Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет3/9
Дата01.04.2017
өлшемі2,21 Mb.
#13162
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі еңбек тәрбиесінің көрірістеріне мазмұндық сипаттама беріңіз?

2. Әл-Фараби идеяларындағы еңбек тәрбиесінен кесте құрастырыңыз?

3. Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанында еңбектің қандай түрлері уағыздалды? Оларға қысқаша сипаттама жасаңыз?

4. М..Қашқаридың еңбек тәрбиесі туралы ұстанымдарын атаңыз? Оларға мазмұндық сипаттама жасаңыз?

5. Абайдың педагогикалық идеяларындағы еңбектің оқушылар тәрбиесінде атқаратын ролі қандай?



Әдебиеттер

1. Қорқыт ата. /Аударған Ә. Дербісалин. – Алматы, «Қазақстан», 1993. – 108 б.

2. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973. – 318 б.

3. Баласағұн Ж. Құтты білік. /Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубаев. – Алматы, «Жазушы», 1986. – 616б.

4. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы, «Ана тілі», 1993. – 125б.

5. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, «Жазушы», 1986. – 560 б.

6. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы. 1986. – 640 б.

7. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. – Алматы, «Рауан», 1991. – 390 б.

8. Ұзақбаева С.А., Шалғынбаева Қ.Қ, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары. – Алматы, «Білім», 1998. – 126 б.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Ш.Уәлихановтың қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлеріне байланысты идеяларын жүйелеп сурет арқылы көрсетіңіз.

2. Ы.Алтынсариннің педагогикалық шығармаларындағы еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін анықтап, мазмұндық сипаттама жасаңыз.

3. С.Торайғыровтың педагогикалық ой-пікірлеріндегі еңбек тәрбиесінің мазмұнынан баяндама жасаңыз.

4. ХХ- ғасырдың басындағы қазақ ағартушыларының педагогикалық идеяларындағы еңбек тәрбиесінен кесте құрастырыңыз.

5. Кеңестік кезеңдегі Қазақстандық педагогтардың зерттеулеріндегі еңбек тәрбиесіне мазмұндық сипаттама жасап, үлгі құрастырыңыз.



  • 1.3 Оқушыларды еңбекке даярлаудағы қазақ халқының моральдық-этикалық көзқарастары

Оқушыларды еңбекке даярлаудағы қазақ халқының моральдық-этикалық көзқарастары

Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде сан ғасырдан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Оны халқымыз ең жақсы деген қасиеттермен байытып, ұл-қыздарының бойына сіңіріп отырған. Халықтық тәрбие жұртшылықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, ғасырлар бойы өсіп-өркендеп, сараланып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұра. Қазақ халқы осындай тәлім-тәрбие негіздеріне сүйене отырып, жас жеткіншектің нағыз азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған. «Баланы жастан...» деп, сәби келешегіне отбасында, жас кезінен назар аударудың қажеттілігіне көңіл бөлген. Қазақ халқының көшпелі тіршілігі еңбекке, табиғатқа, жерге деген өзгеше көзқарасты қалыптастырды. Қазақ баласын жастайынан еңбекке баулып, қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегінің нәтижесі екендігін үйретуге тырысты. Бала жетіге толып, тай жалын тартып мінуге жараған соң, мал бағатын, шаруаға қарасатын қолқанат деп есептеді. Мал баққан елде бір үйде қанша бала болса да, шаруа жетіліп артылатын. Мал қайыру, қозы бағу, қойды жеке бағу, сақман кезіндегі жұмыстар, бие саудыру, отын-су тасуға көмектесу – бәрі де балалардың міндеті болған. Сонымен қатар балалар еңбекке икемделумен бірге, әңгіме тыңдап, ән салуға, күй тартуға, айтысуға, ертегі, жұмбақ-жаңылтпаш айтуға үйренеді, олардан көп нәрсені бойына дарытады. Сөйтіп, балалардың қоршаған ортаға көзқарастары қалыптасып, ересек адамдармен еңбек іс-әрекеттері барысында қарым-қатынас әдебі мен мінез-құлық мәдениетін бойына сіңіреді. Мұның бәрі халықтың еңбек туралы моральдық-этикалық көзқарастары арқылы жүзеге асырылады. Халықтың еңбек туралы моралдық-этикалық көзқарастарының жеткіншектерді еңбекке даярлаудағы маңызы зор. Сондықтан біз ең алдымен теориялық-әдіснамалық тұрғыдан «этика», «мораль» ұғымдарына берілген ғылыми еңбектердегі анықтамалардың мазмұнын, мәнін қарастыруды көздейміз. «Этика» ежелгі гректің «этос» деген сөзінен шыққан. Кейіннен ол құбылыстың сипаты мен табиғатын айқындайтын ұғымға айналды. Мысалы, антикалық философияда бұл термин табиғатты суреттеуде, құбылысты бейнелеуде қолданылса, Аристотель «этосты» мінез-құлық, әдет-ғұрып, темперамент ретінде түсіндіре келе, адамгершілік немесе ізгілік этикасына адамзаттың жақсылық нышандарын жатқызады. Аристотельдің пікірінше: «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда, бұл ғылымның пайдасы болмас еді» . Аристотельдің пайымдауындағы «этика» ұғымын Цицерон грек тілінен латын тіліне аударғанда «moralitos» (мораль), яғни грек термині «этика»-ның тура баламасы болып шыққан. Бұл сөздер, бірі – грек, екіншісі латын тілінде болғанымен, жаңа европалық тілдерге жатады. Қалай болғанда да, әр халықтың «этика», «мораль» ұғымдарын білдіретін сөздері бар. Мәселен, орыс тілінде ол «нравственность», неміс тілінде «sittlichkeit» болса, ал қазақ тілінде ол «этика» - әдеп, «нрав» - мінез, «нравственность» - құлықтылық, өнегелілік, ізгі адамгершілік, рақымшыл деген мағынаны білдіреді. Жалпы мәдениеттілік лексикасында этика, мораль ұғымдары бірін-бірі алмастыра алады. Этика білім саласы ретінде мынадай мағынаны қамтиды: этика – ғылым, білімнің саласы; мораль – этиканың зерттейтін пәні. Этика категорияларына байланысты кең тараған түсініктер мыналар: мораль – жеке адамның өз іс-әрекетін өзіндік көзқараспен бағалауы; адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі мінез-құлық нормалары . Алайда күн бүгінге дейін бұл түсініктерге оның мәнін ашатын нақтылы анықтамалар берілмеген. Оны ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау дәлелдейді. Мәселен, Аристотельдің түсінігінше, этика – адамгершілік (ізгілік) туралы ерекше, практикалық ғылым, оның мақсаты адамға ізгілікті, рақымды және бақытты болудың жолдарын үйрету. Біздің қоғамдық өмірде өз орнын табу,көзқарасымыз бойынша, бақытты болу адамдардың қоғамдыққоғамға пайдалы еңбек ете білу. Демек, бұл мінез-құлқының тұрақты нормалары, еңбек ету өнегесі, жеткіншектердің жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, оларды дәстүрлі еңбек түрлеріне баулу, ұлттық мәдениетке баулуға қатты көңіл бөлуі. Бұны біз, алдыңғы аға ұрпақтың өндірістік еңбектегі білім мен дағдыны, шеберліктер мен іскерлікті ұрпақтан ұрпаққа қалдыруды және оларға қоғамдық, тарихи-әлеуметтік тәжірибені меңгертуді көздеуі деп түйіндейміз. Этика адамның өз өмір әрекетіндегі басты мақсатын саналы түрде ұғынуына және мемлекетте ізгілікті адам тәрбиелеу мәселесін шешуге көмектесуі керек, өйткені ол саясатпен қатар өте маңызды ғылым болып саналады. Әл-Фараби: «этика» немесе «этикалық өнер» ¬- адамның адамгершілік сапалары мен интеллектуалдық қабілеттері туралы ғылым, ол адам мінез-құлқының ережесі мен нормаларын және бақытқа жету тәсілдерін дей келе, этикалық категорияларға: жақсылықты, зұлымдықты,зерттейді» достықты, өзара көмекті, әділеттілікті, әділетсіздікті, абыройды, қанағаттануды және бақытты жатқызады . Ал, Шәкәрім этикалық категорияларға: «этика – ол ар ілімі, оның негізгі категориясы – ұждан, екі өмірге де керекті. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім», - деп анықтама бере келіп, әдеп жолын адам баласына пайда тигізу, жақсылық ретінде түсіндіреді. «Бұл үшін адам өз бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп өз ар-ожданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі керек», - дейді. Ар-ожданның мазмұнын ынсап, қанағат, тәубе, әділдік, намыс құрайды деп түсінетін ойшыл олардың мазмұнын кісілік қасиеттермен байланыстырады. Демек, «ұждан» – адамның өз мінез-құлқын бақылау, қадағалау, оған белгілі бір шек қойып, мүлтіксіз орындау қабілетін бейнелейтін әдептану санаты. Ұждан адамның халық пен қоғам немесе жеке адамдар алдындағы өз әрекеті, іс-қимылы үшін моральдық жауапкершілігін сезініп, саналы түрде ұғынуы, өз ойы мен іс-әрекетін адамгершлік ұжданымен бағалай білуін бейнелейді. Ар-ұждан намыс деген ұғыммен тығыз байланысты. Ар-ұждан – адамның өз тәртібін өзінің қадағалауына негізделген, тұлғаның этикалық қарым-қатынасымен байланысты қарастырылатын мінез-құлықтық категория. Анықтамалар мен сөздіктерде, мәселен, И.Конның этикалық сөздігінде: «этика әдеп) – зерттеу объектісі(грек. еthica, ethos мораль болып табылатын философиялық ғылым», - делінсе, философиялық әдеп) –сөздікте: «этика (грек. ethos зерттеу объектісі мораль болып табылатын ең көне теориялық пәндердің бірі», қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «этика – идеологияның бір формасы мораль туралы, оның дамуы және принциптері, қоғамдағы нормалары мен топтың мәні жайындағы ілімдер жүйесі. ...белгілі бір қоғамдық топ үшін қағида болып табылатын мінез-құлық, тәртіп нормасы», Қазақ совет энциклопедиясында: «этика (грек. ethica - әдеп, мінез-құлық) – мораль, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүру салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің әр түрлі қоғамдық құбылыстарындағы сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі» - делінеді. Ал, Қазақстан ұлттық энциклопедиясында «әдеп» ұғымына және онымен жүйелі мазмұндық байланысы бар, сонау көшпенділер мәдениетінен нәр алған, қоғамдық еңбек қатынасында сұрыпталып, тұрақты қалыптасқан «әдептілік», «әдет», «әдет-ғұрып» ұғымдарына ғылыми тұрғыда түсініктер берілген. «Әдеп – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта «әдеп» мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр, әдеп құрастырады. Егер соқыр сезім (инстинкт) жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына солай ықпал етті. Алғашқы рулық қоғамдағы әдеп көріністері: «қанға қан, жанға жан» (талион) принципі, сезімнің ақылдан басым болуы, жеке бас бостандығының қауымдық мүдделермен тежелуі, т.б. осындай жайттардан байқалады. Дәстүрлі қоғамдағы әдептің қарапайым түрін кейін рационалды имандылық қағидалары алмастырды. Алайда бұдан көне әдеп жүйесі жоғалып кетті деген ой тумайды. Себебі көне мәдениет қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипі қызметін атқарады. Қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесі халықтық педагогикадан бастау алады. Халықтық педагогика жеткіншектерді дәстүрлі еңбекке тәрбиелеу процесінде ересек адамдардың қайырымды, әдепті, ілтипатты қарым-қатынасы арқылы олардың еңбекке деген сүйіспеншілігін, еңбек адамдарын құрметтеу сезімдерін оятып, қазақ халқының әр түрлі кәсіптік салаларына қызығушылығын арттырады. Ол қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап, адамдардың әлеуметтік қызметтеріндегі қарым-қатынастардың басқа да жағымды құндылықтарын қамтиды. Сол әдептің бір санаты ретінде танылатын ұғым – ізгілік. Ізгілік – адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құбылыстарға жағымды адамгершілік қатынасын бейнелейтін, моральдық, қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Оның нақты нысаналары: жақсылық, қайырымдылық, әділеттілік, т.б. Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну – мұратқа ұмтылған адамның өз нәпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық және қоғамдық қысымнан тәуелсіз болуына себептесіп, ізгіліктің тарихи және жағдаяттық нақтылықтарына гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік адамның кемелділікке құлшынысын бейнелейді. Ізгілік идеясы адамның басқа адамдар алдындағы және өзінің алдындағы міндеттері жүзеге асырылғанда өзінің әлеуметтік нақты мәніне ие болады. Ондай адамдарды жақсы тәрбие алып, оны іс жүзінде қолданатын ізетті адам дейді. Ізгілік адамбелгілі бір тапсырманы саналы атқарудан да көрінеді. Ізеттілік бойындағы имандылық, инабаттылық, сыпайылық, өнегелілік, қарапайымдылық қасиеттерді қамтиды. Ізгілік – халқымыздың ұлттық қасиеті. Үлкенді сыйлау, кішіге ілтипат білдіру – ізеттілікке жатады. Бұл қасиеттер көбінесе отбасындағы еңбек тәрбиесінен көрініс тауып, жеткіншек ұрпақты құндылықтар арқылы жан-жақты дамытуға, еңбек дағдыларын игертуге, оған деген өз жауапкершілігін арттыруға, әдепті ұрпақ тәрбиелеуге септігін тигізеді. Ал, «әдептілік» дегеніміз – адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында әдептілікке ерекше мән беріледі. Себебі әдептілік – қоғамның рухани дамуы мен экономикалық жетілуінің басты мәселесі ретінде шешуші рөл атқарады. Әдепті ұрпақтың қалыптасуы еңбек тәрбиесі процесінің барысында балалық шақтан басталған жағымды қасиеттерінің көрсеткіші ретінде «әдеттен» өріс алады. «Әдет» - адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деу, әдеттің тұрақты еңбек ету іс-әрекетіндегі қажеттілікке айналғанын көрсетеді. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Жақсы әдет адамның күш-жігерін қоғамға пайдалы істерге арнауына, уақытын үнемдеп, негізгі ісін тындыруына көмектеседі. Жаман әдетті адам қауымның (отбасының, еңбек ұжымының, т.б.) берекесін алып, оғаш қылығымен өзінің ортадағы қадір-қасиетін төмендетеді. Демек, жеткіншектердің еңбек тәрбиесіндегі әдетке айналған жарасымды мінез-құлқы мен жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы, жұмысына кешікпей келуі, өзіне берілген тапсырманы тиянақты орындауы, т.б. іс-әрекеттерін оның жақсы әдеттердіұдайы жауапкершілікпен орындап отыруы қалыптастырғандығының көрінісі. Сонымен, этика - әлеуметтік-философиялық ғылым, білім саласы, ал мораль – этиканың зерттейтін пәні. Мораль ұғымының мәнін ашуда О.Г.Дробницкий, И.М.Бормотова, Е.Л.Иголь, И.С.Урбанаева, М.И.Зуй, Г.Г.Ақмамбетов және т.б. ал оған анықтамалар беруде (Гегель, Кант,Фейербах т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. Мораль ұғымына берілген анықтамаларды былайша жүйелеуге болады. Мораль дегеніміз: «...ең алдымен моральды тұлға. Моральды тұлға – тек қана жоғары ізгілікке ұмтылушы»; «...өзін-өзі билеу еркі өзінде, автономды және өз еркін өзі анықтайтын адамның бостандық сферасы»; «... әрекет етудің инстинкті реттеушілік негізі, бұл негіз жануарлар тобының бірлесе әрекет етуін де реттестіріп отырады»; «...қисынды-рефлексивті, эмоционалды, санадан тыс формада іске асырылатын, әлемді игерудің рухани-тәжірибелік құралы»; «...жеке бастың сенімі мен қоғамдық көзқарасты тірек ете отырып, ерікті әрекетте жүзеге асырылатын қоғамдық-қажетті мінез-құлықтың формаларын сезіну»; әлеуметтік шындықтың этикалық әдет-ғұрып) «...(лат. moralis сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі» «...адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы»; «...(лат. moralis - өнегелі, mores - өнеге) - этиканың зерттеу пәні; адамның мінез-құлқын реттеуші қызметін атқаратын қоғамдық институт»; «...(лат. mores - әдет-ғұрып) – қоғамдық сананың бір формасы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт»; «...адамдардың бір-біріне, қоғамға деген қатынасын реттейтін тәртіптердің, принциптердің, ережелердің жиынтығы. Мораль қоғамның адамдар тәртібін реттейтін ережелерді керек етуінен туады»; «...1. Өнегелілік ережесі, сондай-ақ өнегелілік. 2. Уағыз, өсиет. 3. Мораль ережелеріне сәйкес келетін жоғары өнегелілік»; «...ең алдымен қоғамдық сана әлеуметтік қарым-қатынасформасы, ол арқылы адамның бағыт алуы мен жақсылық, жамандық позициясында ақиқатты сезіну»; «...адамгершілік, адамның қоғамға және өзінен басқа кісілерге қатысты мінез-құлық нормалары мен принциптерінің жиынтығы, қоғамдық сананың ежелден бергі нысаны, адамның мінез-құлқын реттеу функцияларын атқаратын әлеуметтік институт. Мораль тұлғаға қатысты адамгершілік тәрбие мазмұнының негізі болып табылады». Сонымен, жоғарыдағы «мораль» ұғымына берілген анықтамаларға мазмұндық талдау жасау бізге осы ұғымды қоғамдағы адамдартөмендегіше пайымдауға мүмкіндік берді. Мораль арасындағы қарым-қатынасты реттеуші нормалар. Ол жеке тұлға бойында еңбек процесінде, жүйелі білім және тәрбие процесінде қалыптасатын алуан түрлі қасиеттерден көрініс табады. Енді басқа тәрбие саласымен қатар, еңбек тәрбиесінде қалыптасқан моральдық қасиеттердің мазмұндық сипаттарына тоқталайық. «Ар, ұят» – адам бойындағы адамгершілік қасиеттің өлшемі, тұлғаның өз әрекеті мен ниеті үшін жауаптылығын сезінуі және адамның өзіне-өзі ұждан тұрғысынан баға бере білуін бейнелейтін әдептанулық категория . Этикалық әдебиетте «ар» туралы көптеген анықтамалар мен ережелер кездеседі. Мәселен, Сенека «ар» деп, адамгершілік өлшемдеріне байланысты біздің мінез-құлықтарымызды құптайтын немесе айыптайтын ішкі даусымызды айтады. Стоиктер, яғни ежелгі Стоя қаласының ойшылдары бұл ұғымды адамды қорғап тұратын күшпен теңейді. Діни танымда оны адам бойындағы имандылық деп қарастырады . Мұхаммед пайғамбар хадистерінде «кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деген пікір бар. К.Марксше «ар» дегеніміз адамның өзіне деген ашуы. Гегель «ар»-ды жақсылықтың іштей айқындалу процесі ретінде бағаласа, Ж.П.Сартр оны тұлғаның қоғамдық талаптар қысымына өзінше берген жауабы деп бағалайды. Қазіргі батыстық этикада ардың беделшілдік және гуманистік түсініктері айқындалған. Біріншісі сырттан танылған құндылықтарға икемделумен байланысты болса, екіншісі адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне қатысты. Қазақ халқының дәстүрлі әдеп жүйесінде ар ұғымы жоғары бағаланады. Кісіліктің негізгі қасиеттерінің бірі – арға кір түсірмеу. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» дейді халық мақалы. Қазақта «Ұят кімде болса, иман сонда» деген мақал бар. Абай арды надандық ұят және шын ұят деп екіге бөледі. Надандық ұяты дегеніміз – жас баланың сөз айтудан ұялғаны сияқты ақылы қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нәрсеге ұялуы. Ал шын ұят – шариғатқа, абыройға теріс, ақылға сыйымсыз, сөкет қылықтан ұялу. Бұл – тек есті адамға ғана тән қасиет. Ал екіншісі - өзің істеген қатеден, нәпсіге еріп қылған қылықтан ұялу. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, қылған қысымның аты екенін айтады Абай. Шәкәрім барлық әдептілік түсініктерін «ар ілімі» маңайына топтастырған. Ары бар кісі ғана иманды, ізгі, парасатты болып келеді. Шәкәрім айтқан «арлы азамат» - жақсы мен жаманның айырмашылығын терең түсінетін, сөз бен ісі түзу, әділ, намысшыл адам. Оның пікірінше, руханилыққа жеткізетін 4 жол бар: 1) еңбек; 2) өнер; 3)жалпы білім; 4) ар ілімі. Соңғысы моральдың түп қазығы болып табылады. «Ар», «намыс», «ұждан» түсініктері кездескен жерде «ұят» түсінігінің қалыс қалуы мүмкін емес, өйткені олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста. Ұят жоқ жерде береке-бірлік те, ізет-әдеп те жоқ. Ұлы Абайдың сөзімен айтқанда: Ұятсыз, арсыз, еріншек, Алты бақан ала ауыз, Көрсеқызар жалмауыз. Өзін-өзі күндейді, Сорлы қазақ сол үшін, Жақынын жалған мінейді . Ұят ұғымына қазақ халқы аса мән беріп оны адамгершілік қасиеттерінің біріне балаған. Оны «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі», «Ынсап, ұят, терең ой – асыл зейнет біліп қой», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Ұят – иман белгісі, ұяттыда иман бар», «Ұяттан адам өлмейді, сағы сынады», т.б. мақал-мәтелдерден, әңгімелерден аңғаруға болады. Қазақ халық педагогикасы «ар-ұят» ұғымдарын балаларды еңбекке тәрбиелеуде өте ұтымды пайдаланған. Бұған мына төмендегі әңгіменің мазмұны дәлел бола алады. Баяғыда бір білімді де көргенді адам болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен. Сол бала ержетіп, ат жалын тартып мінуге жарап қалғанда, әкесі оған еңбек етіп, ақша табуды тапсырыпты. Бірақ анасы жалғыз ұлын аяп, әлі бұғанасы қаптаған жас деп, баласының жұмыс істеп табатын ақшасын үйдегі ақшадан алып беріпті. Бала әлгі ақшаны кешқұрым «бүгінгі табысым» деп, әкесіне бергенде, әкесі оны алған бойда, ошақтағы отқа лақтырып жіберіпті. Бала оған қыңқ етпепті. Екінші және үшінші күндерде де тап солай болыпты. Төртінші күні әкесі ақшаны тағы отқа тастағанда: «Ойбай, көке, деген екен дейді.ақшаны өзім тауып едім ғой!» Демек, адал еңбекпен жеткен жетістік шын қуанышты да, тапқан табыс өте қадірлі. Сонымен қатар ол адамды тәрбиелейді, тәртіпке түсіреді. Бұдан шығатын қорытынды: адам тек қана еңбек арқылы қалыптасып, кемелденеді, өз жөнін өзі білетін, ешкімге жалынышты, тәуелді емес, өзінің бақыты мен қуанышы, атақ-абыройы үшін ешкімнің алдында ұятты, қарыздар емес жеке тұлғаға, сонысымен қоғамға пайдалы, айналасында сыйлы, қайырымды, шапағат иесіне, шын мәніндегі инабатты кісіге айналады. Алайда қазақ халық педагогикасында осы қасиеттермен қатар, халқымыздың моральдық-этикалық көзқарастар ұстанымында жеткіншектерді еңбекке тәрбиелеуде «абырой», «намыс», «парыз», т.б. түсініктер жоғары бағаланған. адамның өзіне деген айрықша моральдық көзқарасын білдіретін«Абырой» этикалық категория және жеке тұлғаның қадір-қасиеті мойындалатын қоғамдық пікір; адамның өзі айналысатын кәсібіне (мамандығына), қабілет-қарымына толық сәйкес келуі. Моральдық мағынада адамға тән қасиеттердің жиынтығы, ол осы қасиеттері арқылы еркін шығармашылық еңбекпен шұғылдануға бейімделуі мүмкін. Адам абыройы мен қадір-қасиеті оның шыққан тегі, білімі немесе әлеуметтік жағдайымен емес, жеке тұлға және азамат ретінде еркін ерік күшінің болуымен айқындалады. Абырой еңбек сіңіру түсінігінен осы жағымен ерекшеленеді. Егер басқалармен салыстырғанда, адам құндылығы осындай қырларымен танылатын болса, онда еңбек сіңірудің өлшемдері биік мақсаттарға ұмтылыс ретінде көрінеді; ал адамның өзі оларға қол жеткізу құралы болып табылады. Әйтсе де адамға деген мұндай көзқарасты абсолюттендіру оны «тегершік» ретінде қабылдауға әкеліп соқтырады. Барлық адамдар, табиғи және әлеуметтік айырмашылықтарына қарамастан, әлеуетті абырой иелері. Бірақ бұл қасиет әрбір адамда өзінің мүмкіндіктерін қалай падалануына орай әр түрлі дәрежеде көрінуі мүмкін. Күйзеліс, қайғы-қасірет салдарынан адам өзінің абырой-беделін сақтау сезімін жоғалтуы да ғажап емес. Адамның өз абыройын арттыруы жеке тұлғаны дәстүрлі еңбекке тәрбиелеу процесі барысында жүзеге асады, ал оның негізгі шарты – ересектердің балаға деген сыйластық қарым-қатынасы болып табылады. Адам абырой үшін қызмет етеді, кейін абырой адам үшін қызмет істейді. Абырой мысқылдап жиналғанмен, қапшықтап төгілуі ықтимал. Сондықтан халық әсіресе жастарға бата бергенде алдымен «абыройлы болсын!» дейді. «А, құдай, абыройыңнан айырма!» деп отырады. Абырой адамның қоғамдық бейнесін, өз еңбегімен жинаған беделін танытады. Өйткені ол адамның бойына туа біткен немесе өзіне-өзі сыйлайтын, беретін нәрсесі емес. Ол – айналадағы адамдардың, халықтың, қоғамның белгілі бір кісіге, оның өзініңеңбегіне деген аялы, құрметті көзқарасы. Одан айрылу қадір-қасиетін білетін адам үшін өте ауыр жаза. Сол үшін де халық мақалында:

Қоянды қамыс өлтіреді,



Ерді намыс өлтіреді,

дейді. арлы адамның өзіне, айналасына, ұлтына кір келтірмес үшін«Намыс» күресте бойына қайрат беретін сезімі. Қазақ халқы ұлттық намысқа ерекше мән беріп, халықтық тәлім-тәрбие жүргізеді. Тарихта оның мысалдары аз емес. Намыс үшін адамдар жанын да қиған. Баяғының батырлары, саңлақ жігіттері, анау ортағасырлық батыстағы рыцарь деп аталған сарбаз-серілер өздерінің ар-намысы үшін жекпе-жекке, дуэльге шығып, бастарын қатерге байлаған. Намысты қолдан бермеуге барын салған. Жеке бас қана емес, отбасы, әулетінің, ауыл-аймақ, ата жұртының, ата мен ананың, әкпе мен қарындастың, туыстың абыройын қорғау да намысқа байланысты. Кешегі сұрапыл соғыста ер-азаматтарды туған жерден мыңдаған шақырым қашықта жаумен арыстанша алыстырған ортақ Отанды, одан кейін отбасын қорғау міндеті болса, одан кем емес екінші құдірет – алыста жатқан туған елінің, халқының абыройына дақ түсіріп, сөз келтірмейтін деген отты намыс болатын. Заман қаншалықты құбылып, өткенге көзқарас қаншалықты өзгерсе де, ол азаматтардың әлгі айтылған қасиетті сезімін қазіргі ұрпақ түсінуге, ардақтауға тиіс. Өйткені намыс сенің ұлтыңа, ұлысыңа, саясатыңа тәуелді емес, ол жалпы адамзатқа ортақ қасиет. Заң өзгерер, бәлкім, заман да құбылар. Ал адамшылық өлшемі ешқашан мызғымайды. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті, лап әдейіетпе сезімі. Сондықтан адамдардың үлкен кемшіліктерінің бірі немесе аңдамай біреудің намысына тиюі. Адамға қол жұмсағаны, қатты сөз айтқаны үшін жағдайларына, себептеріне қарай кешірім жасауға болар да, бірақ адамның адамгершілігіне тию, намысына тию – кешірілмес әдепсіздік. Адамның намысына қатты зақым келтірілсе, айталық, мәдени мұрасы ұмытылып, дәстүрлі мәдениеті ескерілмесе, Отаны масқараланып, елі қорланса, бұл сол елдің барлық азаматтарының намысын келтіріп, ұрыс-жанжал, тіпті, қан төгістерге апарып соғуы мүмкін. Сондықтан ешкімнің намысына тимеу қоғамдағы, әсіресе мектеп пен әр түрлі оқу орындарындағы моральдық-этикалық нормалар тәрбиесі басты бағыттарының бірі болуға тиіс. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынастарынан туындайды. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ұждан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұл жерде ұждан дегеніміз – адамның өз мінез-құлқын бақылау, қадағалау, оған белгілі бір шек қойып, мүлтіксіз орындау қабілетін бейнелейтін әдептану санаты. Ұждан адамның халық пен қоғам немесе жеке адамдар алдындағы өз әрекеті, іс-қимылы үшін моральдық жауапкершілігін сезініп, саналы түрде ұғынуын, өз ойы мен іс-әрекетін адамгершілік ұжданымен бағалай білуін бейнелейді. Ар-ұждан намыс деген ұғыммен тығыз байланысты. Ар-ұждан – адамның өз тәртібін өзінің қадағалауына негізделген, тұлғаның этикалық қарым-қатынасымен байланысты қарастырылатын мінез-құлықтық категория. Ал бұлар жеке және қоғамдық сипатта болады. Қоғамдық іс-әрекет, қимыл адам баласының дамуында прогресшіл рөл атқарады, материалдық және рухани байлықтың көзін ашады, қоғамды ілгері дамытушы күшке айналады. Ал жеке сипаттағы іс-әрекет қоғамдық мазмұннан қол үзуге, онан шеттелуге тиіс емес. Себебі, адам – бүкіл қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Сондықтан оның қоғамда өмір сүре отырып, қоғамның заңдары мен ережелеріне бағынбауға хақы жоқ. Бұл еңбек тәрбиесінен де көрініс табуға тиіс. Ал ғасырлар бойғы адамдар арасындағы қарым-қатынасты суреттесек, еңбекке даярлау, жастарда моральдық-этикалық қасиеттерді қалыптастыру еңбек тәрбиесінің негізгі принципінің бірі болып саналады. Қазақ халқының балаларды дәстүрлі еңбекке даярлаудағы моральдық-этикалық көзқарастары ақылдылығымен хандарға кеңесші бола білген, әділдігімен қара қылды қақ жарып билік еткен шешендері мен билерінің де мұраларында көрініс тапқан. Олар тұрмыстық қарым-қатынастардағы нормаларды таза моральдық-этикалық категория шеңберіне шығарып, қоғамдық өмірді реттейтін заң, кодекс деңгейіне көтерген. Оларды бұзған адамды ұрмай-соқпай-ақ, атып-аспай-ақ, сол өз ортасы жатсынып, оған «елден шыққан», «ата салтын аттаған», «жетесіз», «мәңгүрт», т.б. айып ат таққан. Қазақ қоғамының тәрбиесін көрген саналы адам үшін мұнан ауыр жаза болмаған. Мәселен, «Құдайдың қарғысына ұшырасаң да, халықтың қарғысына ұшырама», «Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» деген мәтелдер көшпелілер қоғамында өмір сүрген әрбір субъектінің идеалы болған. Ал бұл қарым-қатынас нормаларын қатаң сақтау, оларды халыққа, жас ұрпаққа ұғындыру билердің парызы болған. Сондықтан олардың қазақ халқының қоғамдық өміріндегі атқарған рөлін бүгінгі болашақ ұрпақтар мен жастардың жан-жақты білгені де жөн деп санаймыз. Қазақ халқының балаларды еңбекке даярлаудағы тәрбие құралы ретінде пайдаланылатын моральдық-этикалық ұғымдары ұрпақтан ұрпаққа жазылмаған заң ретінде ұлағатты асыл сөздері немесе афоризмдер арқылы беріліп отырған (Кесте 2).

Рис.4.1.Кесте 2 Оқушыларды еңбекке даярлаудағы тәрбие құралдары

Бұл афоризмдердегі еңбек тәрбиесі моральдық-этикалық көзқарас тұрғысында жай сипаттаумен ғана шектелмейді, моральдық-этикалық норма, тәжірибе түрінде қарастырылады. Енді осы моральдық-этикалық ережелер мен нормалардың балаларды еңбекке даярлаудағы рөлін анықтап көрейік. Қуаң табиғат, көшпелі өмір салтының қиыншылықтарына көндігу адамдардың бірін-бірі жатсынбай, біріне-бірі арқа сүйеп өмір сүруін қажет етті. Бұл қажеттілікті терең сезінген көшпелілер «адамның күні – адаммен» деген принципті тіршіліктеріне тірек еткен. Сондықтан да әрбір көшпелі қазақ туыстық-қандастық жүйені тарата білуді өмір сүрудің нормасы, моральдық-этикалық өлшемдер деп білген. Мұндай дәстүрдің бұлжымай сақталуына жеті аталық үрдіс ұйытқы болып отырған. Бұл орайда жеті аталық үрдіске ұлттың этнобиологиялық және этномәдени тұтастығын қамтамасыз ететін ғажайып тетік (механизм) ретінде ден қоюға тура келеді. Қазақтың дәстүрлі еңбек тәрбиесіне байланысты моральдық-этикалық ұғымдарын «тыйым» сөздердің мазмұнынан да толық байқауға болады. Тыйым сөздердің әлеуметтік қызметі балаларды еңбек тәрбиесінде шаруаға ұқыптылық, салмақтылық қасиеттерін қалыптастыруға, еңбекті қадірлеп, өзін-өзі тәрбиелей білуге, еңбек адамдарына құрмет көрсете білуге баулуға бағытталған. Қадым замандардан бастау алатын мұндай сөздерді қазақ балалары бесік жырымен есітіп, зердесіне құйған, талқылауға жатпайтын, сөзсіз орындалуы тиіс ақиқат ретінде қабылдаған. Үлкенді сыйлап, айтқанын екі етпеген бала осы нақылдарды ылғи есіне алып, жаман әдеттерден бойын таза сақтаған. Олар адамды өмірдің күрделі жағдайларында артында зардабы бар теріс жолдар мен қылықтардан сақтандырып отырған. Күрмеуі қиын, толқымалы сәттерде бірден-бір дұрыс және математикалық өрнек іспетті, дайын шешім болып табылатын тыйым сөздердің моральдық-этикалық маңызы бүгінгі күнде артпаса, кеміген жоқ. Қайта, бабаларымыздың балаға ұрысқысы келіп, еріккеннен айта салғанындай көрінетін осы сөздердің оқушылардың еңбек тәрбиесі үшін тікелей пайдасы бары ғылым-білім жетістіктерімен де расталып келеді. Жалпы тыйым сөздердің көпшілігі көне замандардағы наным-сенімдерден бастау алғанымен, іс-жүзінде барлығы да өмір қажеттіліктерінен туындап отырған. Бұл тыйымдардың сан ғасырлар бойы тұрақты сөз тіркесі ретінде тілдік қолданысымызда сақталып келуінің өзі, олардың наным-сеніммен ғана емес, нақты тіршілікпен байланыстылығының, өмір үшін өзектілігінің белгісі. Тіл – таразымызда тартылып, сөз санамызда сақталып қалған моральдық-этикалық түсініктер мазмұны ұлттық таным көкжиегін кеңейтіп, бүгінгі қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке даярлауда тірек болары анық. Оларға мынадай тыйым сөздерді жатқызуға болады. Айырдың басын жоғары қаратып қойма; Аққуды атпа; Ақтың жуындысын ағып жатқан суға төкпе; Ата-енең (қайынағаң) жатқан жерге жатпа; Бақаннан аттама; Баланы ожаумен ұрма; Бір қолыңмен нан үзбе; Дастарқанды баспа; Жыңғылмен ат қамшылама; Иегіңді таянба; Малды теппе; Нанды баспа; Нанды лақтырма; Сүйекті отқа салма; Түнде үй сыпырма және т.б. Енді осы сөздердің мән-маңызына үңіліп көрейік. Мысалы, күрек, айыр, сыпырғышты жоғары көтеріп қою. «Ұстарға кісі жоқ» деген жаман ырымды білдіреді. Сыпырғыш орны – босаға, оны төрге қоюға болмайды. Себебі қазақтар үй ішіндегі жаманшылық, ауру-сырқау сыпырғышпен босағадан шықсын, төрге жоламасын деп тілеу тілеген. Қазақ ұғымынша, сүйекті отқа қорада байлаулы тұрған малдың сүйегі сырқырайды, жылқы малысалса шошымалды болады. Қазақ халқының ерекше моральдық-этикалық нормасының түрі – қауымдасу болып табылады. Ол адамдардың бір-біріне түрлі жағдайда көмек көрсетуінен, мәселен, қыз ұзату, келін түсіру, енші беру сияқты қуаныш кезінде немесе кісі өлген үйге аза салу, оның жетісін, қырқын, жылын өткізу, кездейсоқ апатқа (жұт, өрт, топан су, т.б.) ұшырап, мал-мүліктен айрылғанда туысқа шама-шарқына қарай көмек беруден анық байқалады. Мұндай қауымдасу түрін қазақ халқы «жылу», «немеурін», «үме» немесе «асар» деп атайды. Осындай отбасылық, рулық, туыстық ауызбірлік, ынтымақтастық нәтижесінде «Көп еңбегі көлмен тең», «Көп жабылса, жоқ табылады», «Көп көрген жер көңілді», «Көп еңбегі өнімді», «Көп ісінде береке», «Көп қолдаса, жауды жеңбей қоймайды», «Көптің қолы ұзын» сияқты қауымдастықты, береке-бірлікті айшықтайтын мақалдар қалыптасты. Қазақ халық педагогикасындағы «асар» сөзі көпшіліктің жәрдемін пайдалану дәстүрін мазмұндайды. Бұрын қазақтарда үлкен бір істі қолға алып, тез бітіру қажет болғанда «асар» жасайтын тамаша еңбек дәстүрі болған. Асар жасаушы адам алдымен жұмыс түрін, уақытын айтып, ағайын-туған, жора-жолдастарын асарға шақырады. Қазақтар өрттен, тасқыннан, зілзаладан бүлінген нәрсені орнына келтіруді, жабағы қырқып, күзем алу, егін орып, шөп шабу, арқан есіп, киіз басу сияқты жалғыз-жарым адам өндіре, бітіре алмайтын істі ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып, күш жиыстырып бірігіп атқарған. Мұндайда істен қашып, жалтару болмауы тиіс. Сөйтіп, істі жұмылып атқарып, азаматтық, адамгершілік мінез таныту арқылы жеткіншек ұрпаққа жақсы үлгі-өнеге көрсетіледі. Асар жасау кезінде пайда болатын көтеріңкі көңіл-күйі, ауызбірлік, жайдарылық балаларға мерекедей әсер етіп, олар қалтқысыз туысқандық, тілектестік әрекеттің тамаша екенін сезінеді. Бұл адамдықты ардақтауға, адамның ақыл-парасатына, еңбегіне, инабатына сүйінуге күшті серпін береді. Асарды Қазақстанның кейбір аймақтарында «үме» дейді. Үме (салт). Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары бас қосып, көпшілік болып, «бір жеңнен қол шығарып», бірігіп атқарады. Соның бірі – үме. Әсіресе, қысқа мал азығы үшін жемшөп дайындағанда мал иесі жігіттерді үмеге шақырады. Қарулы азаматтар бел орақтарын шыңдап, қайрап, іске кіріседі. 20-30 жігіт қатарласа тұрып орақ тартады. Бір күн ішінде бірнеше тонна шөп шабылып, әрі жиналып алынады. Үмеге «ет асаймыз» деген бала-шағалар да, көңіл көтеретін әнші, күйші, жыршылар да келіп өнер көрсетіп, жұрт бір серпіліп қалады. Үме – ұжымдасқан еңбек тойы. Мұндай істен ауыл азаматтары ешқашан шет қалмайды. Міне, осындай ұжымдық еңбек дәстүріне оқушыларда қатынаса отырып, қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлерін меңгереді және ересек адамдардың жарасымды, ынтымақтасқан іс-әрекеттерінен үлгі-өнеге алады. Ойды тұжырымдай келгенде, жоғарыда айтылғандардың барлығы қазақ халқының моральдық-этикалық көзқарастарға аса мән бергенін, олардың еңбек тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары болғандығын дәлелдейді: біріншіден, қазақ халқының моральдық-этикалық көзқарастары оқушылардың еңбек тәрбиесінің жетекші құрал, әдіс-тәсілдер, амал-жолдары, мінез-құлық ережелері қызметін атқарады, екіншіден, олардың еңбек іс-әрекетіндегі мінез-құлқын, сана-сезімін, абырой мен намысын, ар-ұятын қалыптастырады.

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»
123456789 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет