Аутизмі бар балаларды оқытудың заманауи әдістері сақанова Динара «Дефектология» мамандығының 3 курс білімгері



Дата29.01.2018
өлшемі106,1 Kb.
#35978





АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ
Сақанова Динара «Дефектология» мамандығының 3 курс білімгері

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ-сы

sakanovad@mail.ru

Ғылыми жетекші: магистр, аға оқытушы Азанбекова Г.Т.


Әр ата-ана баланы өмірге әкелген соң, оның денсаулығы мықты болғанын қалайды. Ата-ана баласының жасаған әр бір қимылына, басқан әр бір қадамына мән беріп, алғашқы шығарған дыбысына, айтқан сөзіне қуанады, мақтанады. Әр бір туылған сәби қоршаған ортаның, ересектердің қамқорлығын қажет етеді. Бірақ кейбір жағдайларда балалар қоршаған ортадан алыстап, өз әлемінде өмір сүреді. Олар әр жаңа нәрсеге қызықпайды, оны танып-білуге қызығушылығы болмайды. Осындай балалар қарым-қатынас жасауда, әлеуметтік ортаға бейімделуде, ата-анасымен сөйлесуде қиындықтарға кездеседі. Бұл сипаттар арқылы қоғамда көп айтыла бермейтін дерттің бірі – аутизмнің себептерін көруге болады. Елімізде бұл ауру туралы ақпарат аз, ал кеселмен күресіп жүргендер көп. Дүние жүзі бойынша 65 миллионнан астам адам аталған дертпен арпалысса, қазақстандықтардың үлес салмағы мыңнан асып жығылады. Елімізде аутизм синдромына шалдыққан балалардың саны күрт өсуде [1].

Аутизм - (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блэхер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың көріп есте сақтау қабілеттері жоғары болады. Сондықтан бұл балаларға көбінесе глобальды оқыту әдістемесі көпетеген жетстіктермен қолданылып келеді. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Көптеген белгілі тұлғалар жас кездерінде аутизм синтромына шалдыққан. Бірақ бұл дерт олардың өз армандарын жүзеге асыруларына кедергі жасамады. Алайда, бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сол себепті, аутизм синдромы бар балалар арнайы интернаттарда емес, отбасы жағдайында тәрбиеленулері керек[2].

Аутизм синдромы – баланың ерте жас кезеңіндегі дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік қоршаған ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Ол симптом ретінде көптеген ауруларда кездеседі, алайда баланың ерте жасында байқалып, баланың ары қарайғы дамуына кері әсерін тигізеді. Диагноз толығымен анықталған жағдайда балаға ерте балалық аутизм синдромы жағдайы қойылады. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Бала бойында аутизмнің клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты синдром ретінде 2-3 жасқа қарай анықталуы мүмкін.

Қазіргі таңда аутизм синдромының пайда болуының нақты себептері толығымен зерттелмеген. Көптеген ғалымдардың өз зерттеулерінде аутизмнің туындау себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады дейді. уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Сонымен қатар тұқымқуалаушылық фактордың да әсері мол екенін айта кету керек. Сондай ақ аутист балаларда мидың органикалық зақымдалуы да жиі кездеседі.

Негізгі себептерін анықтайтын болсақ, оларға тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістерді, зат алмасу өзгерістерін, анасының жүктілік кезінде және туу кезіндегі алған жарақаттар, нейро инфекциялар т.б. жағымсыз әсерлер әсер етуі мүмкін.

Қазіргі таңда қолданылатын аутизмнің классификацияларына тоқталсақ. Халықаралық жіктеуде балалар аутизмін және соған ұқсас бұзылыстарды жалпы психикалық бұылыстарға жатқызып, төмендегі үлгі бойынша жіктейді:



Ғ84.0. Бала аутизмі (аутистік бұзылыстар, бала аутизмі, бала психозы, Каннер синдромы)

Ғ84.1. Атиптік аутизм (атиптік бала психозы, аутизм белгілері бар ақыл-ой дамуының кешеуілденуі енеді).

Ғ84.2. Ретта синдромы.

Ғ84.3. Бала жастағы басқа да дезинтегративтік бұзылыстар (бала деменциясы, дезинтеграциялық психоз,Геллер синдромы, симбиоткалық психоз).

Ғ84.4. Ақыл-ой дамуының кешеуілденуімен және стереотиптік қимылдармен үйлескен гипербелсенді бұзылыс.

Ғ84.5. Аспергер синдромы(аутистік психоапатия, бала жастағы шизоидтік бұзылыстары).

Ғ84.8. Дамудың басқа да бұзылыстары[3].

Аутизм синдромы бар балаларға арналған арнайы көмек беру өткен ғасырдың 60-70 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптаса бастады. Еуропа елдеріндегі ең алғашқы аутизмі бар балаларға арналған мектеп 1920 жылы Дания қаласында ашылған. Осылайша кейбір жеке мекемелер аутизмі бар балалармен жұмыс жүргізуді бастаған, бірақ ол кезеңде балаларды оқытудың нақты оқыту мен түзетудің ғылыми және әдіснамалық негіздері болмаған.

Қазіргі кезеңде ерте жастағы балалық аутизмді түзетудің жолдары әр түрлі. Жиі кездесетіндері мінез-құлықтық емдеу негізінде оқыту.

Осындай әдістерді қолдану АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі – қажетті, қалыптағы қылықты, іс-әрекетті қалыптастыру үшін арнайы сыртқы жағдайларды қалыптастыру, тұрмыстық бейімдеу, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту, оқу және еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

Осы әдістер бойынша оқытылған балалардың 60 пайызға жуығы жалпы мектеп бағдарламасын қалыпты балалармен қатар меңгере алады. Өз кезегінде орта және жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алады[4].

Мінез-құлықтық оқытудан басқа, шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама (Э.Шоплер,Р.Райхлебер), холдинг терапия (М.Уелш) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу (К.Китахара), т.б әдістер тәжірибеде жиі қолданылады[5].



Бала бойындағы аутизм белгілерін анықтауда дәрігерлер мынадай нормативтерге үйенеді:

  • Қоғамдық қатынастар мен әрекеттер. Мысалы, бала көзбе-көз қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды, өзге адамдардың сезімдерін түсіне алмайды.

  • Ауызша және ауызша емес байланыс. Мұндай жағдайда бала мүлдем сөйлемейді, немесе тоқтаусыз сөйлейді.

  • Баланың өзіне ғана тән шектеулі қылықтар. Бала ойыншықпен ойнаса тек қана бір мүшесімен ойнау, мысалы, тек қана қолымен, аяғымен немесе шашымен. Ал жасөсіпірімдік кезеңде бала тек қана бір пәнге немесе бір ғана тақырыпқа қызығады[6].

Акутистикалық спектр және дамудың басқа да ауытқуларына дәрігер-невропатолог, дәрігер-психиатр, психолог, логопед, педагог-дефектолог сияқты мамандар диагноз қояды. Балаларға диагностика клиникалық, психологиялық-педагогикалық және ADOS, ABA, Томатис терапия, аудио-вокалдық жаттығулар, сенсорлы интеграция әдісі, PEKS коммуникативті балама жүйесі сияқты халықаралық стандартталған әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Соның ішінде сенсорлы интеграция әдісіне тоқтала кетсек: Сенсорлық интеграция әдістемесі - көп адамдар денесін сезініп, сезімдерін сәйкестендіріп, қоршаған ортаны сол арықыл тануға тырысады. Ал аутизм диагнозы бар балаларға ол қиынға соғады.

Сенсорлы интеграция терапиясы баланың қоршаған орта тітіркендіргіштеріне тым қозып отырғанын, немесе қоршаған ортаның аса әсер етпегенін болжап, анықтауға көмектеседі. Осылайша, сенсорлы интеграцияның мақсаты – мидың сенсорлы ақпаратты өңдеуін жүзеге асыру. Сол арқылы бала күнделікті өмірде сол ақпаратты қолдана алады.

Сенсорлы интеграцияның мысалдары:

  • Гамакта тербелу (кеңістікте бағдарлану);

  • Музыкаға билеу (есту жүйесі)

  • Бұршақ толтырылған қораптармен ойын (тактильді сезімдерін дамыту);

  • Тунельде жорғалау (кеңістікте бағдарлану және жанасу);

  • Қозғалып тұрған шариктерге жанасу (көру сезімі мен тактильді бағдарлануы);

  • Орындықта айналу (тепе-теңдік және көру қабілетіне әсер);

  • Бөренеде тепе-теңдік ұстап тұру (тепе-теңдік сақтау)[7].


Аутизмi бар баланың әлеуметтік табыстылығы көп жағдайда, оның отбасының психологиялық қолдауына байланысты. Сонымен бiрге баланың проблемаларын дер кезiнде анықтап, оған дәрiгерлер, психологтар, педагог-дефектологтар, әлеуметтiк қызметкерлер, тәрбиешілер тарапынан көрсетiлетiн көмектер және қолдауды ерте жастан қажет болған уақытта көрсету және ата аналардың қолдауы, келісімі, үйден қайталауы маңызды.
Аутизмi бар балалар өздерiнiң мүмкiндiктерiне және мiнез-құлықтарының ерекшелiктерiне қарай, жалпы бiлiм беру бағдарламаларымен бiрге арнайы(түзеу) бiлiм беру ұйымдарының бағдарламалары бойынша тәрбиелене алады. Бірақ медициналық көмектер қатар орындалуы керек.
Аутизмі бар балаға өзiнiң басты проблемаларын, яғни қарым-қатынастағы және өзара әрекеттiк жағдайдағы қиындықтарды жеңу үшiн қатарларының, құрбыларынын, құрдастарының, кластастарының, достарының әдеттегi ортасы ауадай қажет екенін ескерген жөн.
Балабақша мен мектеп оған тек тәрбие мен бiлiмді ғана берiп қоймайды, сонымен бiрге ең алдымен, басқа адамдармен бiрге өмiр сүру мүмкiндiгiн де үйретеді. Сондықтан, мұндай балаларды үйде оқу түрiне көшiрмей, мектепте қалдыру, яғни инклюзивті оқыту өте маңызды.
Аутизмі бар баланы ауру немесе ауырады деп санаудың орнына, оның дамуы мен оқуына белгiлi бiр жайлы жағдай мен тәсiл қажеттiктен «өзгеше бала» деп санаған дұрыс.
Қоғамның мiндетi – аутист балалардың құрдастарынан қалмай балабақшада тәрбиеленуіне, мектепте мүмкіндігіне қарай оқуына және оған қажеттi тәсiлдердi пайдалануына жағдай тудыру қажеттілігіне түсіністікпен қарау[8].

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай қоғамның демократиялануына, білім беру салаларының қайта құрылуына, педагогикалық ғылымдағы және тәжірибедегі инновациялық басымдылықтарға байланысты арнайы мекемелердің педагогикалық ұжымы біз жүргізген зерттеулік ізденіс жұмыстарға оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында белсенділік танытты.

Арнайы мекемедегі педагог-логопед ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибесін топтастыру үшін арнайы тақырыппен жұмыс жасайды. Логопед ғылыми ізденіс тақырыптары негізінен, аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру төңірегінде топтастырылады. Сонымен бірге педагог-логопед біздің тәжірибелік-педагогикалық жұмысымызда көрсетілгеніндей арнайы мекемелердегі жұмыстардың перспективалық жоспарына сәйкес аутизм диагнозы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарында қатыстырылды.

Аутизмі бар балалармен түзету жұмыстарын жүргізуде біз ұсынған әдістемесінің тиімділігін көрсетудегі зерттеу жұмыстарының мақсаты ерекше болды.

Эксперимент жүргізу үшін зерттеу жұмысы бойынша эксперименттің ұйымдастырылу кезеңдерін белгілеп алдық.

Қалыптастыру кезеңінде тәжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылып, белгіленген іс-шаралар жүйесі жүзеге асты:



  • эксперимент жұмысының мазмұны іріктелді;

  • педагогикалық бірізділік анықталды;

  • оқу үдерісіне ендірілген бағдарламалар мен оқыту формаларының мазмұнының тиімділігі анықталды;

Анықтаушы эксперименті 4 бағытта жүргізілді:

  • Аутизм диагнозы бар балалардың сөйлеу тілін, қарым-қатынасын, психикалық процесстерін «Ойын технологиясы» әдісі бойынша ойын элементтерін қолдану арқылы қалыптастыру;

  • Глобальды оқыту әдістемесі бойынша аутизмі бар балалардың есте сақтауын дамыту;

  • Сенсорлы интеграциялау әдісі арқылы аутизмі бар балалардың қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыру;

  • Ақпараттық технологияны қолдану әдісі бойынша «Дэльфа – 142,1» тренажерын қолдану арқылы аутизмі бар баланың сөйлеу тілін жан-жақты дамыту.

Аутизмі бар балалардың оқытуда, сөйлеу тілін қалыптастыруда, психикалық процесстерін дамытуда заманауи технологияларды, әдістерді жүйелі қолданып, пайдалану үдерісіне сандық және сапалық түрде өңдеу мен сараптаулар мынадай қорытынды жасауға мүмкін беріп отыр.

- Тәжірибелік топтағы балалардың психикалық функцияларын қалыптастыру сапасы жоғарылады;

- Аталмыш жаттығуларды, тапсырмаларды орындауда балалардың белсенділігі, қызығушылығы арта түсті;

- Аутизмі бар балаларға жүргізілген эксперименттен кейін балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас жаңа қарқын алды;

- Аутизм диагнозы бар балаларға эксперимент жүргізу нәтижесінде бақылау тобына қарағанда эксперимент тобының көрсеткіші жоғары деңгейде екені анықталды.

Қоғамның және білім беру жүйесінің қазіргі кездегі дамуы түрлі іс-әрекеттердің интенсификациялық үрдісінің өсуіне байланысты болып келеді.

Осыған орай, болашақ білім беру жүйесі – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім берудің көп бөлігі жаңа технологияларға негізделетінін, қозғалмалы ойын және ақпараттық технологиялардан тұрады.

Тәжірибе көрсеткендей, жаңа технологияларды мақсатты түрде аутист балаларды түзете оқыту және тәрбиелеуде пайдалану балалардың жан-жақты дамуына, коррекция мен компенсациялық жақтарына психолого-педагогикалық жағдай жасайды. Сонымен қатар әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескереді[9].

Түзете-оқыту үрдісінде түрлі технологияларды қолдану бала ағзасының компенсаторлы мүмкіндіктерін белсендіріп, ауытқушылықтарды жеңуге, алдын алуға мүмкіндік туғызады. Осы компенсацияның негізінде мүмкіндігішектеулі балалардың қабылдаудың сақталған түрін жүзеге асыру, және баланың психикалық функцияларын дамыту қолайлы жүзеге асады.

Аутист балаларды оқытуда жаңа технологияларды қолданудың артықшылығы – оқу материалын визуалды түрде елестете алу қабілеті болып табылады.

Ақпаратты көрнекі түрде көрсету қандай іс-әрекет болсын оның әсерлілігін жоғарылатады. Арнайы білім беруде бұл әсердің маңызы зор. Заманауи құралдарды, диагностикалық әдістерді және технологияларды қолдану баланың тек сол кездегі ғана функциясын анықтамай, сол кезде пайда болатын обьективті қиындықтарды анықтап, оларды қолжетімді тәсілмен жеңуге көмектеседі.

Баланың ерекшелігіне қарай физикалық және сөйлеу терапиялары қолданылуы мүмкін. Баланың бөлектенуін, мақсатсыз жоғалуын, және қорқыныш сезімін жою үшін анимлотерапияның (арнайы үйретілген иттер, аттар және дельфиндер) көмегі зор. Бұл терапиямен емделгенде дельфиндерден бөлінетін жоғары жиілікті сонарлардың әсерінен баладан бақыт гармондары бөлінеді. Бұл гармондар ми қызметіне әсер етіп, баланың көңіл-күйін жақсартады[10].



Яғни, аутизмі бар балалармен жұмыс жүргізу барысында түрлі технологияларды қолдану – баланың сауығуына барынша мүмкіндік береді. Ең алдымен баламен қарым-қатынас орнату оңайға түседі, қызығушылығы оянады.
ӘДЕИЕТТЕР:



  1. http://tezister.net/index.php?newsid=102426&news_page=2

  2. Янушко Е.А.Игры с аутичным ребенком. Установление контакта, способы взаимодействия, развитие речи, психотерапия. - М.: Теревинф, 2004Жигорева М.В. Дети с комплексными нарушениями в развитии: педагогическая помощь: учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений / М.В. Жигорева. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 240 с.

  3. Истратова О.Н. Практикум по детской психокоррекции: игры, упражнения, техники / О.Н.истратова. – Ростов н/Д: Феникс, 2007. – 349, [1] с. – (Психологический практикум).

  4. www.ikprao.ru – Институт коррекционной педагогики РАО 

  5. Левченко И.Ю., Забрамная С.Д., Добровольская Т.А. Специальная психолого-педагогическая диагностика – М.: Академия, 2003. – 320 с.

  6. Никуленко Т.Г. Коррекционная педагогика: Учебное пособие / Т.Г.Никуленко. – Ростов н/Д: Феникс, 2006. – 381 с. – Высшее образование.

  7. www.wallenberg.ru – Институт Специальной Педагогики и Психологии Международного Университета семьи и ребенка им.Рауля Валленберга 

  8. Поваляева М.А. Коррекционная педагогика. Взаимодействие специалистов. Коллективная монография / Под общ. Ред. М.А.Поваляевой. Серия «Учебники, учебные пособия». – Ростов-на-Дону: «Феникс», 2002. – 352 с.

  9. Саенко Ю.В. Специальная психология: Учебное пособие. – М.: Академический проект, 2006. – 182 с. – («Gaudeamus»).

  10. Мамайчук И.И. Помощь психолога детям с аутизмом. – СПб.: Речь,2007.- 288с.-ISBN 5-9268-0633-Х



Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
2016-04 -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
2016-04 -> Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 411 штқ студенті
2016-04 -> Кескіндеме өнерінің шығу тарихы
2016-04 -> ЖАҢа технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының Ғылыми танымын қалыптастыру баятбек Жансая Жанатқызы
2016-04 -> ТӘкен әлімқҰловтың ӘҢгімелеріндегі өнер адамдарының бейнесі жайнарбаева Назгуль Нурланқызы
2016-04 -> Өздік жұмыстар арқылы бастауыш сыныпта еңбек тәрбиесін беру тұрсынбай Е. Р
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Қазақ ауыз әдебиеті мен антикалық Әдебиет дәуіріндегі фольклористиканың Өзара үндестігі
2016-04 -> Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлі. Мұқан А.Қ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет