Қазақ лиро-эпостарын салыстыра зерттеу



Дата15.09.2017
өлшемі120.26 Kb.
УДК. 398.224
А.С. Бұлдыбай

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,

Алматы қ., Қазақстан,

e-mail:
Қазақ лиро-эпостарын салыстыра зерттеу


Бұл мақалада қазақ халқының асыл қазынасы, бай мұрасы эпостық және лиро-эпостық шығармалары терең ашылып айтылған. Лиро-эпостық жырлардың қазақ халқындағы нұсқаларын басқа халықтарындағы осы тектес жырлармен салыстырып, олардың халықтық, фольклорлық негіздерін ашуға, қосылған жерлерін ажыратуға, сонымен бірге тарихи фактілер мен эпикалық ерекшелігінің ара-қатынасын анықтауға мүмкіндік туады. Ғалымдар тарихи-типологиялық тәсілді фольклортануға әр саладан қозғау салатын, ұғымды әдіс деп қарайды.

Түркі халықтары фольклорын салыстырмалы типологиялық тұрғыдан зеттеп талдау үшін, ең алдымен,оның негізгі аспектілерін анықтап, ажыратып алу керек те, екіншіден, сол зерттеу барысында терминдердің мағынасын ашып, жетілдіру қажет. Әр терминнің өз түсінігін анықтап, оның тегі мен түрлерін,сапалық ерекшеліктерін ажырату үшін,термин жүйесінің біртіндеп жетілуіне қажетті тәжірибие мен тәсілдердің маңызы зор.



Түйін сөздер: лиро-эпос, фольклор, тарихи-типологиялық тәсіл, мифтік сарындар, аңыз- әңгімелер, мотив, эпос.
А.С. Бұлдыбай

Типология лиро-эпических поэм казахского народа

В статье рассматривается типологические исследования лиро-эпические поэмы казахсого народа. Труды известных ученных по фольклористике берется в основу исследования данного вопроса. В лиро-эпических прозведениях казахского народа отражается быт, традиций, культура и эстетические мышления казахского народа в прошлых веках. Для многих зарубежных стран наша литература и искусство служат одним из главных источников сведений о жизни казахского народа в прошлом и в настоящем казахский фольклор и устный этап функционирования казахской словесности в значительной степени подготовили становление прозаических жанровых форм. Национальные традиции подобны эстафете, передающей из века в век накопленное народами богатство художественного мастерства. Они обязательно включают и результаты взаимодействия, взаимообогащения национальных литератур. При этом ряд элементов в национальных традициях отмирает с течением времени в результате общественных перемен и развития национального характера народа.



Ключевые слова: лиро-эпос, фольклор, исторический и типологический подход, мифическая история, мотив, эпос, жанр, истоки, сказители, жырау, жыршы.

А. Buldybay



The typology of the Kazakh lyrical epic poems
For many foreign countries, our literature and art are one of the main sources of information about the life of the Kazakh people, about our past and present. Kazakh folklore and oral phase of the Kazakh literature largely prepared becoming prose genre forms. In this regard, traced the evolution narrativiosti in folklore genres, their growth in peskazochnyh genres of Kazakh folklore, the dynamics of n lyric-epic genres tolgau and Dastan. This is an argument predromashshh origins Kazakh prose, in many ways paved the rapid formation of the Kazakh novel.

National traditions are similar to relay transmitted from age to age, the accumulated wealth of the peoples of artistic skill. They are sure to include the results of interaction, mutual enrichment of national literatures. A number of elements in the traditions dying out over time as a result of social change and development of the national character of the people.



Key words: liro-epic, folklore, historical and typological approach, mythical story, motive, epic. genre, sources, storytellers, bard, zhyrshy.
Қазақ халқының асыл қазынасы, бай мұрасы не дегенде – эпостық және лиро-эпостық шығармаларды алдымен атай аламыз. Қазақ халқының және бірге туысқан түркі халықтарына ортақ болып келетін эпостық жырлары мыңдаған жылдар бойы, бізге сақталып жетті. Эпостық шығармалардың бойынан халықтың қилы тарихын мәдениетін, эстетикалық ойлау ерекшеліктерін, дәстүрлерін көре аламыз.

Фольклортану ғылымы эпостық және лиро-эпостық шығармалардың туыстығын, ұқсастығын байқауда үш түрлі ұқсастық типін ерекше атайды [1, 35].

Біріншіден, халықтардың тарихи туыстығына, тектестігіне байланысты тарихи-генетикалық ұқсастық.

Екіншіден, ел мен елдің тарихи-мәдени қарым-қатынасы арқылы тарайтын ұқсас, үндес сюжеттер.

Үшіншіден, халықтардың шаруашылық кәсібінің, қоғамдық дамуының бірыңғай болып келуінен туындайтын тарихи –типологиялық ұқсастық.

Лиро-эпостық жырлардың қазақ халқындағы нұсқаларын басқа халықтарындағы осы тектес жырлармен салыстырып, олардың халықтық, фольклорлық негіздерін ашуға, қосылған жерлерін ажыратуға, сонымен бірге тарихи фактілер мен эпикалық ерекшелігінің ара қатынасын анықтауға мүмкіндік туады. Ғалымдар тарихи-типологиялық тәсілді фольклортануға әр саладан қозғау салатын, ұғымды әдіс деп қарайды [2, 230].

Қазақ фольклорын басқа халықтардың ауыз әдебиетімен салыстыру, ондағы ортақ нәрселерге баға беру ХІХ ғасырдың алғашқы кезеңінен басталды. Бірақ та, салыстыра зерттеу әр кезеңде әр түрлі сипат ала отырып, мақсаты да әр түрлі болды.

Зерттеуші ғалым Ш.Ибраев ХІХ ғасырдың 30 жылдары жарық көрген А.Левшиннің “Қырғыз- қазақ немесе қырғыз- қайсақ ордаларымен далаларының сиаттамасы ” деген еңбегінен осындай өзгешеліктерді байқап, ол жөнінде былай дейді: “ Зерттеуші өзінің қазақ фольклорына қатысты байқауларын арагідік ежелгі замандағы халықтар мен тайпалар туралы сақталған тарихи деректермен салыстырып отырады және ондай салыстырулар белгілі бір ой –пікірлерді қорытындылауға қызмет етеді.Қазақтың поэзиясы ертеде өмір сүрген халықтар мен тайпалардың фольклорымен сабақтас деген тұжырымға тоқтайды”. [3, 22].

Сонымен бірге салыстырмалы зерттеудің кейбір жаңа өзгешеліктерін қазақтың ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов еңбектерінен көреміз.Шоқан зерттеулерінде ежелгі халықтардан римдіктер, скифтер, гректер, қытайлар секілді елдердің әдет-ғұрып, тұрмыс –тіршілігі, фольклоры туралы мәліметтер түркі-монғол халықтарының этнографиясымен, ауыз әдебиеті үлгілерімен әдемі салыстырылып отырған [4, 212]. Жалпы Шоқан қазақ халқының фольклорын дүние жүзі халықтарының мәдени-әдеби байланысын биік деңгейде тани білген.

Ш.Уәлихановтың салыстыру арқылы тұжырымдаған мәселесі, ол – қырғыздың әйгілі “Манас” эпосын көне грек эпосымен байланыстыра отырып, жыр бір халықтан екінші халыққа ауыспалы жүретін ұқсас сюжеттің жиынтығы емес, белгілі бір халықтың даму тарихында қалыптасатын, қоғамдық өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып жатқан, тарихи қажеттіліктен туған көркемдік ойдың жемісі екенін байқап, келелі мәселе қозғайды.

Түркі халықтарының фольклоры, оның ішінде қазақ ауыз әдебиеті дегенде тілімізге алдымен академик В.В.Радлов есімі түседі. В.В. Радлов түркі халықтарының асыл мұраларын жинап, қазақ халқының поэзиясы қырғыз,Қырым мен Осман түрктері және Алтай мен Сибирь халықтарының байланысты екенін анықтады. Сонымен қатар Радлов қазақ халық поэзиясының көне бастауын іздеуге де із салды [5, 37].

Ғалым эпостың шығу тарихына тоқтала отырып, қырғыздың “Манасын”, гректің “Илиадасымен”, финнің “Калеваласымен” салыстырады.

Жалпы аталған ғалымдардың еңбектері салыстырмалы тарихи зерттеудің бастамасы ғана еді. Белгілі бір жүйе қалыптаспады.Тек қана эпикалық шығармаларды салыстыру сюжет пен мотивтерді, сонымен бірге кейіпкерлердің ұқсастығына байланысты сыртқы мағыналық жақтан таныстыру орын алды. Ал олардың ішкі пішінін, жанрлық құрамын, айтылу типін, үлкенді-кішілі айырмашылығын, нақтылы атқарып тұрған қызметін,түр ерекшеліктерін нақты анықтауға мән бермеді.

Тарихи салыстырмалы зерттеудің теориясымен негізгі принциптерін анықтап,өз алдына пән етіп, зерттеу әдісі қылып қалыптастыруға еңбек еткен ғалым – В.М. Жирмунский болды. Ол 1958 жылы Дүниежүзі славянтанушыларының жиналысына тарихи-типологиялық зерттеудің методикасы мен принциптерін халықаралық көлемде алғашқы рет көтерді. В.Жирмунский фольклорға қатысты тарихи салыстырмалы тәсілдердің бірнеше түрін атап өтеді: яғни салыстыру, тарихи - генетикалық (туыстық) салыстыру, мәдени бағытқа негізделген бір-бірінен ауысып алуды анықтайтын салыстыру және тарихи –типологиялық салыстыру [6, 75].

Қазақ фольклорында тарихи салыстырмалы зерттеулердің үш түрлі қолданылып келгенін атап айтуға болады.

Салыстырмалы зерттеуді профессор М. Ғабдуллин «Қобыланды жырының» нұсқаларын,Т.Сыдықов “Алпамыс батыр”жырының нұсқаларын, Н.С.Сирнова “Қыз Жібек” пен “Қамбар батырдың” версиясын, Н.Дүйсенбаев “Қозы-Көрпеш –Баян сұлу” жырының вариантын салыстырып, өз еңбектерін жариялаудан көруге болады.

Тарихи салыстырмалы зертеудің келесі түрі – тарихи-генетикалық, яғни тарихи-туыстық зерттеу әдісі. Мұндағы негізгі мәселе халықтардың туыстық тегіне,тарихи тамырластығына байланысты.

Қазіргі түркітану ғылымында түркі халықтары тілінің тарихын зерттеудің қандай қасиеті болса, түркі тектес халықтардың ауыз әдебиетін зерттеу де сондай қажеттілік тудырып отыр.

Тарихи туыстық тегіне қарап бір өлкеде тұратын елдердің ауыз әдебиетіндегі ортақ заңдылықтарды анықтау славян, балкан халықтарының эпосын зерттеген В.Жирмунский, В.Виноградов, В.Чичеров, Б.Путилов, В.Гацак, тағы басқа еңбектерінде оның ғылыми терең шешімін тапты.

Салыстырмалы зерттеудің келесі тәсілі – ел мен елдің, халық пен халықтың бір-бірімен араласып, қарым-қатынас жасауынан пайда болған байланыстарды зерттейді.

Түркі халықтары фольклорын салыстырмалы типологиялық тұрғыдан зеттеп талдау үшін, ең алдымен,оның негізгі аспектілерін анықтап, ажыратып алу керек те, екіншіден, сол зерттеу барысында терминдердің мағынасын ашып, жетілдіру қажет. Өйткені фольклортану ғылымында терминдерді бір-бірінен ажыратып, нақтылы дәл мағынасын тауып, тұрақтандыру міндет. Бұл жөнінде “ әр терминнің өз түсінігін анықтап, оның тегі мен түрлерін,сапалық ерекшеліктерін ажырату үшін,термин жүйесінің біртіндеп жетілуіне қажетті тәжірибие мен тәсілдердің маңызы зор” дейді Б.Путилов [7, 11].

Халқымыздың ауыз әдебиетінде ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып, ғасырлар өткен сайын ұлылығын асыра түсіріп келе жатқан асыл мұраларымыздың бірі – лиро-эпос жырлар.

Бір жағынан, лирикалық, сыршылдық сарыны бар, екінші жағынан, оқиғалы болып, эпосқа тән сипатқа ие болатын шығарма түрі. Ғашықтық жырлардың мазмұны халқымыздың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты өмірге келген.

Ә.Қоңыратбаев батырлық жырлармен ғашықтық жырлардың жанр ерекшеліктерін қорытындылай келіп, он екі айырмашылығын нақтылап көрсетеді [8, 9].

“Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз жібек” нұсқаларын салыстыра зерттеп, бұл шығармалардың қазақ және басқа түркі халықтарында алатын орнының маңыздылығын айқындау фольклористика ғылымының алдында тұрған негізгі мәселенің бірі.

“Қыз Жібек” жырының сюжеті “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырынан беріде, шамамен, ХVІІ ғасырда пайда болған делінеді. “Қыз Жібек” жыры қазақ халқының төл мұрасы болса да, оның көптеген бір-біріне ұқсамайтын нұсқалары бар. Ең негізгі деп алынатын “Қыз Жібек ” жырының халық арасына кең тараған нұсқасы мен 1887 жылғы Мұсабай нұсқасы тереңірек қарастырылып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары баршылық. “Қыз Жібек” жыры қазақтың төл туындысы десек те, көршілес жатқан қырғыз, қарақалпақ туыстарымызға тарап үлгірген екен. Жыр бертін келе пайда болса да, ақын-жырауларымыздың арқасында өзінің жан сұлулығын көрсететін лиро-эпостық шығарманың інжу-маржанына айналғанымен қатар, қазақтың өткен тарихын анық бере алатынымен құнды екенін баса айта аламыз. Барлық нұсқасы да қазақтың тарихын шынайы түрде бере алған.

Қазақ фольклорында жырдың классикалық эпостық деңгейге көтеріліп, көркем туындыға айналу себептері көп. Әр халықтың өзіндік ерекшелігін, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін көрсететін шағын бөлшектерді, адамдардың мінез-құлқын бейнелейтін психологиялық иірімдерді жырда кеңінен пайдаланып отырған.

Жырдың нұсқасында әр түрлі болып кездесетін мифтік сарындар, аңыз-әңгімелер, әр алуан сюжеттер мен мотивтер, эпосқа тән элементтерді салыстыру барысында, тарихи-типологиялық байланыстың ең бірінші кезекте, туысқандыққа негізделген тарихи-генетикалық, ал онан соң қоғамдық дамудың ортақтастығы және көршілестік қарым-қатынастар барысында пайда болғандығын пайымдауға болады. Әсіресе, мифтер мен аңыздардан түркі халықтарының түп- төркіні аңғарылса, эпостық элементтер мәдени қарым-қатынастар мен көршілестіктің нәтижиесі екендігін байқатады.

Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті нұсқалары ішіндегі ең бір асыл да көркем үлгі – “Қыз жібек” жыры. Бұл шығарманың бізге жеткен нұсқалары онша көп емес. Болғаны үшеу ғана. Көптеген мәліметтерге қарағанда “Қыз жібек” жырының негізгі айтушыларының бірі Мұсабай жырау деп айтады. Бірақ ел арасына кеңінен тарап, әйгілі болған нұсқасы Жүсіпбек қожа Шайхұлисламұлының қаншама рет жариялаған “Қыз жібек” хикаясы атты жыры.

Жалпы, “Қыз Жібек” жырының таралу шегі неге аз дегенде фолклортанушы ғалым Ы.Дүйсенбаев бірнеше себептерін атап өтеді.

Біріншісі. “Қыз Жібек” көне жыр емес әрі кетсе, ХVІІ ғасырдың шамасында шыққан, яғни оның көбірек тамыр жоюына мүмкіндік болмай қалған.

Екіншісі. Ел арасына кезінде мол тараған бұл поэманың нұсқалары сақталмай, көпшілігі біздің заманға келіп жетпеген.

“Қыз Жібек” жырының түбі қайдан, кімнен шықты дегенде, бір зерттеушілер жырды Орта жүз ашамайлы Керей Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов (1818-1854) деп көрсетіп, дәлелдеулер көрсетеді.

Ғалым С.Садырбаев 1985 жылы Қырғызстанның Ғылым Академиясы қолжазбалар бөлімінен “Қыз Жібек” жырының Тәжікстанның Жергетел ауданында тұратын қырғыз ағайындардың айтуынан жазып алынған бір нұсқасына жолыққанын айтады. [9, 187-192] 1890 жылы жыр алыбы Жамбыл Жабаев Тоқмақ жерінде, қырғыз елінде екі жыл тұрған екен. Жырды жырлаушы Сұлтанов Кедейхан деген манасшының атасы Алыбаймен дос болады. Екеуі бірге жүріп, ел арасындағы той-тамашаға қатынасқан. Осындай үлкен жиындарды Жамбыл қазақ елінің “Қыз Жібек” деген жырын жырлаған, ал Алыбай сол жырды Жамбылдың айтуынан жаттап алып, оны қырғыз арасына кең таратқан. С.Садырбаев жырдың қырғызша қырық сегіз беттік қолжазбасын алып, қырғыз әдебиетшілерінің көмегімен қазақшаға аударылуына себеп болады. Бүгінде ол қолжазба Жамбылдың Мемлекеттік әдеби музейінің ғылыми қорында сақталынып тұр екен.

Жамбылдың жырлауымен қырғыз еліне тараған “Қыз Жібек” жырының қырғызша нұсқасында Сансызбайдың батырлық, ерлік намыстары ерекше көрсетіледі.

Кейбір жыршылар Жібектің соңғы өмірін “аға өлсе – іні мұра” деген әмеңгерлік жолмен шешеді. Бұл Жүсіпбек Шайхұлисламовтың Қазан қаласында жариялаған нұсқасында жиірек кездеседі. Кейбір нұсқасында Жібек қалмақ ханының тұтқынынан құтылып шыққандығы айтылады, ал Сансызбай мен Жібектің қарым- қатынасын әдеппен, сыпайыгершілікпен шектейді. Мәселен, Жамбыл Жабаев жырлаған қырғыз жыршысы Сұлтанов Кедейханның айтуымен біз жазып алған “Қыз Жібек” жырында қалмақтың ханы Хорум (қазақша - Қорен) алысқа ұзап кеткен Жібектің ізіне түсіп, Сансызбайларды жарты жолда қуып жетеді. Жекпе-жекте Қоренді Сансызбай өлтіреді.

Ал, Тәжікстан республикасында тұратын қырғыз бауырлардың айтуынан жазып алынған шағын нұсқада Төлеген мен Жібек қосылып, үш күн,үш түн той болды деп бітіреді.

Негізінде Сансызбайға Жібек қосылды ма, жоқ па дегенде, жыршылар екі түрлі аңыз айтады. Бірі – Қыз Жібек пен Сансызбай қосылған жоқ, тек ұзақ жолдың үстінде бара жатыр десе; екінші бір жыршылар:“еліне аман келді, қырық күндей той қылып, Сансызбай Жібекті алды” деп екеуін бақытқа жеткізуге тырысады. Мұның бірнеше себебі бар: біріншіден тыңдаушыны Жібектің бақытсыздығымен әбден шаршаттым ғой, жырдың соңын қуаныш пен тоймен аяқтайыншы деген тәсілден туған жыршының өзіндік әдісі; екіншіден – несі бар, Қыз Жібек басқалар үшін аспандағы жарық жұлдыз болса да, халықтың әдет- ғұрып заңына бағынады, соған көнеді деген салт сезіледі.

“Қыз Жібек” жырының бір нұсқасы Қытайдағы Шыңжаң қазақтарында сақталған екен. Осы нұсқа 1985 жылы Үрімші қаласындағы “Жастар” баспасынан жарық көрген “Қазақтың ғашықтық жыры” атты төрт томдық еңбектің бірінші кітабында жарияланған. Жыр Алтай аймағының тұрғыны Шерияздан Солтанбайұлының айтуымен жазылып алынған.

“Қыз Жібек” жырының халық арасына тараған нұсқасымен Мәскеудің тарихи музейінде сақталған Мұсабай жыраудың айтуымен жазалып алынған, кейіннен Мұхтар Әуезов пен Н.С. Смирнованың редакциялауымен жарық көрген нұсқа.

Фольклорлық шығармалардың қай- қайсысын алсақ та, оның шыққан дәуірі осындай еді деп, дәл көрсету мүмкін емес.“Қозы Көрпеш- Баян сұлу” жырына қарағанда төл мұрамыз саналатын “Қыз Жібек” жырының бойындағы оқиғаларға байланысты, оның шыққан дәуірін шамамен топшылай аламыз.

“Тарих – шындықтың айнасы” дейді. Сол шындықты берудің әдіс-тәсілдері әр түрлі десек, өткен тарихты есте қалдырудың жолын түркі халықтар көбіне асыл сөзбен кестелеп, ғажайып бейнелермен әсерлеп жеткізген. “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырларының құндылығы да сол ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың көркем ойлау жүйесін жан-жақты көрсете алуында. Бұл бай эпостарымыздың түрлі салалары мен дәуірленуін әлі де толық анықтап, жіліктеп танып біткеніміз жоқ. Сол себепті де жырдың түркі халықтарындағы нұсқаларын кеңінен талғап қарау ғана ғылыми қорытындығы келуге мүмкіндік береді.


Әдебиеттер
1 Русское народное творчество. – Москва, Высшая школа. – 2006. – 459 б.

2 Бердібаев Р. Эпос мұрасы. – “Білім”. – Алматы, 1997. – 230 б.

3 Ибраев Ш. Салыстырмалы және жүйелі зерттеудің мәселелері. – Алматы, 1987. – 22б.

4 Ш.Уәлиханов. Таңдамалы. – Алматы, 1985.

5 Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1960. – 37 б.

6 Жирмунский В. Народный героический эпос: Сравнительно-исторические очерки. – М-Л, 1962. – 75 с.

7 Путилов Б. Аталған еңбек. – Ленинград, 1976. – 11 с.

8 Қоңыратбаев Ә. Қазақтың “Қозы Көрпеш” жыры туралы. – .Алматы, 1959. – 231 б.

9 Садырбаев С. Тарихи-генетикалық сюжеттер. “Қыз Жібек” жырының қазақша-қырғызша нұсқасы. // Жұлдыз. – 1990. – №3. –  187-192 б.

References
1 Rwsskoe narodnoe tvorchestvo. – Moskva, Vi'sshaya shkola. – 2006. – 459 b.

2 Berdіbaev R. E'pos murasi'. – “Bіlіm”. – Almati', 1997. – 230 b.

3 I''braev Sh. Sali'sti'rmali' ja'ne ju'yelі zerttewdіng ma'selelerі. – Almati', 1987. – 22b.

4 Sh.Wa'li''hanov. Tangdamali'. – Almati', 1985.

5 Qazaq a'debi''etіnіng tari''hi'. – Almati', 1960. – 37 b.

6 Ji''rmwnski''y V. Narodni'y geroi''cheski''y e'pos: Sravni''tel#no-i''stori''cheski''e ocherki''. – M-L, 1962. – 75 s.

7 Pwti''lov B. Atalghan engbek. – Leni''ngrad, 1976. – 11 s.

8 Qongi'ratbaev A'. Qazaqti'ng “Qozi' Ko'rpesh” ji'ri' twrali'. – .Almati', 1959. – 231 b.



9 Sadi'rbaev S. Tari''hi''-geneti''kali'q syujetter. “Qi'z Jіbek” ji'ri'ni'ng qazaqsha-qi'rghi'zsha nusqasi'. // Juldi'z. – 1990. – №3. – 187-192 b.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет