Қазақ тілі. Қазір қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тіліне туыс тілдер қырғыз, қарақалпақ, ноғай тілдері



Дата06.07.2018
өлшемі39,3 Kb.
1. Қазақ халқының ана тілі- қазақ тілі. Қазір қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тіліне туыс тілдер қырғыз, қарақалпақ, ноғай тілдері. Қазіргі қазақ әріптері орыс графикасы негізінде 9 қазақ тіліне тән әріппен бірге құралған. Қазір бұл тіл еліміздің барлық оқу орындарында оқытылады.

Қазақ тілі өте бай, көркем тіл. Бұл ұлы Абайдың, Жамбылдың, Ыбырайдың тілі. Мен де қазақша сөйлеуге тырысамын, қазақша кітап, газеттер оқимын, достарыммен сөйлесемін. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырысы бойынша әр қазақстандық үш тілді меңгеруі керек. Олар мемлекеттік -қазақ тілі, ресми- орыс тілі және халықаралық- ағылшын тілі.


2. Қазақ тіл білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілінің грамматикасы туралы алғашқы мәліметтер Н.И. Ильминскийдің “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия” деген еңбегінде көрінеді.

Кейін П.М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казах-киргизского языка” еңбегі жарық көрді.

Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар- Радлов, Бартольд, Сауранбаев, Айдаров және т.б.

Сауранбаев Нығмет- қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор. Ол қазақ тіл білімін ғылыми жолына салған.



3. Қазақстан Республикасы –тәуелсіз, көп ұлтты, демократиялық мемлекет. Ол Еуразия құрлығының ортасында, Орта Азияда орналасқан. Еліміз бес елмен шектеседі. Жер көлемі 2,7 (екі бүтін жеті) миллион шаршы шақырым, халық саны 17 миллион адам. Қазақстанның елордасы Астана қаласы. Еліміз 14 облыстан тұрады. Қазақстан жері кен байлықтарымен, табиғатымен, астықпен өте бай.

Мемлекетіміз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық валюта қорына мүше болды. Солтүстік көршіміз Ресей, шығыстағы көршіміз Қытай мемлекеттері. Қазір еліміздің экономикасы, саясаты жақсы дамып келеді, еліміздің 100-ден астам ұлттары бейбіт өмір сүреді. Республикамыз әлемнің беделді және белгілі мүшесіне айналды. Қазақстан - менің Отаным, менің туған жерім.


4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері , Ту, Елтаңба және Әнұран, 1992 жылы 4 маусымда бекітілді.

Мемлекеттік елтаңба —негiзгi рәмiздердiң бiрi. Елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Шаңырақ — мемлекеттiң негiзi — отбасының бейнесi. Тұлпар —жеңiске деген жiгердiң, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Елтаңбаның авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.

Мемлекеттiк ту –негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ту шетінде ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.
Мемлекеттік әнұранның авторлары Шәмші Қалдаяқов пен Нұрсұлтан Назарбаев.

5. Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құралып, XVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген. Осы 300 жыл ішінде көптеген хандар билік жүргізген. Олардың ең ақылды, ержүрек, саясатшылары ғана Үш жүзді бірге билеген. Ондай хандар көп емес.

Солардың бірі Тәуке хан. Ол билік ет­кен ке­зең Қазақ хан­дығының «ал­тын ғасы­ры» са­нала­ды. Мем­ле­кеттік мәсе­лелерді ше­шетін «Хан кеңесін» құрды. Ұлы жүзге Төле би­, Ор­та жүзге Қазы­бек би­, Кіші жүзге Әй­те­ке би­ басшы болып тағайындалды. Тәуке хан кезінде «Жеті жарғы» заң жинағы бекітілді. Тәуке хан Түркістан қала­сын Қазақ хан­дығының ас­та­насы етті. Тәуке хан Ре­сей еліне ар­наған ха­тын­да бейбіт көрші бо­луға шақыр­ды.


6. Қазақ халқының ұлы үш билері: Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ұлы үш би Тәуке хан кезінде «Жеті жарғы» заң жинағын шығарған, ханның бас кеңесшілері, көмекшілері болған.

Төле би қазіргі Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол Ұлы жүздің биі болған. Төле би оқыған, сауатты адам болған. Ол 93 жасында дүние салған.

Қазыбек би Сыр бойында дүниеге келген. Ол орта жүздің биі болған. Қазыбек би шешен, дипломат адам болған. Ол 97 жасында қайтыс болған.

Әйтеке би оңтүстікте Шардара қаласының тұсында туған. Ол Кіші жүздің биі болған. Әйтеке би әділ, қоғам қайраткері болған. Ол 56 жасында қаза болған.



7. Қазақта шайқастарда ерлік көрсеткен адамға батыр атағы берілген. Батырлар туған жерін, туған елін қорғаған. Қазақтың атақты батырлары: Бөгенбай мен Қабанбай.

Бөгембай 17 ғасырдың ортасында қазіргі Ақмола облысының Ерейментау ауданында дүниеге келген. Ол қазақ тарихындағы әйгілі батырлардың бірі. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресінде қолбасшы болған. Тәуке ханның 80 мың қолын басқарған сардар. Бөгембай батыр Түркістанда Қожа Ахмет Иасауи мешітіне жерленген.

Қабанбай 17 ғасырдың соңында қазіргі Шығыс Қазақстан жерінде өмірге келген. Оның шын аты Ерасыл. Қабанбай талантты қолбасшы, ержүрек адам болған. Ол көптеген шайқастарда ерлік көрсетіп, Абылай ханның бас батырларына айналды. Батыр Орта жүздің Найман руынан шыққан.
8. Қазақстан картасы

Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Республика батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте Түрiкменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, шығыста Қытаймен шектеседi. Жер аумағы - 2.7млн шаршы шақырым. Халық саны 17 млн. адам. Республикада 130 ұлт өкiлдерi тұрады.

Бас қаласы — Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан тұрады. Қазақстанда 85 қала, 160 аудан бар. Мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Ұлттық валютасы — теңге. Ұлттық мерекелер – 30 тамыз – Конституция Күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік Күні. Қазақстан түрлі пайдалы қазбаларға өте бай. Қазақстанда Менделееев кестесінің 99 элементі табылған. Темір жолдардың жалпы ұзындығы 14 мың км.
9. Отырар қаласы

Отырар Қазақстанның оңтүстігінде болған ежелгі қала. Ол VI-VIII ғасырларда ірі мемлекеттің астанасы болған, Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Отырарда қолөнердің жаңа түрлері пайда болды. Бұл қала араб әлемінде Фараб деп аталған. Шаһарда медресе, кітапхана, мешіт, базар, монша болған. Отырар «Жібек жолы» сауда жолында маңызды орталыққа айналды. Онда Қытай, Таяу Шығыс, Хорезмнен әкелінген заттар табылды. Бұл қалада Әл-Фараби дүниеге келіп, білім алған. Отырар Шыңғысхан әскеріне қарсы соғысқан. Монғол, жоңғар шапқыншылары қаланы бірнеше рет өртеп, 18 ғасырдың ортасында Отырарда тіршілік тоқтаған. Отырардың соңғы тұрғындары Түркістан, Шымкент елді мекендеріне көшкен. Қазір қала тұрған жерде археологиялық жұмыстар жүргізіледі.


10. Түркістан қаласы

Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол көне заманда Шавғар деп аталатын. Қала туралы деректер IV ғасырдан басталады. Бұл қалада шығыстың ғұламасы Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрген. Темір ханның бұйрығы бойынша Түркістанда ғұламаның кесенесі салынды. Түркістан түрік халықтардың діни орталығына айналып, “Кіші Мекке” атанды.

1598 (мың бес жүз тоқсан сегізінші) жылы ол қазақ хандығының орталығы болады. Кесененің төңірегінде қазақ хандары мен батырлары жерленген. Түркістан – ер жүрек батыр қала. Монғол-татар, жоңғар шапқыншылығын көрген қала. Қалада 1992 (мың тоғыз жүз тоқсан екінші) жылы Халықаралық Қазақ- Түрік құрылған. Онда 22 мыңнан аса студенттер білім алады.

11. Қара шаңырақ ұғымы

Қазақ отбасында кенже ұл- шаңырақ иесі. Кенже бала- отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже бала ата-анасымен бірге тұрады. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Кенже бала- қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ- үлкен үй, әке-шешенің үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Әке-шеше қара шаңырақты кенже ұлына береді. Қазақ отбасында әке мен ананың орны ерекше. Әке- отбасының тірегі. Ана- отбасының жаны. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қыз балаланы ерекше құрметтейді, қыз балаға қатты сөз айтпайды.


12. Қазақ халқының салт дәстүрлері

Әр халықтың өз салт-дәстүрлері болады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері өте мол. Салт-дәстүрлер адамның туған күнінен басталады. Бала туғанда шілдехана тойы жасалады. Шілдехана тойланса, бала қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

Сәби қырық күнге толғанда қырқынан шығару дәстүрі өткізіледі. Баланы қырық қасық сумен жуады. Бесік- сәбидің алтын ұясы. Қазақ халқы баланы бесікке жатқызады. Баланы бесікке қарт, құрметті әжелер бөлейді. Сәби жүре бастаған кезде тұсау кесу өткізіледі. Тұсауды шапшаң, ширақ адамдар кеседі. Осы тойлардың барлығына дастарқан жайылып, қонақтар шақырылады. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні зор. Олар адамды мейірімді, қайырымды, адал болуға тәрбиелейді.

13. Киіз үй

Киіз үй - Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі.

Ол —тез жазылады, тез жиналады, көшіп-қонуға өте ыңғайлы үй.

Киіз үй - тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік қүрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіқ үй кереге, уық, шаңырақ және киізден тұрады. Киіз үйдің ағаш қаңқасы үш бөліктен құралады: кереге, уық, шаңырақ. Керегелер мен уықтар бір-бірімен қайыс баулармен байланады. Ағаш қаңқаның үстінен киіздер жабылады. Киіздердің атаулары бар: туырлық, үзік, түндік. Шаңырақтың астына ошақ орнатылады. Шаңырақты жабатын киіз түндік деп аталады. Оны күндіз ашады, ал түнде жабады.


14. Шаңқобыз.

Қазақ халқының көптеген музыкалық аспаптары бар. Солардың бірі- шаңқобыз. Шаңқобыз – ежелден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Оның құрылымы өте қарапайым. Бұл аспап темірден немесе күмістен жасалған. Аспапта ойнау тәсілі өзгеше. Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды. Шаңқобыздың сирек кездесетін түрі - ағаш шаңқобыз. Үйеңкі, қайың, жеміс ағаштарынан жасалады. Ағаш шаңқобызда жеңіл әндер мен шағын күйлер орындалады.

Ертеде шаңқобыз кішкентай балалар мен әйелдер аспабы болған. Шаңқобызға арналған «Қыз ұзату», «Қыз зары», «Қыз мұңы», «Шаңқобыз толғауы» сияқты күйлер шығарылған. Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерінде қолданылады.

Аспап көптеген халықтарда әр түрлі атпен кездеседі.


15. Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Ахмет- көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, ағартушы, оқу құралдарының авторы. Әкесі Байтұрсын зерек және талапты бала Ахметті Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. Кейін Орынбордағы мұғалімдер мектебінде білім алады. Оқуды бітірген соң Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралыда балаларға білім береді. Ол қазақ тілін зерттеген, тұңғыш рет қазақ тілінде әліппе шығарған. 1914 (мың тоғыз жүз он төртінші) жылы «Тіл-құрал» деп аталатын оқулығы шықты. Ахмет Байтұрсынұлы Орынборда «Қазақ» газетін шығарды. Қазакстанның халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі болды.


16. Шоқан Уәлиханов

Шоқан 1835 (мың сегіз жүз отыз бесінші) жылы қарашада қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Оның шын аты Мұхамедханафия. Әкесі Шыңғыс аға сұлтан болған. Шоқанның атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Шоқан Абылайханның шөбересі. Ауыл мектебінде арабша хат танып, Омбы кадет корпусында оқиды. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген. Шоқан кадет корпусында белгілі ғалым, географ және Азияны зерттеуші Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласады. Ол қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен этнографиясы туралы көптеген еңбектер жазған.



17. Қаныш Сәтбаев.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) - аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақ Ғылым академиясын тұңғыш президенті, академик, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітірген. Қаныш Сәтбаев Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендерін зерттеген. Ол Сарыарқа, Жезқазған, Алтай, Қарағанды, Қаратау аймақтарының металлогендік карталарын жасады. Қаныш Сәтбаевтың атымен жаңа минерал аталған (сатбаевит). Оның есімімен институттар, металлургия зауыттары, қала, мектептер, көшелер аталған. Қаныш Қазақстанның ғылым саласының дамуына зор үлес қосқан адам. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.


18. Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин (1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туған жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай. Ыбырайдың шын аты Ибраһим. Ол алты жасында әкесінен жетім қалып, атасы Балғожа тәрбиелейді. Ыбырай 10 жасқа келгенде атасы Орынбор қаласындағы мектепке береді. Торғайда қазақ балалары үшін мектеп және интернат ашып, сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Кейін Елек, Қостанай, Ырғыз уездерінде орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен қамтиды. Қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Ақтөбеде мектеп-интернаттар ашуға көп үлес қосты. Қазақ балалары үшін «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарған. Ыбырай Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударған.


19. Астана-бас қала.

Қазақстанның елордасы –Астана қаласы. Астана Сарыарқа төрінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Елдорда Алматыдан Астанаға 1998 (мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы) жылы көшірілді. Қазір Астана үлкен құрылыс алаңына айналды. Қалада көптеген көп қабатты үйлер, ғажайып ғимараттар, спорт кешендері, сарайлар салынып жатыр. Жаңа цирк, Орта Азиядағы жалғыз океанариум бар. Біздің ауылдан астанаға дейін 60 (алпыс) шақырым. Астанада көптеген университеттер, мектептер, балабақшалар жұмыс істейді. Мен болашақта Астана қаласында білім алғым келеді. Қазір елордада 700 (жеті жүз) мыңға жуық тұрғын бар. Біз Астанаға жиі барып тұрамыз. Бұрын Қазақстанның елордалары Алматы, Қызылорда, Орынбор қалалары болды.


21. Қазақстан қорықтары.

Табиғатты қорғау бойынша ең маңызды шара – қорықтар ұйымдастыру. Қазір Қазақстанда тоғыз қорық бар. Қорықтарда сирек кездесетін жануарлар, құстар, өсімдіктер табиғи жағдайда сақталады. Онда оларды мұқият зерттейді. Сирек кездесетін жануарларды «Қызыл кітапқа» енгізеді. Қорықтарда аң аулауға, жол салуға, мал асырауға болмайды. Жабайы аңдар Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалады. Қазақстанда ең бірінші қорық 1926 (мың тоғыз жүз жиырма алтыншы) жылы ашылды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Бұл қорықта бүркіт, сілеусін (рысь), қоңыр аю, арқар мекендейді. Ақмола облысында Қорғалжын қорығы бар. Қорық Теңіз көлінде орналасқан. Бұл көлге жазда Африкадан фламинго құстары ұшып келеді.


20. Сусыз тіршілік жоқ.

Жердің 3/2 (үштен екі) бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі тіршілік судан шыққан. Жер планетасында су мұхит, теңіз, көл, өзен, бұлақтарда, жердің астында болады. Бірақ жердегі барлық судың тек 3 пайызы ғана адам өміріне жарамды тұщы су. Мұхиттар мен теңіздердегі су адам өміріне жарамсыз тұзды су. Ауыз судың көбісі Антарктида, Арктика мұздары мен Байкал сияқты үлкен көлдерде. Қазақстанда Каспий, Балқаш, Зайсан, Арал, Алакөл сияқты ірі көлдер, Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Есіл сияқты үлкен өзендер бар. Каспий, Арал, Балқаш көлдерінің суы тұзды. Биік таулардағы мұзарттарда да су қоймалары бар. Әр адам суды үнемдеу керек.


22. Абай Құнанбаев. Абайдың бір өлеңін жатқа айт.

Абай- қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, философ. Ол 1945 (мың тоғыз жүз қырық бесінші ) жылы Семей жеріндегі Шыңғыстауда дүниеге келді. Оның әкесі Құнанбай беделді, белгілі адам болған. Абай әжесі Зере мен анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Ол бала кезінен зерек, ынталы болды. Әкесі оны Семейге медресеге білім алуға жібереді. Семейде жүріп, ол өз бетімен орыс тілін үйренеді. Орыстың ұлы ақын, жазушылары Пушкин, Лермонтов, Гете, Толстой, Крылов шығармаларын оқып, қазақ тіліне аударды. Абайдың көптеген шығармалары бар. Абай өз өлеңдерінде жас ұрпақты білімге, мәдениетке, орыс халқымен дос болуға шақырған.


23. Нұрғиса Тілендиев.

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданы Шилікемер ауылы. Мәскеудің Чайковский атындағы консерваторисын бітірді. Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде бас дирижер қызметін атқарды. «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды. Нұрғиса Тілендиев Қазақстанның халық әртісі, 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Ол қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Ол 500-ден астам музыкалық шығармалардың авторы. Оның «Аққу», «Арман», «Ата толғауы», «Қорқыт туралы аңыз», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері қазақтың рухани қазынасына айналған.


24. Туыстық атаулар.

Көшпелі халықтардың туыстық қатынастары тығыз болған. Осыған байланысты көптеген туыстық атаулар пайда болған. Мысалы: ағатай (дядя), тәте (тетя), жезде (зять), жеңге (сноха), құда (сват), құдағи (сваха). Адамның ең жақын туыстары қандас туыстар. Олар әке, шеше, аға, іні, апа, қарындас, ата, әже. Ата мен әже- әке мен шешенің ата-аналары. Қазақ халқында ана жақтың туыстарын нағашы деп атайды. Мысалы: нағашы ата, нағашы әже. Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Әр жүз көптеген рулардан тұрады. Бір рудан шыққан адамдар бір-біріне туыс болып келеді.



25. Кино өнері-Шәкен Айманов.

Айманов Шәкен Кенжетайұлы (1914—1970) — қазақтың әйгілі актері, режиссер, Қазақстанның халық артісі. Болашақ актер 1914 (мың тоғыз жүз он төртінші) жылы 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Орта мектеп бітірген соң, Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына жұмысқа қабылданды. Кейін осы академиялық драма театрының бас режиссері болды. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» , «Алдар көсе», «Атамекен». «Біздің сүйікті дәрігер» мен «Тақиялы періште» қазақтың алғашқы комедиялық жанрлы фильдерін түсірді. Қазір «Қазақфильм» студиясы Айманов есімімен аталады. Жылда Алматыда «Шәкен жұлдыздары» атты халықаралық кинофестивалі өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет