Қазақ тілі 6 б класс. Тақырыбы



Дата09.04.2018
өлшемі178,03 Kb.
#40119
түріСабақ




Қазақ тілі 6 б класс.

Тақырыбы:

Ел ордасы –Астана.Біріккен сөздер.

Мақсаты:

Елордамыз - Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқуға машықтандыру.

Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Өз Отанын сүюге тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже

Жеке, топтық жұмыс түрлерін орындайды.

Бейнефильм материалын тыңдайды, тақырыбы мен идеясын түсінеді,сұрақтарға жауап береді.

Өзіндік ой қорытады


Керекті жабдықтар

интерактивті тақта, маркерлер, бағалау парағы, презентация, стикерлер, постерлер

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Үй тапсырмасын тексеру:



1.Ұйымдастыру бөлімі: 2 минут

Психологиялық ахуал тудыру

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.


Балалар, біз бүгінгі сабағымызды да әдеттегідей тренингтен бастаймыз. Ол үшін ортаға шығып шеңбер болып тұрайық.
Жарқырап күн де ашылды,

Айнала нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз еңбектену

Еңбектену арқылы

«5» қолды жеткізу

Көңіл-күйлерің қалай?
Жарайсыңдар, енді орнымызға жайғасайық.
Енді, балалар, сұрақтарға жауап берейік.

.5минут

1 Үй тапсырмасы үлестірмелі стикерлер арқылы түрінде тексеріледі. Бірақ бұл тапсырмада сұрақтар берілген.

Тасымал дегеніміз не?

Буын нешеге бөлінеді?

Ашық буын дегеніміз не?

Тұйық буын дегеніміз не?

Бітеу буын дегеніміз не?

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?
Өте жақсы, сұраққа дұрыс жауап бердіңдер.

Жарайсыңдар, балалар, үй тапсырмасын жақсы меңгергенсіңдер.


Енді әрі қарай бүгінгі жаңа тақырыбымыз бойынша тапсырмаларды топқа бөлініп орындаймыз. Ол үшін мына жердегі суреттерден өздеріңе ұнағанын қалап алыңдар.

Кім қандай суретті алды, сол бойынша 2 топқа бөлінеміз. «Бәйтерек», «Хан шатыры». «Бәйтерек» тобының басшысы - Анна, ал «Хан шатыры» тобының басшысы - Лилия болады. Топ басшылары әр тапсырма сайын топ мүшелерін бағалап отыруы керек.




Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап, шеңбер болып тұрады.

Сабаққа дайындықтарын көрсетеді.

(Бас бармақты не көтереді, не түсіреді)



Бағалау:Мұғалімнің сұрақтарына сыныпта отырған балалар қол шапалақтап жауап береді.

Қай сұраққа қатты шапалақтаса, бағасы сол болады.

Оқушылар хан шатыры, бәйтерек суреттерін алып, 2 топқа бөлінеді.




Тұсау-

Кесер:



Қызығушылықты ояту.3 минут

Ал , балалар, қазір мына бейнеклипке назар аударайық. (Алтынай Жорабаеваның «Астана» әнімен Астана қаласының көрікті жерлерінің презентациясы)



Миға шабуыл.

1 Кім айтады бейнеклип қай қала туралы?

2 Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сонда қандай болады?

3 Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ел ордасы-Астана және біріккен сөздер». (Күннің жадын, тақырыпты дәптерлеріне жаздырту)

4 Балалар, біздер бейнеклип арқылы саяхат жасадық, ал Астана қаласына кім барып көрді? ( оқушылар әңгімелеп береді)

Астана қаласын өз көзімен көріп, тамашалап қайтқан қандай керемет! Қалғандарымызға да алдағы уақытта Астана қаласына барар сәтті күн болар деп ойлаймын.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Сарыарқа жеріндегі Есіл өзені бойындағы бас қала Астанамыз туралы білімімізді толықтыру, сөздік қорымызды молайту және біріккен сөзді тапсырмалар арқылы пысықтау. Топтық жұмыстар орындау арқылы бір-бірімізге деген достығымызды нығайту.
Балалар, тапсырмаларды орындамас бұрын мен Астана туралы қысқаша таныстырып өтейін.
«Астана» -парсы сөзі. Көне парсылар қалаға кірер бас қақпаны айтқан. Ол «киелі орын» деген мағынаны білдіреді. Ол сөз қазақша елдің бас қаласы дегенді білдіреді.

Мемлекетіміздің астанасы – Астана қаласы. 1998 жылға дейін астанамыз әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі Алматы болып келді. Астананы ауыстыру көптеген экономикалық, саяси, демографиялық, географиялық т.б. жағдайларға байланысты туындады. Біріншіден, бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы республиканың ортаңғы аймағында орналасқан. Екіншіден, қаланы кеңейтіп, жаңа құрылыстар салу бұл өлкенің экономикасын көтеруге үлкен көмек береді.

Үшіншіден, Астананың орналасқан жері мемлекеттің, ұлттың қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

1998 жылы Астананың тұсауы кесілді. Астана күн сайын көркейіп, зәулім ғимараттар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша көбеюде. Астана қаласында Мәдениет сарайы, Конгрес холл, Л.М.Гумилев атындағы Еуразиялық университеті, Үкімет және Парламент, Елбасы Резиденциясы т.б. бар.

Астана – болашақтың қаласы, жас, ең әсем қала.

Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан деген сөздер екі сөзден құралып (бел және бау, баспа және сөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ыкпал заңы бойынша т дыбысы д-га айналып, тас сөзі дас болған) бір ұгымның ғана атауы болып тұр.

Қазак тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлгалары сақталып отырады. Мысалы: түйеқұс (түйе+құс), бұзаубас (бұзау+бас),басмақала (бас+мақала), т. б. Екіншісінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстың өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалган екінші сездің басындагы ж дыбысы и-ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні: бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп калған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналган), түрегелді (тұражөне келді: бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сездің әсерінен жіңішкеріп ү ү-ге, а е-ге айналған, екінші сөздің басындагы к дыбысы г-ге айналған). Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1) аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тас-бақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан,текесақал, ала-бота, аққу, итмұрын, саңырауқұлақ, бәптерек, бәйшешек, т. б.;



2) географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат,Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, т. б.;

кісі аттары: Орынбасар,Сейілбек,Мұхаметжан,Ерасыл, Аманжол,Есенәлі,
Бейсенбай, т. б.;

дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа,сегізкөз, тазқарын, т. б.;

5)ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел,қарасан, т. б.;

ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т. б.;

ән, күй, өлең аттары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қароторгай, Кісенашқан,т. б.;

8)қоғамдық өмірге,күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар:баспасөз,қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отагасы, ақсақал

9)мезгілге байланысты

атаулар:биыл,бүгін,қыстыгүні,жазгытұрым,күздігүні,т. б.;

10) белгісіздік,болымсыздык мәндегі атаулар: ешкім,ештпеңе қайсыбіреу,әлдекім,әрқайсысы, ешқашан,кейбір, әрбіреу,әлдеқашан, т. б.


Сабақтың тақырыбын анықтайды.



Негізгі бөлім:

2.Мағынаны тану. 3 минут

 1. Сөздік жұмысы. Тыңдалым.
Президент сарайы-Дворец Президента

Қонақ үй-гостиница

Жастар сарайы- Дворец молодежа

Саяси-экономикалық-политико-экономический

Мәдени-культурный

2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.
3.Ой қозғау.5минут

Мәтінмен жұмыс.Оқылым.4-тапсырма (73б)

А) Мәтінді іштей оқу, дауыстап мәнерлеп оқу.



4 Қазір осы мәтін бойынша «Бәйтерек» тобы «Хан шатыры» тобына сұрақ қояды, олар жауап береді.

1.Астананың негізі қашан қаланған?

2.Қай жылдары Ақмола қаласы болып аталды?

3.Астанада нелер бар?

5-тапсырма ( ауызша)

Мәтінді пайдаланып, хронологиялық кестені толтырыңдар.

Сөздік диктант

Қала, ғимарат, ескерткіш, бәйтерек, әсем, әдемі, зәулім, қонақ үй.

5 Постермен жұмыс. 10 минут « Астана-әсем қала »

Жақсы, балалар, енді келесі тапсырмамыз постер толтыру. Ол үшін мен сендерге қажетті материалды берейін, бірақ сендерге ғаламторды пайдалануға да болады.


Бұл постерді толтыру барысында бағалау критерийлеріне сүйенуді ұмытып кетпеңдер. Постер соңында екі топ осы бағалау критерийлері бойынша бағалап, стикерге жазып, қарсы топтың постеріне барып ілу керек.

Өте жақсы, бұл тапсырма да сәтті орындалды, жарайсыңдар.


3. Жазылым – дәптермен жұмыс.


2 - тапсырма: Қазақ тіліне аудару.

1-топ
В Казакстане много больших красивых городов.В Астане есть музеи, театры, институты.

2-топ

Улицы Астаны широкие, прямые. Астана-столица Казахстана. Я прочитал книгу про Казахстан.



3-тапсырма жұппен жұмыс

1-топқа

Берілген сөздерді бір-бірден оқушылар оқып сөз құрамын талдайды. Әр сөз неше түбірден құралған?

Айнабұлақ, қосаяқ, Тескенсу, итмұрын, Алакөл, Талдықорған, Ботагөз, Есадәулет, аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ, тасбақа.


2- топқа


Қосқұдық, Қаражол, Ақтеңіз, көкжиек, Айдос, ақсақал, аққу, Біржан.


4. Айтылым. Аудармасын табыңдар. (ауызша)

1-топ


Көрікті қала- болшой памятник

Әсем ғимарат- главный город

Бас қала из года в год

2-топ красивый город



Есіл өзені река Ишим

Үлкен ескерткіш красивое здание

Жылдан жылға

5 Фонетикалық жаттығу

Тақпақты дауыстап оқу, буынға бөлу, буындарды ажырату.(ауызша)



1-топ

Жаса, жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған!

2-топ

Асқақтай бер, Астанам,

Берекеге бастаған!
8. Балалар, шаршаған шығарсыңдар, енді «Қара жорға» биімен серігіп алайық.2 минут
Жақсы, балалар, серігіп алсақ, орнымызға жайғасайық.

Сөзжұмбақ шешу.

Тапсырма

Ауызша орындау.Қандай сөздер?


Көкжиек – жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістікті көкжиек деп атайды.
Бұзаубас – қоңыз, құрттың аты.
Жетіқарақшы – жұлдыз.
Сарыағаш – демалыс орны.
Ақсақал – ата, қарт адам.
Ақтас – тастың түрі.
Алтыбақан – Наурыз тойында тігілетін ұлттық
Бірқазан – құс.
Кемпірауыз – қысқаштың түрі.
Көксерке – балық.
Ақбөкен – жануар, тез жүгіретін аң.
Тасбақа – қосмекенді жәндік.
Ешкім – кім екені белгісіз.
Ешбір – ешқандай.
Бірнеше – көп теген біршама.
Әрқашан – күнбе – күн.
Қосаяқ – тышқан, жәндік.
Темірқазық – жұлдыз.
Асқабақ – тағам, көкөніс.
Қырықаяқ – қоңыз, жәндік.



Оқушылар жаңа сөздерді оқиды.

Оқушылар жаңа сөздермен сөйлем құрастырады.

Мәтінді мұғалім оқиды, содан кейін оқушылар тізбектеп оқиды.

Екі топ тапсырманы топпен орындап кезекпен оқиды.

Формативті бағалау. Әр топ басқа топтардың жасаған постерлерімен танысып , критерийлерге сай бағалайды, постер жасау бойынша тілектерін, қойған бағасын стикерлерге жазып жабыстырып кетеді.

Оқушылардың жауаптары.

Оқушылар топпен тапсырманы орындайды.

Оқушылар топпен ауызша орындайды.

Топпен орындарынан орындайды.


Оқушылар интерактивті тақтаға қарап билейді.





Қоры

тынды


9 Ой толғау. Енді келесі тапсырмамыз фонетикалық талдау. «Бәйтерек» тобына «Алматы» сөзі беріледі, «Хан шатыры» тобына «Астана» сөзі беріледі.

10. Тест .5минут
Жарайсыңдар, енді бүгінгі сабағымызды тест жұмысымен бекітеміз.Тест орындалғаннан кейін бір-бірінмен дәптер алмасып тексеріп, бағалайсыңдар.
1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан.

а) Сарыарқа б) шығыс в) батыс с )оңтүстік

2.Астана қаласының символы:

а)ту б)елтаңба в)әнұран с)Бәйтерек

3.Астана .... қала:

а)көне б)ескі в)бас с)таза

4.Астана – Қазақстан Республикасының нешінші астанасы

а) бірінші б) алтыншы в) екінші с) төртінші

5.Астана қаласының тұсаукесер тойы:

а)1998 б)1991 в)1997 с)1995

6.Астананың бұрынғы аты:

а)Ақтобе б)Алматы в)Ақмола с)Орал

7.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

а)Еділ б)Есіл в)Қарасу с)Жайық

8.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?

а )100 –ден астам б) 130-дан астам в). 200-ден астам с.) 50-ден астам

9. «Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:

а)Астана күшті қала б)Астана- Қазақстанның астанасы в) Астана-Қазақстан қаласы с) Астана жас қала

10.Астананың туған күні:

а) 6 шілде б)10 шілде в)10 маусым с) 6 маусым


Жауаптары:

1.а 2.с 3.в 4. С 5.а 6.в 7.б 8.а 9.б 10.а


Ал 10 ұпай кімде , қолдарыңды көтеріңдер. Мінекей, керемет! Барлығың бүгінгі тақырыпты толық меңгерді деп ойлаймын.

Ал, кәне, сендердің ойларың қалай? Ал бағдаршамды көрсетіңдер.


Ал, балалар, Астананың болашағын қалай елестетесіңдер?
11. Сабақ бойынша кері байланыс. 2 минут

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Өздеріңнің ойларыңды мына стикерлерге жазып, оқисыңдар, содан кейін Алма ағашына барып жабыстырасыңдар.


Оқушылар топта ақылдасып,2 топтан бір оқушы тақтаға шығып жазады.

Оқушылардың жауаптарын смайликтер арқылы бағалау.

Оқушылар тест жұмысын орындайды, дұрыс жауаптар бойынша тексереді және бағалайды.

Оқушылар бағдаршамды көрсетеді.

Оқушылардың жауаптары

Оқушыларға стикерлерге таратылып беріледі. Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып, оқиды, плакатқа жабыстырады




Бағалау

12.Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты бағалау.

Топ басшысы бағалайды




Үйге тапсырма

ІІІ деңгей: Астана тақырыбына диалог құру

ІІ деңгей: Мәтіннің мазмұнын айту, ережені қайталау

І деңгей: Астана туралы эссе жазу


Үй тапсырмасын күнделікке жазады.






Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет