 67 мұғалімнен 10 мұғалімді зорлықпен қатыстырдық. 57 мұғалім семинарға қатыспаса, өзін педагог екендігін сезінбесе, тәртіптік шара қолдану керек екендігі айтылып тұр». Малдыбай орта мектебінде биылғы 2014-2015 оқу жылының оқу- тәрбие жоспарының мақсат, міндеті мен стратегиялық даму жоспарында 2013-2014 оқу жылы деп көрсетілген. Р.Смаилов атындағы орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.А. Макашева жасаған жоспарында семинар тақырыптары дұрыс алынбаған, мысалы «Қазіргі орта мектепте қоғамтануды оқытудың мазмұны, құрылымы, технологиялары», «Оқыту мен оқуда жаңа әдістерді қолдану арқылы мұғалімнің кәсіби өсуін арттыру» тақырыбындағы семинарлар.Осы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Әлибаевтың жылдық жоспарында қазан айында жүргізілген тексеру барысында аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің астын сызып көрсетілген грамматикалық қателері түзетілмеген және жоспарда директор жанында қарауға қойылған мәселелер директор жанындағы кеңес жоспарында мүлдем жоспарланбаған. Тәрбие жұмысы бойынша осы мерзімге дейін өткізген іс-шаралар материалдарын көрсете алмады. Жамбыл атындағы орта мектепте жұмыстық оқу-тәрбие жоспарының «Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандартын орындау» бөлімінде қазан айында «тарих, география пәндерінің оқытылу жағдайын» директор жанындағы кеңесте қарау жоспарланған, алайда бұл мәселе ДЖК жоспарына мүлдем енгізілмесе, осы бөлімде ақпан айында «Математика, физика, информатика пәндерінің оқытылу жағдайын тексеру» мәселесі де ДЖК-те қарау жоспарланған, ал бұл мәселе қараша айында педагогикалық кеңес жоспарына енгізілген. Малдыбай орта мектебінде жұмыстық оқу-тәрбие жоспарының «Педагог кадрлармен жұмыс» бөлімінде семинар өткізу жоспарланған, алайда семинар тақырыбы да мерзімі де мүлдем көрсетілмесе, Малдыбай орта мектебі мен Сөгеті бастауыш мектебінде «Мектепішілік бақылау» бөлімінде жоспарланған жұмыстардың қаралатын орны көрсетілмеген. Малдыбай орта мектебінде мектепте «Оқу –тәрбие үрдісін басқару, бақылау, басшылық» бөлімінде ДЖК-те қарауға қойылған жоспарланған 17 мәселе ДЖК жоспарына енгізілмеген. Қ. Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің оқу – тәрбие жоспарында қазан айында «Математика, физика, информатика» пәндерінің берілу жағдайы, «1-4 сыныптардағы мектеп компонентіндегі пәндердің берілуі», «5-9 сыныптардағы оқу компоненті берілуі, оқытылу жағдайы» туралы жоспарда жоспарланғанымен, бірақ осы уақытқа дейін еш жерде қаралмаған, материалдары, хаттамасы жоқ. Сол сияқты қыркүйек айында оқу тәрбие жоспарында «Технология, АӘД пәндерінің берілу жағдайы» туралы жоспарда жоспарланғанымен, бірақ еш жерде қаралмаған, тексеру анықтамасы жоқ. №2 шағын орталықты орта мектебінің оқу – тәрбие жоспарында кейбір жоспарланған іс – шаралар мектептің педагогикалық кеңесінде жоспарланбағаны анықталды.

Сөгеті, Шолаққайыңды бастауыш мектептерінде өткен оқу жылына талдау биылғы оқу жылында педкеңесте қаралмаған және жоспарланбаған.

Шолаққайыңды бастауыш мектебінің жұмыстық оқу-тәрбие жоспарындағы жоспарланған жұмыс түрлері жалпылама алынған, қаралатын мерзімдері көрсетілмеген. «Басқару, бақылау жұмысы» бөлімінде бастауыш мектеп деңгейіне қажетті емес «Пәндік олимпиаданың І кезеңін өткізу», «Пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі қорытындысын талдау» тақырыптары жоспарланған. І педагогикалық кеңесте жоспарланған 3 мәселе хаттамада жазылмаған, демек ол мәселелер қаралмаған деген тұжырым жасауға болады.

Сөгеті бастауыш мектебінде 2-ші педкеңесте қаралған мәселелердің, Малдыбай орта мектебінде осы оқу жылындағы 2 ДЖК және 1 педкеңес анықтамалары тіркелмеген. Б.Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектебінің тамыз айында «Жалпыға міндетті оқуға қамту айлығының қорытындысы» мәселесі педагогикалық кеңесте қаралмаған.

Қ. Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінде 10 «А» сынып журналы мектеп әкімшілігі тарапынан осы күнге дейін тексерілмеген, 10 «Ә» сынып журналында дүние жүзі тарихы пәнінен 1 сағат кем (п/м Жақсымұратова Б). «Адам қоғам құқық пәні» 1 сағат кем, Қазақ тілі пәнінен үй тапсырмасы жазылмаған. Орыс әдебиеті пәнінен 10 қазан күні алынған шығарманың бағасы 4-ақ оқушыға қойылған. Қалған оқушыларда баға жоқ. (п/м Әуелбекова Ә) 10 «А» сыныбында орыс тілі пәнінің күнтізбелік жоспары дұрыс жазылмаған. 1-күні шығарма, 2-күні эссе, 3-күні изложение, 4-күні диктант деп жоспарланған. 2 «В» сыныбының қазақ тілі пәнінен алынған диктант, шығарма жұмыстарының бағалары оқушыларға түгел қойылмаған. (п/м Абдувалиева Г)

Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде 5 «Б» сынып қазақ тілі пәнінен 1 сағат кем (п/м Абдрахманова Г) Сонымен қатар 5-11 сынып журналдарында вариативті сағаттан бөлінген мектеп компоненті курстары сынып журналына жазылмаған. Қолданбалы курстар мен таңдау курстарына бөлек журнал арналған. 5 «А» сынып журналында оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібін көрсететін жиынтық тізімдеме беті толтырылмаған.

Малдыбай орта мектебінде «Қазақ әдебиеті» пәнінде пән мұғалімі Қазақбаева Балзия 3 қараша күні баға қоймаған. 3-10-қазан күндеріндегі мерзімдер өшіріліп, жөнделген. «Қазақ әдебиеті» пәнінен бастапқы бақылау алынбаған, пән мұғалімі белгісіз, 17 қазан күнгі шығарма жұмысының бағасы қойылмаған. 31қазан күні баға қойылмаған. «Орыс тілі» пәнінен 27 қазан күнгі диктант бағасы қойылмаған. 30 қазан күні мүлдем баға қойылмаған. (Пән мұғалімі: Үскенбаева Алмаш.) Журналда оқушылар денсаулық парағынан басқа беттері:оқушылар туралы жалпы мәлімет, босатқан сағат сандары және тағы да басқа бөлімдер толмаған. Ескерту бөліміне кемшіліктер жазылмаған. Осы мектептің 11 сынып журналында «биология» пәнінен 6 күн мерзімінде «6.10-18.10 аралығында) түзетулер жасаған. «Дене шынықтыру» пәнінен 20. 23. 25. 27. 30 қазан күндері оқушылардың білімдері мүлдем бағаланбаған. «Қазақ тілі» және «қазақ әдебиеті» пәндерінен бастапқы бақылау жұмысы алынбаған. (Пән мұғалімі Омарбекова Мерейлім. ) «Қазақ тілі» пәнінен 21 қазан күні диктант бағасы қойылмаған. Осы 11 сыныпта «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті», «Адам және қоғам» пәндері аптасына 1 сағаттан оқытылса да, тоқсандық баға қорытқан. «Орыс тілі» 3 қыркүйек күні оқушылардың білімдері бағаланбаған. (Пән мұғалімі Сарбатова Рая). «Геометрия» пәнінен бастапқы бақылау алынбаған және 28 қазан күнгі бақылау жұмысының бағасы қойылмаған. (Пән мұғалімі Байгуттиева С.) «География» пәнінен 31.10-01.11 аралығында өтілген тақырыптар жазылмаған. (Пән мұғалімі Кульчикова Венера.)

Мамайқайынды бастауыш мектебінде 3 сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнінен 21 қазан күнгі шығарма бағасы қойылмаған. «Орыс тілі» пәнінен 5 қыркүйек және 12 қараша күні оқушылардың білімдері бағаланбаған. «Дүниетану» пәнінен 4 қараша күні оқушылардың білімдері бағаланбаған және мүлдем үйге тапсырма берілмеген. «Өзін-өзі тану» пәні 18 қазан күнінен бастап толмаса, «Музыка» пәнінен 3 қыркүйек күні оқушылардың білімдері бағаланбаған. «Еңбекке баулу» » пәнінен 3 қыркүйек, «Дене шынықтыру» пәнінен 4 қыркүйек күні оқушылардың білімдері бағаланбаған. Осы сыныпта денсаулық парағы бекітілмеген, толмаған. Оқушылар туралы мәлімет және тағы да басқа бөлімдер толмаған. Ескерту жазылмаған. Ағылшын тілі пәніне 1 сыныпта журналда мүлдем бет арналмаған. Пән мұғалімі белгісіз. 2-4 сыныптарда «Дүниетану» пәні аптасына 1 сағаттан оқытылады, солай болса да тоқсандық баға қорытқан. Үйге тапсырма осы күнге дейін берілмеген. Осы сыныптарда «Әдебиеттік оқу» пәнінде

1 қыркүйек күні оқушыларды бағалаған. 27 қазан күнінен бері үйге тапсырма берілмеген. (Пән мұғалімі: Шадыркулова Айжан.) «Орыс тілі» пәнінен 8 қыркүйек күні, «Дүниетану» пәнінен 11 қыркүйек күні бастапқы бақылау жұмысына 1 сағат берген, алайда бұл сабақтар жоспарда жоқ. Мұғалімдердің аты-жөні белгісіз. «Музыка» пәнінен 4 қыркүйек күні, «Бейнелеу» пәнінен 2 қыркүйек күні оқушылардың алған білімдері бағаланбаған. Аптада 1 сағат жүргізілуіне қарамастан, тоқсандық баға қорытқан. Пән мұғалімдері белгісіз, аты-жөндері жазылмаған. «Еңбекке баулу» пәнінен 3 қыркүйек күні, «Дене шынықтыру» пәнінен 3 қараша күні оқушылардың алған білімдері бағаланбаған. Пән мұғалімдері белгісіз, аты-жөндері жазылмаған. 2 сынып журналына «Ағылшын тілі» пәніне бет арналған, алайда мүлдем толтырылмаған. Журналдың ескерту бетінде ешқандай ескертулер жазылмаған.

Р.Смаилов атындағы орта мектебінде сынып журналдарының сыртын толтыруда бірыңғай талап қойылмаған. Журналда сабақ кестесінде 10 сынып «Ықтималдықтар теориясы» қөрсетілмеген, жеке іс қағазының нөмірі жазылмаған. 6 «А» сыныбында «Өлкетану» курсында 21, 28- қазан күндері толмаған. 10 «А» «Тарихи грамматика» журналда не өтілді графасы толтырылған, ал сол жақ бетте айы,күні мүлде толмаған.Оқушы компонентінде оқушы саны 7,8 баладан жазылған. 2 «А», 2 «Б» сыныптарында денсаулық парағы толмаған, директордың қолы жоқ, дәрігердің мөрі жоқ.

Жамбыл атындағы орта мектебінде сынып журналдарында жалпы оқу бетіне бет саны жазылмаған. 6 «А»сыныбында «Грамматика русского языка» пәнінде ай аттары жазылмаған,сабақ кестесінде уақыт жазылмаған.

Қызыл ту орта мектебіндегі бастауыш сыныптар бойынша 1-4 сыныптардың сабақ кестесінде «Еңбекке баулу» қосарланып келген. Журналдар бойынша бастауыш сыныптарда және жоғары сыныптарда дене шынықтыру қауіпсіздік ережесі беті толмаған.

Бірлес орта мектебінде 5 сыныпта қазақ тілінен, 4 сыныпта музыкадан, дүниетанудан, 8 сыныпта қызықты химиядан, дене шынықтырудан, 8 сыныпта орыс тілінен бақылау бағалары қойылмаған. Мектептегі барлық сынып журналдер дәрігермен, мектеп директорымен бекітіліп, мөрленбеген. 7 сыныпта Г.Сырғабаева оқушылардың Әзімқұл және Құлмағанбеттің тоқсандық бағаларын дұрыс қоймаған. Күнделікті сабақта 4-тер қойылып, тоқсанда «3» шығарған. 2 «А,Ә» сынып журналдарында шығарма бағасы, дүниетанудан тоқсандық тест бағалары толық қойылмаған. 2 «А» сыныбында «Көркем жазу, Тіл дамыту» таңдау курстары мүлдем журналға толтырылмаған. 3 «ә» сыныбында дүниетанудан тоқсандық тест бағасы жоқ. Барлық сынып журналдарында қауіпсіздік ережесі толтырылмаған.

Ақтоған орта мектебіндегі 6 «А», 7 «А,Б» сыныптарында 01 қыркүйектегі сынып сағаты толтырылмаған. 8«А» сыныбындағы сынып сағаты 17 қазаннан кейін толтырылмаған.

Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебінде 6 «Ә» сынып журналында оқушылардың босатқан күндері толтырылмаған (09.10. І тоқсан)

11 «А» сынып ағылшын тілі 31.10 күні толтырмаған 22.10 баға қоймаған. ( Ж. Маткеримова) Дүние жүзі тарихынан 03.11 күні толмаған, Адам.қоғам.құқық 01.11 күнгі бағасы толмаған. (Шөкешова Г.) 10 «Ә» сынып журналында 28-30.10 күндері баға мүлдем қойылмаған. 8 «Ә» сынып қазақ тілі пәнінен 01.11 баға жоқ. (Ж.Бөкетова) 6 «Б» сынып 19.09 күні математика пәнінен баға мүлдем жоқ. ( Г.Бекназарова) 5 «А» сынып 12.09 күні қазақ тілі пәніне баға қойылмаған. (Г.Дүйсенбаева) 7 «Ә» сынып 03.11 алгебра пәнінен баға жоқ. 9 «Ә» сынып «Photoshop» графиктік редакторы таңдау курсы 10.10 кейін толмаған (С.Жиенбаева) 10 «Б» 28.10. деп мерзімі қойылған 29.10 мерзімі тақырып жағына жазылған, бастапқы бақылау тесті алынбаған, І жартыжылдық сабақ кестесі жазылмаған.

Подгорное шағын орталықты орта мектебінің 8 «Б» І жартыжылдық сабақ кестесі толмаған, қазақ тілі 28.10 күні диктант бағасы қойылмаған, диктанттың тақырыбы жазылмаған. (Р.Дарибаева) Геометрия пәнінен 10.10.-30.10 1 оқушыға бақылау бағасы қойылмаған. География пәні бойынша 12.11 тақырып жазылған мерзімі қойылмаған, 11 сыныбында биология пәнінен баға жоқ. Физика пәнінен 3.11 баға жоқ, тақырып жазылмаған. «История Казахстана» пәнінен 0, І тоқсандық тесттер алынбаған, журналға жазылмаған.

Ы.Алтынсарин орта мектебінде 1 сыныпта барлық пәннен І тоқсан деп графаны бүлдірген.(1 сыныпта қорытылмайтындықтан бос тұр) мұғ.Топаева М. 2 сыныпта мұғ.Сартаева А. мазмұндамаға 2 баға қойған. Ағылшын тіліне 21,28.10 күндері , музыкадан 28.10 күні баға қойылмаған. 3 сыныпта мұғ.Искакова Б. І тоқсан бойынша ана тілі мен дүниетанудан мониторингтік тесттің бағалары қоймаған. Музыкадан мұғ.Айходжаева Ж. 13,20,3.10 күндері мүлдем оқушыларды бағаламаған.Сынып сағаты 17.10 –на кейін толтырылмаған. 4 сынып бойынша Дүниетанудан бастапқы бақылау тестінің бағасы жоқ. 6 сыныптың жұрналында музыка мұғалімі Айходжаева Ж. 10,17,24,31.10 күндеріне баға қоймаған.

Қызыл шаруа шағын орталықты орта мектебінде 5 «Б» сынып техника қауіпсіздігі сынып журналда жазылмаған. 7 cынып журналында қолданбалы курс тақырыптары жазылмаған. Техника қауіпсіздігі, адам өмірі қауіпсіздігі жазылмаған. 10 сынып журналында мазмұны, сабақ кестесі, жалпы оқу беті толтырылмаған. Ермаханова Диана литері жок.

Қорағаты шағын орталықты орта мектебінің 2 «А» сынып журналында ай аттары жазылмаған, ай аттары қысқартылған. Техника қауіпсіздігі жазылған. Денсаулық парағында партаның нөмірі көрсетілмеген. Оқушы туралы жалпы мәліметте оқушылардың литері дұрыс жазылмаған. Мектеп әкімшілігі тексерген. 5 «А» журналында пән аттары бас әріппен жазылған. Таңдау пәнінің тақырыбы журналға жазылған. Өмір қауіпсіздігі негіздерін ұлдар мен қыздарға біріктіріп жазған. Технология пәнінен техника қауіпсіздігі толтырылмаған. Литері дұрыс жазылмаған. Мектеп компонентінің Логика, Математикалық логика деп бірдей тақырыптар берілген.

Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектебінде 6 «А» - денешынықтыру пәнінен 1 графа бос қалған. Техника қауіпсіздігі, адам өмірі қауіпсіздігі жазылмаған. 8 «А» сыныбындағы мектеп компонентінен берілген қолданбалы курстың тақырыбы журналмен сәйкес келмейді. Биология, технология пәнінен техника қауіпсіздігі жазылмаған. Адам өмірі қауіпсіздігі бөлінген сағаттары жазылмаған.

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде 9 «а» сыныбында химия пәнінен бастапқы бақылау бағасы қойылмаған, Қазақстан тарихы пәнінен І тоқсандық бағасы түзетілген, 11 «а» орыс тілі пәнінен аптасына бір рет бола тұра, І тоқсанды қорытқан, оқушылардың денсаулық парағы бекітілмеген, мөр басылмаған.

№2 шағын орталықты орта мектебінде 4 орыс сыныбында Р.Юлдашева бұйрық бойынша 17 қыркүйек күнгі №81 бұйрығымен келді десе, аталған оқушыға 5 қыркүйекте денешынықтыру пәнінен баға қойылған.

Қызыл шаруа, А. Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектебінде бұйрықтарды тіркеу журналдары арналмаған. М.Горький, Қызыл шаруа, Қорағаты, Қ.Сұлтанбеков, А.Байтұрсынов атындағы орта мектептерінде аудандық мұрағат берілген индекспен сәйкестендіру қажет.

Ы.Алтынсарин, №2, А.Шынасилов, А.Байтұрсынов, Ю.Гагарин, Ш.Уәлиханов, Подгорное, Болтай батыр, Ақтоған, Қызыл ту, Алғабас, Бірлес мектептерінде Жеке құрам бойынша және негізгі құрам бойынша бұйрықтардың тіркелгені, бұйрықтарда заңға сілтеме дұрыс жасалынбаған.

Ақтоған, Қ.Сатбаев, Бірлес, Қызыл ту, Малдыбай , Жамбыл орта мектептерінде лауазымдық міндеттерді толықтыру қажет.(әкімшілік мүшелері нақты қай пәнге жауапты екенін).



Р.Смаилов атындағы орта мектебі ӘБ құру туралы , ӘБ жетекшілерін бекіту туралы бұйрығы дұрыс рәсімделмеген. Малдыбай орта мектебінде 4 пән бірлестігі бар, ӘБ құру туралы бұйрық бар. Пән бірлестігінде талдауға кемшілікті нақты көрсетпеген. ӘБ отырысында мектеп, оқушы компоненті курстары қаралмаған. Қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінде жоспары бар, отырыстың материалдары жинақталмаған. Бірлес орта мектебінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән бірлестігінің отырыстар жоспарланған, бірақ жазылған хаттамалар тақырыптарға сай емес, тағайындау туралы бұйрық бар, лауазымдық міндеттері бар. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән бірлестігінің жоспарланған тақырыптармен хаттамалары сай емес. Қ.Сатбаев атындағы орта мектепте бірлестіктің ішінде математика, өнер бірлестігі ғана бірлестік жұмыс көрсетті. Жоспарлары бекітілген. Жоспарланған іс-шаралардың материалдары жинақталмаған. Жүйе жоқ. Жас мамандар мектебінің жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Абай атындағы орта мектебіндегі жас мамандармен жұмыс дұрыс жолға қойылмаған. Октябрь шаруа орта мектебінде «Жас мамандар» мектебінің отырысының материалдары жоқтың қасы. Әдістемелік бірлестік жұмыстары дұрыс жолға қойылмаған. (4-баст.қоғамдық – гуманитарлық және жаратылыстану, көркем - эстетикалық пән бірлестіктері жұмыстарын көрсете алмады. Отырыс материалдары түгел емес. Хаттамалар жоқ.

Болтай батыр орта мектебінде жас мамандармен атқарылатын жұмыс жоспары бар, мектеп директоры бекіткен, бірақ атқарылған іс-шаралардың анықтамалары жазылмаған. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде жылдық жоспарлары жасалған, бірақ отырыстардың тақырыптарымен шектелген. Ю.Гагарин негізгі мектебінде әдістемелік кеңестің хаттамалары толық емес, атқарылған жұмыстың анықтамалары жоқ. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде қазақ тілі, тарих пән бірлестіктерінде хаттама жазылған, шешім жазылмаған. №2 орта мектебіндегі физика, математика, информатика пәндерінің әдістемелік бірлестіктерінің өткізілген іс – шаралардың материалдары толық емес, орыс тілі, химия биология пән бірлестіктерінде хаттама жазу тәртібі дұрыс емес, талапқа сай емес.

Р.Смаилов атындағы орта мектебі кітапханашысы Г.Шалданбаеваның жылдық жоспары бар бекітілген, бірақ жоспар бойынша жұмыс жүргізілмеген. Ал Жамбыл, Малдыбай орта мектептері мен Сөгеті, Мамайқайыңды, Шолаққайыңды, Көкарық бастауыш мектептерінде мектеп кітапханашылары болмағандықтан, жұмыстарын көре алмадық.

Мектептегі тәрбиеде қиындық тудыратын балалалармен жұмыс бойынша Р.Смаилов атындағы орта мектебінің психологы А.Дүйсебаеваның жылдық жоспары бар бекітілген, бірақ өткізілген іс -шаралардың құжаттарын көрсете алмады, қиындық тудыратын балалармен жұмыс жүргізбеген. Жамбыл атындағы орта мектебі қиындық тудыратын 1 оқушымен жеке жоспар жасалған, жоспар бойынша жұмыс атқарған, толықтыруды қажет етеді. Сөгеті бастауыш мектебі психологы Н.Бошқаева қиындық тудыратын балалармен жүргізілетін іс-шараларды көрсете алмады.

Сөгеті, Шолаққайынды бастауыш мектептерінде жоспары қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі жұмысы бар, бірақ бекітілмеген іс шаралар жүргізілмеген, Малдыбай, Р.Смаилов орта мектебі әлеуметтік педагогтары қорғаншылық және қамқоршылық жұмыстарын көрсете алмады. Қызыл ту орта мектебінде оқушылардың тұрмыстық жағдайын тексеру актілері барлық оқушыларға жасалмаған. Қазан айындағы іс – шараны өткізбеген, хаттамасы жоқ. Әр сыныпта тұрмыстық жағдайының тексеру актілері бойынша папка арнау керек. Бірлес орта мектебінде тұрмыстық жағдайының тексеру актілерін барлық оқушылармен жүргізіп, толықтыруды қажет етеді. Жүргізілген жұмыс хаттамалары жазылмаған. Подгорное орта мектебінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғайтын нормативті - құқықтық актілері бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғайтын нормативті- құқықтық актілерінің заңдары мен ережелері жоқ. Үйде оқитын 2 бала. Нормативті құжаттары жүйеленбеген. Қорғаншылық пен қамқоршылықта 3 бала. Қорғаншылық пен қамқоршылық кеңесінің хаттамалары жазылмаған.

Білім беру мекемелерінің тасымалдануының ұйымдастырылуы бойынша Р.Смаилов атындағы орта мектебінде тасымалдауға Б.Әлібаев жауапты Сөгетіден 28 оқушы, Мамайқайыңдыдан 21 оқушы тасымалданады, тізім ауыл әкімімен бекітілген, ал басқа құжаттары жоқ. Жамбыл атындағы орта мектебіне Шолаққайынды ауылынан 32 оқушы, Көкарық ауылынан 66 оқушы тасымалданады, Паз автокөлігі 25 орындық , тасымалдау туралы құжаттарды жаңарту керек.



Қорыта келгенде, жалпы білім беретін мектептерде «Білім туралы» Заң талаптарының орындалуы үздіксіз қатаң бақылауда болуы қажет. Құжаттарды ресімдеуде әлі де кемшіліктер орын алып отырғаны білім мекемемелері басшыларының өз жұмыстарына салғырттығынан болып отыр.Әрбір сала бойынша тиісті құжаттардың талапқа сай орындалуын үнемі бақылауда ұстау қажет.Мемлекеттік стандарттың орындалуына қатаң бақылау қажет. Вариативті сағаттар есебінен берілген курстардың талапқа сай жүргізілуі басты назарда болуға тиіс.
Анықтама жазған: Е.Сейтжапаров


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет