Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары



Дата20.06.2018
өлшемі4,96 Mb.
#43779

Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары

  • Д.К. Өмірбекова
  • қобыз пәні мұғалімі
  • М.К.Қ.К «Өнер мектебі»
  • Алматы облысы, Жаркент қаласы

Екі ішектің бірін қатты. Бірін сәл-сәл кем бұра. Қазақ - нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра Қ.Мырза- Әлі

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары туралыбілім беру.
  • Дамытушылық: қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары туралы алғанбілімін нығайту, оқушылардың патриоттық сезімін дамыту.
  • Тәрбиелік: оларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және өз елінің ұлттықаспаптарын құрметтей білуге тәрбиелеу.
  • Сабақтың турі: аралас сабақ, интерактивті тақтаны қолдану
  • Сабақтыц типі: жаңа материалды игеру.
  • Сабақтапайдаланылған көрнекіліктер: қазақтың ұлттық аспаптары -домбыра, сылдырмақ, асатаяқ, шертер.

Үй тапсырмасын сұрау

  • Домбыраның құрылысы
  • Басы - екі құлақ бекітілген жері.
  • Шайтан тиегі - екі ішек орналасатын жері.
  • Мойны - перне байланатын бөлігі.
  • Шанағы - дыбыс кеулеп шығатын іші қуыс кеудесі.
  • Беті - шанақтың қақпағы, екі ішекті қағып, дыбысты естіртетін жері.
  • Дыбыс ойығы - қақпақтың дөңгеленіп ойылған тесігі.
  • Тиек - қақпақ бетінде екі ішекті көтеріп тұратын алмалы-салмалы ершік.
  • Түймесі (ілгек) - шанақтың артындағы ішекті бекітетін жері.
  • Екі құлақ - домбыраның басындағы екі ішектің ұшы бекітілген жері.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

  • Домбыра -қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірыеше түрі бар. Олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді.
  • Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді.
  • 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның Батыс өңірі, Арқа мен Солтүстік-Шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.

Шертер

  • Шертер - шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптары даұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.

Шертердің түрлері

  • Ең көне түрі:
  • Көне түрі:
  • Жаңа түрі:
  • Бір ішекті
  • Екі ішекті
  • Үш ішекті
  • Бір құлақты
  • Бір (екі) кұлақты
  • Үш құлақты
  • Қақпақсыз
  • Қақпақсыз
  • (қақпақты)
  • Мойынтиексіз
  • (қақпақты)
  • Пернелі
  • Ортантиексіз
  • Мойынтиексіз
  • Мойынтиекті
  • Ортантиексіз
  • Ортантиекті
  • Шаңқобыз - көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады.
  • Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады.
  • Сыбызғы - қүрайдан, ағаштан, кейде жезден салатын көне үрмелі музыкалық аспап.
  • Сазсырнай - үрмелі аспаптар тобына жатады. Ол саздан жасалынып, отқакүйдіріледі.
  • Мүйіз сырнай - мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі.
  • Үскүрік - саздан жасалынған музыкалық аспап. Үскіріктің үні құстың даусына ұқсас. Бұл аспапта халық әндері орындалған.
  • Үран - үрлеп ойналатын музыкалық аспап. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсында үш-үштен тесігі бар.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

  • Сөзжұмбақты дұрыс, шешкенде, «қобыз» сөзі шығады.
  • Сілкіп ойналатын аспап түрі.
  • Қазақтың ұлттық аспабы.
  • Аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланатыы ұрмалы аспап.
  • Бақташылардың қурайдан жасалынатын ең сүйікті аспабы.
  • Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап.

V. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұндау, нотамен жұмыс. VІ. Оқушыларды бағалау


Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет