Ауыл шаруашылығы саласын ілгерілету үшін мол өнімнің қажеттілігі анық. Бірақ сол өнімдердің уақыты әрі сапалы жиналуына техниканың да алар орны зор



Дата16.05.2020
өлшемі15,23 Kb.
#68971
Байланысты:
картоп егетін және жинайтын машиналар
4 сынып қмж, 1912 -4

Ауыл шаруашылығы саласын ілгерілету үшін мол өнімнің қажеттілігі анық. Бірақ сол өнімдердің уақыты әрі сапалы жиналуына техниканың да алар орны зор. Көкөністер мен жеміс-жидектерді уақытылы жинап отыру ауыл шаруашылығы бағытында мамандардың, техниктердің еңбегімен өнімді. Бұл тұрғыда адам­ның қол еңбегін қажет етпейтін техника машиналары керек-ақ. Аграрлық бағытта өте қарқынды қозғалыстағы кө­ліктердің бірі картоп егетін әрі жинайтын машиналар. Бүгінде көліктің атқаратын ісі, салаға тигізер көмегін көп жұрт біле бермейді. Осыны ескере келе, картоп жинайтын көлік машинасына тоқталуды жөн көрдім.

Картоп жинау - көп еңбек сіңіруді қажет ететін жұмыс. 1 га жердегі картопты атқа жегілетін плугпен қазып, оны қолмен жинауға 18-20 адам күні кетеді. Ал трактор картоп қазғыштарын қолдану еңбек шығынын 8-10 адам күніне, кар­топ комбайнымен жинағанда 3-5 адам күніне дейін қысқартады.

Картоп отырғызу үшін төрт және алты қатарлы отырғызу машиналары шығарылады. Оның нeгiзгi моделі төрт қатарлы СН-4В картоп отырғызғыш болып табылады. Ол картоп түйіндерін реттеп отырғызуға әpi сонымен бip мезгілде тың­айтқыш шашуға арналған.

Топыраққа және климат жағдайларына байланысты түйінді жоталап немесе тегістеп егеді. Егу тepeңдігі бip қалыпты болуы тиіс (жоталап еккенде 10-18 см, тегіс­теп еккенде 8-14 см). Белгіленген тереңдіктен ±2 см ауытқуға болады. Бапталған түйіндер немесе өскіндер еккен кезде зақымданбауы керек.

Картоп бункердің еңкіш түбімен сіліккіштің және араластырғыштардың көмегімен қоректендіргіш шөмішке түседі де, одан көciп алатын аппараттардың айналмалы дискілеріне бекітілген қалақшалар қағып алады. Шөмішке бұрышты бөлгіш пен шнек орнатылған, олар картопты қалақшаларға бағыттап тұрады. Қоректендіру шөмішінен шыққанда қысқыштар қалақшаларындағы картоп түйінен қалақша сошниктің үстіне келгенше ұстап тұрады. Осы уақытта қысқыштың рычагы шинаның үстіне келеді. Қысқышты қалақшадан ажыратып, сонда картоп түйіндері сошник жасаған бороздаға түседі, ал қалақша ажыратылған қысқышпен бipгe тағы да қоректендіру шөмішінің жаны арқылы картоп қабатына өтеді де, келесі түйінді қағып алады.

Ал, сошник корпустан тұрады. Ол жебе тәрізді тұмсықпен және бүйірлік қайырмамен жабдықталған. Алдыңғы бөлігінде тыңайтқыш өткізетін канал бар. Жұмыс кезінде сошниктің тұмсығы жайпаң түп жасайды. Минералды тыңайт­қыштар өткізгіштен каналға келіп түседі де борозданың өң бойына жайылады. Қайырмалар сошниктің бүйір қабырғасынан шығып тұрады да борозданың бү­йір жағындағы топырақты тіліп, оны сошник­тің ішкі жағына лақтырып, тыңайтқышты қалыңдығын 3 см етіп бос топырақпен жабады. Отырғызғыш аппараты тастаған картоп түйіндерінен қопсыған топыраққа түседі. Топырақ қабаты тыңайтқышты картоп түйнегінен бөлектеп, ол алғаш өнгенде өркеннің күйіп ке­туі­мен қопсыған топырақ түйнектің борозда ішінде сырғанап, домалауын болдырмайды. Сонымен қатар, сошниктың құрылымы алдынғы краншиейн, 13 сошниктің жоғары және төменгі тартқышы, сошник корпусы, сошник, штанга, тырам, сіңір­гіш дискілер, рамка, қайырғыш тетік, реттеуіш таяныш, тіреуіш доңғалақтан тұрады.

СН-4Б картоп егу машинасының өзіндік реттеу шарттары бар. Егер трактордың қуат алу білігі синхронды жетекте болса, онда қосымша жетектеп 40 тicтi жұлдызшаны 22 тicтi жұлдызшамен алмастыру керек. Сонда себу жиілігі редуктордың білігіндегі ауыспалы жұлдызшаны іріктеп қою арқылы реттеледі. Тың­айтқыш, сепкіш аппараттың жабу рычагын завод нұсқамасында көрсетілген орташа қалыпқа қояды.

Картоп отырғызғыштың тіреуіш доңғалақтарын шеткі қатар аралығына кел­тіріп орнатады да оны биіктігі жағынан сошниктің төменгі артқы ұшын алдынғысына қарағанда 100-110 мм төмен болатындай eтіп реттейді. Отырғызғыштың рамасы горизонталь қалпында болғанда сошниктердің тұмсығы тipeуіш жазықтығына тиіп, сошниктің төменгі тілінің артқы шеті горизонттан 35-45 мм көтеpіп тұруы тиіс. Ол үшін сошник аспасы жоғары бұранда тартқышының ұзындығын реттейді.



Картопты егудің өзіндік әдісі бар секілді, картопты жинайтын құрылғы яғни машинаның да атқаратын функ­ция­сы сан алуан. Бірақ біз айтқан машинаның негізгі тетіктері осылар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет