Қазақ ағартушыларының еңбектеріндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың гумандық сипаты Әрінова Б. А



Дата29.03.2018
өлшемі101,69 Kb.
#39743
Қазақ ағартушыларының еңбектеріндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың гумандық сипаты
Әрінова Б.А., п.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

«Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының доценті

Гайбуллаева С.С., п.ғ.магистрі., Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының ассистенті.
Бұл мақалада рухани-адамгершілік құндылықтардың ізгілік ретіндегі мәні ашылып, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы айтылады. ХІХ ғасырдағы ағартушылар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және Шәкәрім Құдайбердиевтердің болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған мол мұраларының мазмұнындағы ізгілік идеяларының адам өміріндегі орнына назар аударылады. Әсіресе, Абай Құнанбаев шығармаларындағы, соның ішінде оның поэмалары мен қара сөздеріндегі адам мәселесі, жақсы адам болу қағидаларының халықты мейірімділікке, қайырымдылыққа шақыратын гумандық сипаты айқындалады. Сонымен қатар бұл тақырыпқа ХХ ғасырдағы қоғам қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров және т.б. ақын, жазушы, аудармашы, саясаткер, басқа ғылым салаларынан қалам тартқан ойшылдардың ұлтжандылық тақырыбының маңыздылығы гумандық тұрғысынан сипатталады.

Түйін сөздер: ізгілік, идея, құндылық, адамгершілік, өзін-өзі тану, руханилық, ұлтжандылық, гуманизм.
Аннотация

Данная статья посвящается идеи патриотизма, гуманизма и толерантности находят свое отражение не только в современной культуре и литературе, их начало тянется из глубин устного народного творчества. Эта тема находит свое продолжение в творчестве великих акынов, в произведениях известных народу просветителей: Абая Кунанбаева, Шакарима Кудайбердиева, Чокана Валиханова, Ибрая Алтынсарина. В поэмах и наставлениях Абая Кунанбаева мотив гуманизма стал преобладающим. Он стал на стороне в защиту обездоленных, призвал к гуманизму и милосердию. В ХХ веке теме гуманизма обращались видные казахские поэты, просветители, общественные деятели, как Алихан Бокейханов, Ахмет Байтурсынов, Миржакып Дулатов, Сейткали Мендешев, Жусипбек Аймауытов, Султанмахмут Торайгыров. Тема гуманизма, толерантности и патриотизма остаются важными для подрастающего поколения и в наши дни.



Ключевые слова: гуманизм, идея, ценность, нравственность, самопознание, духовность, патриотизм.
Annotation

This article is devoted of the idea of patriotism, humanism, and tolerance find their reflection not only in modern culture and literature, their beginning stretches from depth of verbal national creation. This theme finds its extension in creation and works of great poets: Abay Kunanbayev’s, Shakarim Kudayberdiyev, Shokhan Walikhanov, Ibray Altynsarin. In Abay Kunanbayev’s poems and manuals the humanism motive became predominant. He became on the party to protect of destitute, called to humanism and charity. In XX century to the topic of humanism famous Kazakh poets, enlighteners, public figures, such as Alikhan Bokeikhanov, Akhmet Baytursynov, Mirzhakyp Dulatov, Seitkali Mendeshev, Zhusipbek Aimauytov, Sultanmakhmut Toraygyrov addressed. The theme of humanism, tolerance and patriotism remain important for rising generation nowadays.



Key words: humanism, idea, value, morals, self-knowledge, spirituality, patriotism.
Адамзат қоғамының қай кезеңінде болмасын ізгілік мәселесі өзектілік танытып келген. Тарихқа көз жіберсек, гумандылық қасиет пен қарым-қатынас адам баласы қоғамының және жалпы адамзаттық құндылықтың ең негізгі бастауы ретінде адаммен бірге дамып келе жатқаны белгілі.

Рух – адам бойындағы өзек, ал руханилық – осы өзектің құрылымы болса, адамгершілік дегеніміз – ізгі қасиеттер жиынтығы. Жеке тұлғаның рухани дамуы тұлғаның әлеуеттік, адамгершілік құндылықтарының дамуы болып табылады. Руханилық жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтарға бағытталғандықтан оның мазмұнын сүйіспеншілік, жауапкершілік, шыншылдық, қайырымдылық, мейірімділік және т.б. құрайды.

Жалпы «Адам – Қоғам», «Адам–Әлем» қарым-қатынастары адамның дүниеге көзқарасының ғылыми ұстанымдарға негізделетіндігін көрсетеді. Өйткені, әлемді рухани-адамгершілікпен игеру процесі барысында адам болмысты өз құндылықтары негізінде қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, қызығушылық ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның қоршаған ортаға қарым-қатынасынан, қоғамға еңбек етуінен көрінеді.

Құндылық объективтік және субъективтік екі бөліктен тұрады. Пәндік құндылықтарға заттардың қажеттілігі, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық және жақсылықтың іске асуы жатады.

Адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, кісілік, ізгілік, имандылық тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершiлiк – адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды.

Әлемдік қауымдастық тарихи тұрғыдан мойындаған жалпыадамзаттық құндылықтарға: өмір, адам, уақыт, бақыт, махаббат, ізгілік (жақсылық), ар- ұждан, арман, сенім, парыз, сол сияқты қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде анықталатын адами қасиеттер жатады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды бұрмалау адамзатқа қарсы қылмыс болып саналады. Махаббат, жақсылық, өмір мәні, ақиқат, еркіндік, сұлулық, адамның өзіндік құндылығы, лайықты өмір сүру, жалпы адамгершілік және т.б. рухани құндылықтардың да негізін құрайды.

Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адамға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi – әлемдi тануы. Адам өмірінде барлық тарих сынағынан сүрінбей өткен, адамзаттық мәнді қасиеттері бар құбылыс – адамгершілік кұндылық болып табылады. Өйткені, адам болмысының қасиеті: ар мен ұят, адамгершілік пен қайырымдылық, ақниеттілік пен жан тазалығы, шынайылылық пен ұстамдылық негіздері өз кұндылығын жойған емес.

Жалпыадамзаттық рухани құндылықтардың басқа құндылықтардан (ұлттық құндылықтар, материалдық құндылықтар, діни құндылықтар, әлеуметтік құндылықтар, саяси құндылықтар, моральдық құндылықтар, эстетикалық құндылықтар және т.б.) ерекшелігі – ол ұлттық, саяси, діни және басқа да танымдарға тәуелсіз, бүкіладамзатқа ортақ мүддені көздейді және де осы тұрғыдан алғанда жалпыадамзат өркениетінің күретамыры болып табылады. Кез келген құндылық философиялық категория ретінде болмыстың адам өміріне, мүддесіне қатысты дұрыс, жағымды жақтарын білдіреді [1, 78-б].

Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жету жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. Пәндік құндылық – баға берудің объектісі болса, субъективті құндылық – олардың өлшемі мен әдісі болып табылады [2, 537-б].

Адамгершілік құндылықтар, рухани құндылықтар, рухани-адамгершілік құндылықтар түрлері мен жіктемесі ғұлама ойшылдар мен ағартушылардың еңбектерінде де қарастырылып топтастырылған.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында ағартушылық идеяларын таратқан қазақтың жұлдыздары Абай, Ыбырай, Шоқан демократиялық іс-қызметтерін ізгіліктік мұратқа арнады. Халқының тұрмыс-тіршілігін жеңілдету мәселесін сауат ашу, басқа елдің материалды және рухани мәдениетінен үйрену жолы арқылы шешу бағытында нық тұрды. Өздерін қоршаған шындықты –әлеуметтік теңсіздік, зұлымдық формасында таныған публицист-ойшылдар озық ой-пікірлерін ағартушылық негізде қалады. Ағартушы-гуманисттердің көзқарастары адам-қоғам контексінде дамыды. Ұлттық өзін-өзі тануда зор жетістіктерге жеткен ұлы ойшылдар халқының болашағына кедергі болар кемшіліктерін дұрыс танып, көрсете білді.

Жаңа дәуірдің, халықтың ұлттық сана сезімінің ояну дәуірінің жаршысы өзінің бүкіл қоғамдық – саяси әрі ағартушылық қызметі қараңғылық пен надандыққа, діни мұсылмандық фанатизмге қарсы қажырлы күреске өзек болған Шоқан Уалихановтың гуманистік идеяларының негізі – қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күресте, патша шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған, әрі «жабайы» мінездеріне орай адам қасиеттерін сипаттайтын адамгершілік құндылықтарына: - «намыс», «әділдік», «парыз» т.с. түсініктерді өздерінің саяси мақсаттарына жетуде пайдалана отырып мәнін ашып берді.

Ақын ғана емес, көркем сөз иесі, ойшыл, қоғам қайраткері деп білетін

Ыбырай Алтынсарин өз кезегінде шынайы гуманист те бола алды. Өзінің гуманистік терең ой-арманын сөз бен істе қатар жүзеге асыруға батыл талпынды. «Ыбырайдың еңбектері, мақалалары, хаттары олардың дүниеге гуманистік көзқарас, тәжірибелі қиялдық анықтаушы тұрғысынан жазылғанын байқатады» [3, 108-б], – деген философ Д.Кішібековтің пікірі де ақиқаттан, өмірден алыс жатқан ізгілікті идеяларын іске асыруға талпынған ағартушы – гуманистің көзқарасының ізгілік тұғырына бекітілгенін білдіреді. «…Бір ескеретін нәрсе – қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды; оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр…» [4, 24-25-бб]. Бұл жерде Ыбырайдың көз жеткізген шындығы – қоғамдық болмыстың тұлғаға қолайлы жағдай туғыза алатындығына көз жеткізгендігі. Әрине тұлғаның рухани-мәдени дамуын объективті әлеуметтік қатынастардан бөліп, жеке қарау мүмкін емес, керісінше олар тұлғаның даму үдерісін анықтайды. Адам баласының сол объективтілікке тәуелдігін бұзып шығып, алып кетер жаңа күш, талап, ерік-жігеріне деген сенімді көзқарасы педагог гуманизмінің бір ұшқынын, «Жаратты кеше алуан жұрт бір құдайым

Тең етті бәріміз күн мен айын.

Адамның адам біткен баласыңыз,

Қайсың бөлек тудың деп айырайын!» [5, 10-б] – деген өлең шумақтарынан байқаймыз.

Адам болмысының рухани дүниесі – гуманист ұлы Абай ақын үшін керемет күш. Ақын қырық бесінші сөзінде: «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол − жаратқан тәңірінің ісі. ... Бұл аделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі − ғалым, сол − ғақил» [6, 380-б] дей келе, адам баласының ішкі «Меніне» тән көп қырлы құбылыс ретінде махаббат сезімін антропологиялық нақты тұжырымдамамен берудің мүмкін емес жағдайын білдіреді. Адам өмірінің мәні де осы махаббат сезімімен өлшенбек. Махаббат − ойшыл үшін шегі жоқ ұғым. Ол белгілі-бір формуламен дәлелденіп, өмір заңдылығына тәуелді болмақ емес. Махаббаттың табиғи болмысының әралуан қырлылығы Абай қарасөздеріндегі тұжырымдамалар арқылы дәйектеліп отырады.

Абай жазып кеткендей, адамның биологиялық дене ретінде табиғи болмысы біртекті болғанмен, әлеуметтік-саяси, идеологиялық тұрғыдан әралуан дәреже-деңгейдің өзі − адам. Бұл − өзгертуге келмейтін құбылыс. Ақырында, ақын өзінің субъективті түйіндеуінде белсенді іс-әрекеттен бәсең формаға өтетінін білдіреді. Ақынның соңғы отты қаруы − сөз, ілім. Отыз жетінші сөзінде: «Жамандықты кім көрмейді. Үмітін үзбек − қайратсыздық. Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің! Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді!» [6, 349-б] − деп, ізгіліктің болашақтағы рөліне сенімді. Табиғат құбылыстары сияқты, ізгілік пен зұлымдық та қайшылықты тартыс және бірлігі негізінде болып жатады.

Адам баласына деген сенім мен махаббат Абайдың этикалық-адамгершіліктік құндылықтарының негізі. Абайдың адам баласының жақын, туыс адамыңа ғана емес, барша адам затына ізгі қатынасты дәріптеуі дананың терең әрі өз ортасынан әлдеқайда алыс танымының жоғары деңгейін білдіреді. Бұл − ізгі тұлға рухының мәңгілік мәнге ие сипаты.

Адамзатқа тән құнды сезім қабілеттері мен ақыл-ойының сәйкестікпен дамуы − ізгіліктің дәлелді бейнесі. Адам баласының қалыптасып, жетілуі микро – және макроортаға тәуелді жағдайда болатындықтан, ол − қоғам жемісі деп те тұжырымдалады. «Адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват» [6, 348-б] дей келе, қоғам-адам арақатынасының жағымсыз құбылысын − даму заңдылығының бір ізі деп қарайды. Ұлы Абай үшін ізгілік − бұл «басқа адамдармен қарым-қатынаста ізгі ниетте, ізгі мақсатта болу.

Ізгілікті ойын, Шоқан мен Ыбырай сияқты, Абай да өлеңі мен қара сөздерінде өміршең өсиет үлгісінде қалдырды. Өзін қоршаған шындық − ақын жүрегінде өкініш, мұң ұялатқан негізгі таным объектісі болғанымен, гуманист-ақынның өз халқынан зор үміті бар. Қараңыз: «Осы мен өзім- қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем қылықтарын қостасам керек еді. Уа, әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, я көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем-сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, ондайым жоқ…. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай?» [6, 318-б]. Оңайлықпен жауабы табыла бермейтін бұл сұрақ ойшылдың қоғам мен адам болмысына, тың, жаңа қырынан келуімен қалыптасқан. Ақын өзі таныған, қоғам өміріне тереңдеп енген, бұл көкейтесті мәселені шешу қажеттігінің мүмкіндікке өтуіне күмәнді. Бұл күмән − қоғамның саяси-әлеуметтік қатынастарының тұрақсыздығының, төмендігінің нәтижесінен туған тұлғалық рухани көрініс. Бұл − Шоқаннан да, Ыбырайдан да байқалатын ортақ белгі. Бірақ, қазақ ағартушылары халықтан үмітін толық үзбеген еді.

Қазақтың белді ақындарының бірі – ойшыл Ақан Сері Қорамсаұлының тұжырымдауынша, даналық сияқты надандық та қозғалмалы адамдық мәнділік. Екеуіне де тұрақсыздық тән. Ал, тұрақтылыққа екі маңызды күш қажет, ол – ақыл және білім. Ақыл мен ғылымнан туатын игі шарапатты данамен жақын қатынастан туатын заңды құбылыс ретінде дәйектей отырып, ақын қоғамдық ортаның тұлғаға ықпалды әсерін ескертеді. Адам бойына білім арқылы тәрбиелеумен ізгілікті дарыту жолының үміті зор. Адамға тән ізгілікті табиғатын қорғаумен қатар ағартушы-гуманистер осы ізгілікті сақтау әдісін үздік мәдениеттен үйреніп, қабылдауды ұсынады.

Ағартушылық ізденіс дәстүрін жалғастыру, ХХ ғасырдың басында, тарих сахнасына келген, қоғам қайраткерлерінің жаңа мақсаттағы ерлік істеріне тиесілі еді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітқали Мендешев, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шәкәрім Құдайбердиев сынды ақын-аудармашы, жазушы, саясаткер, әрі басқа ғылым салаларына да қалам тартқан гуманист-ойшылдар ұлт мүддесі мен ұлт тағдырын жеке басы көзқарастарынан жоғары қоя білді.

Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріндегі «жан, рух» жайындағы тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орынын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау т.б. ой жетегінен адамгершілік рухани қадір қасиеттердің біртұтастығын және оның қалыптасуы жан мен рухтың, тәннің үйлесімділігінен туындайтынын ұғынуға болады [7, 21-б].

Ендеше, ізгілік – адам мен адам, адам мен әлем қатынасының негізін құрайтын құндылық және адамзаттан биік жауапкершілікті талап ететін қатынас болып саналады. Жақсылық жасауға, жақсылықтан үйренуге талпысы бар әр адам барлық жалпыадамзаттық құндылықарды өз бойына жинақтап дамыта алады. Ал біздің ата-бабаларымыздан асыл мұра ретінде жеткен адамгершілік сапалар өткенмен ғана емес, бүгінгі және ертеңгі өмірмен де байланысты. Сол себепті олардың адамгершілік сипаты, құндылықтық мәні күн санап арта береді.

Сөйтіп, қорыта айтқанда қазақ халқының ағартушы ғалымдарының тұжырымдарында айтылған терең ойлар, халық даналығы әр адамды ізгілік әлеміне жетелейтін өнеге мектебі десек те болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Шакаримова Қ.Қ. Жоғары сынып оқушыларының рухани құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.// Хабаршы. Абай атындағы ҚазҰПУ Сер.: «Педагогика ғылымдары»=Вестник им. Абая КазНПУ Сер.: "Педагогические науки".- 2008.-№1.-С.77-80 б.

2 Спиркин А.Г. Философия: Учебник. – 2-е изд. М.: Гардарики, 2002. -736с.

3 Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша сөздік. – Алматы: 1999. – 704 б.

4 Алтынсарин Ы. Мұсылмандық шарты. Алматы: Ғылым, 1996. – 86 б.

5 Алтынсарин Ы. Кел, балалар, оқылық. Өлең, әңгімелер мен мақал, жұмбақтар. – Алматы: Атамұра, 2014. – 168 б.

6 Абай Құнанбайұлы. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы: Раритет, 2008. – 384 б. – «Алтын қор» кітапханасы.

7 «Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе. Оқу құралы. – Алматы: Бөбек, 2006. – 148 б.



8 Дулатов М. Бес томдық шығармалар жинағы: 1-том: Өлеңдер, роман, пьеса, әңгімелер. – Алматы: Мектеп, 2002. – 368 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет