Қазақ мектептері үшін I тур I ойын «Капитандар сайысы»



бет1/11
Дата12.03.2018
өлшемі1,93 Mb.
#38996
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақ мектептері үшін

I тур

I ойын «Капитандар сайысы»
1 топ

1.Ертеде қайрат, ақыл, жүрек таласып, ғылымға жүгініпті. Сонда ғылым үшеуін тыңдап алып, сендер үшеуін ала болсаңдар мен жүректі таңдаймын деген екен. Үшеуің бірдей бір адамның бойынан табылсаңдар, қасиетті адам сол деген екен. Мысалға мақалмен түйін жаса.



(Алатау ала болса ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса төбедегі келеді)
2. бізге, дәмді, жылда, наурыз, пісіреді, мерекесінде, көже, әжем.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы. Асты сызылған сөзге сұрақ қой, ол қай септікте тұр.
2 топ

1. Баяғыда бір қарияның қызы барлық бөлмелерді аралап жүріп, бір жабық тұрған бөлмеге кіруді армандайды. Атасы ол бөлмеде “жақсылардың жақсысы” сақтаулы тұрғанын айтады, бірақ оны алу үшін есейіп, бойжетуің керек деген екен. Бөлмеде сақтаулы тұрған не деп ойлайсың?(неліктен) (ұршық, өрмек, кітап- еңбектену үшін)


2. бос, бүркітпен, шығады, атам, аулауға, уақытында, аң.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, Асты сызылған сөзге сұрақ қой, ол қай септікте тұр.

3 топ

1. «Түлкі мен ешкі» ертегісінде – түлкі апанға түсіп кетіп, ешкінің ақымақтығының арқасында өзі апаннан шығып кетті. Мысалға мақалмен түйін жаса. (Өтірікке алданба - басың бәлеге душар болар)


2. бас, ертеден, киімі, қазақтың, келе, бөрік, жатқан.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, Асты сызылған сөзге сұрақ қой, ол қай септікте тұр.
4 топ

1. Бір зауыттан екі соқа істеліп шықты. Бірі егіншінің қолына түсіп, еңбекпен шындалды. Екіншісі еш қимылсыз аулада қалып тот басып, қарайып кеткен екен. Әңгімені қай мақалмен түйіндеуге болады? (Ердің атын еңбек шығарады. немесе Адамды адам еткен еңбек)


2. ұлттық, дайындалатын, қымыз, ашытылып, бие, сусын, сүтінен.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, Асты сызылған сөзге сұрақ қой, ол қай септікте тұр.

5 топ

1. Бірде құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара- қоңызбен дос болыпты. Басына қиындық түскенде жаңа достары көмектеспепті. Қайта ескі достары көмекке келген екен. Мысалға қандай мақалымен түйін жасауға болады. (Жаңа достың қадірі - ескі достай бола алмас)


2. жүр, қазақ, ертеден, наурыз, мерекесін, халқы, тойлап.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, Асты сызылған сөзге сұрақ қой, ол қай септікте тұр.
6 топ

  1. Әкесі он жасар баласымен келе жатты. Әкесі баласынан :-анау өрмекшiнi құмырсқаны,жоғарыда ұшып жүрген қарлығашты көресің бе? депті. –Жұмыссыз ешбір жан жоқ. Бәрі жұмыс істеп жүр деген екен. Әкесінің айтқысы келген ғибратына қарама – қарсы мақалмен ой түйінде. (Жалқаулық жаман ауру)




  1. киетін, бөріктің, тағылады, үкі, қыздар, төбесіне.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, Асты сызылған сөзге сұрақ қой, ол қай септікте тұр.


  1. топ

  1. «Әке мен бала» әңгімесінде бала жерде жатқан тағаны алғысы келмеді, бірақ сол тағаның ақысына алған шиені жеу үшін жерге бір иілудің орнына он рет иілді. Әңгімені қай мақалмен түйіндейсің? (Азға қанағат қылмасан - көптен құрғаларсың)

2. үйінде, нағашы, болдым, ауылдағы, жазда, әжемнің, өткен.



Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, Асты сызылған сөзге сұрақ қой, ол қай септікте тұр.
8 топ

1. Әкесі мен баласы бақша ішінде ағаштарды аралап жүріп, қисық және түзу өскен ағаштарға көзі түсті.Әкесі түзу өскен ағаш күтім көрген, ал қисық өскен ағаш өз бетімен өскен екенін түсіндірді. Бұл әңгімені қай мақалмен түйіндеуге болады екен? (Тәрбие басы талбесіктен немесе Әдепті бала арлы, әдепсіз бала сорлы бала)


2.орталықта, бірге, достарымызбен, тептік, кеше, алтыбақан.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы,

Асты сызылған сөзге сұрақ қой, ол қай септікте тұр.
9 топ

1.Адам ауылға бір гүл отырғызды. Гүл құлпырып өсе берді. Бірде ұсқынсыз шөп басын көтеріп, гүлдің көңілін бұзыпты. Гүл сарғайып бара жатты. Қасындағы үлкендеу гүл оны аяп, демеу үшін «ол арамшөп, одан құтылуға болады”,- депті. Бұл мысалды қай мақалмен түйіндеуге болады екен? (Жақсы сөз - жарым ырыс)




  1. Көзіне, ілулі, төрде, тұрған, түсті, домбыра, күйшінің.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы,

Асты сызылған сөзге сұрақ қой, ол қай септікте тұр.
10 топ

1.Далада қарны ашып, сұр қасқыр жүр.Бір жерге жатқызбай жүргені – аштық. Үміті – бекітусіз қора, күзетсіз – жылқы. Бұл мысалды қай мақалмен түйіндеуге болады екен? (Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла немесе Қыстың қамын жаз ойла)


2. атты, жүйрік, бәйгеге, адамдар, баптап, қосатын, болады.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы,

Асты сызылған сөзге сұрақ қой, ол қай септікте тұр.

11 топ

1. Екі дос орманда келе жатты. Достардың бірі ауру, екіншісі сау жігіт болатын. Олардың алдарынан аю шықты.Дені сау жігіт ағаштың басына ауру жолдасын тастап, шығып кетеді. Осы әңгімені белгілі бір мақалмен түйінде. (Жаман достан таяғым артық, Жаман аттан аяғым артық)


2.тілде, әр, Қазақстандықтың, еркін, мемлекеттік, парызы, сөйлеу.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы,

Асты сызылған сөзге сұрақ қой, ол қай септікте тұр.

2 ойын «КІМ ШАПШАҢ»
1. Оны келіге түйіп, түктейді. Ол көжеге ерекше дәм береді. Қазір оның орнына күріш, арпа қосады. Бұл – қай дақыл деп ойлайсың? (бидай)
2. Бұл - сүйек пен мүйізден жасалатын аспаптардың бір түрі. Аспаптың дыбысы марал мен бұғылардың даусына ұқсас болғандықтан, жайылып жүрген маралдарды бір жерге жинау үшін қолданылады. (бұғышақ)
3. Ат байлау үшін орнатылған түбірік не деп аталады? (атағаш)
4. Бұл - киім ілуге арналған ашалы, ою - өрнекті ағаш.  Ол үй ішіндегі дүние - мүліктердің жалпы атауы. Ол не деп аталады? (адалбақан)
5. Ол киім-кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған, ағаштан жасалған бұйым.

Бұл - қай үй жиһазы деп ойлайсың? (сандық)


6. Киіз үйдің босаға жағына төселетін мал терісін не деп атайды? (тулақ)
7. Ол – қолға су құятын шайнектің бір түрі. Бұл – қай ыдыс деп ойлайсың? (құман)
8. Бұл - талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдыс. (күбі)

 

9. Бұл - молдалардың орап киетін бас киімі. Ол бас киім не деп аталады екен? (сәлде)


10. Матаның арасына мақта немесе  жүн салып тіккен жамылғы әрі төсеніш не деп ойлайсың? (Көрпе)
11. Ол арабтың “тыныштық”, “бейбітшілік” мағынасындағы сөзінен шыққан. Бұл қай сөз? (сәлем)
12. Ұлыс күнi үй ішін «жын – шайтаннан» сақтау үшін, әжелеріміз қандай дәстүр жасаған? (Аластау)
13. Қай жылдан елімізде Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады? (1988 ж)
14. Төрт жастан асқан түйені не деп атайды? (Атан)
15. Бұл -кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым. Ол не? (Қын)



Орыс мектептері үшін

I тур

I ойын «Капитандар сайысы»
1 топ

1. «нау» және «руз» деген ұғымдар нені білдіреді, қай тілден енген сөз? (Наурыз - жаңа күн, парсы)

2. бізге, дәмді, наурыз, пісіреді, мерекесінде, көже, әжем.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, сөйлемді аудар.
2 топ

1. Дәстүр бойынша Наурыз мерекесінде ыдыстарды немен толтыру ненің белгісі болып саналған? (Молшылық – ақпен)

2. бос, бүркітпен, шығады, атам, аулауға, уақытында, аң.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, сөйлемді аудар.

3 топ

1. Қазақтың сайын даласын кезiп жүріп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайтын кім деп ойлайсың?  (Қыдыр ата, Қызыр баба)

2. бас, ертеден, киімі, қазақтың, келе, бөрік, жатқан.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, сөйлемді аудар.
4 топ

1.Ұлыс күнi үй ішін «жын – шайтаннан» сақтау үшін, әжелеріміз қандай дәстүр жасаған? (аластау)

2. ұлттық, дайындалатын, қымыз, ашытылып, бие, сусын, сүтінен.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, сөйлемді аудар.
5 топ

1. Көне деректер көзiне сүйенсек, наурыз неше күн тойланған және ол той қалай аталған? (9 күн наурызнама)

2. жүр, қазақ, ертеден, наурыз, мерекесін, халқы, тойлап.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, сөйлемді аудар.
6 топ

1. «Торсық», «Тостаған», «Астау» - бұл ненің атаулары? (Ыдыс)

2. киетін, бөріктің, тағылады, үкі, қыздар, төбесіне.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, сөйлемді аудар.
7 топ

1. Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай не істеуге кірісетін? (егін егуге)

2. үйінде, нағашы, болдым, ауылдағы, жазда, әжемнің, өткен.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, сөйлемді аудар.
8 топ

1. Киіз үйдің бөліктерін атап шық? (уық, шаңырақ, кереге ,,,)

2. орталықта, бірге, достарымызбен, тептік, кеше, алтыбақан.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, сөйлемді аудар.
9 топ

1. Наурыз мейрамында адам мен табиғаттың достығын білдіретін дәстүрлерді ата? (бұлақ тазалау, ағаш егу)

2. көзіне, ілулі, төрде, тұрған, түсті, домбыра, күйшінің.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, сөйлемді аудар.

10 топ

1. Наурыз мейрамында айтылатын “наурыз жыры” не деп аталады? (самалық)

2. атты, жүйрік, бәйгеге, адамдар, баптап, қосатын, болады.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, сөйлемді аудар.
11 топ

1. Қай жылдан елімізде Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады? (1988 ж)

2. тілде, әр, Қазақстандықтың, еркін, мемлекеттік, парызы, сөйлеу.

Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орнына қойып оқы, сөйлемді аудар.

I тур

2 ойын «КІМ ШАПШАҢ»
1. Ол – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды. (сыбызғы)

Бұл – қай аспап деп ойлайсың?
2. Бұл аспаптың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады. Бұл – қай аспап деп ойлайсың? (қобыз)
3. Кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі осы бөліктің ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады. Киіз үйдің бұл бөлігін не деп атайды? (уық)
4. Бұл - киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Бұл киіз үйдің қай бөлігі деп ойлайсың? (шаңырақ)
5.Ол киім-кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған, ағаштан жасалған бұйым.

Бұл - қай үй жиһазы деп ойлайсың? (сандық)


6. Матаның арасына мақта  немесе  жүн  салып тіккен жамылғы әрі төсеніш. Оның астары жай ғана матадан, тысы асыл матадан тігіледі. Бұл – не деп ойлайсың? (көрпе)
7. Ол – қолға су құятын шайнектің бір түрі. Бұл – қай ыдыс деп ойлайсың? (құман)
8. Ол - су, сусын құятын шағын теріден ысталып жасалған ыдыс.

Бұл – қай ыдыс деп ойлайсың? (торсық)


 9. Бұл - ұзатылатын қыздардың қымбат бас киімі.

Қай ұлттық бас киім туралы айтылған деп ойлайсың? (сәукеле)


10. Бұл - әжелердің тек беті ашық, басын, иығын жауып тұратын бас киімі. Қай ұлттық бас киім туралы айтылған деп ойлайсың? (кимешек)
11. Ол - түйенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Бұл қай сусын деп ойлайсың? (шұбат)
12. Оны - жаңа сойылған малдың өкпе-бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек бүйрегінен ұсақтап әзірлейді. Бұл қай тағам деп ойлайсың? (қуырдақ)
13. Малдың сүйегімен ойналатын қандай ұлттық ойынды білесің? (асық)
14. Суреттегі өрнектеліп тігілген аяқ киім қалай аталады? (мәсі)
15. Бұл - қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Ол не деп аталады? (сүйінші)

Эрудит
1 топ № ________________ мектеп
1. Берілген мақалдың мағынасын түсіндір. Асты сызылған сөздердің мағыналарын анықтаңыз.

Кісіні кейде таршылық сынайды,

Кейде баршылық сынайды.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Тұрақты тіркестердің синонимін тап, сөйлем құрастыр.

Жұмған аузын ашпау – _____________________________________________

__________________________________________________________________

Етектен алу – _____________________________________________________

__________________________________________________________________

Бит қабығынан биялай тоқыған – ____________________________________



__________________________________________________________________
3.Ребусты шеш, 8 сөзді тәуелді жалғауының 3 жағына қойып септеңіз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Эрудит
2 топ № ________________ мектеп
1. Берілген мақалдың мағынасын түсіндір. Асты сызылған сөздердің мағыналарын анықтаңыз.

Жұмсақ ағаш құртқа жем,

Жұмсақ адам жұртқа жем.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Тұрақты тіркестердің синонимін тап, сөйлем құрастыр.

Бет бақтырмау  – ___________________________________________________ _____________________________________________________________________________

Дымын шығармау  – ________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Жаны зәр түбіне жету  – _____________________________________________



_____________________________________________________________________________

3. Ребусты шеш, тігінен шыққан сөзді тәуелдік жалғауының 1 жағына қойып септеп жазыңыз.___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет