Қазақ хандығының 550 жылдығына Қабанбай қазақтың хас батыры



Дата05.11.2016
өлшемі71,49 Kb.
түріӨмірбаяны
Қазақ хандығының

550 жылдығына

Қабанбай – қазақтың хас батыры
Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен 2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығы деп жарияланды. Бұл құптарлық істі халық толықтай қолдап отыр. Өйткені кешегісіз бүгін, бүгінсіз болашақ жоқ екендігі бесенеден белгілі. Биылғы жылы Қазақ мемлекетінің қалыптасып, дамуына үлес қосқан хандар мен батырлар, тарихи тұлғалар туралы зерттеулер жүргізіліп тарихымызды тағы бір таразылап алмақшымыз. Қазақ мемлекетінің қалыптасуына сүбелі үлес қосып, Шығыс өңіріндегі Тарбағатай аймағын жоңғарлардан азат етіп, ата-бабаларымыздың жерін қазаққа қайтарған хас батыр, бас қолбасшы Қаракерей Қабанбай бабамыздың тарихтан алатын орны ерекше. Қазақ Елінің Тәуелсіздігі үшін қасық қаны қалғанша күрескен Қабанбай батырдың туылғанына биыл 323 жыл толып отыр.
Қабанбай шежіресі

Қазақ

Ақарыс Бекарыс Жанарыс

/ұлы жүз/ /орта жүз/ /кіші жүз/

Алты арыс


Арғын Найман Қоңырат Қыпшақ Уақ Керей

Шұбартай Белгібай /Өкіреш/

/жастай опат

болған/

Сүйініш



Төлегетай

Төртуыл Қаракерей Садыр Матай


Ерторы Байторы

Тайлақ Жайнақ Айрам Мейрам


Байыс

Мақта апай

/ері Тоқтарқожа/
Байжігіт Жанжігіт

Тоғас Мәмбет Жұмық


Қожағұл

Қабанбай /Ерасыл/


Үмбетей Кішкентай Сырымбет Едіге Байтоқ Мойнақ Әлі

Өмірбаяны

Қабанбай Қожағұл ұлы, Дарабоз – батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі – Ерасыл. Ол 1691 жылы туып, 1769 жылы дүние салған.

Жеті жасында әкесі Қожағұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, апайы мен жездесі Бердәулеттің қолында болады. Осында жүріп жылқылар мен өзіне шапқан қабандарды жайратып «Қабан батыр» атанды.

1717 жылдан бастап елі мен Жерін қорғау жорығы басталады. Атап айтқанда:



  • 1717 жылы Аягөз шайқасына, 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай – Алкөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырына айналды.

  • 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауды жеңгені үшін Дарабоз атанды.

  • 1751 жылы батыр қолы Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан азат етіп, Төле бидің билікке келуіне ықпал жасады. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.

  • 1752 -54 ж.ж. Қабанбай басқарған қазақ сарбаздары алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарқол мен Нарында, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылады. Одан кейін Баспан – Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті.

  • 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген Қытай әскерінің бетін қайтарады. Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан тазартады.

  • 1758 жылы қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдатып, қазақ-қытай саудасын бастап берді.

  • 1769 жылы 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке науқастанып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап, қазаға ұшырайды.

Қаракерей Қабанбай батырға еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауылына, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданындағы Жарбұлақ ауылына, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларында бір-бір көшеге, сондай-ақ, Аягөз қаласында орналасқан танк дивизиясына есімі берілген.

Талдықорғанда, Үшаралда, Үржарда, батырға ескерткіш, астана іргесінде ескерткіш-монумент орнатылған.

1991-93 ж.ж. бұрынғы Семей және Талдықорған облыстарында Қабанбай батырдың 300 жылдығы аталып өтіліп, үлкен ас берілді.

Батырдың өмірі мен ерлігі Бұқар жырау, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара т.б. ақын-жыраулар шығармаларына арқау болған.

Жазушы Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» тарихи романын жарыққа шығарса, Қабанбай бабамыздың Арқадағы шырақшысы, жазушы Камал Әбдірахманов «Хан батыр Қаркерей Қабанбай» деген кітап жазды.

Қазақтың хас батыры Қабанбайға қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Оның ішінде Қабанбайдың атамекені Тарбағатай өңірінде батырға ерекше құрмет көрсетілуі тиіс. Осындай мақсатта аудан әкімі Е. Текешовтың бастамасымен Тарбағатай ауданында 23 тамыз 2011 жылы «Менің бабам – Қаракерей Қабанбай» атты қоғамдық қор құрылды. Қоғамдық қордың міндеті тоғыз жолдың торабы Боғас бекетіне батырдың ат үстіндегі ескерткішін орнату болып табылады. Осы іске бүкіл аудан халқы жұмылып, сыртта жүрген Тарбағатай ауданының қалталы азаматтары демеушілік жасап, бюджеттен бір тиын алмай бір жылдың ішінде ескерткіш тұрғызылды. Бұл халықтың береке-бірлігінің, тарихқа құрметпен қарайтындығын көрсетеді. Ескерткішті орнатудың тағы бір міндеті Тарбағатай өңірінен шыққан тарихи тұлғаларды насихаттау арқылы жасөспірімдерді Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу болды.

Қабанбай батырдың Атамекені Тарбағатай аймағы. Оның 30 жыл серігі болған Қубас ат та Ақсуаттың Қызылкесігінен. Осы ауылдың жанындағы «Қубас» кезеңіне Қубас аттың мүсіні де қойылды.

Боғас бекетіне ескерткіштің қазығы қағылғаннан кейін (2011) сол жерден бір уыс топырақ алып, Астанаға аттандым. Қабанбай батырдың кесенесі орталықтан 30 шақырым жерде екен. Қабекеңнің басына барып, құран оқып жаңағы бір уыс топырақты қабірінің басына қойып кеттім.


Ержан Құттыбаев – Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты,



ҚР білім беру ісінің үздігі, «Менің бабам – Қаракерей Қабанбай» қоғамдық қорының төрағасы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет