Қазақ мемлекеттік қыздар


Күнделікті өмір тарихы: зерттеу теориясы мен әдістері



бет19/20
Дата05.11.2016
өлшемі4,28 Mb.
#400
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Күнделікті өмір тарихы: зерттеу теориясы мен әдістері
Жарасхан А.Ж.-магистрант (Алматы қ., Абай атын.ҚазҰПУ)
XX ғ. басынан бастап адамдардың қарапайым күнделікті өмірінің тарихын ғалымдар зерттей бастайды. Ғалымдар күнделікті өмірді зерттеуде бұл мәселенің маңызды әрі құнды екеніне көздері жетеді. Батыс тарихнамасында күнделікті өмір мәселелерін түсіндіру «Анналдар» мектебімен тығыз байланысты. Оның негізін қалаушы М.Блок пен Л.Феврдің басты мақсаты ретінде қоғамдық ғылымдар арасындағы қарама-қайшылықты жою, зертеушілер іргеліс пәндердің әдісін меңгеріп, тарих ғылымын тарихи кеңістіктегі адамдар туралы ғылым ретінде қарату болып табылады. М.Блок пен Л.Феврдің ізбасары Ф.Бродель адам өмірін рәсімдеу мен ұйымдастырудан тұратын (ландшафт, архитектура, бөлменің ішкі көрінісін әзірлеу; іс-әрекет пен қарым-қатынас: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, әдеп) «күнделікті құрылым» терминін енгізді /1/.

Ғасырлар тоғысында «Әлеуметтану ғылымы адамның әдеттегі бір ізді әрекеттерімен айналысу керек», -деп Макс Вебер жазып кеткен. М.Вебердің арқасында күнделікті өмір тарихына қатысты ғылыми тілге «түсіну», «талдау» деген жаңа терминдер енді/2/. «Күнделікті өмір тарихы» (everyday life history, Alltagsgeschichte, histoire de la vie quotienne) –тарихи білімнің жаңа бағыты, оның зерттеу пәніне тарихи-мәдени, саяси-оқиғалық, этникалық, конфессионалдық контекстегі адамзаттың үйреншікті өмір сүру ортасы жатады.

Ғылымға күнделікті тәжірибе әлемін айқын ашып көрсеткен Гуссерльдің кейінгі феноменологиясы адамның күнделікті тәжірибесіне көп көңіл бөлудің тәжірибелік және теориялық себебін түсіндіреді. Өзінің ойлап тапқан әдісі – феноменологиялық редукция (барша әлем жақшаға алынып, нәтижесінде күмән туғызбайтын мәліметтің сұрыпталуы) арқылы Гуссерль «айқын» шынайылықты табады. Феноменология негізін қалаушы пікіріне сүйене отырып, біз алғашқы айқындықты жаратылыстану мен математикалық физиканы сипаттайтын әлемнен емес, бізді қоршаған күнделікті өмірден таба аламыз. Ол әрбір адамға толық айқынмен тікелей беріледі /3/.

«Күнделікті өмір – бұл жерде адамдар өмірге келеді, өмірге сүреді, өмірден кетеді, қуанады, ренжиді, жақсы көреді және жек көреді. Осыған орай тарихшылар ғасырлар бойы күнделікті өмірге мән бермей, көбіне терең әрі қиын мәселелерге көңіл бөлді: патшалар, дипломаттар, саясатшылар өмірі, соғыстар мен революциялар т.б. Күнделікті әлем аймағында ғана адам дүниеге келіп өседі, мәдениет, ғылым, өнер, дін дамиды», – деп И.Б. Бутенко пайымдайды /4/.

Ғылымның жалпы заңдарының абстрактілік аралық қайшылықтары (соның ішінде тарих) және қарапайым адамдардың нақты өмірлері тарихи танымда жаңа амалдардың пайда болуына себеп болды. Тарих жекеліктен алшақтап, заңдылықтар мен даму тенденцияларына мән беріп, жалпы көрініс береді. Өзінің нақты жағдайлары мен өмірдің жан-жақтылығы, әлемді тану мен қабылдау ерекшелігі бар қарапайым адамға орын болмады, ол шетте қалды. Адамдардың жекелеген күнделікті өмірі, күйзеліс аймағы, оның болмысының нақты тарихи аспектілеріне тарихшы ғалымдар аса назар аудармады. Жоғарыда аталып өткен мәселелерді шешу үшін тарихшылар күнделікті өмірді зерттеуге бет бұрып, нәтижесінде XX ғ. 60 ж. күнделікті өмір тарихы гуманитарлық ғылымдар қатарында пайда болды. Қазіргі заманғы тарихи ғылымның терең зерттеу парадигмасы, тарих тілі, интеллектуалдық бағдары ауысып, терең ішкі өзгеріске ұшырап отыр. 1960 жылдары «жаңа сциентизм» болған «структурализмді» және XX ғасырдың 80 жылдары «лингвистикалық төңкеріс» немесе «семиотикалық жарылысты» бастан өткізген тарихнама гуманитарлық білімдер желісінде кең таралған постмодерндік парадигманың ықпалына түсті. XX ғасырдың 70 жылдары батыс елдерінде болған тарихи дағдарыс, отандық тарих дамуына енді ғана әсерін тигізіп жатыр. «Тарихи айқындық» мағынасының өзі қайта қарауға ұсынылып, онымен бірге тарихшының өзіндік ұқсастығы оның кәсіптік егемендігі, дерек көзінің шынайылығы (факт пен жалғандық мәселесі) қайта қарастырылды. Дағдарыстан шығу үшін тарихшылар жаңа идеялар мен тәсілдер ойлап таба бастады, соның ішінде «күнделіктілік» категориясына көп мән беріле бастады.

XX ғ. басында тарихи танымның жаңа қажеттіліктерін айқын көрсеткен «Анналдар» мектебінің өкілдері болды. Олар: Марк Блок, Люсьен Февр, Фернанд Бродель. XXғ. 30 жылдары «Анналдар» еңбекші адам өмірін зерттеуге бет бұрып, «жұлдыздар тарихына» қарама-қарсы «бұқара халық тарихы» олардың зерттеу пәніне айналды. Тарих «жоғарыдан» емес, «төменнен» басталып зерттелді. «Адам географиясы», материалдық мәдениет тарихы, тарихи антропология, әлеуметтік психология пәндері жасақталды.

Фернанд Бродельдің «Материальная экономика и капитализм (XV-XVIII в.в.)» деп аталатын еңбегінің бірінші кітабы «Структуры повседневности: возможное и невозможное» деп аталады. Бұл еңбекте материалдық өмірдің ескішіл тәртібі мен тарихи шындықтың әртүрлі деңгейінде кездесетін шиеленістер, уақыт және кеңістік диагностикасы туралы философиялық тарихи ойлар анық көрінеді/5/

XX ғасырдың 60–90 жылдары батыс ғалымдарының күнделікті өмір тарихына қызығушылығы арта бастады. Күнделікті өмір мәселесін қозғаған алғаш еңбектер пайда болды. «Одиссей» альмонахында күнделікті өмір тарихының теориясын түсіндіру үшін арнайы мақалалар жүйесі басылды. Г.С.Кнабенің («Общественно-историческое познание второй половины XX века, его тупики и возможности их преодоления»), А.Я. Гуревичтің («Историк конца XX века в поисках метода»), Г.И.Звереваның («Реальность и исторический нарратив: проблема саморефлексии новой интеллектуальной истории») мақалалары шығады. С.В. Оболенскаяның «Некто Йозеф Шефер, солдат гитлеровского вермахта» деп аталатын мақаласында күнделікті өмір тарихын зерттеу әдісі Йозеф Шефердің жеке өмір баянын мысалға ала отырып түсіндіріледі. Веймар Республикасының күнделікті өмірі сәтті зерттелген И.Я.Бисктің жұмысы 1990 жылы жарыққа шықты. Көлемді, әрі әртүрлі дерек көздерін қолданған ол Веймар кезеңіндегі Германия халқының күнделікті өмірін сипаттайды. И.Я.Биск дәлелді мәліметтер, нақты мысалдар көрсетіп, азық –түлік, киім, тұрмыс жағдайын т.б. баяндайды. Егер де Г.С. Кнабье, А.Я. Гуревич, Г.И.Звереваның мақалаларында «күнделіктілік» мағынасында теориялық түсінік берілсе, С.В.Оболенская мақаласы мен И.Я.Биск монографиясы – «күнделікті өмір» мағынасын нақты мысалдар арқылы түсіндіруге талпынған тарихи еңбектер болып табылады /6/.

Батыс тарихнамасы Англия, Франция, Италия, Германия елдерінің тәжірибесін ұмыт қалдыруға болмайды. XX ғ.ғ. 60–70 жылдары адам өмірін зерттеуге байланысты қызығушылық артты, осыған орай күнделікті өмір тарихымен ең алғаш неміс ғалымдары айналыса бастады. «Мемлекеттік саясат пен жаһандық қоғамдық құрылымдар мен үрдістерді талдаудан басқа, қарапайым адамдардың күнделікті өмірін зерттеуге бет бұрайық»деген ұран жүрді.

1984 жылдың 3-6 қазанында Берлинде күнделікті өмір тарихы мәселесіне қатысты дискуссия болып өтті. Ю. Кокканың редакторлығымен дискуссия материалдары «История сверху – история с низу» деген атаумен жарыққа шықты.

Қазіргі заман ресей тарихнамасында күнделікті өмір тарихына арналған арнайы методологиялық аспектілер жасауға көңіл бөлініп отыр. 2002 жылы 16 сәуір күні Ресей ғылым академиясының жанынан Ю.А.Поляковтың төрағалығымен «Человек в повседневности: прошлое и настоящее» деп аталатын Ғылыми кеңес ашылды. Кеңес жұмысы төрт бағытта жұмыс жасайды:

Бірінші бағыты: тарихи –демографиялық, туылу, өлім, өмір сүру ұзақтығын, денсаулық, ауруға шалдығу, медициналық жәрдем беру.

Екінші бағыты: жанұя, жанұялық сырластық қатынастар, ұрпақ арасындағы қарым–қатынас, жанұядағы бала тәрбиесі.

Үшінші бағыты: тұрмыс жағдайына мән береді: үймен, азық – түлікпен, киім, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету.

Төртінші бағыты: демалыс, туризм, спортпен айналысу, мерекелік шаралар өткізу дәстүрлері мәселелерімен айналысады.

Ғылыми кеңес Ресей және шетел ғылыми мекемелерімен бірлесе ғылыми еңбектер жазумен айналысып, ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізеді.

«Күнделікті өмір тарихын» зерттеудің алғаш нәтижелері журналдар мен жинақтарда басылып шықты. 1994 жылы тамыз айында Санкт-Петербургтік экономика және финанс университеті жанынан өткен «Российская повседневность 1921-1941г.г.: новые подходы» деп аталатын халықаралық конференцияның материалдар жинағы маңызды еңбек болып табылады. Конференцияға Ресей және шетелдің білікті экономистері, тарихшылары, саясаттанушылары, әлеуметтанушылары, этнограф, әдебиетшілері қатысты /7/.

Е. Ю.Зубкованың «Послевоенное советское общество: политика и повседневность. 1945-1953 г.г.» монографиясы құнды еңбек болып табылады. Еңбек «Социальная история России XX века» сериясынан шықты. Монография екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бірінші онжылдық тарихына арналады. Зерттеу жұмысы үлкен кешенді мұрағат материалдарына жүгініп, қоғамның көңіл-күйін, саясатқа көз-қарасын білдіреді.

2003 ж. «Документы Советской истории» деп аталатын жинақтың сериясынан «Советская повседневность и массовое сознание 1934-1945» және «Советская жизнь 1954-1963 г.г.» деп аталатын еңбектер шықты. 1934-1945ж.ж. аралықты қамтитын бірінші жинақта соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі күнделікті өмірді сипаттайтын құжаттар қамтылып, қоғамдық көңіл-күй, армиялық өмір мен соғыс күндері, халық шаруашылығы, өнеркәсіп және еңбек қатынастары, кеңестік адамдар тұрмысы, тұтыну, баға, шығындар мен кіріс мәселесі, демографиялық жағдай және репрессиялық тәжірибе мен қылмыс мәселесі қарастырылады.

Қалатанушы зерттеушілер А.Б.Каменеский, С.Ю.Малышева, А.С.Синявский Ресей ғылымының дамуына маңызды үлес қосты. 2003 жылы «Живая история: повседневная жизнь человечества» деп аталатын сериядан Г.ВАндреевскийдің, Д.Засосова, В.Пызинаның еңбектері жарыққа шықты.

Г.В.Андреевскийдің еңбегі Мәскеу қаласының XX ғ. 20-40 жылдарына арналып, естелік, мұрағат және баспасөз материалдары негізінде жазылған. Автор соғысқа дейінгі және соғыс кезіндегі уақытты сипаттап, Мәскеу қаласының қарапайым адамдарының еңбек әрекетіне, тұрмыс жағдайына, қылмыс әлеміне, коммуналдық құрлыс жұмысына сараптама жасайды.

Күнделікті өмір тақырыбы қазіргі ғылыми қызығушылық аймағына берік еніп, тұрмыстық мәдениет, әртүрлі кезеңдегі өмір сүру салтына қатысты мәселелер зерттеле бастады. Күнделікті өмір мәселесі зерттеушіден әртүрлі әдіснамалық принциптерді қажет етеді. Қазіргі ғылым өрісінде көбіне пәнаралық зерттеулерді талап етеді. Күнделікті өмірді түсіну схемасын жасай отырып, зерттеуші гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді. Күнделікті өмір тарихын зерттеу арқылы біз қоғамның мәдени, әлеуметтік және саяси даму жүйесі туралы толық мәлімет бере аламыз.

Күнделікті өмір тарихы туралы шынайы мәлімет беретін материалдар:

1) табиғи деректер–шынайы және қолдан жасалған өмір сүру ортасы (рельеф, климат, флора, фауна т.б.);

2) жаппай (демографиялық) деректер – туылуды, неке, ажырасуды, өлімді тіркейтін құжаттар, әртүрлі түрдегі төлқұжаттар, мүшелік билеттер т.б.

3) заттай деректер –құрылыстар (құрылыстың сырт келбеті, ғимарат жоспары), жиһаз, тұрмыстық заттар, ыдыс-аяқ, киім, балалар ойыншықтары т.б;

4) жеке тұлғаға қатысты материалдар –күнделіктер, жұмыс блокноттары, жазба кітапшалары, күнтізбелер, мекен-жай мен телефон алфавиттері, хаттар, мемуарлар;

5) көркем деректер –сурет, живопись, гравюра, карикатура, хроника, документалдық кино, теледидар бағдарламалары, көркем әдебиет, т.б;

6)заттар тізімдемесі, музей жинақтары, архитектуралық жобалар, қалалар жоспары, карталар, ресми есептер, статистикалық мәліметтер;

7) хабарламалар, афишалар, театрлық және концерттік бағдарламалар, плакаттар, ас мәзірі, ашық хаттар;

8) жазба деректер – ережелер жинағы соның ішінде иллюстрацияланған басылымдар, газет, журнал басылымдары.

Күнделікті өмір тарихын зерттеуде күнделік жазбаларына аса назар аудару керек, өйткені «күнделік», «күнделікті өмір» ортақ түбірге ие. Күнделік жазбасынан тікелей автор туралы мәліметтер мен бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын анықтауға болады. Күнделік жазбаларында 2 түрлі күнделікті өмір сипатталады:

1) қоршаған ортаның өмірі мен автордың күнделікті өмірі;

2) тікелей автордың жеке өмірі.

Күнделіктердің 2 белгісі таралған: тақырыптық-хронологиялық және әлеуметтік кәсіптік бағыт.

Н.Н.Козлова күнделіктермен жұмыс істеу барысында «адамдар құжаттарын оқу» деп аталатын ерекше әдіс ойлап тапты. Ол қарапайым адамдар қолданған тілмен жұмыс істеуді қарастырады. Күнделік жазбалар хаттар мен естелікке қарағанда адамның өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін айқын көрсетеді және «адамдық құжаттар» әртүрлі типте мәлімет беретініне көзіміз жетті, әртүрлі топтарға жататын адамдар хаты әртүрлі болады», –деген шешімге келді /8/.


Әдебиеттер:

1. Лебедева Л.В. Повседневная жизнь пензенской деревни в 1920-е годы: традиции и перемены/ Л.В.Лебедева. -М.: Российская политическая энциклопедия (РОССПЭН), 2009. С.5-6.

2.Дорофеева З. Е. Социология культуры и повседневность //http: //sociologist.nm.ru/articles/zlata_01.htm#u25.

3. Сыров В.Н. О статусе и структуре повседневности (методологические аспекты) // Личность. Культура. Общество. 2000. Т.2. Спец. выпуск. С. 147-159.

4.Бутенко И.Б. Социальное познание и мир повседневности: горизонты и тупики феноменологической социалогии. М.. 1987. С. 25.

5.Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика а капитализм XV-XVIII в.в. Т.1. Структуры повседневности: возможное и невозможное.М., 1986, С.41

6.Пушкарева Н.Л. Предмет и методы изучения «Истории повседневности» //Этнографическое обозрение. 2004. № 5.С. 21.

7. Вамбольдт Н.В., М.П.Шубина. Повседневность в истории // Электронный научный журнал «Вестник Омского педагогического университета». – 2006№ – (www.omsk.edu.ru)

8.Козлова Н.Н. Социология повседеневности: переоценка ценностей // Общественные науки и современность. 1992. № 3. С. 48.
РЕЗЮМЕ

В последние годы в науке возрос интерес к проблемам повседневности, стали появляться исследования по проблемам бытовой культуры, образа жизни в различные эпохи. Тема повседневности прочно вошла в сферу современного исследовательского интереса и уже успела обрасти собственной традицией.


ТҮЙІНДЕМЕ

Соңғы жылдары тарих ғылымында тұрмыстық мәдениеттің әр дәуірлерге жататындығы және күнделікті қажеттіліктен тұратындығы анық байқалады. Күнделікті қажеттілік қазіргі кездегі ғылыми зерттеулердің өзіндік дәстүріне айналды.




ЯСИР АРАФАТТЫҢ ПАЛЕСТИНАНЫ АЗАТ

ЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСІ
Жалмагамбетов Е.А. магистрант (Қызылорда қ., Қорқыт Ата атын. ҚМУ)
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі саяси, әлеуметтік, экономикалық процестер екі алпауыт мемлекеттердің АҚШ пен КСРО-ның ықпалымен дамыды. XX ғасырдың 50-60 жылдары әлем картасында жаңа мемлекеттер пайда болды. Солардың ішіндегі Израиль мемлекетінің құрылуы, Таяу Шығыста қазіргі кезеңге дейінгі созылып келе жатқан қақтығыстарды тудырды. Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу үшін бүкіл әлем күш жұмылдырды. Палестина аумағында құрылған Израиль мемлекеті сол аймақтағы араб және еврейлердің қақтығыстарына ұласып, сол кездегі бүкіл араб-ислам әлемі еврейлерге қарсы шықты. Осы Палестина халқының мүддесін қорғап. Бүкіл өмір бойы қызмет еткен ұлы адамдардың бірі Ясир Арафат

Арафаттың өмірбаянына келсек, оның әкесі Әбдель Әль-Кудва дәулетті жанұядан шыққан. Оның әулеті ғасырлар бойы саудамен айналысып, Газа және Хан Юнис қалаларында әйгілі әулеттердің бірі еді. Арафаттың анасы – Захва Әбу Саид Иерусалимдегі Махмут Әбу Саид деген саудагердің қызы. Захваның әкесі Махмут Әбу Саид Иерусалим қаласының муфтиясы Әмін Әл-Хусейнидің ағасы болған. Ал Әл-Хусейн әулеті өзінің бастауын Хусейн бен Әлиден алды. Хусейн бен Әли пайғамбарымыздың қызы Фатиманың екінші ұлы. Бұл Захваның Мұхаммед пайғамбарымыздың ұрпақтарының бірі екендігін көре аламыз. Махмуд саудагер болғанымен де, олар дәулетті жанұялар қатарына жатпады /1/.

1927 жылы Арафаттың жанұясы Каир қаласына қоныс тебеді. Алғашқыда жас жұбайыларға Әбдел Әл-Кудва туысқандары көмектеседі. Сол жылдың желтоқсан айында Арафаттың әкесі Каирдің шетіндегі аймақтан үй сатып алады да, өзінің барлық заттарын осы жерге көшіреді. Бірақ ол жеке шаруаларымен Палестинаға, көбінесе Иерусалим, Газа қалаларына барып тұрды. Абдел Әл-Кудва жанұясында 1929 жылдың 23 тамыз күні 4-ші бала дүниеге келеді. 24 тамыз күні Абдел Әл-Кудва Каир қаласында 4-ші баласын тіркейді. Оның атын Рахман Абдел Рауф Арафат Әл-Кудва Әл-Хусейни деп қояды. Баланың өзінің аты Рахман, Абдел Рауф әкесінің аты, Арафат – Мекке қаласындағы киелі таудың аты. Алғашқы жылдары Рахман анасының тәрбиесінде болды. Рахман «мейірімді» деген мағына береді. 1933 ж. Рахман 4 жасында анасы Захва қайтыс болады. Абдел 7 баласымен жалғыз қалады. Ол Рахманды және оның інісі Фатхиді Захваның ағасы – Салим Әбу Саидке Иерусалим қаласына жібереді. Иерусалим қаласында ол бүкіл жастық шағын өткізеді. Кейінірек Арафаттың айтуы бойынша Иерусалим қаласы оның нағыз үйіне айналды және өзінің азамат ретінде қалыптасуына көп әсерін тигізді. 1936-1939 жылы арабтар мен еврейлердің арасындағы қақтығыстарын өз көзімен көреді. 1937 ж. Рахманның әкесі 2-ші рет үйленгеннен кейін Рахман мен Фатхи Каирге қайтып келеді. Рахман көшіп келгеннен кейін оның әкесі Каир қаласының Яс-Сакакини ауданынан үй сатып алады. Көршілесі Захваның үлкен ағасы Юсуф Авад Әл-Акбар тұратын. Юсуф Әл-Акбар сол жердегі иман қызметтін атқарып жүрді. Рахман Юсуф Әл-Акбардың қол астында болып, ол Рахманға құранды жаттатып, суниттік тәрбие береді. Рахман Юсуф Әл-Акбардың шәкірттерінің ішінде ерекшеленіп тұрды /2/.

1948 ж. Израиль мемлекетінің құрылуы мен І-ші араб-израиль соғысы нәтижесінде Арафат жанұясы Газаға көшіп келеді. Сол кезде 19 жастан Арафат алғашқы рет соғысқа қатысып, сионистерге қарсы қару көтереді. Бірақ соғыс нәтижесінде арабтар жеңіліс табады. Миллионға тарта арабтар үйлерінен айырылып қалады, өз жерлерінен көшуге мәжбүр болады. Израиль Палестинаға БҰҰ шешімі бойынша берілген жерлерді тартып алады. Ал Газа секторы Египетке өтеді, Иордан өзенінің батыс бөлігі Иорданияға өтеді. Осы соғыстан кейін палестиналықтар жалғыз өздері Израиль сионистеріне қарсы соғыс жүргізе алмайтынына көз жеткізеді. 1950 жылдың басында Арафат Каирге қоныс аударады. Арафат Каир университетінінің инженерлік факультетіне оқуға түседі. 1952 жылы ол Мысырдағы Палестиналық студенттер одағын құрады. Бұл ұйым сол кездегі «мұсылман бауырлары» ұйымымен тығыз қарым-қатынас жасайды /3/.

1957 ж. Арафат университет біріктіргеннен кейін Каирден Кувейтке көшіп келеді. Кувейтте сол уақытта үлкен палестина диаспорасы қалыптасады. Дәл сол жерде 1950 ж. соңында келешекте үлкен саяси күшке айналатын шағын ұйым құрылады. Бұл ұйым «Палестинаны азат ету ұлттық қозғалысы», қысқаша «Фатх» деп аталды. Арафаттың ойынша «Фатх» басқа ислам мемлекеттердің ішкі саяси жағдайына араласпай, тек қана Палестинаны сионистерден азат ету үшін қызмет жасау керек деп сенді. «Фатх» басқа араб елдерінің ішкі саясатына араласпау саясатын ұстанды. Ал, басқа ислам ұйымдары араб елдеріндегі ішкі саясатына белсенді араласып тұрды. Мысалға «Мұсылман бауырлары» ұйымы Мысырдағы шілде революциясын жасауда маңызды рөл атқарды. Ал Фатхтың көтерген идеясы ол тек қана Палестинаны азат етуді мақсат тұтты. «Фатх» ұйымы араб әлемінде қолдау тапты. Оның ең негізгі тірегі бай араб елдері қаржылай көмек көрсетіп отырды. Бұған қоса ол басқа да мұсылман ұйымдарынан тірек тапты.

1964 ж. қаңтар айында араб мемлекеттерінің кезекті кездесуінде жаңа ұйымды құруды талқылады. Нәтижесінде 2 млн. Палестиналық арабтардың мүддесін қорғайтын Палестинаны азат ету ұйымы құрылды. 1964 ж. Иерусалим қаласында ұлттық Палестина конгресінің 442 делегаттар қатысуымен жиналыс өтеді. Жиналыста Ұлттық Палестина кеңесінің І-сессиясы өтеді. Осы сессияда 1964 ж. 1 маусымда Палестина Азат ету ұйымы құрылғандығын жариялайды. ПАҰ негізгі мақсаты Израиль мемлекетін жою, сонымен қоса Палестина жерінен еврейлерді қуып, сионистерден тазарту міндеті жүктелген. Мақсатқа жету үшін тек қана қарулы жолмен, соғыстар нәтижесінде жету керектігін айтты.

1964 ж. қыркүйек айында Палестинаны Азат ету армиясы құрылды. Ол алғашқыда 3 бригададан тұрды. «Фахт» алғашқы әскери операциясын 1965 ж. жүргізген. Осы күннен бастап Палестина қарсыласу қозғалысы (ПҚҚ) дүние келген күні деп есептейді. Осы ұйымға алғашқы көмекті Сауд Арабиясының королі Фейсал қаржылай көмек көрсеттіп, саяси көмекті алғашқы көрсеткен мемлекеттер Сирия мен Алжир, ал Мысырдағы Насер үкіметі нейтралитет сақтайды /4/.

1969 жылы Фатх үйымының лидері Ясир Арафат ПАҰ бас хатшысы болып сайланды. 1970 ж. Арафат Палестина азат ету армиясының бас қолбасшысы қызметіне кіріседі. Ясир Арафатты осы кезден бастап бүкіл араб әлемі мойындап, Палестинаны азат ету қозғалысында ең жоғарғы сатыда тұрды. 1970 ж. Палестинаны азат ету ұйымы үлкен саяси күшке айналғанымен де, азат ету қозғалысын өте қиын жағдайларда жүрді. Израиль Палестинаның көптеген аймағын жаулап алды. Әлем тек қана Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс бөлігін ғана окупациялық аймақтар деп есептеді. Қалған Палестина территориясын Израиль мемлекетінің заңды жері деп есептелінді. Осындай әділсіздікке қарсы ПАҰ күресті. Газа секторы бұл кезеңде Египет мемлекетінің қол астында болып, ал Иордан өзенінің батыс бөлігін Иордания өз мемлекетінің шекарасы санады. Алғашқыда ПАҰ бас штаб пәтері Иорданияда орналасқан еді. Бірақ 1970 ж. Иорданиядағы азамат соғысы ПАҰ-ның Ливанға ауысуына мәжбүр етті. Бұған қоса Иордания королі ПАҰ-мын Иорданиядағы азамат соғысына тікелей қатысты деп айыптады. 1970-1982 ж. Аралығында ПАҰ штаб-пәтері Бейрут қаласына ауысты. Осы кезден бастап Арафат Тәуелсіз Палестина мемлекетін құру екендігіне көз жеткізді. Осы кезден бастап ол халықаралық аренада ПАҰ-ын Палестина халқының заңды уәкілі деп тануға күш салды /5/.

Нәтижесінде 1974 ж. Рабат қаласындағы жалпы арабтық кеңесте ПАҰ Палестина халқының заңды уәкілі деп таныды. Бұл Я.Арафат және Палестина халқы үшін болған үлкен қуаныш. Көп кешікпей ПАҰ-ын Кеңес Одағы, Батыс Еуропа, БҰҰ және басқа да араб-ислам елдері мойындады. Осындай нәтижелерге жету, ол тек қана күрестің алғашқы жемістері. Алда Палестина халқы үшін жеке мемлекет құру, босқындар мәселесін шешу керек болатын.

1974 жылдың қараша айында Ясир Арафат БҰҰ сөз сөйледі. Осы кездесуде Я.Арафат Израиль мемлекетіне Палестина түйінін бейбіт түрмен шешуге шақырады. Осыдан кейін ПАҰ-ын 100-ден аса мемлекет мойындайды. Тек қана Тель-Авив пен Вашингтон ПАҰ террористік ұйым ретінде қабылдайды. 1980 ж. Арафат және ПАҰ-мы өзінің тірек базасы ретінде Ливан мемлекетіне ауысады. Палестина түйіні осы кезде жалғыз Палестина емес, сол аймақтағы барлық мемлекеттер соғыстың астында қалады. Сондықтан осы аймақтағы қақтығыстарды тоқтату үшін бүкіл әлем қолға алады /6/.

1982 ж. Ливан соғысынан кейін Арафат Бейруттан кеткеннен соң, аймақтағы тыныштық сақталған жоқ. Керісінше радикалды ислам ұйымдары Израильге қарсы 1982 жылғы Ливан соғысы үшін террористік актілерді күшейтті. Әсіресе 1987 жылдан бастап Хамас, Ислам-Джихада сияқты ұйымдар Палестина, Ливан жерінде демонстрациялар, көтерілістер және террористік актілерді жиі ұйымдастырып отырды. Бұлардың барлығы Израиль жаулаушылық агрессиясына бағытталған актілер болатын. Израиль қазіргі уақытқа дейін өзін жапа шегуші, қорғанушы, ел ретінде көрсеткісі келеді. Бірақ нағыз террорист ол Израиль мемлекеті. Сол себепті 1987 ж. Израильге қарсы Интифада басталады /7/.

1988 жылы Я.Арафат және ПАҰ біртіндеп Израиль мемлекетін жою идеясынан бас тарта бастайды. Арафат өзендей ағылып жатқан палестиналықтардың қанын тоқтату үшін күрестің басқа жолдарын іздестіре бастайды. 1988 ж. Алжирде Палестина Ұлттық кеңесінің өткізілген жиналысында тарихты өзгерткен үлкен жаңалық болады /8/.

1988 жылы 15 қараша күні ПАҰ «Палестина мемлекетінің» құрылғандығын мәлімдеп, 1989 ж. 2 сәуірінде Палестина Ұлттық кеңесінде Арафатты құрылған Палестина мемлекетінің президенті етіп сайлады. Құрылған мемлекетті Израиль мойындамайды. Бірақ соған қарамастан бұл Палестинада мемлекет құрудың алғашқы қадамдары еді.

1993 ж. 13 қыркүйекте Вашингтон қаласында Израильдің сыртқы істер министрі Шиман Перес пен ПАҰ өкілі Махмуд Аббаспен кездесу болады. Осы келіссөздер нәтижесінде Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс бөлігінде Палестина автономия құрылғандығы жөнінде келісімге келеді. 1994 ж. 4 мамыр күні ресми түрде Каирде Израиль мен ПАҰ кездесуінде Палестина автономия құрылғандығын хабарлайды. Палестина аумағына Газа секторы және Иерихон аймақтары кірді. Израиль жоғарыда айтылған аймақтардан 3 апта ішінде өз әскерін шығаруына келісті. Палестина кеңесі құрылу керектігі және кеңес 24 адам тұру тиіс еді. Жаңа әкімшілік құқығында территориялық, функционалдық міндеттер болды. Ал қоғамдық тыныштық сақтау үшін автономияда полиция құру керектігі айтылды. 1994 ж. 17-18 мамыр күндері газа секторы және Иерихон территориялары палестиналықтар қол астына өтіп, Тунистен Газаға ПАҰ лидері Ясир Арафат көшіп келді /9/.

1993 жылы Я.Арафат және И.Рабин Нобель сыйлығының лауреаттары атанды. Бұл Таяу шығыстағы Палестина түйінінің шешімін тауып, сол аймақта бейбітшілік орнатқан үшін берілді. 1995 жылы И.Рабин сионистік террористердің қолынан қаза тапты. Сионистерге Палестина Автономиясының, Израиль-палестина арасындағы бейбітшілік қарам-қатынас олардың жоспарына сай келмеді. 1993 жылдан басталған бейбітшілік орнату іс-әрәкеттері 1997 жылы Нетаниягунің күшімен тұйыққа тірелді. Осы тығырықтан шығу жолдарын іздеген Израиль, Палестина Автономиясының басшыларымен 1997 жылдың соңында диалогты жалғастыруға шешім қабылдады. АҚШ-тың араласуымен аймақтаға бейбітшілік сақтау үшін 1998 жылдың 23 қазанда Вай Ривер қаласында екі тараптар келісімге келді /10/.]

Осылай Израиль мен Палестина Автономиясы арасындағы кездесу біттіп, біршама келісімдерге келді. Израиль 13,1 пайыз жерді беруіне кепілдік бергенімен бұл өте күрделі процесс. Ясир Арафат соған қарамастан шағын саяси жеңіске жетті. Я.Арафат өмір бойы Палестина халқының әл-аухатын, бейбітшілігін ойлап, ғұмыр кешкенжандардың бірі еді. Оның өмір жолы өте ауыр болды. Оған қарсы көптеген қастандықтар ұйымдастырған еді. Солардың ішіндегі ең ірілері:

1960 жылдың соңында Израильдың сионистік ұйымы палестиналық арабты Иордания ПАҰ бас пәтеріне жіберіп, Арафатты өлтіруге бұйрық берді. Иорданияға барған араб ПАҰ-ның қызметкелеріне барып Бейрутке не үшін келгенін айтып береді.

1973 жылы Ливанда болған қастандықтан кейін Арафат тірі қалады. Қастандықты Израиль әскері ұйымдастырған. Сол әскердің құрамында болашақ Израиль премьер-министрі Э.Барак қызмет етті. Қастандық нәтижесінде 3 палестиналық қаза тапты. Я.Арафат тірі қалды.

1982 жылы ПАҰ мен Арафат Бейрутта Израиль әскерінің қоршауында қалған болатын. 29 маусым күні Израиль үкіметі қоршаулағы адамдарға шыға беруіне рұқсат берді. Бірақ « Моссад» ұйымы Бейрутты бомбалай бастады. Бомбалаудың мақсаты Арафаттың көзін жою еді. Бұл әрекет сәтсіз аяқталды.

1985 жылы 1 қазан жұлдызында Израиль әуе күштері Я.Арафат пен ПАҰ-ның орналасқан Тунис мемлекетінің астанасын бомбалады. Арафат аман қалды, 73 ПАҰ-ның қызметкерлері мерт болды.

1995 жылдың 15 қараша күні Палестиналық тәртіп сақшылары бір топ адамды қамауға алады. Кейіннен бұл қылмыскерлер тікелей Әбу Нидала ұйымы мен тығыз байланысын анықтайды. Осылай Арафатқа ұйымдастырылатын қастандыққа жол бермеді.

2002 жылдың 6 маусымда Я.Арафат ресми түрде Израиль мемлекетінің танкілерінің Раммалладағы резиденциясын оқ атқылауын айыптады. Арафаттың айтуынша сол кезде ол төменгі қабаттында жүрген, сол себепті аман қалды.

2003 жылы мамыр айында ПАҰ ішкі істер министрі Хант Әл-Хасан Я.Арафаттың атына сібір язвасының вирустары бар хат келгендігін хабарлады. Қауіпсіздік қызметі дер кезінде бұл өте қауіпті хатты заласыздандырды.

Сонымен бірге Я.Арафат екі апаттан кейін тірі қалды:

1991 жылы Парсы шығанағындағы соғыс кезінде Арафаттың көлігі Амман-Багдад трасасында көлік апатына ұшырады. Оның көлігі бірнеше рет аударылып, қасындағы адамдар түгел қаза тапты. Тек Ясир Арафат аман қалды.

1992 жылдың 7 сәуірде Суданнан келе жатқан ұшақта Я.Арафат Ливия аумағындағы дауылда апатқа ұшырады. Ұшақтағы барлық адамдар мерт болып, Я.Арафат ғажайып түрде тірі қалды. Бірақ аз ғана жарақаттар алды. Ол 13 сағат бойы Сахара құмдарында көмек күтіп отырды /11/.

2004 жылы 28 қазан айында Я.Арафаттың денсаулығы қатты нашарлап қалғанның хабарлады. Келесі күні 29 қазанда оны Париждегі Percy de Clamart әскери ауруханасына рак немесе ұланған деген диагнозбен түседі. Арафаттың денсаулығы сағат сайын күрделілей түсті. Біраздан кейін оны комаға түскендігін хабарлайды. 11 қараша күні Я.Арафат Палестина Автономиясы мен ПАҰ басшысы, бүкіл өмірін палестина халқы үшін күресте өткізген жауынгер, Палестинаны азат ету үшін бар күшін, денсаулығын жұмсаған азамат Париждің әскери ауруханасында көз жұмды. 2004 жылдың 24 желтоқсан күнінде Я.Арафаттың денесі тік ұшақпен Каирге әкелінді. Кейін оны Раммаллаға апарып, сол жерде көмді. Кейінен Раммаллада мавзолей салып, сол жерде Я.Арафаттың бүкіл өміріне байланысты музей салынды. Я.Арафатты көмгенде оған арнайы Омар мен Әл-Акса мешіті арасындағы 10 қапқа толтырылған арнайы топырақ әкелінді. Өйткені, Я.Арафаттың соңғы сөзінде оны осы екі мешіттің арасында көмуін тапсырған /12/.

Ясир Арафат бүкіл ғұмырын Палестинаны азат етумен өткізді. Студенттік шақтан бері ол барлық күш-қайратын сионистерге қарсы күреспен жұмсады. Келешек ұрпақ үшін ол өз халқының сүйікті ұлы, өз жауына кешірімсіз жауынгер болуды өнеге еттіп кетті. Ясир Арафаттың есімі өз халқының жадында, бүкіл әлем тарихында мәңгілікке қалды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Страны мира. Краткий политико-экономческий справочник. М., 1986.С.246-247.

2. Юрьев Ф.М. История стран Азии и Африки (1945-1990гг.)М.,1994.С.130

3.Флоден Г. Мирный процесс на Ближнем востоке.//SIPRI Yearbook, World Armaments & Disarmament. Oxford University Press,1998. 223б

4. Г.П.Колыхалова. Внешняя политика стран Азии. М., 1983.С.250.

5.История международных отношении и внешней политики:Учеб. Пособие. В 3-х ч.,ч.3(под ред Ж.У.Ибрашева.,).-А.,1998.С.216.

6.ШреплерХ.А. Международные экономические организации.М.,1999.С.321

7.Дотух Яхья Баба. Большой потенциал сотрудничества с Россией// Международная жизнь.-М.,1997.- №11-12.С.69.

8. Актуальные проблемы Ближнего Востока. М., 1998. С. 69б

9. Супонина Е. Кэмп-Дэвид-2// Новое время. №43-44. 1998. 32б.

10. Примаков Е.М. Годы в большой политике. Москва, 1999.С. 379б.

11.Новгородова М.А. Институт экспорта Израиля: становление и современный этап. Востоковедный сборник. Выпуск 2. Москва .2001. С.285б.

12.Сатановский Е.Я. Израиль в современной мировой политике. Москва.2001. С.142.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақала Ясир Арафаттың өмірі мен күрес жолына арналған.
РЕЗЮМЕ

Статья посвещена жизни и деятельности Ясир Арафата.




Каталог: attachments
attachments -> Формирование профессиональных умений и навыков
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет