Қазақ ӘҢгімесіндегі адам және табиғат концепциясы ысқақ Бақыт Әмірханқызы



Дата07.01.2017
өлшемі72,72 Kb.
ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Ысқақ Бақыт Әмірханқызы

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты

Қазақ әңгімелерінің даму барысын, орыс әдеби сыншысы И. Крамов «екі бағытпен, екі тәсілмен шығармашылық меңгеру жүріп жатыр» деп талдағаны шындыққа сәйкес. Оның [1] пікіріндегі: «Біріншісі – Б. Майлин шығармашылығымен, екіншілері М. Әуезовтің жетістіктеріне сүйенеді, әсіресе «Көксерекке» деген»,– түйіні өте дәлелді.

Майлиннің не жазса да шындықты қарапайым тілмен жазатыны ғылыми еңбектерде дәлелденді. Жазушының әрбір сөзі бояуы дәл қалыппен беріліп, суреткердің ішкі ойын жеткізуге көмектескен. Қарапайымдылықтың өзінен қажетті әлеумет мәселесі қозғала отырып, көркемдікпен үндескен.

Екінші бағыттың көбінесе бетке ұстағаны – аңыздар мен әфсаналар. Олар өмірмен тығыз қарастырылған. Қазақ халқының табиғаты ашылады. Сонымен қатар М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» тәлімі мол дүниелердің қатарынан, адамның қазақы дүниетанымының сырынан хабар береді. Дәл қазіргі кезде күнәларды кешу, түсініп-түсінбей пірәдар бола бастаған жастар бейнесін қайта көргендей боламыз. Жаңа әңгімелер жазушылардың амал-тәсілінен және қазақ әңгіме жанрының икемділігін, бейімделуін байқатады. Тақырып кеңіген, жаңа түрдегі әңгіме құбылыстары қазіргі өмірге лайықты бола түскен.

Замандастардың мінездемесін сипаттай алатын, әрі терең зерттелген жазушы көзқарасын белгілейді. «Жүрекке әжім түспейді», «Жүз жылдық жара» [2] классикалық әңгімелер қатарынан орын алған деп атасақ қателеспейміз. Өйткені: «Из множества сюжетов писатель отбирает лишь те, которые ему ближе и свойственны внутреннему складу его дарования. Как правило, писатели додумывают детали и повороты сюжета только тогда, когда облик живого действующего лица и идея совершенно прояснились в сознании»,– [3-173].

«Жүз жылдық жара» әңгімесінің ұлттық нақышы тамаша: «құм-жөргек жетім жұмыртқаларға ана орнына ана болады-ақ». Бұл жазушының «көл жасын көл қылған тасбақаларының» ұрпақ қалдыру үшін жылдағы арпалысын бейнелеген тұсы. Ғ. Мүсіреповтің әйгілі Көкқасқа балығы секілді тіршілік үшін қам жеген адамдардың белгілі бір тобының символдық бейнесі, әрі ең құнды қалпында шыққан. Кереге-уықтың 1943 жылдың «ақ мылтық» аязында отқа тамызық болуы ел жағдайының нашарлаған тұсын байқатқан. Бірақ, кереге отқа кеткенмен, шаңырақ жағылмады. Енді келер ұрпаққа әсемдеп жеткізетін, киелі кереге-уықтың жаңа талдан жасалуы көпке дейін оңай болмасын ишаралаған түс тұрғысында берген жазушы көркемдігіне назар салыңыз: «майда шілік қиылды. Содан сүмбіл тал, мәжнүн тал, сөгеті тал сөгілді. Ақ терек, көк терек төгілді».

Жазушы ендігі ұмыт бола бастаған шөптердің аттарын бір Кенжегүл кемпірдің тәуіпшілдігін ескерткенде жазып шыққан: шәйшөп, дермене, күшала, шашыратқы, адыраспан, киікоты, текесақал, қылша, көкемарал, түйежапырақ. Мұны білудің, өз ісін қазақша сөйлетем деген кәсіби маманға берер пайдасын айтып жатудың өзі артық.

Байшынар ағашы нағыз жоқтау айтқан аналардың бейнесін берген.

«Жүрекке әжім түспейді» әңгімесінің тіл шұрайы әсем. Жазушының: «Жазу сөйлеп тұрған сияқты. Шын сезімнен шыққан жазудың бәрі сөйлейді. Энже хаты тек құрғақ хабар-ошар ғана емес, көкірегі қарс айрылған күрсініс, қысқы күннің батар шағында қызғылтым сәуле шалған ұлпа бұлттардың мұнары сияқты бір нәзік сезім бар бұл хатта»,– [2-180] деп тіл сауаттылығы, мәдениеті өнердің озық үлгісі екеніне кейіпкерін ойлату арқылы (елеусіздеу еткенімен, ішкі ой түюге сынамалататындай күші бар) көз жеткіздіреді.

Жазушы ойы бүгінгі бізге жан тазалығы дегенді қайыра түсіндіреді, біздің көзқарасымызбен талдайды: «Егер дүние тек сұлулықтан тұрар болса – адам болса мүгедіктіктен, ғаріптіктен, рухани жадаулықтан құтылған болар еді»,– оң-солымызды тануға ұмтылдырады.

Рухы биік, ақыл-санасы парасатты, тек қана физиологиялық күші кеміген, қарттықты жазушы қалай әдемі айтқан, қараңыз: «Қалың көрпе жылыта алмайтын жаурауық жанды естеліктің демімен жылытады»,– бұл әрі жасында өнегесі мол болған қарттықты сөз етеді, себебі «естеліктің демімен жылыту» осыны дәлелдейді.

Бұдан ары, қараңыз, қарттықтың күні келді дегенді бейнелеген жазушының сөз кестелері бірінен-бірі өткен, оқырманға қиялдауға мүмкіндік беріп, шабыт оятатындай суретті екен: «Күн төбеден төмен құлап, ұясына батуға шақ қалды»,«бізден жасыл жапырақ төгілгелі қашан», «Жаураған кәрі жүрегімді жылытқандай болды»,«бетіңді әжімдеген шығар, жүрекке әжім түспейді».Қазақ әңгімесіндегі Адам және табиғат концепциясы бөлектенбей, жалғастылықты, бүтіндікті көрсеткен. Бұл, жазушыдан көп еңбектенуді, шығармашылықтың ащысы мен тұщысын татып барып дүниеге келген туындыға лайық көркемдік деп санадық.

Аталған әңгімелерден бұрын жазылған Жайсаңбек Молдағалиевтің «Ел суреттерінде» әңгіме жанрының алуандылығы, ізденісі айрықша байқалатыны және оның тамшыдан жиналар таудай нәубеттің барын ескерткен қаламгерлік үні – бүгінгі тәуелсіздік заманында өткенімізді парықтау үшін құнды екенін (жарияланған мақаламызда) талдаған болатынбыз. Мақаладан тыс қалған табиғат –адам концепциясы тұрғысын және осы әңгімелердің (Ж. Молдағалиев - Ш. Мұртаза) әдеби байланысына аз ғана тоқталып өткіміз келді.

Қазақ әдебиетіне көркемдік құбылыстармен келген 1960-70 жылдар прозасында қилы тағдырлар кейіпкерлері біржақты ұнамды-ұнамсыз тип түрінде емес, жазушы қиялы мен тәжірибесінің тоғысуынан дүниеге келген кейіпкерлерімен ерекшеленетін.

«Менің апам» әңгімесінде берілген диалогта: «…Осы араққа қарсы дәрі жоқ па?»– дегенінен қазақ халқы өнегелі іспен қатар өнегесіздікті, дертті жамап алғанына, автордың күйініші, уайымы байқалады. «Менің апамның» көтерген мәселесі шыныменен қауіпке айналғаны кейінгі жазылған жазушы әңгімесінде жалғасын тапты.

Қазаққа бейбіт заманда «жау болып тиген» арақтың зардабы XX ғасырдағы «Қазақтың жүз әңгімесі» қатарына енген Ш. Мұртазаның «Алтын тікен» әңгімесінде суреттелген: «Бақташы кенеп дорбадан жарты бөлке нан, екі шиша шығарды. Дорбаны төсеп, тамақты үстіне қойды. Кесіртке бөтелкелердің күнге шағылысып жалтырағанынан жасқанып бұғыңқырай түсті. Бөтелкелердің бірі – айран, бірі – ақырған ақ арақ еді». Ш. Мұртазаның: «...арақ күздің қара суығы тербеген қақ суындай қалтырайды»,– деп бейнелеуінен кейіпкердің өзімен-өзі, адамның өзіне тән жеке дүниесі тартысқа түсетіні, оны жазушы табиғаттың суықтығымен қатар алғанынан аңғарылады.

Ж. Молдағалиев сақтандырған жаман әдет Ш. Мұртазада «тікені көп, жапырағы сирек» заманға айналғаны әшкереленген.

Тағы бір әдеби тәсілге назар салып қарасақ, қазақ әңгімелерінің шымыр да тартымды болу дәрежесі 1960 жылдардан кейінгі жазылған әңгімелердің орталық діңгегі етіп Ғ. Мүсірепов стилінде қарастырылса, жазылған көркемдік ойға, суреттелетін жайға жазушының қатынасы көп маңыз атқарғаны жинақталады.

Мазмұнды ой авторлық монологтар, түсініктер, лирикалық шегіністер тәсілдері арқылы беріледі. Автордың мәнеріндегі әжуа, кекесін, мысқыл тура мағынасындағыдан гөрі ішкі астарлы мағынада, жазушының азаматтық көзқарасын кіріктіре бейнелеу дәстүрге айналған.

Ғ. Мүсіреповтің қазақ әдебиетінің дәстүрлі мектебімен қатар аударма еңбектердің және әлем әдебиетінің тағылымын, амал-тәсілін үйрену қажет деген пікірінің жаны бар. Осы негізде мына жазушыға назар аудардық:  Р. Тагор.

Осы тұста бұл жазушылардың әлемдік әдебиетпен еркін таныстығын ескерсек, айшықты әсем өрнектерді шебер пайдалану қолтаңбасын көреміз.

Жазушылар әңгімелерінің тақырыбы қай әдебиетте болмасын мистификациялық әдісті қолдану арқылы ашылды және жазушыларды қоғамдағы адамдардың пәк, мөлдірлікті қастерлеуге үндеуі біріктіреді.

Бұдан айтпағымыз, кейінгі қазақ әңгімелерінің әлемдік контекстен шыға алатынын салыстырмалы сипатпен, әдеби әдіспен дәлелдеуге мүмкіндік бар.

Үнді әдебиетінде әңгіме жанрының негізін салушы – Р. Тагор. Ол дәстүрлі тақырыптарды жаңғыртқан және аңыздық, мифологиялық кейіпкерлерін замандастары бейнесімен ұштастыра бейнелеген. Бұған қоса әлем әдебиетін қазақшаға аудару тәжірибесі де өз нәтижесін берді. Р. Тагордың 1960 жылы С. Шаймерденов аударған «Алтын сағым» әңгімелер жинағының көркемдік тәсілінен жазушылар көп тәлім алды, әсіресе Тагордың әлеуметтік мәселеге көңіл қоюы әсер етті. Үндістан жазушысының «Судья» атты әңгімесі көтерген қыз тағдырының мүлт кеткен бір қателігі оның өмірлік қарғыс таңбасы болатынын, бұған кінәлі алдымен оның ең жақын деп санаған адамы екенін әшкерелеген талайсыз тағдыр мәселесі кейінгі қазақ әңгімелерінде бой көрсеткен. Нақтырақ айтсақ, Ш. Мұртазаның «Шағалалар мен қаңғыбастар» деп аталатын әңгімесі Тагордың Кхироның жеке тағдыры арқылы әділетсіздіктің тамырын аңдатқанындай, Ш. Мұртаза «...Жаңыл десе – атына лайық жалған дүниеде жаңылысып жүрген міскін қызды» сөз ете отырып ата дәстүрге жат қылық пен соның себебіне үңілтеді.

Қазақ әңгімелеріндегі бейне арқылы әлеуметтік тартысты көркемдеу, оны табиғат концепциясында кіріктіре алу қазақ әдебиетіндегі авторлық ізденістің жетістігін байқатады.

Ш. Мұртазаның кейіпкерлері кім?

Қараңыз: «Қорап қопарушылардың кепиеттері – тірі әруақ. Беті-бастары кір, ісіңкі, сақал-мұрттары өскен, шаштары қобыраған, көздері қып-қызыл».

Бұл жұмыстан, қой бағудан шаршап-шалдығып жүрген С. Мұратбековтің Күсенінен мүлдем бөлек кейіпкерлер. Керісінше, еңбек етуге құлқы жоқ, бәрін тағдырдың талайсыздығына тіреп қойған кәсіп иелері, солардың қатарында өмірдің таяғын жеп алданғандар қатары т. б. Әсіресе, қалалық өмірдің өмір ағысына тән, адамдар жирене қарап өте шығатын күнделікті қайталанатын көз алдыңдағы көрініс иесі.

Жазушының зерттеушілік қабілеті аталған қоғам мәселесін сөз етуге арналған. Ш. Мұртазаның «қаңғыбас» кейіпкерлері өзіне-өзі қас болуы жағынан Т. Әбдіктің «Оң қолындағы» Алманың жағдайынан да мүшкіл халде деп санадық. Қараңыз: «Несібелерін жиып-теріп алған соң, қаңғыбастар алысқа ұзамай-ақ, қаз-қатар тізілген гараждардың артындағы ағаштардың көлеңкесіне барып жайғасады. Сол жерде тапқан-таянғандарын дорбаларынан шығарып, ортаға үйіп, тамақтана бастады.

Мыж-тыжы шыққан газет дастарқанның үстінде не жоқ дейсің – бәрі бар. Тұздалған помидордың мыжылған қалдығы, жартысы тістелген жартыкеш қияр, қабығы қабат-қабат болса да солыңқыраған пияз, қатқан нанның неше түрі, жартылай күйіп кеткен кәуап, көгістеніп кеткен мәнті. Осының бәрінің үстінен шоқиып қарап тұрған бір бөтелке заһар арақ...».

Бұл кейіпкерлердің адам атына лайықты не ойында, не әрекетінде, не тамақтануында еш жақындық жоқ. Бұл да адамның әлі құпиялы психологиясындағы біз үшін беймәлім нәрсе деп қабылдадық. Әйтпесе, осындай жағдайда өмір сүру екінің бірінің қолынан келе қоймас.

Жазушы Жаңыл арқылы осылай болу қайдан пайда болатынына назар аудартады. Ана болу құрметінің орнына аяқ асты болып, перзентінің қоқысқа бұйыруы бір ғана жас қыздың кінәсі еместігіне көзің жете бастайды.



Ш. Мұртазаның: «Дүние-әлем шексіз де түпсіз. Ал әлгі не өлі екені белгісіз, не тірі екені белгісіз шарана көтерген жеті шағала осы шексіз де түпсіз әлемнің қай түкпіріне қарай кетті? Кім біледі?

Оны тек бір Алла ғана біледі. Алланың тапсырмасын мүлтіксіз орындаған жеті шағала – Жеті періште ғана біледі»,– деп баяндауы ғасырлар бойы мұндай келеңсіздікке жол бермеген ұлттық тәлім-тәрбиенің оралуына үміттенуі деп түсіндік. 
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет