Қазақ Әдебиеті нұсқау



Дата31.12.2019
өлшемі33,84 Kb.
#54809


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».

1. Ғалымдардың көне түркі жазуларына берген атауын анықтаңыз.

A) Араб жазуы.

B) Көне ұйғыр жазуы.

C) Шағатай жазуы.

D) Руна жазуы.

E) Оғыз жазуы.


2. Сыр бойында өмір сүрген, аңыз кейіпкеріне айналған күйшіні көрсетіңіз

A) Асан қайғы

B) Алдаркөсе

C) Жиренше

D) Қожанасыр

E) Қорқыт



3. Ханға қарсы тұрғаны үшін елінен айдалған XVII ғасыр жырауын көрсетіңіз.

A) Шалкиіз.

B) Ақтамберді.

C) Жиембет.

D) Үмбетей.

E) Бұқар.



4. «Аягөз, қайда барасың?» өлеңінің авторын белгілеңіз.

A) С.Аронұлы.

B) А.Құнанбаев.

C) М.Мөңкеұлы.

D) Д.Бабатайұлы.

E) Ж.Жабаев.



5. Романдағы Ақбілектің атастырылған жігітінің есімін белгілеңіз.

A) Мұқаш.

B) Бекболат.

C) Балташ.

D) Жорғабек.

E) Доға.



6. Сәбит Мұқановтың өмір сүрген жылдарын табыңыз.

A) 1845 – 1904 ж.ж.

B) 1894 – 1938 ж.ж.

C) 1900 – 1973 ж.ж.

D) 1893 – 1920 ж.ж.

E) 1899 – 1937 ж.ж.



7. «Түркі шаһнамасы» деген атаққа ие болған кітапты белгілеңіз.

A) «Түркіше Гүлстан».

B) «Даналық кітабы».

C) «Ақиқат сыйы».

D) «Шаһнама».

E) «Құтты білік».



8. «Осыны сұрата жіберген хан ақымақ па, сұрай келген сен ақымақ па?» дейтін аңыз кейіпкерін анықтаңыз.

A) Аяз би.

B) Жиренше.

C) Қарашаш.

D) Қаңбақ.

E) Жошы хан.



9. Үзіндінің қай жырдан алынғанын анықтаңыз.

Жиделі Байсан жерінде,

Қоңырат деген елінде

Байбөрі деген бай бопты...

A) «Қобыланды батыр».

B) «Едіге».

C) «Қамбар батыр».

D) «Ер Тарғын».

E) «Алпамыс батыр».



10. «Кенесары-Наурызбай» дастанының авторын белгілеңіз.

A) Мұрат Мөңкеұлы.

B) Нысанбай Жаманқұлұлы.

C) Шәңгерей Бөкеев.

D) Шортанбай Қанайұлы.

E) Мәшһүр Жүсіп Көпеев.



11. «Интернат», «тілмаш», «адвокат», «прошение» - деген сөздердің Абайдың қай өлеңінде кездесетінін анықтаңыз.

A) «Көзімнің қарасы».

B) «Бойы бұлғаң».

C) «Интернатта оқып жүр».

D) «Күз».

E) «Қыс».



12. Ахмет Байтұрсынов жинап құрастырған фольклор материалдарының бірін көрсетіңіз.

A) «Ер Есім».

B) «Шешендік сөздер».

C) «Ер Сайын».

D) «Қамбар батыр».

E) «Ер Тарғын».



13. 1915 жылы жарық көрген «Азамат» жинағының авторын табыңыз.

A) Тұрар Рысқұлов.

B) Міржақып Дулатов.

C) Әлихан Бөкейханов.

D) Ахмет Байтұрсынов.

E) Жүсіпбек Аймауытов.



14. «Есіл бойында» әңгімесіндегі әнші жігітті анықтаңыз.

A) Еламан.

B) Қайсар.

C) Аян.


D) Рай.

E) Мырзатай.



15. С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы әрқашан сабырлы, табанды, күрескер кейіпкерін анықтаңыз.

A) Темірбек.

B) Амантай.

C) Асқар.

D) Ботагөз.

E) Итбай.



16. Ұйқас түрін анықтаңыз.

Шаң шығармас жол дағы,

Сілкіне алмас жапырақ

Тыншығарсың сен дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

A) Егіз ұйқас.

B) Қара өлең ұйқасы.

C) Асқақ ұйқас.

D) Шалыс ұйқас.

E) Шұбартпалы ұйқас.



17. Бөгенбай, Қабанбай батырлардың, Қаздауысты Қазыбектің, батыр Жәнібектің, Баянның ерліктерін өлең жолдарына қосқан жырауды көрсетіңіз.

A) Үмбетей

B) Қазтуған

C) Доспамбет

D) Бұқар

E) Ақтамберді



18. Астына мінген Ақтабан

Ақ бөкендей ойнайды.

Қасына ерген көп әскер

Маңыраған қойдай шулайды...- деген үзінді Махамбет ақынның қай өлеңінен, табыңыз.

A) «Мұнар күн».

B) «Тарланым».

C) «Ереуіл атқа ер салмай».

D) «Қызғыш құс».

E) «Соғыс».



19. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Ғали мен Жамал «Қырыққұдық» деген жерде кімді паналағанын табыңыз.

A) Ағасын.

B) Нағашысын.

C) Қайын ағасын.

D) Қайын атасын.

E) Жездесін.



20. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Студент дәптері» деп аталған ақынды анықтаңыз.

A) М.Мақатаев.

B) Ф.Оңғарсынова.

C) Қадыр Мырза Әли.

D) Ж.Молдағалиев.

E) Т.Молдағалиев.











Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы беріледі».

21. Орта ғасырлық ойшылдарды белгілеңіз.

A) Абай Құнанбаев

B) Шәкәрім Құдайбердіұлы

C) Шоқан Уәлиханов

D) Ахмет Йүгінеки

E) Әбунасыр әл-Фараби

F) Ахмет Йасауи

G) Махамбет Өтемісұлы

H) Ыбырай Алтынсарин



22. "Қамбар батыр" жырының негізгі идеясын анықтаңыз

A) аналарды құрметтеу

B) хандарды мадақтау

C) елдіктің, бірліктің туын жоғары ұстау

D) әділетсіздікті көрсету

E) ертеде өткен ерлердің ісін кейінгілерге үлгі ету

F) махаббатты дәріптеу

G) ноғайлы елін қалмақ шапқыншыларынан азат ету

H) ата-анаға қамқорлық жасау


23. Қазтуған жырау өзін қалай таныстыратынын белгілеңіз.

A) Айдаса – қойдың көсемі

B) Сөйлесе – қызыл тілдің шешені

C) Буыршынның бұта шайнар азуы

D) Тасқа салсаң, майырылман

E) Сыртым – құрыш, жүзім – болат

F) Жапанға біткен терекпін

G) Қарағайға қарсы біткен бұтақпын

H) Батыр жігіт қол бастар


24. Абайдың поэма(-лар)ын белгілеңіз.

A) "Аққулар ұйықтағанда"

B) "Көкшетау"

C) "Райымбек, Райымбек"

D) "Еңлік-Кебек"

E) "Әзім әңгімесі"

F) "Ескендір"

G) "Масғұт"

H) "Медғат-Қасым"


25. Ж.Аймауытовтың романдарын анықтаңыз:

A) «Нұр күйі».

B) «Ақбілек».

C) «Психология».

D) «Тау еліндегі оқиға».

E) «Қанапия – Шарбану».

F) «Комплекспен оқыту жолдары».

G) «Күнекейдің жазығы».

H) «Қартқожа».


26. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлерді табыңыз:

A) Уәли.

B) Салиқа.

C) Дайрабай.

D) Күсебай.

E) Ұлжан.

F) Күлзайра.

G) Әбіш.

H) Жасыбай.


27. Әбунасыр әл-Фараби еңбектерін көрсетіңіз

A) "Өлең өнерінің қағидалары"

B) "Түркіше Гүлстан"

C) "Махаббатнама"

D) "Музыканың үлкен кітабы"

E) "Құтты білік"

F) "Оғыз қаған жыры"

G) "Қозы Көрпеш-Баян сұлу"

H) "Қиссалар"


28. Алпамыс еліне қайтқанда түйе бағып жүрген кім екенін белгілеңіз

A) Гүлбаршын

B) Қараман

C) Құлтай

D) Жәдігер

E) Алпамыс

F) Ұлтан

G) Тортай

H) Байбөрі


29. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында Сарыбайдың өлімін естірткен адамды көрсетіңіз

A) Ай


B) Сасан би

C) Тазша


D) Қозы

E) Айбас


F) Қодар

G) Таңсық

H) Қарабай


30. Шоқан туралы еңбек жазған жазушы(-лар)ды анықтаңыз.

A) М.Әуезов

B) Б.Майлин

C) Ж.Аймауытов

D) С.Бегалин

E) Ғ.Мүсірепов

F) С.Мұқанов

G) Қ.Бекхожин

H) Ә.Нұрпейісов


31. Ыбырай Алтынсариннің еңбегіне сай келетін жауапты анықтаңыз.

A) Шығыс үлгісінде дастандар жазған ақын

B) Ғашықтық жырлардың авторы

C) Тарихи романдардың авторы

D) Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы

E) Талантты драматург

F) Бірнеше поэмалардың авторы

G) Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы

H) Ағартушы-педагог


32. М.Жұмабаевтың шерлі, мұңлы толғау(-лар)ын анықтаңыз:

A) «Зар».

B) «Мені де, өлім, әлдиле».

C) «Тұтқын».

D) «Жан сөзі».

E) «Сарғайдым».

F) «Жел».

G) «Тірілдім».

H) «Сүйгеніме».


33. Б.Майлиннің кедейлер мұқтажын білдіру, әділетсіздіктерді сынау сарыны аңғарылатын өлеңдерін табыңыз:

A) «Байлыққа».

B) «Мұқтаждық».

C) «Шұғаның белгісі».

D) «Он жылда».

E) «Раушан-коммунист».

F) «Ұлболсын».

G) «Қара шелек».

H) «Мал».


34. М.Әуезовтің 1922-1923 ж. «Сана», «Шолпан» журналдарында басылған шығармаларын анықтаңыз:

A) «Кешкі дөң басында».

B) «Бекет».

C) «Абай».

D) «Жетім».

E) «Айман – Шолпан».

F) «Түнгі ауыл».

G) «Сыбанның моласында».

H) «Көксерек».


35. Ғ.Мүсіреповтің қаламынан туған пьесаларды табыңыз:

A) «Тулаған толқында».

B) «Ақан сері – Ақтоқты».

C) «Шұғыла».

D) «Ана кесімі айнымайды».

E) «Амангелді».

F) «Өлімді жеңген ана».

G) «Талпақ танау».

H) «Қыз Жібек».


36. Кейіптеу түрінде жазылған Абай Құнанбайұлының

өлең(-дер)ін табыңыз:

A) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

B) «Сегіз аяқ».

C) «Жазғытұрым».

D) «Қыс».

E) «Дүтбайға».

F) «Теректің сыйы».

G) «Бойы бұлғаң».

H) «Ғылым таппай мақтанба».



37. Абайдың қазақтың мақал-мәтелдерін сынға алатын қара сөз(-дер)ін көрсетіңіз.

A) Жиырма бесінші

B) Отыз үшінші

C) Бесінші

D) Отыз бірінші

E) Жетінші

F) Жиырма тоғызыншы

G) Он бірінші

H) Бірінші


38. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы өнер адамдарының бейнелерін көрсетіңіз:

A) Байтас.

B) Дәрмен.

C) Дәркембай.

D) Мұхамеджан.

E) Байдалы.

F) Құлыншақ.

G) Кәкітай.

H) Жұмабай.


39. Үзіндіде кездесетін троп түрлерін анықтаңыз:

... «Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты,



Құмары екеуінің сондай күшті».

A) Антитеза.

B) Метонимия.

C) Метафора.

D) Градация.

E) Кейіптеу.

F) Егіздеу.

G) Литота.

H) Теңеу.


40. Әуезов аудармаларын анықтаңыз

A) «Көксерек».

B) «Айман – Шолпан».

C) «Қаракөз».

D) «Асауға тұсау».

E) «Еңлік – Кебек».

F) «Ақсүйектер».

G) «Жетім».



H) «Отелло».



Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет