Қазақ Әдебиеті нұсқау



Дата31.12.2019
өлшемі35,98 Kb.
#54227


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».

1. Махмұт Қашқари еңбегін көрсетіңіз

A) "Өлең өнерінің қағидалары"

B) "Оғыз қаған жыры"

C) "Құтты білік"

D) "Музыканың үлкен кітабы"

E) "Түркі сөздерінің жинағы"


2. Үзіндінің қай ертегіден алынғанын көрсетіңіз.

Бір мезгілде тау қаңбақтай ұшып, тас бұршақтай жауады. Шалқұйрықтың құйрығына қазандай қара тас орала кетеді.

A) «Ер Төстік».

B) «Қырық өтірік».

C) «Алтын сақа».

D) «Сырттандар».

E) «Аяз би».



3. Шал ақынның шын есімін белгілеңіз.

A) Мөңке.

B) Тілеуке.

C) Білге.

D) Марғасқа.

E) Қалқаман.



4. Сәуірде көтерілер рақымет туы,

Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.

Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,

Жайылар жер жүзіне қардың суы... – деген өлең жолдары Ыбырайдың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.

A) «Жаз»

B) «Өнер-білім бар жұрттар»

C) «Кел, балалар, оқылық»

D) «Асыл шөп»

E) «Өзен»



5. Б.Майлин пьесасын табыңыз.

A) «Шұғаның белгісі».

B) «Қызыл сұңқарлар».

C) «Асауға тұсау».

D) «Түнгі сарын».

E) «Майдан».



6. «Абай жолында» Абай Қарқаралыдан қайтқан соң, кімдердің қасында болғанын табыңыз.

A) Тәкежан мен Ғабитханның.

B) Смағұл мен Оспанның.

C) Шешелерінің.

D) Ербол мен Құдайбердінің.

E) Құнанбай мен Майбасардың.



7. "Қорқыт ата кітабындағы" жырды көрсетіңіз.

A) "Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр"

B) "Оғыз қаған жыры"

C) "Күлтегін"

D) "Қыз Жібек" жыры

E) "Құтты білік"



8. Cөздері аңыз әңгімеге айналып кеткен шешенді анықтаңыз.

A) Қарашаш.

B) Бала би.

C) Жиренше.

D) Бөлтірік.

E) Майқы би.



9. Мерке жеріндегі Аспараны көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер!» деген аңыз кейіпкерін анықтаңыз.

A) Жиренше.

B) Асан қайғы.

C) Қорқыт ата.

D) Жошы хан.

E) Қарашаш.



10. Тағдыр-талайы атамекен, туған жерінен алыстатып, Қытай еліне кетіп, Құлжа қаласында қайтыс болған әнші-ақынды белгілеңіз.

A) Үкілі Ыбырай.

B) Ақан сері.

C) Жаяу Мұса.

D) Әсет Найманбаев.

E) Біржан сал.



11. Дулат Бабатайұлының туып-өскен өңірін «атамның қонған қонысы» деп тебірене жырлаған өлеңін анықтаңыз.

A) "Сандықтас"

B) "Ақжайлау мен Сандықтас"

C) "Кеңесбайға"

D) "Тауды екіге жарасың"

E) "Ақтанға"



12. Сенің зарың – зарлайтыным өмірге,

Сенің арың арлайтыным өмірде.

Үзінді Б.Майлиннің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.

A) «Шұғаның белгісі».

B) «Кедей теңдігі».

C) «Азамат Азаматыч».

D) «Кедейге».

E) «Майдан».


13. А.Байтұрсынұлының «Маса» жинағына енген өлеңін көрсетіңіз:

A) «Арыстан».

B) «Қаздар».

C) «Қазақ салты».

D) «Балықшы мен балық».

E) «Сорлы болған мұжық».



14. «Абай жолы» романында Бөжейдің асында Абайға көмекші, әрі ақылшы болған адамдарды анықтаңыз.

A) Тәкежан, Ысқақ.

B) Смағұл, Халиолла.

C) Ызғұтты, Ербол.

D) Қадырбай, Байсал.

E) Оспан, Әбдірахман.



15. С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы кімнің өмірі мен қызметіне арналғанын табыңыз.

A) Абай Құнанбайұлы

B) Ақан сері.

C) Сәкен Сейфуллин.

D) Балуан Шолақ.

E) Шоқан Уәлиханов.



16. А, а, а, а. Ұйқастың қай түріне жататындығын табыңыз.

A) Егіз ұйқас.

B) Шұбыртпалы ұйқас.

C) Шалыс ұйқас.

D) Аралас ұйқас.

E) Кезекті ұйқас.



17. «Еділдің бойын ен жайлап, шалғынға бие біз байлап...» деп, еліне тыныштық, бейбіт күн іздеген жырауды анықтаңыз.

A) Доспамбет.

B) Ақтамберді.

C) Шалкиіз.

D) Жиембет.

E) Қазтуған.



18. Махамбет ақынның Исатай батыр өліміне арналған классикалық шығармасын белгілеңіз.

A) «Ереуіл атқа ер салмай»

B) «Соғыс»

C) «Толарсақтан саз кешіп»

D) «Жалған дүние»

E) «Мұнар күн»



19. …Батырлар апырақтап, зорланысып,

Қамалды қалың әскер қорланысып,

Өрлігін кербез шыңның енді байқап,

Үндемей хан да тұрды зор намыс қып...

тармақтарының С.Сейфуллиннің қай шығармасынан алынғандығын анықтаңыз.

A) «Айша».

B) «Аққудың айырылуы».

C) «Жұбату».

D) «Көкшетау».

E) «Альбатрос».


20. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз

A) Жиембет жырау

B) Қабай жырау

C) Сыпыра жырау

D) Қазтуған жырау

E) Бұқар жырау











Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы беріледі».

21. Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мұратын анықтаңыз.

A) әділетсіздікке қарсы шығу

B) ел тәуелсіздігін аңсау

C) махаббатты жырлау

D) оқу-білімге үндеу

E) жақсылық пен жамандықты салыстыру

F) көсемдерге қарсы көтеріліске шақыру

G) ел билеушілерге наразылық

H) елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу



22. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.

Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

A) Ерлік


B) Достық

C) Ынтымақ, бірлік

D) Батырлық

E) Махаббат

F) Өнер - білім

G) Еңбек

H) Адамгершілік


23. "Шағырмақ бұлт жай тастар" өлеңінің авторын анықтаңыз.

A) Үмбетей

B) Қазтуған.

C) Жиембет.

D) Асан қайғы.

E) Ақтамберді

F) Доспамбет.

G) Дулат


H) Шалкиіз.

24. Абайдың поэма(-лар)ын белгілеңіз.

A) "Райымбек, Райымбек"

B) "Еңлік-Кебек"

C) "Ескендір"

D) "Әзім әңгімесі"

E) "Аққулар ұйықтағанда"

F) "Медғат-Қасым"

G) "Масғұт"

H) "Көкшетау"


25. М.Жұмабаевтың табиғат лирикасына жататын өлең(-дер)ін анықтаңыз:

A) «Жазғы түнде».

B) «Шолпан».

C) «Қысқы жолда».

D) «Сен сұлу».

E) «Шолпы».

F) «Бұлбұл».

G) «Жазғытұрым».

H) «Гүлсім ханымға».


26. Ғ.Мұстафинның шоқтығы биік роман(-дар)ын табыңыз:

A) «Тұтқын».

B) «Миллионер».

C) «Қарағанды».

D) «Айғақ».

E) «Шығанақ».

F) «Алынған кек».

G) «Басқа пәле тілден».

H) «Керуен».


27. Орта ғасырлық ойшылдарды белгілеңіз.

A) Шоқан Уәлиханов

B) Ахмет Йасауи

C) Әбунасыр әл-Фараби

D) Ыбырай Алтынсарин

E) Ахмет Йүгінеки

F) Махамбет Өтемісұлы

G) Абай Құнанбаев

H) Шәкәрім Құдайбердіұлы


28. Алдар көсе туралы аңызда: - Естіген жалған болар, көрген шындық,- деп айтатын кейіпкерді табыңыз.

A) Алдар


B) Шайтан

C) Шығайбай

D) Кемпір

E) Саудагер

F) Көршісі

G) Бәйбіше

H) Бізбикеш


29. Берілген жырдың қай қатарға тән екенін көрсетіңіз

Ата-анам еді дәулетім,

Мен жұртыма жау ма едім.

Жатжұрттық болып кеткен соң,

Кетер-ау бастан сәулетім.

A) Сыңсу


B) Жар-жар

C) Жоқтау

D) Қоштасу

E) Наурыз жыры

F) Беташар

G) Бесік жыры

H) Тойбастар


30. Махамбеттің Исатайға арнаған өлең(-дер)ін табыңыз.

A) "Жалғыздық"

B) «Ереуіл атқа ер салмай»

C) "Тарланым"

D) "Қызғыш құс"

E) "Тайманның ұлы Исатай"

F) "Мұнар күн"

G) "Еңселігім екі елі"

H) "Туған ұлдан не пайда?"


31. Шоқан туралы еңбек жазған жазушы(-лар)ды анықтаңыз.

A) Б.Майлин

B) Ә.Нұрпейісов

C) М.Әуезов

D) Қ.Бекхожин

E) Ж.Аймауытов

F) С.Мұқанов

G) Ғ.Мүсірепов

H) С.Бегалин


32. «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкер(-лер)ді көрсетіңіз:

A) Қамар.

B) Мұхтар.

C) Ғали.

D) Шолпан.

E) Нұрым.

F) Сәрсенбай.

G) Болат.

H) Ахмет.


33. Ш.Құдайбердіұлының еңбектерін көрсетіңіз:

A) «Сентябрь».

B) «Жамбылға».

C) «Ғылым туралы».

D) «Үш анық».

E) «Мұсылмандық белгісі».

F) «Қазақ айнасы».

G) «Ғалия».

H) «Ақын шабыты».


34. Ж.Жабаев өлеңдерін анықтаңыз:

A) «Алашқа».

B) «Шағым».

C) «Шәкірт».

D) «Елім-ай».

E) «Зілді бұйрық».

F) «Патша әмірі тарылды».

G) «Терме».

H) «Жастарға».


35. Ғ.Мүсіреповтің қаламынан туған пьесаларды табыңыз:

A) «Қыз Жібек».

B) «Амангелді».

C) «Шұғыла».

D) «Ақан сері – Ақтоқты».

E) «Тулаған толқында».

F) «Талпақ танау».

G) «Өлімді жеңген ана».

H) «Ана кесімі айнымайды».


36. А, а, а, а. А, а, б, б. А, а, б, а. Ұйқастың қай түріне жататындығын табыңыз.

A) Егіз ұйқас.

B) Шалыс ұйқас.

C) Аралас ұйқас.

D) Шұбыртпалы ұйқас.

E) Кезекті ұйқас.

F) Тармақ ұйқас.

G) Қара өлең ұйқасы.

H) Ерікті ұйқас.


37. Үкілі Ыбыраймен айтысқан айтыскер(-лер)ді көрсетіңіз.

A) Біржан

B) Құдайберген

C) Доскей

D) Сара

E) Сүйінбай



F) Ырысжан

G) Құлмамбет

H) Жамбыл


38. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы өнер адамдарының бейнелерін көрсетіңіз:

A) Дәркембай.

B) Кәкітай.

C) Байтас.

D) Байдалы.

E) Құлыншақ.

F) Мұхамеджан.

G) Жұмабай.

H) Дәрмен.


39. Үзіндіні ұйқас, шумақ, тармақ түрлеріне ажыратыңыз:

... Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін жойып, көңілін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ.

A) Үш шумақ.

B) Шұбыртпалы ұйқас.

C) Екі шумақ.

D) Бір шумақ.

E) Бір тармақ.

F) Егіз ұйқас.

G) Қара өлең ұйқасы.

H) Төрт тармақ.





40. «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаш бейнесі лиро-эпостық жырлардағы қай кейіпкерлердің жалғасы іспеттес екенін анықтаңыз:

A) Баянның.

B) Ақбаланың.

C) Гүлбаршынның.

D) Хадишаның.

E) Назымның.

F) Күнекейдің.

G) Құртқаның.



H) Ақжүністің



Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет