Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ОҚО,Төлеби ауданы, Жыланбұзған жалпы орта мектебі



Дата27.08.2017
өлшемі67,27 Kb.
#29932
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ – БҮГІНГІ ӨМІР ТАЛАБЫ

Копбосынова Гульнар Ибадуллақызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ОҚО,Төлеби ауданы, Жыланбұзған жалпы орта мектебі


Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар - еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы. Сондықтан да болашақ өміріміздің бүгінгі күннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелеп, өркениетті дүниеде өзіндік орын алу үшін еліміздегі білім беру жүйесінде қазіргі заман талабына сай әлемдік білім кеңістігіне ену бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бір нәтижесі - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында: «...Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»[1], – деп айтып өткен сөзіне байланысты білім берудің мазмұнын жаңарту. Осыған орай, жалпы білім беретін қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасына негізделіп, жаңартылуда. Бүгінгі қолданыстағы бағдарлама мен жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерін айтатын болсақ, жалпы білім беретін мектептерде қолданылып жүрген оқу бағдарламасы грамматикалық дағдыларға негізделген. Лингвистикалық терминдерге баса назар аударылып, материал таңдауда мұғалім еркіндігі шектеулі болатын, ал жаңа оқу бағдарламасында оқу материалын таңдау еркіндігі мұғалімнің өзінде. Мұғалім білім көзі ретіндегі рөлінен білім берудегі бағыттаушы рөліне ауысады. Оқушылар түрлі құралдарды қолдану арқылы сыныптастарымен, мұғалімдермен, көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа түседі. Сонымен қатар осы бағдарлама арқылы өткізілген сабақтар оқушылардың қазақ тіліне деген ынталарын күшейтіп, сауаттылыққа жетелейді. Ал оқу бағдарламасындағы таңдап алынған тақырыптар күнделікті өмірмен сабақтасатындықтан, оқушының іс-әрекетіне, күнделікті өмірде қажетіне жарата білуіне қарай бағытталады және оқушының тек тілді меңгеруіне ғана емес, сонымен қатар жан-жақты дамуына жол ашады. Қолданыстағы және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасына негізделіп әзірленген бағдарламалардың оқу мазмұны оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» деңгейлерін негізге ала отырып айқындалған және әр деңгейдің соңындағы күтілетін нәтижелер түрінде берілген. Сондай-ақ, жаңа бағдарламадағы екінші тіл деген терминінің орнығуы тілді үйренушілердің дүниежүзілік деңгейіне сәйкестендірлуін көрсете отырып, дүние тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым сияқты төрт дағды арқылы жүзеге асырылады. Бұл дағдылар коммуникативтік дағдылар болып табылады. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Сол екшіліктерін ескеріп сабақ құрудың өзі тілді тиімді меңгеруге мүмкіндік береді [2]. Оқу бағдарламасын енгізудің тағы бірнеше ұтымды тұстары бар, олар: - мазмұнды іріктеудің концентрлік принципі; - оқыту мақсаттарының иерархиясы мен маңызды пәндік операциялар негізіндегі жіктелісі; - оқыту мақсаттарын егжей-тегжейлі жоспарлау: сынып ішінде, пән курсы бойынша; - пәндер арасындағы мазмұндас тақырыптар; - қүтілетін нәтиже мен мұғалімнің академиялық еркіндігінің ұтымды үйлесімі; - пән тараулары мен тақырыптарының заман ағымына сәйкестігі, әлеуметтену дағдыларын қалыптастыруға басымдық болып табылады. Аталған бағдарлама маңызды үш құжаттан (бағдарламаның өзі, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар) тұратындықтан, бүкіл оқу үдерісін жүйелі түрде өткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, білім беру деңгейіндегі пән тұжырымдамасын, сағат санын, бағалау жүйесін, т.б. оқу бағдарламасы сипаттайтын болса, ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтап, яғни, оқу бағдарламасының жалғасы ретінде пәндік мазмұнын нақтылайды. Ал орта мерзімді жоспар нақты сынып бойынша пән тарауларының мақсаттары мен міндеттерін, мұғалім іс-әрекеттері мен ресурстық қолдауды егжей-тегжейлі ұсынып, ұзақ мерзімді жоспармен қалай жұмыс істейтінін көрсететіп, оқу материалын сынып ішінде және сыныптар арасында байланыстырады. Мұндай орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты: – жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы; – оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру; – әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу; – оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау; – осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету; оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету [3]. Сондай-ақ, орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі болып табылатын қысқа мерзімді жоспар да оқушыларға қазақ тілін меңгертуде нәтижелі жұмыс атқаруға септігін тигізері сөзсіз. Бұл құжатты жоспарлауға барлық педагогтерді қамтуға болады. Қысқа мерзімді жоспардың ерекшелігі – мұнда мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Мұндай жоспарларға оқушылардың қоғамға араласуға қажетті жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдылары қарастырыла отырып, оларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыратын тапсырмалар енгізіледі. Бұл бағдарлама бойынша сабақ барысында ең бастысы төмендегідей мәселелерге көңіл аудару қажет: - оқушының қатесі үшін жазалап оқытуға болмайды, қателерін түзету үшін оқыту, оқытудағы басты ұстаным – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру; - оқушыларға дебат тақырыбын таңдауға, зерттеуге және «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру, дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келуге, өнім жасауға мүмкіндік беру; - тапсырмалар (белсенді іс-әрекеттер) арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру. Оқу үдерісінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болғанына назар аудару, мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермей, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттау; - оқылым және жазылымға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру арқылы сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік беру, яғни ол қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерін әзірлеу. Әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге және ашық қоғамның азаматы болуға үйрету; - интерактивті оқыту әдіс-тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету, яғни ақпарат мұғалімнен оқушыға, оқушыдан мұғалімге өтіп отыруына мүмкіндік беру[4]. Белсенді оқыта отырып, оқушыларды өз пікірін айта білуді және өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйрету; - ұжымдық оқыту технологиясы арқылы жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттау. Ал аталып отырған ұжымдық оқыту технологиясы қиын істерді атқаруда, топтық жұмыстарда, келісімге келуде, өзін-өзі басқару және ұйымдастыра білуде қажет болатын оқушы дағдыларын қалыптастыруға жол ашады. «Қазақ тілі» пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасы оқушылардың: - басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа,сезім–күйге, идеяларға толеранттылық көрсете білу қасиетін; - көп тілді, көп мәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі, пікірін түрлі көзқарастарды талдай отырып, өз көзқарасымен өзгенің пікірін салыстыра отырып ашық жеткізу дағдысын; - Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлікті сақтауды қолдау дағдыларын қалыптастырады. Жалпы, оқу бағдарламасының жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері арқылы мұғалімдер: - оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, олардың бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау; - мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; - проблемаларды шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету; - оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету; - оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс–тәсілдеріне; - негізделген белсенді оқытуға бейімдеу; - оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту; - оқушылардың жеке, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыра алады. Ал оқушылар: - тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді; - сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады; - ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады; - коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді және өзгелермен еркін қарым- қатынасқа түсуді үйренеді; - қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады, қызығушылығын арттырады. Қорыта айтқанда, неше жылдан бері қазақ тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей, енді ғана шешімін тапқандай. Алаш жұртының ардақты ұлы Міржақып Дулатовтың «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, бүгінгі таңда жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымын қалыптастыруға, әлемдік сапа деңгейін, білім негіздерін меңгеруіне, яғни жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беруге ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құруға бағытталған жаңартылған бағдарламалар өте маңызды рөл атқарғалы отыр. Ал сол жаңа бағыт бойынша оқушылардың сол барлық қабілеттерін дамыту мұғалімнің көшбасшылық қабілетіне, яғни әр сабағында қалыптасып отыратын, шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйретуіне байланысты. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай, мұны әрбір мұғалім жадында сақтай отырып, жан-жақты ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс [5].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 17.01.2014 ж. Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

2.Құлмағамбетова А.Ш. Тілдік дағдылардың меңгерту жолдары. [Электрондық ресурс]: http://nis.edu.kz/

3. «Орта білім мазмұнын. Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі негізінде жаңарту» әдістемелік құрал. Астана – 2004. [Электрондық ресурс]: goo.kz/loader/load/23088



4. Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (Т2) пәнінен оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес мектептерге арналған) 2014 жыл. [Электрондық ресурс]: http://nis.edu.kz/

5. Рухани құндылықтар.[Электрондық ресурс]: http://rukhanialem.psu.kz
Каталог: materialy -> makala
makala -> С. торайғыров шығармашылығы дуйсебаева Жанар Канатовна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Созақ ауданы, Т. Момбеков атындағы жалпы орта мектебі
makala -> Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы
makala -> Ана тілі пәнінде интербелсенді оқытудың Қолданудың тиімділігі
makala -> Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
makala -> 1. Отан, туған жер туралы
makala -> Бөрібай Ұлбосын Арыс қаласы «Жиделі» жом қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көркем әдебиеттің өмір танытушылық маңызы
makala -> Нартаева Нилуфар Абдувахабовна
makala -> Кансеитова Алтынай Баглановна Төлеби ауданы, Ақбастау ауылы, Ақбастау жом, бастауыш сынып мұғалімі
makala -> Әкімбаев Бақытжан Әбдіқадырұлы Игембаева Бибигул Сарсенбиевна білім беру ұйымдарында оқушылардың функционалдық шығармашылығын дамыту


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет