Қазақ сср ғылым академиясы


Гогольдің стиль ерекшелігі әзіл-сықағында (ю м о р ы н д а)



бет4/9
Дата26.01.2018
өлшемі1,94 Mb.
#34036
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Гогольдің стиль ерекшелігі әзіл-сықағында (ю м о р ы н д а)

3

Крепостнойлық Россияның өмірін терең бейнелеген Николай Васильевич Гоголь – сыншыл реализм негізін қалаушылардың бірі. Ол А.С.Пушкинның шәкірті, Гончаров, Тургенев, Достоевский, Островский, Некрасов, Салтыков-Щедрин, Чехов тәріді атақты жазушылардың ұстазы. Өз тұстасы революцияшыл сыншы В.Г.Белинский Гоголь шығармаларын өте жоғары бағалап «Ол – Гоголь шынайлы өмірдің айнасы, шебер ақын» 1 - деді. Ал, Н.Г.Чернышевский: «Россия үшін Гогольдің маңызы қандай зор болса, өз халқы үшін тап сондай маңызы бар жазушы дүниеге келген емес»2 деді. Адамзаттың данышпаны ұлы ұстазымыз Владимир Ильич Ленин де сол Гогольден жүз жиырма бес рет мысал алып кейінгі ұрпаққа үлгі етіп таратты.



«Күлдіргі (комизм), мен әзіл-сықақ (юмор) жалпы жұртқа түсінікті болмайды, күлдіргі нәрседен көрі қуанышты нәрсені жұрт жақсы көреді. Өйткені тура айтылған пікір халыққа күлтеленге дұспалдан бұрын жетеді. Комедия – мәдениеттің көркі, бұл өскелең әлеумет өмірінде туады. Күлдіргіні түсіну үшін ілім-білімінің жоғарғы сатысында тұру керек...»3

«Гоголь сықағының (юморының) ерекше сыпаты бар. Бұл нағыз орыс сықағы, бұл қарапайым биязы сықақ (юмор), мұнда автор (Гоголь) өзі түк білмеген кісіше отырады. Мысалы, Иван Ивановичтің үстіне киген ішігі туралы сөйлегенде Гоголь соған өзі қызығып отырғандай көресің»4 - дейді В.Г.Белинский.

Гоголь ерекшелігі оның әжуасында, түйреп сөйлеуінде, сықақ (юмор) тен мысқылдау (сатира) әдісінде. Гоголь орыстың ұлттық ерекшелігін айнаға түсірген, орыс өмірін терең білген жазулы, әрбір



1 В.Г.Белинский. Собр. Соч. В 3 томах. Т.І.стр.125 М.1948 г.

2 Н.Г.Чернышевский. Шығармаларының толық жинағы. ІІІ т. 11-бет. 1947 жыл.

3 В.Г.Белинский. т.ІІ.стр.615. М.1948 г. Ссылясь на Белинского эту мысль привел и Ефимов в своей книге:

«Стилистика худ.речи» за 1957 г. стр.62.



4 В.Г.Белинский. Собрание сочинений в 3 томах, т.І. стр.138, М.1948 г.

геройын ереркше көрсетудің шынайы шебері. Бұл шеберлікке жету үшін Гоголь көп еңбек сіңірген. «Ревизорды» бірінші, екінші жазғанда Хлестаковтың фамилиясы Скакунов немесе Хласков болған, сонан үшінші жазғанда ғана Хлестаковқа тоқтаған. Дуанбасы Сквозник – Дмухановскийдің үйінде мас болып отырып Хлестаковтың мақтанып айтқан сөзін әлде неше рет өзгерткен, сондай-ақ Дуанбасының алғашқы сөзін де бірнеше қайтара қысқартқан-ды.

Гогольдің орыс әдебиетінде ерекшелігі біріншіден орыс өмірінің шындығына үңіле қараған, жетік білген жазушы. Соның үстіне Гогольдің түпсіз терең сықағын, шымшылап отыратын әжуәсін (ирониясын) қоссаңыз, оны дұрыс түсіну өте қиынға соғады. Біздің осы күнгі қоғамға оны түсінуден де жақсы көру жеңіл. Гогольдің сықағы (юмор) мен мысқылын (сатира) зерттегенде оның ерекшелігі ең алғаш көзге түседі. Гоголь тілі «мен мұндалап» тұрады.

Күлдіргілі шығармаларды жазушылардың лы монументі Гоголь. Онда күлдіргі момент қайғымен араласып біріне-бірі ұштасып отырады. Чичковтың помещиктерменсаудасы – өлі жандарды сатып алуы қандай күлкі болса, бірақ оның ішінде трагедия-крепостнойлық дәуір трагедиясы жатады, тірі адам мен өлі адамның бірдейлігі – бірдей саудаға түсуі сайрап көрініп тұрады. Көбінесе осы саудада трагедия – комедияға айналады. Ал, кейде (мына Плюшкинмен саудасында) комедия – трагедияға айналады. Ол кезде Гогольдің дыбысы (акценті) да өзгеріп сала береді. Комизм мен трагизмнің түбі бір – өйткені екеуі де өмір қайшылығынан туады. Гогольде комизм – трагизмге айналады – ол жылап отырыпы күледі («смех сквозь слезы»). («Дүние қызық ой, оның алдында телміре қарап, ұзағырақ тұрсаң болғаны, қуаныштың бәрі көзіңді ашып жұмғанша қайғыға ауыса жөнеледі...»)1- дейді Гоголь.

«Қайғы (трагедия) мен күлкіні (комедия) сонша тығыз байланыстыра біледі, міне бұл Гоголь талантының ақ-жарқын өзгешілігі, оның үстіне Гогольдің ұлы шебелігі де осында 2 - дейді Белинский.

Орыс әдебиетінің адам аса алмайтын асқаралы шыңы болған Гогольдің, осыдан жүз жыл бұрын Белинский, Чернышевский тәрізді






1 В.Ермилов. «Вопросы литературы» № 11, 1959. Стр.108 «О своеобразии комического у Чехова» - атты мақаласын қараңыз.

2 В.Г.Белинский. Собрание сочинений в 3 томах, т.ІІ. стр. 296, М.1948 г.

ұлы сыншыларымыз орыс әдебиетіне үлгі етіп тартқан Гоголь сынды сом біткен кесек бейненің И.А.Крылов туралы айтқан пікірін келтірейік:

«Крыловтың андары да тіпті нағыз орыстарша ойлап, іс істейді: олардың арасындағы іс-әлекеттерінен Россия ішіндегі әдет-ғұрып байқалады. Айқын, әрі күщті бейнеленген тірі андар: түлкі, аю, қасқыр өз алдына, тіпті оның құмырасы да тіршілік бейнесін аңғартады, орыс табиғатын көрсетеді...Қысқасы, оның барлық шығармасынын Русь көрінеді және русьтығы білінеді»1 - дейді Гоголь.

И.А.Крылов туралы айтқан Гогольдің осы сөзін біз өзіне айтқымыз келеді. Өйткені әрбір сөзді өз орнында қолданылып, әрбір кейіпкерді жеке дара өз тілінде сөйлете білетін Гогольдей жазушы сирек кездеседі. Оның үстіне Гогольдің күлдіргісі келсе, ол әдісіне жарамайтын орыс тілінде сөз жоқ сияқты. Әрбір сөзінде астар, крепостнойлық дәуірдің тарихы, сумырай кескіні тұрады. Абсолюттік монархия тұсындағы құлдық, сұмдықтың неше алуан түрі көз алдыңан өтіп жатады.

Гоголь революциядан бұрын да қазақ жұршылығына мәлім жазушы. Қазақ тіліне 19 – ғасырдың екінші жарымында орыс классиктері аударыла бастады. Ең алғаш И.А.Крылов, Хемницер, Бунин мысалдары, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов өлеңдері, Мамин- Сибиряк, А.П.Чехов, Г.Успенский, Короленко, Л.Н.Толстой әнгімелері аударылған кезде, қазақтың сол замандағы оқығандары Гогольмен де таныс екені даусыз. Алайда, осы Гоголь неге аударылмады деген сұрақ тұр. Бұған біздің ойымызша екі себеп бар. Бірінші: ол дүние жүзілік жалпыға бірдей шындыққа бармаған, өзінің ұлттық арнасынан

– орыс халқының шындығынан шықпаған жазушы. Бір халықтың өзіне тән қысаң арнаны екінші халыққа түсіндіру қиындыққа соққан болар. Ойымызды тиянақтау кету үшін мынандай мысал келтірейік. Осыдан жүз жыл бұрын, атап айтқанда 1842 – жылы Қ.Асқақов Гогольді – Гомерге, «Өлі жандарды» - Илиадаға теңеді. «Ескі грек эпосы орыс романында келіп қайта туды...» деген пікірін білдіріді. Бұған Белинский қарсы шығып: «В смысле поэмы «Мертвые души» диаметриально противоположны «Илиаде». В «Илиаде» жизнь возведена на апофеозу; в «Мертвых душах» она разлагается и отрицается; пафос

«Илиады» есть блаженное упоение, проистекающее от созерцания дивно божественного зрелища, пафос «Мертвых душ» есть юмор,




1 С.Дурылин. «И.А.Крылов». Гослитиздат. М.1944, стр.42. Біз мұны С.Қирабаевтың «Спандияр Көбеевтің өмірі мен жазушылық қызметі» атты кітабының 68-69 – беттерінен алдық.

созерцающий жизнь сквозь видный миру смех и незримые, неведимые ему слезы» (ІІІ-т. 296 стр.) дей келіп, Гогольді басқа тілге аудару мүмкін емес, бұл өз заманымыздың ақыны, рас, «Өлі жандар»

«Илиадаға» төтеп бере алады, бірақ тек Россия үшін ғана, ал басқа елдерге бұл түсініксіз, мағынасыз болып шығады» 1 - деген еді. Қысқарта айтқанда «ұлттық қасиеті басым Гогольді басқа тілге аудару мүмкін емес» - дейтін Белинскийдің әлгі пікірі қамшы болды ма екен? (Кейінгі кезде «ұлы сыншының ол пікірінен өзі бас тартып, «ұлттық қасиеті күшті Гоголь ғана басқа тілге аударылудан қорықпауы керек» деп еді ғой)

Екіншіден, «Гусак» деген жалғыз сөз үшін он екі жыл соттасу тек Иван Иванович Перерепенко мен Иван Никифорович Довгочхунның ғана қолынан келген нәрсе деп ұғыуы мүмкін. Осы шындықты аянбай батыл көрсеткен Гогольді күлдіргі жазушы – сықаққой адам деп те ұққан болар.

Біздің ойымызша Гоголь мұны күлдіру үшін жазған емес, ол тіпті күлдіруді күйттеген жазушы емес! Гоголь өмір шындығын терең көрсете білген шебер. Ол күліп отырып жылата да, жылап отырып күлдіре де біледі, себебі Гоголь өз тұсындағы крепостнойлық заман қайшылығын айнаға дәл түсірген дана. Ендеше Гогольдің осы мазыңын ол кезде біздің жұртшылық түсінбеген де болар. Ишараттап айтқан сөзден дәл айту жеңіл ғой. Оның үстіне, тіл нормасы, әдеби ұғым осы күнгідей қалыптастаған кезде, Владимир Даль айтқандай бірнеше мағынасы бар «Гусактың» қайсысын алу да оңайға түспес еді. Шыныда, Гоголь сөзі кестелі, бір мағнадан екінші мағнаға ауысып, ойнап отырады. Мысалы,, Иван Никифоровичтің мылтығына қызығып, Иван Иванович саудаға кіріседі: екі қап сұлы, бір шошқасын бермеек болады. Оған Иван Никифорович:

-Позвольте, Иван Иванович; ружье вещь благородня самая любопытная забава, притом и украшение в комнате приятное... дегенде оған Иван Иванович:

-Вы, Иван Никифорович, разносились так со своим ружьем, как дурень с писаною торбою...» дейді сонда:




1 В.Г.Белинский. ІІ т. 300 стр. М.1948 г.

-А вы, Иван Иванович, настоящий гусак»1 деп жауап қайырады. Міне, барлық пале осыдан басталады. Осы бір жерін Ахмет Елшібеков былай аударады:

-Тұра тұрыңыз, Иван Иванович, мылтық қажетті нәрсе, ең қызық ермек, оның үстіне, үйдің ішінің көрік-зейнеті...»

«Иван Никифорович, сіз кестелі дорбасына мақтанған ақымақ сияқты мылтығынызбен жер-көкке сыймадыңыз ғой...»

«Ал сіз, Иван Иванович, нағыз атақазсыз» 2 - дейді. Осы аудармада Гоголь сөзі түгел, бірақ оның дыбысы (интонациясы) мен ойнақшыған ырғағы (инверсиясы) естілмейтін тәрізді. Әңгіме «кестелі дорба» мен «атақазда» тұр. Бұл сөздер қазақшасында күлдірмей, орысшасында күлдіреді. Ендеше, қазақшасындаГогольдің құйқылжытуы жоқ. Мүмкін, «Гусак» - «қоқиланған қаз» ба, «қаздың айғыры, қаздың қоразы» ма... – немесе тіпті басқа бір сөз тіркесі керек пе? – ол арасын ойлану жөн еді. Өйткені ұлы шығармаға өзек болған

«гусак» - ты сөзбе-сөз аудара салу келіспей-ақ тұр. Құс асырамаған көшпелі елде «қаз» ға байланысты жағымсыз ұғым жоқ. «Қаздай қалқып, үйректей жүзіп» - деген жақсы ұғым бар. Ал енді, сол сүйкімді сөзге («қазға») апарып, одан да әдемі «атаны» тіркеген де ол тіпті құлпырып кетеді. «Ата мекені, ата қонысы, атаңда көрмегенді батанда көресің» - дейтін жерлерде кім тебіренбейді? Осы екеуін қосып, әдемі сөз туғызып алғаннан кейін, «сіз нағыз атақазсыз» дегенде Иван Иванович ашуланады, он екі жыл соттасты дегенге кім нананды? Орыс тілінде: «Он смотрит, как гусь на молнию» - деген ақымақты әйгелейтін мәтел бар. Сондықтан да «Гусак» деген сөзге Иван Ивановичтің ашулануы орыс тілінде түсінікті-ақ, өйткені астарында «ахмақсың» деген әзілді ой тұр. Бізді күлдіруі де, Иван Ивановичті күйдіруі де содан. Төрт түлік малға байланысты қазақ тілінде де талай ұғымдар бар, мысалы: «қой мойынды, ат жақты, жампозатаңдай» - деген сөздерді орысшаға аудару да қиынға соғады. Ендеше аударма тіліндегі өмір шындығына үйлеспетін, оригинал тіліне ғана тән ұғымды аударып беру өте қиын. «Кестелі дорбадан» көрі, «кестелі қоржын» дұрыс болар еді. Қорыта айтсақ, Гоголь шығармаларының кешел деп аударылуына осыларда зардабын тигізген шығар.






1 Н.В.Гоголь. Сочинения. М.1956 г. 203 стр.

2 Н.В.Гоголь. Шығармалары. Екінші том. Алматы. 1952 – ж. 236 – бетін қараңыз.

Қазір біздің қазақ әдебиеті Гоголь шығармаларын түгел өз мүлкі етіп отыр.

1928 – жылы «Үйлену» («Женитьба») атты пьесасы жарыққа шықты (аударған Мәжит Дәулетбаев). 1932 – жылы «Өлі жандар» шықты, ал 1936 – жылы сол «Өлі жандар» түзетіліп қайта басылды (аударған Қадыр Тайшықов). 1937 – жылы «Шинель», тағы «Иван Иванович пен Иван Никифоровичтің қалай ұрысқаны туралы» дейтін повестері басылды.

1938 – жылы «Ревизор» жарық көрді, бұл пьеса бұдан көп бұрын сахнада қойылып жүрді. (аударған Мұхтар Омарханович Әуезов). 1945

– жылы «Тарас Бульба» шықты (ауд.Темірғали Нұртазиң), ал 1948 – жылы «Ревизор» тағы басылды.

1952 – жылдан бастап Н.В.Гоголь шығармалары алты том болып жарық көрді. Орыс халқының ұлы жазушысы Н.В.Гогольдің негізгі шығармалары қазақ тіліне түгел аударылды. – Аударғандар: М.О.Әуезов, М.Дәулетбаев, Қ.Тайшықов, А.Елшібеков, Ж.Алтайбаев, С.Ембергенов, Ж.Қосыбаев, Т.Нұртазин, А.Хангельдин, Д.Қосанов, Ж.Жұмақанов, Ә.Имағамбетов, Г.Оспанов, Ф.Дінисламов тағы басқалар.

Гоголь аудармаларын сөз өткенде мәселенің көбі сол Гогольдің ерекшелігіне тіреледі. Міне,, біз сол ерекшеліктің қалай берілгенін зерттемекпіз. Гогольдің теңестіруі де, сұрақ-жауап, лепті сөйлемдері де автордың ерекше тәсілі, ешеберлігі арқылы құлпырып ойнап отырады. Ең ақыры кісі аттары да күлдірмей қоймайды. Осының бәрін ол күлдіру үшін істемейді, тіпті өзі араласпай шет отырады. Гогольдің сықағына (юморына) жарамайтын орыс тілінде сөз жоқ. Шалғам, қияр, асқабақ, арбуз тәрізді өсімдіктер де, шыбын, тарақан, жылан, шаян тәрізді жәндіктер – бәрі де күлдіргі. Гоголь бұларды теңестіру үшін пайдаланады. Терезеден қарап тұрған екі адамды суреттегенде:

«біреуінің басы қияр тәрізді, екіншісінің басы асқабақ сияқты екен» - дейді. «Иван Ивановичтің сабағы төмен иілген шалғамдай болса, ал Иван Никифоровичтің басы сабағы жоғары қараған шалғамдай екен» - дейді. («Голова у Ивана Ивановича похожа на редьку хвостом вниз, голова Ивана Никифоровича на редьку хвостом вверх»). Гогольдің толып жатқан қырық, сырын алу біздің бұл еңбегеіміздің мақсатына кірмейді, алайда зерттеліп отырған Гоголь аудармалары болғандықтан

мұны азырақ аша кетуге тура келді, өйткені аударма тілін біз осы бағытта шолып өтпекпіз.

Негізінен алатынымыз «Ревизор» мен «Өлі жандардың» аудармасы.

Қазіргі күнде осы екеуі де Орта Азиялық ұлт тілдерінде аударылып отыр. Енді бұрынғыдай Гоголь тілі – тек қана орыс тілі емес, өйткені Гоголь татарша да, қазақша да, қырғызша да, азербайжанша да, өзбекше де, түрукпенше де сөйлеп отыр. Ендігі әңгіме сол, орыстың ұлы жазушысы Гоголь қазақ тілінде қалай сөйлеп отыр? Осыны тексермекпіз.

«Ревизор» қазақ тіліне 1934-1935 – жылдарда аударылып, сахнаға қойылды. Дуанбасы Сквозник – Дмухановский болып Қалибек Қуанышбаев ойнады. 1938 – жылы басылып шықты (аударған Мұхтар Әуезов). Татар тіліне 1935 – жылы Сұлтанов аударды. Түркпен тіліне

«Ревизорды» Қ.Бурунов 1935 жылы аударды. Қырғыз тіліне 1946 – жылы А.Абдукаримов аударды да, ал 1951 – жылы толықтырып қайта бастырды. Өзбек тіліне Абдулла Кххар 1948 – жылы аударды.

Бұл аудармалар туралы 1952 – жылы О.Н.Олидор пікірін айтты.1 (Татар тіліне аударған Сұлтановтан басқаларын салыстырып өтті). 1957 – жылы А.Каххардың өзбек тіліне «Ревизорды» аударғанын Н.Владимирова2 зерттеді.

Орыс халқының классикалық драматургиясын аударушы Россияның тарихын, крепостнойлық дәуірдегі әдет-ғұрыпты, орыстың сол замандағы тілін, автордыңтворчестволық әдісін толық зерттеп, кеңінен толған және терең білуі шат. Әрбір жансақ басы, титтей қателесу де орыс мәденитетінің маңдайшасы болған ұлы шағармаларды теріс бағытқа түсіруі мүмкін. Пьеса сахнаға алналады, ендеше тілі келте, ойы терең, түсінікті де әдемі келсін, оның үстіне ауыз екі сөзге бейімс болсын! Бұл азбукалық шарт.

«Пьеса – әдебиеттің ең ауыр түрі, өйткені қатысушы адамдар онда өз тілімен сөйлейді, ісі де сол сөзінен көрініп тұрады, автор араласпайды» - деп Горький тауып айтқан еді. Оның үстіне пьесаны Гогольдей шебер жазса, оны аудару қиынның қиыны!






1 О.Н.Олидор «О переводах пьесы Ревизор». Казахстан Альманах худ.литературы А.1952 г. стр.99-105. 2 Н.Владимимрова. Рус тилиден үзбек тилига бадиип таржиманинг баази бир масалалары» - М.1957 ж.

«Некоторые вопросы худ.перевода с русского на узбек.язык».

«Ревизорда» қатысатын адамдар әрбіреуі өз тілімен сөйлейді, пьесада өздерінің жеке-жеке орны бар, сол міндетін атқарады. Әр адамның әрбір сөзі ревизорды күту туралы, немесе соның қалада жүргені жөнінде айтылады. Негізгі ойы ревизор туралы болады, сол ревизордан шығады да, не соған қайта айналып келе бееді. Сондықтан оның ешбір сөзін өзгертуге болмайды, бәрі өз орнында»1 - дейді Белинский. Міне, Гогольді аудару осынша қиын, ал бірақ сол

Гогольдің оңай жағы да бар. Біздің ойымызша Гоголь геройларының мәдениет сатысы төмен жатады, көбінесе шағын қалада жүрген парахор чиновниктер, поселкеде жүрген жалмауыз обыр помещиктер болады. Бұларды біздің ауылдағы қарапайым халқымыз он тоғызыншы ғасырдың екінші жарымынан бастап-ақ танып білген еді. 1868 – жылы жариялаған «Жаңа закүннен» бастап, бұлар қазақ елінің өз арасынан да шықты. Бізде феодалдық-патриархалдық заман болды, сонда Дуанбасы, би, болыс, аулнай, елу басы – бәрі де етек алып жайылды. «Елу басы, он басы, ол шайтанның жолдасы» - дейтін әлңдер де шықты. Пара алмаған, елді жемеген біреуі де жоқ еді. Ендеше, өз елінде бар ұғымды түсіну жеңіл, түсінгенен кейін аудару жа жеңіл. Оның үстіне көрші отырған бізге түсінікті. Мәдениетіміз орыс елінің мәдениетінен үлгі алып дамыған біздің елге өтене жақын тұрады.

Адамды адам құлданған, крепостнойлық дәуірден әлдеқашан өтіп кеткен Батыс Европа елі Гоголь геройларын түсінбеуі де мүмкін.

«Біздің орыс тіліндегі ерекшелікті француз бен неміс мәңгі – бақи түсінбес» - дейтін Гогольдің өз сөзі де тегін айтылмаған шығар. Бірақ бұл бізге түсінікті.

Әліміз келгенше Гоголь шығармаларын аударудың қиын жағын да, жеңіл жағын да айттық, енді туп-тура сөзді автор мен аударушының өздеріне берейік.

Ревизордың келе жатқанын естіп, қорқып отырған Дуанбасы өзінің жемтіктес-табастастарың шақырып алып:

-Я пригласил вас, господа, с тем, чтобы сообщить вам пренеприятное известие: к нам едет ревизор... Ревизор из Петербурга, инкогнито (под чужим именем). И еще секретным предписанием...




1 Белинский. І – том, 508 бет. М.1948 г.

Я как будто предчувствовал: сегодня мне всю ночь снились какие

– то две необыкновенные крысы. Право, этаких я никогда не видывал: черные, неестественной величины! Пришли понюхали и пошли прочь. Вот я вам прочту письмо, которое получил я от Андрея Ивановича Чмыхова, которого вы, Артемий Филиппович, знаете. Вот что он пишет: «Любезный друг, кум и благодатель... спешу, между прочим, уведомить тебя, что приехал чиновник с предписанием осмотреть всю губернию и особенно наш уезд. Я узнал это от самых достоверных людей, хоят он предствляет себя частным лицом. Так как я знаю, что за тобою, как за всяким, водятся грешки, потому что ты человек умный и не любишь пропускать того, что плывет в руки...» Так вот какое обстоятельство!»1 - дейді.

Біз бұл жерде дуанбасының үш рет айтқан сөзін біріктіріп алдық, өйткені жеке-жеке сөздерді, жалғыз-жарым сөйлемді сәтті шығарып, ал автордың нысаналы идеясын ашуға, түгел ойын (замысел) беруге келгенде жаңсақ басып, кібіртіктеп қалатын аударушылар болады, сондықтан аударманың әр жерін үзіп-жұлып алғымыз келеді. Екінші жаынан төрт тілге аударылған «Ревизорды» сынағанда 1952 – жылы О.Н.Олидор да: «ең сәтті шыққан аударма Әуезовтікі» - деген екен, сол ойдың дұрыс-терісін аша кетпекпіз.

Сөйтіп, Әуезовтың қазақшаға:

-Мырзалар, мен сіздердібір орасан жайсыз хабарды естіртуге шақырып еім. Бізге ревизор келе жатыр...

-Петербургтан келе жатқан жасырын ревизор, және астыртын жарлығы да бар көрінеді...

-Құдай білдіргендей, бүгін түні бойы түрі жаман екі егеуқұйрық түсімнен кетсенші тіпті, өмірі мұндай тышқанды көрген емес: доболдай қап-қара! Келді де иіскеп-иіскеп кетіп қалды. Артемий Филиппович әлгі өзіңіз білетін Андрей Иванович Чмыховтың жіберген хатын оқиын сіздерге. Оның жазып отырғаны мынау: «Сүйікті досым, замандасым және сүйеушім... саған білдірмек асығыс хабарым: жоғарыдан жарлығы бар бір төре келді, бүкіл губернияны, әсіресе біздің уезді қарамақшы. Ол өзін жай адаммын десе де, мен анық сенімді адамдардан естідім. Мен білем ғой, сен де жұрт қатарлы қүнадан мұнтаздай жан емес ең, өйткені, ақылды адамсың ой, құдайдың беріп

тұрған несібінен кім қашады?...» «Міне осындай жағдай!» - деп аударғанын да түгел келтірдік. Гоголь орысша қандай жатық, қандай түсінікті сөйлесе, қазақша да сондай жүйткітіп сөйлеп отыр ғой. Дуанбасының осы сөзінен оның парахор адам екенін және қылмысын білетін сұм екенін, «қорыққанға қос көрініп» - түсіне сенетін, білімі тайыз, құлқынның ғана құлы екенін орысша қалай түсінсек, қазақша да солай түсінеміз.

Салалас құралас (сложно сочиненное) етіп берген дуанбасының алғашқы сөйлемін: «Я пригласил вас, господа, с тем чтобы сообщить вам пренеприятное известие: к нам едет ревизор» 1 - деген бір сөйлемді, «Мырзалар, мен сіздерді бір орасан жайсыз хабарды естіртуге шақырып едім. Бізге ревизор келе жатыр» - деп екіге бөліп, шағын екі жай сөйлемге айналдырып жіберуі заңды да түсінікті шыққан. Аударушы бұл арада ұтпаса ұтылмаған. Ал «крысаны»

«егеуқұйрық» деп аударып, әрі қарай «мұндай тышқанды көрген емен» деуі да заңды, өйткені «егеуқұйрық» Қазақстанның барлық жеріне бірдей сөз емес, сондықтан жалпы оқушыға «егеуқұйрықтың» - тышқан екенін жол-жөнекей түсіндіре кетуі де шебер шыққан. Чмыховтың хатында айтылған астарлы сөйлемді: «Так как я знаю, что за тобою, как за всяким, водятся грешки, потому что ты человек умный и не любишь пропускать того, что плывет в руки...» деген Дуанбасының парақорлығын әлемге әшкерелеп көрсететін нағыз түйінді сөйлемді қандпй берген?! Бұл жерде Гогольдің өз тілімен айтса: «автордың ойына жақындау үшін, Әуезов оның жеке-жеке сөзінен әдейі алыстаған» - дай көрінеді. «Мен білем ғой, сен де жұрт қатарлы күнадан мұнтаздайжан емес ең, өйткені ақылды адамсың ғой, құдвйдың беріп тұрған несібінен кім қашады...» - деп аударуы М.Әуезовтың Гогольді дәл беруге тырысуы. Сөзін қойып, ойын беруге шұғылданған. Ал енді, «не любишь пропускать того, что плывет в руки...» деген сөздерді дәл Гогольше бермеді деп дауласатындар да табылар, олардың орнына қайдағы жоқ «ұдайды», «несібені» алып келді деушілер де болар. Рас, сөзбе-сөз етіп беруге мүмкін, бірақ онда Гогольдің ойы шықпауы да кәдік. Нақты айтарымыз: Гоголь қазақ тілінде қайта жаңғырып шыққан (воссоздан). Дуанбасының дәл өз кескіні, Гогольдің ойы осы жердің өзінде-ақ түгел көрінгендей. Тек қана

«мен», «ғо» деген сөздер артық айтылған тәрізді. «Кум» қазақ ұғымында жоқ, сондықтан «замандас» болуы дұрыс.

Осылай жиналып, ревизорды күтіп, қорқынышта дағдарып отырғанда Дуанбасы: - «Это бы еще ничего, - инкогнито проклятое! Вдруг заглянет: «А, вы здесь, голубчики! А кто, скажет, здесь судья?» -

«Ляпкин-Тяпкин» - «А подать сюда Ляпкина-Тяпкина! А кто попечитель богоугодных заведений?» - «Земляника». – А подать сюда землянику!» Вот что худо!» - деген жәрін қазақшаға Әуезов: «Ол уаққа емес-ау! Әлгі астыртын құдай ұрғанды айтсайшы!Бір күні қапылысқа келіп қап: - «Е, шырақтарым, мұнда екенсіңдер ғой, Мұндағы судья кім?» - «Ляпкин- Тяпкин».

Келтір бермен Ляпкин-Тяпкинді! – Ал игілік орындарының қамқоры кім? – Земляника. Апкел мұнда Земляниканы! Десе, міне пәле сонда!» 1 деп өзінен аудырмай түсіреді. «Келтір бермен», «апкел мұнда» - деген сөздер ауыз екі айтылатын сөздердің нұсқасы. Гогольдің өзіне тән ой-өрісін, дыбыс ырғағын бұзбай келтірген. «А подать сюда» да орыс тіліндегі ауыз екі сөздің нұсқасы ғой. Ендеше орны табылып, қиюласқан. «Вот что худо!» - деген түйінді жерін «міне, пәле сонда!» - деп әрі дәл, әрі күшті берген! Дуанбасының осы сөзін

1935-жылы татар тіліне Сұлтанов аударыпты, сонда: «Городничий – Анысы ғына бір нәрсе дә түгіл әлі аның! Міне яшрін рәуште келуші нәғнәт түшкән чиновник қорқыныш! Ескертмәгән жірдән келіп кірсә! Ә, сіз мұнда екенсіз, кегіршінкәйләр! Ә, қайсығыз мұнда судья?» «Ляпкин- Тяпкин.» - Ә, келтірігіз әлі мұнда Ляпкин-Тяпкинні! – Ә, хайрат жұртлары башлығы кім?» - «Зеляника. «Ә, келтірігіз әлі мұнда Земляниканы»- дісә. –Мінә шұнысы нашар аның» - дейді. Гоголь сөзі түгел, бірақ екпінді және келте айтылған бірінші сөйлем Әуезовте екіге бөлінсе де екпіні бөлінсе де екпіні жоғалмаған. Ал Сұлтановта хабарлы, шұбалаң екі үлкен сөйлем болып шыққан. «Анысы ғына»,


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет