Қазақ әдебиетінен оқу орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін орта мектептің



бет1/2
Дата01.08.2017
өлшемі0,7 Mb.
#22456
  1   2
Ақтоғай ауданы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ


Қазақ әдебиетінен

оқу орыс тілінде жүргізілетін

жалпы білім беретін орта мектептің

8-сыныбына арналған

(сабақ жоспарларының жинағы)

Ақтоғай, 2013 жыл

Алғы сөз

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралды құрастыруда ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, осы Жолдауды жүзеге асыруға арнап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары», ҚР-ның 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы (44-бабы 9-тармағы), ҚР-ның «2011- 2020 жылдары білім беруді дамыту» бағдарламасы, ҚР-ның «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы», 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат, 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы және т.б. нормативтік-құқықтық құжаттар басшылыққа алынды. «Білім» баспасынан шыққан (Авторлары Г.Құрманбай, А.Рауандина, 2008 жыл) оқулық пайдаланылды.

Мақсаты: жоғарыда аталған пән бағдарламасының мақсат-міндеттерін жүзеге асыру. Сабақ жоспарларында қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нəтижелеріне қол жеткізу мүмкіндіктерін қарастырады.



Пән бағдарламасында көрсетілгендей пəнді оқыту мақсаты:

қазақ əдебиетінің озық классикалық үлгілері арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін жəне қазақ халқының рухани əлемін, дəстүрін, əдебиеті мен мəдениетін бағалай алатын, танымы жоғары, өркениеттi қоғамға сай тұлға қалыптастыру.



Пəнді оқыту міндеттері:

1) əдеби көркем туынды арқылы оқушының мемлекеттік тілді меңгеру

мүмкіндігін арттыру;

2) қазақ халқының əдебиеті, тарихы, тілі, мəдениеті, өнері туралы

біртұтас түсініктерін қалыптастыру;

3) көркем əдебиетті оқытуда шығарманың тақырыптық-идеялық мəнін

меңгерту жəне рухани-мəдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;

4) оқушылардың əдеби-теориялық бiлiмдерiн тереңдетiп, шығарманың

мазмұндық, жанрлық-стильдiк ерекшелiктерiн таныту;

5) əдебиет тарихы бойынша тиісті мəліметтер мен əдебиеттану

ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау

дағдыларын меңгерту;

6) қазақ тілінде сөйлеу əрекеттерін еркін орындау, əдеби тіл үлгісін

пайдалана отырып, пəн бойынша өз ойларын қазақ тілінде өзгеге жəне топта қорғай білу.

Қазақ əдебиеті танымдық, тəрбиелiк қызмет атқаратындықтан,

бағдарламада көрсетiлген əдеби бiлiм мазмұны осыған дейінгі сыныптарда берiлген базалық бiлiмнiң табиғи жалғасы, бiртұтас құрамдас бөлiгі болып табылады. Қазақ əдебиетiн бiртұтас, жүйелi сипатта оқыту оқушылардың үйлесiмдi дамуына қызмет етеді.

Пəнаралық байланыс оқушының дүниетанымдық деңгейін арттырып,

туған əдебиетінен өзге ғылым салаларын игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді:

1) «Қазақ тілімен»: көркем əдебиет мəтіндерінен стильдің түрлерін, кірме

сөздерді, архаизм, жаңа сөздерді(неологизм) табуға бағыт беріледі.

Сөйлемдердің грамматикалық нормаларға сəйкестігін, құрылымын

қарастырады;

2) «Қазақстан тарихымен»: əдеби оқиғалардың тарихи факторлармен

тығыз байланыста болатындығын түсінуіне, тарихи деректерді орынды

пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады;

3) Жаратылыстану циклі пəндерімен: танымдық бағытта берілетін

материалдар жаратылыстану пəндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады;

4) «Музыка» пəнімен: əннің идеялық-көркемдік жəне эстетикалық маңызын, ұлттық əуеннің қазіргі əндермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.


Бағдарлама бойынша оқу пəнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

Пəнді оқыту үшін шығармаларды оқып, талдауға 26 сағат,

шығармашылық жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы əңгімелеуге 4 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

Оқу пəнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

1) «Кіріспе» (1 сағат). Қазақ əдебиеті туралы жалпы түсінік. Ауыз

əдебиеті мен жазба əдебиеті арасындағы байланыс. Əдебиет– өмірдің көркем бейнесі. Əдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі



«Халық ауыз əдебиеті» (3 сағат):

1) «Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» жыры (үзінді)» . Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. «Қыз Жібек» жырындағы қазақ халқының тұрмыс-салт көрінісі. «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырларының ұқсастықтары мен айырмашылығы. Жырдың композициялық құрылымы. Кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың нұсқалары туралы. Əдебиет теориясы: лиро-эпостық жырлар.



Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, кино («Қыз Жібек» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.

«Ислам дəуіріндегі əдебиет (Х-ХІІ ғ.)» (1 сағат):

1) «Əбунасыр əл-Фараби. «Қашықтасың туған жер» өлеңі».

Əбунасыр əл-Фарабидің өмірі, туған жері, өлеңдері мен ғылыми еңбектері. «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі ақынның туған жерге деген сағынышы. Əдебиет теориясы: лирика туралы түсінік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Əл-Фараби. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңі.

«ХІХ ғасыр əдебиеті» (5 сағат):

1) «Абай Құнанбайұлы. «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран



жұртым» өлеңдері, он жетінші қарасөзі» (4 сағат). Абай– қазақ халқының ұлы ақыны. Ақынның туған жері, өскен ортасы, алған білім-тəрбиесі. «Сегіз аяқ» өлеңінің тақырыбы мен композициялық құрылымы. Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Он жетінші қарасөзі. Шағын сюжетке құрылған қарасөздің философиялық, тағылымдық мəні. Абай қарасөздерінің мазмұны мен тəрбиелік мəні. Əдебиет теориясы: өлең құрылысы, қарасөз туралы түсінік.

Пəнаралық байланыс: музыка (Абайдың «Сегіз аяқ» əні). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Əуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі;

2) «Шəкəрім Құдайбердіұлы. «Бостандық таңы атты» өлеңі» (1 сағат). Шəкəрім– Абайдың рухани ізбасары. Ақынның өскен ортасы,

шығармашылығы. Шығармаларының көркемдік ерекшелігі. «Бостандық таңы атты» өлеңінің тақырыбы мен идеясы, елді жарқын болашаққа үндеуі. Əдебиет теориясы: образ жəне образдылық.

Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка (Шəкəрім əндері), электрондық оқулық. Өзіндік ізденіс жұмыс: Шəкəрім. «Өмір» өлеңі.

«ХХ ғасыр əдебиеті» (15 сағат):

1) «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір адамға» өлеңі» (1 сағат).

С.Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры. «Бір адамға» өлеңінің тақырыбы мен идеясы, ирония. Əдебиет теориясы: астарлау.



Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қамар сұлу» романынан үзінді;

2) «Мағжан Жұмабаев. «Сағындым» өлеңі» (1 сағат). М.Жұмабаевтың

өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ поэзиясындағы Мағжанның орны, стилі, ерекшелігі. «Сағындым» өлеңіндегі лирикалық қаһарманның психологиялық күйі, туған жерге, ағайын-туысқа деген сағынышы. Əдебиет теориясы: лирика. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі;

3) «Сəкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы(үзінді)» (3 сағат).

С.Сейфулиннің өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ əдебиетінің

тарихындағы орны. Поэмада ақынның аллегориялық тəсілмен ой айта білуі. Поэмадағы сұлулық, тазалық идеалы. Əдебиет теориясы: поэма туралы.



Пəнаралық байланыс: география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Қызыл кітап» өлеңі;

4) «Мұхтар Əуезов. «Татьянаның қырдағы əні» əңгімесі («Абай жолы»

роман-эпопеясынан үзінді)» (4 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы. «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы қысқаша мəлімет. Əңгіменің идеялық мазмұны. Тіл көркемдігі. Əдебиет теориясы: тақырып пен идея туралы. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Онегиннің сөзі»;

5) «Ғабит Мүсірепов. «Өлімді жеңген ана» əңгімесі» (2 сағат).

Жазушының өмірі, еңбектері туралы. Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік шеберлігі. Аудару шеберлігі. Шығыстық бояу. Ана ерлігі. Əдебиет теориясы: əңгіме жанры. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, электрондық оқулық. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсірепов. «Ананың анасы» əңгімесі;

6) «Мұқағали Мақатаев. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі» (1 сағат).

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ақынның қазақ əдебиетінде алатын орны. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңіндегі ақынның табиғатпен үндесуі, өлеңнің көркемдік ерекшелігі, өлеңдегі нəзік лиризм. Əдебиет теориясы: параллелизм. Пəнаралық байланыс: орыс əдебиеті, биология, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Мақатаев. «Саржайлауым», «Мен сендерді іздеймін» өлеңдері;

7) «Қадыр Мырзалиев. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі» (1 сағат). Қадыр ақынның шығармашылық жолы. Шығармаларының тақырыбы. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңіндегі халқымыздың қонақжайлылығы, еркінсүйгіштігі. Халықтың салт-дəстүріне деген құрмет. Əдебиет теориясы: эпитет, теңеу. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Кəрі қыран» өлеңі;

8) «Олжас Сүлейменов. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдері» (2 сағат).

Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Əлем жəне қазақ əдебиетіндегі орны. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдеріндегі пафос, ұлттық өрнек, ұлттық мінез, таным-түсінік. Əдебиет теориясы: теңеу, өлең құрылысы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: О. Сүлейменов. «Махамбетке» өлеңі.



Қорытындылау (1 сағат).
Оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Пəндік нəтижелер бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:

1) көркем шығармалардың негізгі мазмұнын, авторы туралы мағлұматты

білуі;

2) оқылған шығарманың тақырыптық, идеялық негізін, мəтіндік, жанрлық



сипатын білуі;

3) мəтінге жай жəне күрделі мазмұндық жоспар құруы;

4) шығармаға, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, өз бағасын

жүйелі, сауатты айта алуы;

5) көркем туындыдағы əсем сөз қолданыстарын есте сақтап, сөздік

қорына қосып, сөйлеу барысында қолдана алуы;

6) өткен тақырыпты театр қойылымдарымен, кинофильм, деректі, тағы

басқа теледидар туындыларымен салыстырып, өз көзқарасымен, алған əсері негізінде əңгімелеп бере алуы;

7) оқыған туынды жəне оның кейіпкері туралы проблемалық сұрақтарға

жауап бере алуы;

8) жай жоспармен ұсынылған тақырыпқа шығарма жаза алуы;

9) белгілі бір тақырыпқа реферат, хронологиялық кесте, конспект жаза

білуі;

10) бағдарламаға сəйкес 8-ден артық өлең мен (бұған поэмалардан



үзінділер де кіреді), 6-дан кем емес прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.

Автордан


Сабақтың тақырыбы: Шəкəрім Құдайбердіұлы. «Бостандық таңы атты» өлеңі (1 сағат).

Сабақтың мақсаты: Ақынның өмірі мен өскен ортасы, шығармашылығымен таныстыру, Абайдың рухани ізбасары екендігін, «Бостандық таңы атты» өлеңінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін таныту. Оқушылардың оқырмандық мәдениетін, тілдік сауаттылықтарын дамыту, коммуникативтік, әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық құзыреттіліктерді игерту.

Əдебиет теориясы: образ жəне образдылық.

Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка (Шәкәрім əндері).

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.

Сабақтың түрі: ізденіс-зерттеу

Технология, әдіс-тәсіл: сыни тұрғыдан ойлау (СТО), дамыта оқыту (ДО).

Сабақ жабдығы: интербелсенді тақта, электронды оқулық

Ұйымдастыру формасы:

Сабақтың барысы:

Мотивациялық-бағдарлау кезеңі:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Бағалау парағы таратылады.

2. Қызығушылықты ояту: «Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» әнінен үзінді тыңдатылады. Бұл әнді бұрын-соңды тыңдадыңдар ма? Авторы кім? сияқты сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.

Операциялық кезең:

1. Оқулықпен жұмыс. Оқушылар Шәкәрім жайлы берілген аннотацияны оқып танысады.

Сөздікпен жұмыс жасалады ( аударма сөздік қолданылады).

Тапсырма:

1.Шәкәрім жайлы оқушылардың алған білімдері бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылады.

2. Сұрақ қойылады:

-Шәкәрім өз өлеңінде ағасы Абайға қандай баға берді?

-Ақын алдына қандай мақсат қойды? Осы мақсатын қалай жүзеге асырды?



2. Қосымша мәлімет. Мұғалім слайд-шоу көрсетеді. Мұнда ақынның жан-жақты қырлары, яғни, ақындығы, әнші-сазгерлігі, аудармашы, философ, білім алған қалалары, сондай-ақ, өлең-дастандарының аттары беріледі.

«Шәкәрім Құдайбердіұлы –қазақтың Абайдан кейінгі аса көрнекті ақыны, дастаншы, ғұлама-ойшыл, тарихшы.

Құдайберді Абайдың үлкен ағасы. Әкеден ерте жетім қалған Шәкәрім Абайдың қамқорлығында өседі. Абайша өлең шығаруды үйренеді. Өз заманының ғұлама адамдарының бірі болады. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік біліп, шығармаларын терең түсіне оқиды.

Ш.Құдайбердіұлы – Абай Құнанбайұлының замандасы, ініс әрі шәкірті болған ақын. Ол өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси жағдайларын жырлауда, кемшіліктерін әшкерелеуде, халыққа жол көрсетуде Абайға бір табан жақын тұрған әрі соның дәстүрін ұстанған ақын. Б.Әбдіғазиев айтқандай, «оның поэзиясы -шын мәнінде Абайдың ақындық дәстүрінде туған, құнарлы топырақта нәр алған қуатты поэзия».
Сергіту сәті: қимыл биі биленеді.
3. «Бостандық таңы атты» өлеңін шумақтарға бөліп мәнерлеп оқытылады. Оқушылар өздіктерінен өлеңді іштей пайымдап оқиды. Сөздікпен жұмыс жасалады ( аударма, түсіндірме сөздіктер қолданылады).

Өлеңнің ішіндегі кілтті сөздерге сүйене отырып, тақырыбы мен идеясы ашылады.

Тілдік көркемдегіш құралдары таптырылады.

Өлеңдегі образдар жүйесі мен образдылықты өлең мәтініне сүйене отырып талдайды. Шығармаға, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, өз бағасын жүйелі, сауатты жазуға баулынады.

Өлең құрылысы мен ұйқас түрлері анықталады.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі:


  1. Өлең бойынша постерге оқушылар өлең мазмұны мен көркемдік ерекшелігі бойынша меңгерген білім-біліктерін пайдалана отырып, сызбаға түсіреді. Кластер.

  2. Тест

  3. Үйге тапсырма: Өзіндік ізденіс жұмыс: Шəкəрім. «Өмір» өлеңі.

  4. Бағалау.


Сабақтың тақырыбы: «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір адамға» өлеңі» (1 сағат).

Сабақтың мақсаты: С.Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолын, поэзиясындағы ел мен жер тағдыры тақырыбын, «Бір адамға» өлеңінің тақырыбы мен идеясын меңгерту, өлеңдегі иронияның мәнін ашып көрсету. Оқушылардың оқырмандық мәдениетін арттыру, тұлғалық, азаматтық құзыреттіліктерді игерту.

Əдебиет теориясы: астарлау.

Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.

Сабақтың түрі: ізденіс-зерттеу

Технология, әдіс-тәсіл: СТО, ДО.

Сабақ жабдығы: интербелсенді тақта

Ұйымдастыру формасы:

Сабақтың барысы:

Мотивациялық-бағдарлау кезеңі:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Бағалау парағы таратылады.

2. Қызығушылықты ояту:

Сөзтізбек шешіледі:




Сөйтіп сабақтың тақырыбы ашылады.



Операциялық кезең:

  1. Оқулықпен жұмыс. Оқушылар ақын жайлы берілген аннотацияны іштей оқып танысады. 1 оқушыға дауыстап, мәнерлеп оқытқызылады.

  2. Қосымша мәлімет.

Сұлтанмахмұт Торайғыров –қазақ халқының 20-ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ғажап ақыл-ойшылы. Ол- ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Сұлтанмахмұттың айрықша назар аударған тақырыбы: оқу, білім алу, ел-жер тағдыры мәселесі болды. Осы тақырыпқа арнап көптеген өлеңдер жазады: «Оқып жүрген жастарға», «Талапкерге», «Оқудағы мақсат не?», «Шәкірт ойы», «Туған еліме», «Неге жасаймын», «Жарлау» т.б. Ақын шығармашылығының тағы бір үлкен саласы- «Адасқан өмір», «Кім жазықты?», «Кедей» поэмалары, «Қамар сұлу» атты өлеңмен жазылған романы.

Мұғалім ақын жайлы берілген жоғарыдағы мәтінге сүйене отырып, шығармаларында қазақ ауылындағы жағымсыз көріністерді сынағанын, халықты мәдениетке шақырғанын, надандықпен күрескенін, сондай-ақ, ақын поэзиясындағы ел мен жер тағдыры тақырыбына арналған мәліметті игертеді.



3. «Бір адамға» өлеңі шумақтарға бөліп мәнерлеп оқытылады. Оқушылар өздіктерінен өлеңді іштей пайымдап оқиды.

Сөздікпен жұмыс жасалады ( аударма, түсіндірме сөздіктер қолданылады).


Сергіту сәті: қимыл биі биленеді.
Өлеңнің ішіндегі кілтті сөздерге сүйене отырып, тақырыбы мен идеясы ашылады.

Тілдік көркемдегіш құралдары таптырылады. Өлеңдегі образдар жүйесі мен образдылықты өлең мәтініне сүйене отырып талдайды.

Өлеңдегі астарлы мағыналы сөздерді таптыру арқылы иронияның мәні ашылады.

Бір адамға
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал.

«Бұрынғы атамызға сыйға берген

Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,

Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.

Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,

Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,

Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын».

Соншама құны толық бұлды түйме

Артында қалдырмас па жақсы даңқын.
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,

Артқыға қандай егін еккеніңіз?

Жусақ та денемізден кетер емес,

Сондағы тұқым шашып, сепкеніңіз».
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,

Бір сөзді тамағыма қойдым таяп.

«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»

Демейінше болмады, қарап жай-ақ.
Отырдым көрсем жекіп тастар ма деп,

Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба!» деп.

Кесені қолыма алып қарай бердім,

Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп.
Рефлексиялық-бағалау кезеңі:


  1. Абайдың Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе. /Сұлтанмахмұт Торайғыров/. Сұлтанмахмұт туралы алған білімдерін Абай шығармаларымен үндестігін баяндату.

2. Үйге тапсырма: Өзіндік ізденіс жұмысы: «Қамар сұлу» романынан үзінді беріледі, шарты: мәнерлеп оқып, бас кейіпкерлерді ата.



3. Бағалау.


Сабақтың тақырыбы: «Мағжан Жұмабаев. «Сағындым» өлеңі» (1 сағат).

Сабақтың мақсаты: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ поэзиясындағы Мағжанның орны, стилі, ерекшелігі жайлы мағлұмат меңгертіледі. «Сағындым» өлеңін оқыта отырып, өлеңдегі лирикалық қаһарманның психологиялық күйі, туған жерге, ағайын-туысқа деген сағынышы ашып көрсетіледі.

Əдебиет теориясы: лирика.

Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: ізденіс-зерттеу

Технология, әдіс-тәсіл: СТО, ДО.

Сабақ жабдығы: интербелсенді тақта, электронды оқулық

Ұйымдастыру формасы:

Сабақтың барысы:

Мотивациялық-бағдарлау кезеңі:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Бағалау парағы таратылады.

2. Қызығушылықты ояту: «Бес арыстың» портреті көрсетіледі. Арыс сөзінің мағынасын түсіндірме сөздік арқылы аштырады. Мұғалім: «Мен жұмбақтаймын, сол арқылы бүгін 5 арыстың қайсысымен танысатындығымызды өздерің табыңдар» дейді де. Былай деп жұмбақтайды:

«Ақын, «Шолпы», «Сен сұлу», «Мен жастарға сенемін» атты өлеңдерінің туындыгері, бұйра шашты, қою қара қасты, 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған, 1938 жылы қайтыс болған.»



Сөйтіп сабақтың тақырыбы ашылады.

Операциялық кезең:

1. Оқулықпен жұмыс. Оқушылар ақын жайлы берілген аннотацияны іштей оқып танысады. 1 оқушыға дауыстап, мәнерлеп оқытылады.Сөздікпен жұмыс жасалады ( аударма, түсіндірме сөздіктер қолданылады).

Оқушылар оқыған мәтін бойынша және өзінің бұрыннан білетіндері бойынша бір-біріне сұрақ қояды.



2. Қосымша мәлімет. Мұғалім слайд-шоу көрсетеді. Мұнда ақынның жан-жақты қырлары, яғни, лирик-ақындығы, аудармашылығы, педагогика-психология саласындағы еңбектері, көсемсөз шебері екендігі, мемлекет қайраткерлігі, өлең-дастандарының аттары беріледі.

3. Тапсырма:

Топтастыру стратегиясы: Постер салу: «Мағжан Жұмабайұлы». Кластер.



4. «Сағындым» өлеңі шумақтарға бөліп мәнерлеп оқытылады. Оқушылар өздіктерінен өлеңді іштей пайымдап оқиды. Сөздікпен жұмыс жасалады ( аударма, түсіндірме сөздіктер қолданылады).

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой сар даламды сағындым.

«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым, -

-деген жолдарды оқыта отырып, өлеңдегі лирикалық қаһарманның психологиялық күйі, туған жерге, ағайын-туысқа деген сағынышы ашып көрсетіледі. «ана» сөзінің ел, жер, жұрт, халық мағынасында қолданылып тұрғандығы анықталады.

Сергіту сәті: қимыл биі биленеді.
Сағындым

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой сар даламды сағындым.

«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Жатқан үйім -қабырғасы қара тас,

Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.

Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,

Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.
Тапал салқын, тым қараңғы үңгір тар.

Есігімде мықты қара құлып бар.

Кіп-кішкене терезелер темірлі,

Мұндай үйден кісіге естілер ащы зар!
Өлеңнің ішіндегі кілтті сөздерге сүйене отырып, тақырыбы мен идеясы ашылады. Тілдік көркемдегіш құралдары таптырылады.

Оқушылар лирика жанрымен таныстырылады (электронды оқулық).


Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
1. Мағжанның «Шын хакім, сөзің асыл -баға жетпес,

Бір сөздің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» деген үзіндісін

Сұлтанмахмұттың «Абайдың Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе» деген үзіндімен салыстырту.

2. Үйге:


  1. Сыныпқа: Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ тілі» өлеңі.

  2. 1 оқушыға: Сәкен Сейфуллин өмірбаяны бойынша мәлімет дайындап кел.

3. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: «Сəкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы (үзінді)» (1 сағат).

Сабақтың мақсаты: С.Сейфулиннің өмірі мен шығармашылық жолын, қазақ əдебиетінің тарихындағы орнын таныту. Поэмадан алған үзіндінің мазмұндық желісін, шығарманың жанрын, оқиғаны баяндау стилін, тақырыбы мен идеясын таныту. Тілдік, азаматтық, тұлғалық, пәндік құзыреттіліктерін дамыту, поэзияны сүйіп оқуға баулу.

Əдебиет теориясы: поэма туралы.

Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, кино өнері, музыка («Мен келем тау ішінде түнделетіп әнін тыңдатуға болады).

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: ізденіс-зерттеу

Технология, әдіс-тәсіл: СТО, ДО.

Сабақ жабдығы: интербелсенді тақта, электронды оқулық (поэма туралы)

Ұйымдастыру формасы:

Сабақтың барысы:

Мотивациялық-бағдарлау кезеңі:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Бағалау парағы таратылады.

2. Қызығушылықты ояту: «Үш бәйтеректің» портреті көрсетіледі. Бәйтерек сөзінің мағынасын түсіндірме сөздік арқылы аштырады. Мұғалім: «Мен жұмбақтаймын, сол арқылы бүгін «3 бәйтеректің» қайсысымен танысатындығымызды өздерің табыңдар» дейді де, былай деп жұмбақтайды: «Ақын, «Мен келем тау ішінде түнделетіп (ән)», «», «Ақсақ киік» атты өлеңдердің, «Аққудың айырылуы», «Көкшетау», «Қызыл ат» секілді поэмалардың, «Қыр балалары», «Жер қазғандар», «Бандыны қуған Хамит» (кино бар) атты хикаяттардың, «Тар жол, тайғақ кешу» атты романның туындыгері, өз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адалдықты асқақтата жырлайды. Халық арасында «Абайдың басын берсін, Сәкеннің сәнін берсін, Күләштің әнін берсін» деп бата беретін салтқа айналған. «Халық жауы» деген жаламен 1938 жылы нақақтан-нақақ атылып кеткен».

Сөйтіп сабақтың тақырыбы ашылады.

Операциялық кезең:

1. Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар С.С. жайлы берілген аннотацияны іштей оқып танысады. 1 оқушыға дауыстап, мәнерлеп оқытылады. Сөздікпен жұмыс жасалады ( аударма, түсіндірме сөздіктер қолданылады).

Оқушылар оқыған мәтін бойынша және өзінің бұрыннан білетіндері бойынша бір-біріне сұрақ қояды.


Каталог: uploads -> doc -> 0ea6
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ea6 -> Сабақтың тақырыбы: Презентациямен жұмыс. Сабақтың мақсаттары
0ea6 -> Сабақтың тақырыбы: Асқар Алтай. «Дегелеңдегі жарылыс»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет