Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы пән мұғалімінің іс-тәжірибесі



Дата07.02.2017
өлшемі310,76 Kb.
#8941
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы

пән мұғалімінің іс-тәжірибесі


Құрастырған: Шегетаева Ақзия Қалыбайқызы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,

Соркөл орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,

Соркөл орта мектебі

Құрастырушы: Шегетаева Ақзия Қалыбайқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Бұл жинақта қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу, сөздік қорларын молайту, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушы белсенділіктерін арттыру мақсатында сабақ жоспарлары, сыныптан тыс жұмыстар енгізілген. Әдістемелік құрал пән мұғалімінің іс-тәжірибесін таратуға арналған.



Кіріспе
Ана тілі – анамыздың ақ сүтімен, ата-бабамыздың зерек зердесімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырған ұлттық құндылығымыз. Ол әрбір ұлттың тірілігін, ірілігін, нарлығын, барлығын білдіреді. «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген ұлт ұстазы А. Байтұрсынов сөзі осының айғағы.

Біздің халқымызда ежелден шешендікке әуес, тіл өнерін басқа өнерден кем санамайды. Сондықтан қазақта «Өнер алды – қызыл тіл», «Айтылған сөз атылған оқпен тең», «Сөзі мірдің оғындай», «Қаһарлы сөз қамал бұзар», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді» т.б. мақал-мәтелдер, қанатты сөздер бар. Халқымыз тіл өнерінің небір кестелерін, орасан көп байлықтарын тудырды. Халқымыздың тіл байлығын игеру, мұрагер болу – ана тілін ардақтайтын азаматтың ісі.




Әдебиет – халық айнасы

Сабақтың тақырыбы: О. Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: О.Сүлейменов өмірі мен шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің идеялық мазмұнын ұғындыру.

Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой толғау

Сабақтың көрнекілігі: О.Сүлейменов шығармалар жинағы, суреттер.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі бойынша тапсырмалармен жұмыс.

1. Әңгіме бойынша сұрақтар беру.

2. Пейзаждық көріністер

3. Қарттың бастан кешкен қиыншылығын тұрақты сөз тіркесімен, бейнелі сөз тіркестерімен беруі. Осы сөздерге оқушы түсініктеме береді.

4. Кейіпкер қарттың сөзі

Үй тапсырмасын қорытындылау.


ІІІ. Жаңа сабақ

О.Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат беру. Ұлттық ойындарды атату. Аталған «қыз қуу» ойыны туралы не білетіндерін сұрау.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлең соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Дәптермен жұмыс.



  1. Өлеңнен әрқайсысына байланысты өлең жолдарын жаз.

Дала Арғымақ




  1. «Қыз қуу» және «Арғымақ» өлеңдеріндегі халқымыздың салт-дәстүрінің бейнеленуі туралы әңгіме. (қысқаша жазу)

ІV. Сабақты бекіту. «Тірек дыбыстар» ойыны


V. Үйге тапсырма: өлеңдерді жаттау. «Қыз қуу» ойынының суретін салу.
V. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)

 

Сабақтың мақсаты:

1. Мәтін бойынша талдау жұмыстары арқылы шығарманың көтерген негізгі мәселесін айқындау;

2. Ой қозғау негізінде оқушылардың өзіндік көзқарастарын, ұстанымдарын қалыптастыру;

3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сараптау арқылы ізгілікке тәрбелеу

 

Сабақтың типі: білімді жетілдіру сабағы



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақтар, мәтінмен жұмыс, талдау, жинақтау.

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Бүгінгі сабағымыз адамгершілік дәрісі болғандықтан сөз басы ізгі тілекпен басталсын

-          Бүгінгі сабағымыз жүректеріңізге ізгілік нұрын құйсын.

-          «Өз-өзіңді танысаң – істің басы» дегендей, өзіңді таны, өзіңе сен, өзіңді сүй.

-          Өз ұстанымы берік азаматтықтың биігінен көрін.

 

-  Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың қай уақытта да күн тәртібінен түспейтін адамгершілік мәселесін көтерген «Дермене» хикаятынан үзінді «Ата үміті» деп аталған. Өткен сабақта шығарма мәтінімен таныстыңыздар. Біз осы шығарма бойынша өтетін екінші сабағымызды өзіндік таным сабағы түрінде өткізбекпіз.



Әңгіме өзегі – Д.Исабеков «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)

- Қалай ойлайсыздар, үзінді неге «Ата үміті» деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған, артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста, соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді, атаның үміті неде?

Біз шығармада үш-ақ кейіпкермен жүздестік, бірақ салмағы батпандай ой түйдік.

Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай, қайда жүздестік?

 


  • Ата мен балаға келіп қосылған бейтаныс адам қандай жан?

  • Алғашқы жүздесу, алған әсеріңіз?

  • Шығарманың сізді ерекше толқытқан тұсы

  • Шығармадағы оқиғалардың сіз үшін ең шиеленісті, түйінді тұсы

  • Шығарманың тақырыбы немесе көтерілген негізгі мәселе қандай?

 

Кейіпкерлер жүйесі

 

Ішке, сыртқа 



+

-

Қарапайымдылық

Дөрекілік

Адал еңбек

Ұятсыздық

Әділетсіздік

Ұрлық

Мейірімділік

Қаталдық

Арлылық

Өктемдік

Адалдық

Дүниеқоңыздық

Сенгіштік

Пасықтық

 

Қаламгер шеберлігі

 

Шығарманың соңындағы авторлық шешім қандай, оған сіздің көзқарасыңыз?



 

Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау жеңудің бәрі жеңіс пе?

 

Ой түйін


 

РАФТ


Р - роль

А - аудитория

Ф - форма

Т – тақырып

 

Қорытынды. «Соңғы сөзді мен айтамын» (Ізгілік ережесі)



Үй тапсырмасы: «Дермене» хикаятының толық нұсқасын оқу

«Даналы ойдан дән ізде» (Ұлы адамдардың адамгершілік туралы айтқан қанатты сөздері)

Бағалау.
Қазақ тілі пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сан есімнің емлесі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу. Сан есімнің мағыналық түрлері мен құрамына қарай бөлінетін түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: сан есімнен алған теориялық білімдерін жаттығу жұмыстарын орындау барысында қолдана білуге үйрету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсу. Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтауға, талдауға машықтандыру.

Тәрбиелік: оқушыларды сауаттылыққа, білімділікке, зеректікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Адамгершілікке, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, дәптермен, оқулықпен, тақтамен жұмыстар, шығармашылық диктант.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кеспелер, сызба, плакаттар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, информатика, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындықтарын анықтау. Сабақ мақсатымен және В. Беспальконың дамыта оқыту технологиясы бойынша өту барысымен, сатыларымен таныстыру.



В. Беспальконың дамыта оқыту технологиясы

Шығармашылық диктант

ІV

Сергіту Шығарма-

сәті шылық саты

Дәптермен

жұмыс



ІІІ Оқулықпен Эвристика-

жұмыс лық саты

Кеспемен

жұмыс


ІІ Алгоритмдік

саты

СКТ бойынша

сұрақ-жауап


І Оқушы

деңгейі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 164-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен көшіріп жазу.
ІІІ. Өткен тақырыпты сатылай кешенді талдау арқылы бекіту.
Сан есімнен өткенді сатылай кешенді талдау жүйесі бойынша қайталау.

Сан есім

Сөз табының бірі.


Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіреді.
Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші? деген сұрақтарға жауап береді.
Құрамына қарай 2 түрге бөлінеді.

Дара және күрделі сан есімдер

Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады.

Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есімдер деп аталады.

К.с.е. дефис арқылы жазылады.

Мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді.

Есептік с.е. – заттың нақты санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.

Реттік с.е. – заттың саналу ретін, қатарын білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.

Жинақтық с.е. – заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді.

Болжалдық с.е. заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді.

Топтау с.е. – заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді.

Бөлшектік с.е. заттың бөлшектік санын білдіреді.


Сөйлемде барлық сөйлем мүшесінің, көбінесе анықтауыштың қызметін атқарады.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру. Тақырыбы: Сан есімнің емлесі

1. Кеспемен жұмыс.



Р/с

Сан есімнің емлесі

Мысалдары

1

Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады.

Жиырма бес, бір миллион жеті жүз алпыс бес мың

2

Цифрмен берілген сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.

Атам 70-ке толды. Інімнің жасы 10-нан 11-ге қарады.

3

Реттік сан есімдер араб цифрымен таңбаланғанда, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады.

6-сынып, 5-қатар, 20-есеп, 123-мектеп, т.б.

4

Ал рим санымен берілгенде дефис қойылмайды.

V# Сынып, {{ ғасыр, V қатар, т.б.

5

Жыл, ай, ғасыр, күннің ретін білдіретін сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис қойылмайды.

1986 жыл, 16 желтоқсан, 8 наурыз

6

Екі, алты, жеті есептік сан есімдеріне жинақтық сан есім жасайтын –ау, -еу жұрнақтары жалғанғанда, түбір соңындағы (ы, і) дыбыстары түсіп қалады.

Ек(і)еу, алт(ы)ау, жет(і)еу

7

Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, олардан кейін келетін қосымшалар дефис арқылы жазылады.

10-даған, 20-дай, 1000-дап, 50-55-тердегі


2. Оқулықпен жұмыс. Әдебиет пәнімен байланыс.

165-жаттығу. (ауызша) Мәтінді рөлге бөліп оқып шығып, сан есімдерді мағыналық түрлеріне қарай талдап беріңдер..

Бір, екеуі, төрт-бес, төртеу, алтау, екеу.



3. Дәптермен жұмыс. Математика пәнімен байланыс.

166-жаттығу. (жазбаша) Мәтіндермен танысып шыққан соң, сан есімнің емлесіне қатысты ережелерді еске түсіріп, қатесін түзетіп жазыңдар.

Біреудің 3 қызы бар екен. Оның ұлдары екеу екен. Ол –ХІХ ғасырда өмір сүрген жан. Немерелері жетеуге тарта. Үлкені 2003 жылы туған. Алды ІІ сыныпта оқиды.



167-жаттығу. (жазбаша) Мәтінмен танысыңдар. 7 қазынаға байланысты пікір алмасып, ой қорытыңдар. Өз пікірлеріңді сан есім түрлерін пайдалана отырып, жазып шығыңдар.
V.Сергіту сәті. Ойнайық та, ойлайық!

Сәйкестендіру тест «Кім жылдам»? ойыны


VІ.Сабақты қорыту.Тарих пәнімен байланыс.

Шығармашылық диктант. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып және сан есімнің қай түріне жататынын анықтап, сұраққа жауап беріңдер. (қарамен жазылған сөздерге дыбыстық, сөз құрамына қарай, сөз таптарына қарай талдау жасау)

... желтоқсан – Тәуелсіздік күні!

Биыл тәуелсіздік алғанымызға ... жыл толады.

Қазақстан ... жылы ... желтоқсанда Тәуелсіздігін алды.

... желтоқсан – Президент күні!


VІІ. Үйге тапсырма: 168-жаттығу. Сан есім түрлерін қатыстыра отырып, «Сандар әлеміндегі қызықтар» тақырыбында шағын шығарма жазыңдар.
VІІІ. Бағалау.

ІV деңгей – «5»

ІІІ деңгей – «4»

ІІ деңгей – «3»

І деңгей – «2»


Әдебиет заңғарлары

Тақырыбы: Жырлайды жүрек!
Мақсаты:

Білімділік: Мұқағали Мақатаев өмірбаянымен таныса отырып, ақын өлеңдерін оқушылар арасында кеңінен насихаттау.

Дамытушылық: ақын поэзиясын терең ұғынуға, мәнерлеп оқуға, әндерін нақышына келтіріп орындауға, ақын поэзиясын сүйіп оқуға үйрету.

Тәрбиелік: ақынның поэзия өнеріндегі биіктігін, асқақтығын оқушы көңіліне сіңіре отырып, адалдыққа, пәктікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Түрі: кеш

Көрнекілігі: М. Мақатаев портреті, суреттер, қанатты сөздер, кітаптар, слайдтар.


Өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Өтетін орынды әзірлеу

2. Оқушылардың қатынасын қадағалау


ІІ. Негізгі бөлім

1. «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!» кіріспе сөз


2. «Халқына қақ жарылған қайран жүрек!» кештің ашылуы, жүргізушілер сөзі
3. «Жырлайды жүрек» (ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу)
4. «Мұқағали Мақатаев күнделіктері»
5. «Ақын туралы естеліктер»
6. «Ән – көңілдің ажары!» әндерін орындау

ІІІ. Қорытынды бөлім.

«Жалғастыр!» ойыны (ән шумақтарын жалғастыру)

«Жырлайды жүрек!» атты поэзия кешінің бағдарламасы


1. «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!» кіріспе сөз

1-мұғалім: Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келді. Ақынның азан шақырып қойылған аты – Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен.

Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген. Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.

2-мұғалім: Ол – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің жауапты хатшысы, «Егемен Қазақстан» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер, Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Советтік шекара» газетінде жарияланды. «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді.

1-мұғалім: Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез-келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі.
2. «Халқына қақ жарылған қайран жүрек!» кештің ашылуы, жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен, Абай болып табынсам бір кісіге,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен. Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлап өткен Мұқағали Мақатаевтың 83-жылдық мерейтойын атап өту мектебімізде басталып кетті.


2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев – бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақын. Оның өлеңдерін ықыласпен оқымаған, сөздеріне жазылған әндерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқтығы белгілі. Ол – қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін сезімталдықпен жырлаған ақын.
1-жүргізуші:

Жөн-жосық бізге де осы керек-ақ деп,

Бармадың бір жиынға делегат боп.

Алмадың бір сыйлықты, сен дегенде

Боп кетті сол құрғырдың әлегі-ақ көп, - деп ақын туралы Сабырхан Асанов жырлағандай, Мұқағали көзі тірісінде сый-құрметке ие болмаған еді. Кейіннен «Ғасыр ақыны» атағын иеленсе, 70-жылдық мерейтойына орай «Аманат» жинағы үшін лауреат атағы берілді.

2-жүргізуші: Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да – осы қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды. Иә, байырғы бабалар дархан даламыздың қас жауына қарсы аттанғанда жазылған қара өлең, соғыста қанмен жазылған қара өлең, ақ жүректі аналар дүниеге сәби әкелгенде ақ сүтімен жазылған қара өлең ақынды барынша баурап алған-ды. Ол шыр етіп дүниеге келгенде бесік жырымен, ана әлдиімен көзін ашқан-ды. Сол бесіктен басталған жыр оны ақыры ақынға айналдырды.


1-жүргізуші:

Жалғасы бар жырымның, жалғасы бар,

Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар.

Сел-жырым ақтарылса арнасынан,

Селкілдеп тау мен тасын зорға шыдар, - дей отырып, ендігі кезек «Жырлайды жүрек» бөлімі бойынша оқушыларға беріледі.

3. «Жырлайды жүрек» (ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу)


2-жүргізуші: Келесі бөлім «Мұқағали Мақатаев күнделіктері» - деп аталады.

1972 жыл 27-наурыз. Дүниеге жаңа келгендеймін, ой-санам, жүріс-тұрыс, мінезде сұмдық өзгеріс бар. Сәл кештеу оянған жоқ па? Әлде дер шағы ма екен!


1-жүргізуші:

Жазылар естеліктер мен туралы, Біреулер тұлпар еді деуі де мүмкін,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы, - деп ақынның өзі айтып кеткендей, ол туралы көптеген естеліктер айтылып, жазылған болатын. Ендігі кезекті ақын туралы естеліктерге береміз.
6. «Ән – көңілдің ажары!» әндерін орындау

2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев кезінде ән жайында: «Бүгінде халық әнді көп айтады. Шүкір, өлеңді сүйетіндер де аз емес. Бірақ жақы әнге жақсы өлең қосылса, бір ғажап қой» деген екен. Сол айтқанындай Мұқағали сөзіне жазылған көптеген әндер дүниеге келгенді. Олай болса, мұқағали сөзіне жазылған әндерге кезек берейік.


1-жүргізуші:

Не деген керемет күн, керемет күн,

Жаныңа бәрі дайын не керектің.

Көрінер гүлдердің де бүр жарғаны,

Естілер ұшқаны да көбелектің, - деп жырлаған мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әнін тыңдайық.
2-жүргізуші: 1970 жылы жазылған «Ақ қыздар арым таза алдарыңда» атты жырында:

Ақ қыздар бәріңді де тұнық көрдім,

Жасқанып жанарлардан бұғып келдім.

Біріңнің арыңа ақау түсірмедім,


Шыққанша қырқасына қырық белдің, - деп жырлап өткен ақынның сөзіне жазылған «Арулар – асыл жандар» әніне кезек береміз.

1-жүргізуші:

Жыр десе Мұқаң аты аталатын,

Бүгінде мәңгі ұйқыда жатыр ақын.

Жырлары жалын сөзбен көмкерілген,

Сақтаймын жүрегімде ақын атын, - дей келе, «Бақыт деген» әніне кезек береміз.


2-жүргізуші: ақын осы өлеңі арқылы өз ұрпағының сүйікті ақынына деген сағынышын және өзінің «еске алып тұрса екен» деген тілегін жазып кеткен сияқты. Ендеше «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдап көрелік.
ІІІ. Қорытынды бөлім.

«Жалғастыр!» ойыны (ән шумақтарын жалғастыру)


1-жүргізуші:

Мына дәуір менікі, мына ғасыр,

Минут сайын керемет, ұлан-асыр.

Мәңгілікке ғасырың бара жатса,

Бірге кетпей қалайша тұра аласың.
2-жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
1-жүргізуші:

Жылдар өтер. Туар әлі небір ақындар. Бірақ, Мұқағали жыры өз биігінде оқылып, әр адамның жадында жаттала берер. Қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген мұқағали есімі де ғарыштап кететіні – ақиқат.


2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев ешқашан ұмытылмақ емес. Мұқағали – бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, халқымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Ақынның әрбір өлеңін қымбат қазынамыздай сақтап оқуымыз керек. Ол - біздің міндетіміз.
1-жүргізуші: Осымен бүгінгі ақиық ақын Мұқағалидың туған күніне арналған поэзия кеші аяқталды. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!


Тақырыбы: « Абай оқулары»

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.

Міндеті: 1. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.

2. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан көру.

3. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
І жүргізуші:

Дана Абайды қазақтың ақылына балаймын.

Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!

Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,

Жан алаңы, мұңы бар- қазағы бар Абайдың.
ІІ жүргізуші:

Арлы Абайды қазақтың қайраты деп ұғамын,

Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!

Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,

Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
І жүргізуші:

Сара Абайды қазақтың жүрегі деп білемін,

Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?

Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,

Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!

ІІ жүргізуші:

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы- мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.
І, ІІ жүргізуші:

Құрметті ұстаздар және оқушылар, сыныбымыздағы Абай оқуларына хош келдіңіздер!

І жүргізуші: Абай оқуларына қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Сайысымызды ашу үшін сөз мектеп директорының оқуісі жөніндегі орынбасарына беріледі.
ІІ жүргізуші:

Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 бөлімнен тұрады.

1-бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы » (Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу)

2- бөлім: «Көңілім әнді ұғады» (Абай мен Шәкәрім әндерін, күйлерін орындау )

3-бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар байқауы)

І жүргізуші:

Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасының төрайымы- Тәрбие ісінің меңгерушісі

Мүшелері: 1. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

2. Музыка пәнінің мұғалімі


ІІ жүргізуші:

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.

Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар

Сайысқа қатысушы тұлғаларға,-

дей отырып, сайыстың «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз.


( Зал қараңғыланып, сахнадағы Абай портретіне май шам жарығы түсіріледі.Мағжан Жұмабаевтың Абайға арналған өлеңі оқылады.)
ІІ жүргізуші:

Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар,

Ойы сергек жан оны ұғар,

Бар сезіміңді қозғар ән-күйге

Жастар, тілімді ал, бол құмар,-

деп Шыңғыстаудың дара тұлғасы Шәкәрім атамыз да ән мен күй өнерін аса жоғары бағалағаны белгілі.


І жүргізуші:

Олай болса, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға Абай мен Шәкәрім әндерін нақышына келтіріп орындайтын жас таланттарымызды шақырамыз.


ІІ жүргізуші:

Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?

Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе?

Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс

Басқа біреу қол ұшын келіп маған берер ме?-

деп дүлдүл ақын Тұманбай Молдағалиев ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде де ұлы ақындардың жырларынан нәр алып, балғын жырларымен көзге түсіп жүрген жас ақындарымыз аз емес. Енді оларға да кезек берейік.


І жүргізуші:

Поэзия әлеміне самғадың,

Әділетті көксеуден еш талмадың.

Ақындардың көшбасшысы атанып,

Ел аузында мәңгі қалды жазғаның.
ІІ жүргізуші:

Өзің едің өлең-жырдың тарланы,

Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.

Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым,

Қолдасын деп Абай ата аруағы.
І жүргізуші:

Орындалмай қалды қанша арманы,

Жас ақындар өнеріңді жалғады.

Ұрпақтарың есіне алып өзіңді,

Жауһар жырмен мүсініңді сомдады.

ІІ жүргізуші:

Құрметті жыр сүйер қауым, бүгінгі сайысқа арналған ән-шашуды қабыл алыңыздар.
І жүргізуші:

Бойларыңда от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-

деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.


ІІ жүргізуші:

Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,

Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.

Көлеңкелі кеудесіне қазақтың

Шымырлаған шуақ болып тарайды.
Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын,

Анық басып, жүрдің байқап ақырын.

Қазақ бүгін көтереді көгіне,

Халық үшін қан жылаған ақынын.


І жүргізуші:

Абай оқуларының шымылдығын талай жанның жүрегіне үміт отын ұялатып, талай жастың сезіміне куә болған, шынайы махаббаттың әнұранына айналған әйгілі «Көзімнің қарасы» әнімен жабуға рұхсат етіңіздер!



Тақырыбы: «Қазақ әнінің Қадыры»


  • Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Талантты ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Қазақ әнінің Қадыры» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер.

Дарындылық, ақындылық туралы Қадыр былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы, өз үйі, өз қара шаңырағынан.

Өйткені, ақын да кәдімгі бала болған. Ал, ата-ана өздерінің ойда жоқта айрықша азамат, ұлы перзент әкелгеніне ә дегенше сене алмайды. Басқа – басқа, құдай қосқан қосағыда жарының қандай ірі тұлға, қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп, елден естіп біледі, бірақ сене қоймайды, өтпелі дүние деп есептейді. Обалы не керек, талантты алдымен танитын да, табынатын да оқырман қауым, қалың ел халық!

Иә, ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Халқымыздың ән ұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Атамекенді бәріміз бірге айтып, осы кешті ашуды ұсынамын.

Ән « Атамекен»

Сөз: Қадыр Мырзалиев.

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.



І-оқушы. Ақын 1935 ж. 5-қантар Орал облысының Жымпиты топырағында дүниеге келген. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және Тарлан сыйлықтарының иегері. Тілі шыққан баладан шыққан данаға дейін, Қадыр есімі қадірлі.

ІІ-оқушы. Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,

Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен

Мырзалының

Үміт артқан өлгенше

Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен

Жүз демейін -

Түсінеді жөнді ұққан.

Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан.

Жалғыз едім өспей қойған атадан.

Жоғалуға қақым жоқ-ты сондықтан!

Ағайын жоқ ертелі кеш аңдыздар,

Бар аздаған ойнамайтын балдыздар.

Бар аздаған жолдастарым.

Достарым


Олар да сол: Мен секілді жалғыздар.

Әли айтпақшы.

Жарқылдаған жарым бар,

Үш балам бар,

Құдай берген дарын бар.

Момын да емен көке кетер қорлыққа.

Асау да емен ала – қашып арындар.

Өлең жаздым тоғыз тарау,

Жеті өрім.

Сездім соның жүректерге жетерін.

Жалғызбын деп

Жанға нөкер болмадым,

Өзімнің де болған емес нөкерім.

Сөйледім бе,

Сөйлемейтін бекерге,

Ақылымды алмасын тек кетерде.

Жағаласпай тыным жүрсем,

Әлі де


Жаман жүрек жарап қалар лекерге!

Жас алып тұрып көзіме,

Жырлаймын, жерім, құп алсақ

Түсемін тамып өзіңе,

Тола алмай тұрған көл болсаң

Алысқа тағдыр әкетіп,

Амал жоқ егер шет қонсам,

Тиемін саған лап етіп,

Тұтанбай тұрған от болсаң.

Ән «Тамды ару»

Қ. Мырзалиевтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Тамды ару» әнін ұсынады.
Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.

Қысқасы, басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттық асыл қасиеттерімен құндылық тарымен қаруланасың.


Жайлауың болар жеріміз.

Төсегің болар төріміз

Білгіңіз келсе қазақты

Қонағы болып көріңіз.

Төгілген қан мен теріміз.

Туыстық бізде еріміз

Білгіңіз келсе қазақты

Тегіне тиін көріңіз.

Айгерімнің орындауында «Қазақ осы» әнін тамашалаңыздар.
Қадыр ақын асыл анасына өз өлең – жырларымен өшпес ескерткіш орнатқан. Қазақ әлеміндегі біртуар азаматтың сүйіспеншілігіне бөленген - Мағыраш апа екі дүниеде де арманы жоқ бақытты ана.

Ақын анасынан жырақта жүргеніне қайта – қайта толғанып, анаға деген ыстық. ықыласы мен махаббатын өлең жолдарымен жеткізеді.

Бастауыш мектеп мұғалімі Меңдібаева Гүлбанудың орындауында «Әже туралы әнді» тамашалаңыздар.

Айналайын Қадырым!

Елге қымбат қадірің.

Сенен басқа ақын жоқ.

Елдің ойлар тағдырын!

Сізге арнап елін жырын арнайды

Әнге бөлеп жиендерің жырлайды.

Ақынның жиендері Сырым өңірінде тұрады. Соның бірі - Рахметов Қайрат Қанатқалиұлы. Бұл кісінің әкесі Рахметов Қанатқали ұзақ жылдар бойы мәдениет бөлімінде еңбек еткен өнерлі адам, ақының жездесі. Қадыр «Жездеке» әнін осы кісіге арнаған.

Сөз: Қ. Мырзалиев

Әнің жазған: Сейдолла Бәйтереков.


Тамылжыған сыршыл әннен сан қилы,

Кең даламның жұпар иісі аңқиды.

Қуат алам сырға толы әуеннен,

Жан дүниеге шуақ төккен әуелден.


Ән: «Цыган серенадасы»

Сөз: Қ. Мырзалиев

Әнің жазған: Шәмші Қалдаяқов
Осы кеште жайқалып «Бұлбұл бағы»

Әсем әуен құлақта сыңғырлады.

«Ой орманын» тынымыз кешкен ақын

Жырдың кенін тереңнен бұрғылады

Кең жайлауға тікті де ол «Ақ отауы»

Жарқын жүзбен қарсы алды дала таңын.

Мен де осындай «Даланың дидарына!

Ғашық көзбен қарауды жаратамын.

Ән: «Жылдар –ай»

Сөз: Қ. Мырзалиев

Әнің жазған: Сейдолла Бәйтереков.
Сүйемін мен қазақ әнін әдепті,

Бала күннен үйреткен жақсы әдетті.

Асыл қазына жатқан жоқ па әр әнде,

Киелі одан ешнәрсе жоқ әлемде.


Ән: «Тамаша»

Сөз: Қ. Мырзадиев

Ән: Теміржан Базарбаев
Ұнатамын халық әнін сарынды,

Биіктеткен ой-санамды, арымды.

Ізгілікті әндерінен Қадырдың.

Парасаттың шұғыласы тарады.

Қадыр Мырза Әли – 200 ге жуық ән мәтіндерін жазған. Оның әндері халық арасына көп тараған. Өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев сынды қазақтың дарынды сазгерлері әндер жазған Қазақстан Республикасының әнұранының авторларының бірі де Қадыр болатын.

Ән: «Апам үшін»әні орындалады.

«Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың... Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдірксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі. Мұндай даусыз даңқ, татаусыз танымалдықтың сыры – Қадыр талантының қарапайымдылығында».

Қадыр елі, Қадыр жері - Қадыр жырларын ешқашан ұмытпаймыз.

Ән: Өз елім. Әнін жазған: Нұрғиса Тілендиев.
«Арманыңды ақтармын ба, жүрегімде тербесем...»

(оқушылар шығармашылығынан)
Үлгі алмын ісіңнен,

Кім бар сіздей түсінген.

Ақылыңды аламын,

Азамат боп шығамын.

Темірова Құндызай

Сөзі шырын бал анам,

Өрге тартқан нар анам.

Мың жасайды біздермен,

Жаны жұмсақ жан анам.

Досбаева Нұргүл

Анашым, менің анашым,

Әлдилеген баласын.

Қайғырады біз үшін,

Мәңгі сенсің панашым.

Әлемдегі ең керемет ол ана,

Қайғырады ана деген балаға.

Аналарды сыйлау керек өмірде,

Жетпейтін шығар анаға ешкім кемінде.

Құттығалиев Саяныш

Ана деген қадірлі жан білемін,

Оны мәңгі ренжітпей жүремін.

Ей, адамдар, осыны есте сақтаңдар,

Аналардың ақ сүттерін ақтаңдар.

Дүйсен Бекарыс

Ана деген ардақты жан аялаған,

Жүрегі кең пейілді саялаған.

Қартаймашы, жанымызда жүре берші,

Бағып-қаққан ақ сүтін аямаған.

Ахметова Жансая
Ана деген ааақққ сүтімен аялаған,

Ана деп бір өзіңді саялағам.

Әрқашан аналардың жүрегіне,

Бақ пен бақыт қонсын деп аямаған.

Тәжібаева Жұмагүл
Ана менің махаббатым өмірдегі

Аялы алақанмен тербетеді.

Аналар әркез кешірімді, нәзік жүрек,

Баласын тәрбиелеп өсіреді.



Ғалымжанова Аққыз

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы




  1. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» әдістемелік журнал




  1. Қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтары




  1. Қазақ тілі. Ш. Бектұров




  1. Қазақ тілі «Шың»



  1. «Жылап қайттым өмірдің базарынан» жыр жинағы



  1. «Аққудың қанатына жазылған жыр» жинағы



  1. «Мұқағали» кітабы



  1. Қ. Мырзалиев кітаптары



  1. Абай өлеңдері

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет