Аутты балаларға деген кіші мектеп жасындағы оқушылардың Қатынасын анықтау



бет1/2
Дата11.02.2018
өлшемі173,47 Kb.
#37485
  1   2
АУТТЫ БАЛАЛАРҒА ДЕГЕН КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫНАСЫН АНЫҚТАУ
Блялова А.Е.

Игембаева К.С


Қазіргі кезде психология ғылымында көп ғалымдарды қызықтырып, біршама зерттеушілердің негізгі тақырыбына айналып, бірақ зерттеу жұмыстарына келгенде түйіні әлі шешілмей отырған күрделі мәселенің бірі – аутизм. Аутизм – (гр. autos - өзім) – адамның сырткы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі.

Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э.Блейлер ұсынған. Аутизм ауруын алғаш ашып, зерттеген америка психиатрі Лео Каннер [1].

Аутизм ауруыны себептеріне келетін болсақ, көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Сонымен қоса, тұқымқуалаушылық фактордың әсері, оның ішінде хромосомалық өзгерістер де әсерін тигізе алатынын көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен қатар, мидың органикалық зақымдалуы да балалардың аутты болуына өз ықпалын тигізетіні кей ғалымдардың пікірлерінде айтылады. Сонымен бірге зат алмасу өзгерістері, анасының жүктілік кезінде және туу кезінде алған жарақаттары, нейро инфекциялар, т.б. жағдайлар өз әсерін тигізбей қоймайтыны анық.

Бұл аурудың бастапқы көрінісі мына белгілермен сипатталады. Негізі аутизм диагнозын балаға 3 жасында қояды. Бұл жаста ол әлеуметтік тұрғыда дамып, өзгелермен қарым-қатынас жасайды. Егер бала ешкіммен ойнамай, өзін шақырғанға көңіл аудармай, жалпы дамуы тежеліп, тұйықтала бастаса, ауырсыну сезімі жоқ болса, ешқандай эмоция бермесе аутизмнің бастапқы белгілері пайда болып келе жатқандығы көрінеді [2].

Л. Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тауып, аутизмнің мынадай көрсеткіштерін ажыратады:

1. Жалғыздықты жақсы көру.

2. Ешқаш адаммен көзбе-көз кездеспеу.

3. Мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы.

4. Бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы, бәрі біркелкі болуы және өзгермеуі керек..

5.Эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау

6. Біркелкі қимылдарды қайталай беру.

«Spectrum United Now» қоғамдық қорының президенті Данар Жоламанова осы аурудың негізгі белгілері ретінде мыналарды атады: баланың сөйлеу кезінде қиналуы не мүлдем сөйлемеуі, көзге тура қарамау, адамдармен араласа алмау және қайталана беретін қимыл-қоғалыстар жасауы, яғни баланың ұзақ уақыт бойы тек бір нәрсемен айналысып отыра беруі, стереотипті әрекет жасауы [3; 15].

Аутистік мәселелерге байланысты статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, аутизм мәселесіне қатысты мынадай ақпараттар бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы зерттеулері бойынша әлемдегі әр 50-ші бала аутизм дертіне шалдыққан. 10-20 жыл бұрын 10 мың баланың 3-4-тен 10-15 оқиға тіркелген болса, ал қазіргі кезде АҚШ-та орта есеппен алғанда, 200 баланың біреуі, Англияда да 80 баланың біреуі, ал кейбір елдерде бұдан да көп [4; 67].

Сондай-ақ әлемде аутизмнің өсуі эпидемия түрінде қарастырылады. Қазақстанда да аутист балалар көбеюде. Елімізде мұндай дертке шалдыққан бүлдіршіндердің саны 3 мың шамасында екен. Облыстық психо-медико-педогогикалық консультациялардың мәліметтері бойынша 2002 жылы 93 бала болса, 2009 жылы аутты балалар саны 326-ға жеткендігі жайында «Spectrum United Now» қоғамдық қорының президенті Данар Жоламанова айтып өтті.

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты ретінде, аутты балаларға деген кіші мектеп жасындағы оқушылардың қатынасын анықтау.

Балалық шақтағы аутизм әртүрлі болады және аутизммен ауыратын балада сөйлеу дамуының деңгейлері әртүрлі болады. Л.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы мынадай көрсеткіштерін біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.



Балалық шақтағы аутизм ауруының жүйесіне кіру үшін, ең алдымен теорияны біле отырып, алынған нәтижені практика жүзінде іске асыру қажет. Осындай мақсатпен Жаңаарқа ауданының Б.Амалбеков атындағы жалпы орта мектебі мен Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушыларының балалық шақтағы аутты диагнозы бар балаларға деген қатынасын анықтау барысында біз құнды нәтижелерге қол жеткіздік. Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген авторлық анкета контент-талдау арқылы өңделді. Нәтижелерді өңдеу барысында сыналушылардың жауаптарын категориялармен санатшаларға бөліп, сипаттап жаздық. Соның негізінде, жауаптардың барлығын 7 категорияға бөлдік (Сурет 1,2,3,4,5,6,7).

Сурет 1. А - «Аутизм» ұғымы жайлы ақпарат.


Бұл категория бойынша біз бастауыш сынып оқушыларының осы диагноз туралы қаншалықты білетіндігін анықтай алдық. Нәтижесі бойынша оқушылардың 92%-ы бұл диагноз туралы хабардар екендігі анықталса, қалған оқушылардың 8%-ы бұл ұғыммен мүлдем таныс емес екендігін байқадық.

Сурет 2. Б - «Аутизм» диагнозы бар балалардың мектепте оқуы.



Бұл сауалнама жауаптарын қарастырғанда, 76% оқушылар мектебінде мұндай балалардың мүлдем оқымайтындығын көрсеткен болса, 24% оқушылар өзімен бірге аутты диагнозы бар балалар оқитындығын көрсетті.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет