Аудандық мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының 2015 жылдың ІІІ тоқсанында жүргізген мәдени іс-шара туралы мәлімет



Дата11.01.2017
өлшемі42,34 Kb.
Аудандық мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының 2015 жылдың ІІІ тоқсанында жүргізген мәдени

іс-шара туралы мәлімет
Арал өңірінің негізін қалаған ірі тұлғаларың бірі де бірегейі болған –Төлеген Медетбаев атамызға арналған ескерткіш бюстінің ашылу рәсімі болды.

Қамыстыбас елді мекенінде жаңадан салынған ауылдық клуб үйінің ашылу рәсімі өткізілді.

6 шілде елордамыз Астана күні мерекесіне орай «Сарыарқа төріне сән берген - Астана» атты мерекелік қойылым концерт ұйымдастырып өткізілді.

Қамыстыбас көлі жағасында облыстық балықшылар слеты болып өтті. Слетке ауыл шаруашылық министрі, әр аудандардан балықшылары және аудан басшылары қатысты.

Жаңа оқу жылына орай Қосаман, Жаңақұрлыс және Тоқабай ауылдарында жаңадан салынған білім ордасы пайдалануға беріліп, салтанатты түрде аталып өтті.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Әнді сүйсең, менше сүй» байқауы, «Кеудеме Абай әні бұлқынды» атты әуенді кеш, «Жүрегімнің түбіне терең бойла» концерті және «Абай әндері – бізбен бірге» атты көпшілік серуен орталық алаңда ұйымдастырылып өткізілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Ата заң құқығымның белгісі» атты мерекелік концерт беріліп, орталық алаңда мерекелік серуен болды.

Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өніміне орай Арал ауданының жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкеде аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары концерт қойды.

Республикаға «Жас қанат» байқауының жеңімпазы Сейітмұратов Нұрболаттың «Әнім сіздер үшін» атты концерттік бағдарламасын қойды.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Жыр арқауы – Айдарбек батыр» атты жас жазба ақындар мүшайрасы өткізілді. Арал қаласы шетінен Айдарбек батырға арналған ескерткіш ашылып, театрландырылған қойылым қойылды. Батыр рухына арналған ат бәйгесі өткізіліп, ас берілді.

Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» АҚ-ның 90 жылдығы ұйымдасырылып өткізілді. Мәдени іс-шарада ат бәйгесі және аудан, облыс және республикаға танымал жұлдыздардың қатысуымен гала концерт берілді.


Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне

Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Тіл білімін,Ұлы ақын А.Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығына,ҚР Конституциясының 20 жылдығына өткізілген мәдени- шараларының мәліметі 9.10.15 ж
Абай атындағы орталық кітапханасында 22- қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Ұлттың қазығы да қазыналы да тіл» атты ток-шоуы өткізілді. Шараға қатысқан оқырман саны: 25.

Жаңақұрылыс ауылдық кітапханасында «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Шараға қатысқан оқырман саны: 18.

Қалалық балалар кітапханада «Ана тілдің жырға қосшы арманын» атты әдеби слэм өткізілді. Шараға қатысқан оқырман саны: 19.

Қалалық №4 кітапханада «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты бренд шоуы өткізілді. Шараға қатысқан оқырман саны: 20.

Сексеуіл қыстақтық кітапханада «Тілім менің ғасырлардан аманат» атты тақырыптық кеші өткізілді. Шараға қатысқан оқырман саны: 21.

Райым ауылдық кітапханада «Ана тілі- ата салтым ұраным» атты ток-шоуы өткізілді. Шараға қатысқан оқырман саны: 17.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 толуына орай аудан кітапханалары ақын шығармаларын насихаттау, ғибратты сөздерінен өнеге алу, көркем сөз оқу мен шешендікке баулу мақсатында оқырмандар арасында түрлі шаралар ұйымдастырып өткізді.Осындай шара атындағы орталық кітапханада да «Қайран жұртым,Қазағым,Ұлы Абайым» атты әдеби жыр кеші болып өтті. Шараға қатысқан оқырман саны: 21.

Қалалық № 3 кітапхананың оқу залында 29-шілде күні «Абайдай ақыны бар,ел бақытты» әдеби кеші болып өтті. Кешке қатысқан оқырман саны: 18

№ 4 кітапханада Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай өткізілген «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке қатысқан оқырман саны: 19

Cол қасиетті Шыңғыстаудың топырағынан нәр алған дана ақынның, дара ақынның туғанына 170 жылдығына орай Орталық А.Гайдар атындағы балалар кітапханасында «Абай әлемі-асыл мұрамыз»атты Абайдың қара сөздеріне арналған әдеби сайыс болып өтті. Кешке қатысқан оқырман саны: 22

Қалалық балалар кітапханасында оқырмандардың қатысуымен «Абайды оқып, өсеміз біз өрістеп...» атты тренинг өткізілді. Кешке қатысқан оқырман саны: 20

Қалалық №4 кітапханада өткізілген «Ата заңның асқаралы асуы» атты көрме жанындағы әңгіме өткізілді. Кешке қатысқан оқырман саны: 18

Абай атындағы орталық кітапханада 30 тамыз Қазақстан Конституциясына – 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ардың шыңы-Ата Заң» атты көрме жанындағы әңгімесі өткізілді. Кешке қатысқан оқырман саны: 18.

Орталық балалар кітапханасында «Сенің құқыктарың» атты көрме жанындағы әңгімесі өткізілді. Кешке қатысқан оқырман саны: 21

М.Әуезов атындағы қалалық балалар кітапханасы 30 тамыз – Конституция күніне орай «Еліміздің ата заңы Конституциясы туралы білесің бе?» атты сұрақ-жауап кеші өткізілді.

Кешке қатысқан оқырман саны: 26



Қалалық №3-ші кітапхана оқу залында «Ата Заңым-асыл Заңым қуатым» атты /Қазақстан Республикасының Конституциясына 20-жыл толуына орай/ бринг-ринг сағаты өткізілді. Кешке қатысқан оқырман саны: 18
Каталог: img lib
img lib -> Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі
img lib -> «Ұлттың қазығы да қазыналы да тіл»
img lib -> Арал ауданындағы білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама (2014 жыл, 3 ай) Жалпы білім беру ұйымдары туралы мәлімет
img lib -> Арал ауданындағы білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама (12 ай 2014 жыл) Жалпы білім беру ұйымдары туралы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет