Ауласында спорт алаңы салтанатты түрде ашылды. Ол шағын баскетбол және волейбол ойындарына арналған алаңнан тұрады



Дата12.09.2020
өлшемі18,78 Kb.
#78165
Байланысты:
кабинеты - пост
БАҒДАРЛАМА ӘСЕМ 2020, С.Б.Дуйсенбаева - багдарлама, С.Б.Дуйсенбаева - багдарлама, Оку багдарламасы Коркем енбек 5-9 090317 , кәсіпкерлоік оқулық, 1-5966 (1), типовой гео-ист 2017 , есту психодиагностика

Жаңа оқу жылында Жұбанов университетінің ауласында спорт алаңы салтанатты түрде ашылды. Ол шағын баскетбол және волейбол ойындарына арналған алаңнан тұрады.

Әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын, зияткерлік ойын, логикалық ойлауды дамытатын  өнерді насихаттауда Жұбанов университетінде «Бақтыбай батыр Төлесұлы атындағы зияткерлік ойындар кабинеті» ашылды. Аталмыш кабинет «Бақтыбай ата атындағы қордың» қаржысына жасақталды.

Бақтыбай батыр Төлесұлы - шамамен 1698-1758 жылдар аралығында өмір сүрген. Әбілқайыр ханның сенімді серігі болған. Бақтыбай батыр 15 жасында Әбілқайыр жасағының құрамында шайқасқа қатысып, ерлігімен көзге түскен. Есет батырдың қолдауымен шекті жасақтарына қолбасшы болып тағайындалады. Бақтыбай батыр бастаған жасақтар Бұланты және Аңырақай шайқастарында жауды жеңуге үлкен үлес қосқан. Ел аузында, халық жадында, тарихтың көмбесінде атағы сақталған, ерлігі аңызға айналған, елінің ұраны болған Бақтыбай батыр Төлесұлының қазақ халқының тарихында алар орны ерекше.

Жаңа оқу жылының аясында Жұбанов университетінде болашақ металлургтер үшін мобильді қосымша арқылы практикалық сабақтарға арналған жаңа жабдықтар мен виртуалды тренажерлері бар зертханалар ашылды. 

"ДСП-да болат балқыту" тренажер кешені - жоғары кәсіби білім беруде оқу стендтерін қолдана отырып, доғалы болат балқыту пешінде болат балқыту технологиясы бойынша даярлауға арналған. Ал, флотациялық машина қондырғысы - "Металлургия", "Тау-кен ісі" және "Пайдалы қазбаларды байыту" мамандығының студенттеріне салмағы мен ірілігі 0,074-тен 40% - ға дейін пульпада қатты болған кезде көбікті флотация әдісімен әр түрлі кендердің байытылуына зерттеу жүргізу үшін арналған.

Жұбанов университетінде Кеңес Одағының батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлова атындағы оқу кабинеті ашылды.

Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова - 1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында Нұрмұхаммед Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келген. Сегіз жасында анасы қайтыс болған Әлияны Алматыда тұратын нағашы ағасы алып кетеді. Ал 1935 жылдан бастап Ресейдің Ленинград қаласы Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46 балалар үйінде тәрбиеленеді. Санкт-Петербургтегі №9 орта мектепте білім алады.

Соғыс басталған жылы балалар үйі Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Әлия осындағы Вятское орта мектебінің 7-сыныбын аяқтаған соң Рыбинск авиациялық техникумына оқуға түседі. Дегенмен, 1942 жылы  Жұмысшы-шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы мергендер даярлау жөніндегі Орталық әйелдер мектебін аяқтап, осы жылдан бастап 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Батыр қыз 1944 жылдың 14 қаңтарында Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданы Казачиха ауылы маңында болған соғыста ерлікпен қаза тапты. Батыр Новосокольники ауданының Монаково ауылында жерленді. Ол қайтыс болғаннан кейін, 1944 жылдың 4 маусымында Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.

Жұбанов университетіндегі ақын, композитор Бәкір Тәжібаев атындағы оқу кабинеті.

Бәкір Тәжібаев - 1926 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылдан бастап Темірдің педагогика училищесінде оқып, кезінде Жұрын аудандық (қазіргі Мұғалжар) газеті редакциясында, аудандық комсомол комитетінде қызмет істеген. 

1950 жылы Алматы театр-сурет училищесі жанындағы киноактерлік бөлімді бітіргеннен кейін, бірталай жыл Жамбыл, Шымкент облыстық театрларында актерлікпен шұғылданған. 150-дей ән мәтіндерінің авторы. Көптеген әндері әлі күнге дейін сахна төрінде орындалып, халықтың сағынып тыңдайтын әндері. Бірқатар әндері Қытай, Монғолия, Түркия, Ауғанстан, Иран, т.б. елдерде тұратын қазақтар арасында кеңінен тарап, сүйікті әндеріне айналған.



Жұбанов университетінде тарихшы, тарих ғылымдарының докторы Елтоқ Ділмұхамедов атындағы оқу кабинеті ашылды.

Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедов  - 1903 жылы 21 қыркүйекте  Шымбай ауданыҚарақалпақстан жерінде дүниеге келген. Ғылыми еңбектері Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалысы тағы да басқа мәселелерге арналды. Тарихшы 70-тен астам еңбек жазды. Ғылыми еңбектері Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалысы сынды мәселелерге арналды.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет