Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет5/11
Дата23.10.2016
өлшемі2,14 Mb.
#28
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы

2. «Дауылдан кейін» романы

3. Ғ. Мұстафиннің шығармалары.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Туған жер







        Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, кұмарың бір қана ма?!

Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,

Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр!

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің!

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім!

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім,

Қызығыңды көріп еркін келемін.

Сен де аямай бердің маған барыңды,

Мен де аямай барым саған беремін.

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.

Жақын жүрсем, мен төрінде рахатгың,

Алтын діңгек - өзім туған босағам!

1946.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Өлеңді мәнерлеп оқу
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. Қ. Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Шығармаларын оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Туған жер» өлеңін жаттау


19-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Теңізге», «Қара теңізге»
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: ақынның өмірі мен шығармашылығы, олардың тақырыптары, бөлінетін салалары және «Теңізге» өлеңінің тақырыбы, идеясы, лирикасын меңгертуге жағдай туғызу, ақын сезіміне ортақтастыру, параллелизм жөнінде мағлұмат қалыптастыру

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешег, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: өлеңнің негізгі түйінін таба білуге, оқушының өлеңді талдай білуге, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы

2. «Дариға сол қыз», «Туған жер» өлеңдері
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Әбділда Тәжібаев «Теңізге», «Қара теңізге»
Әбділда Тәжібаев - осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев - поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы - тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы. 

Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді.

Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.

Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (казіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келеді. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Атасы - әңгімешіл, ертекші кісі, ал анасы Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі - Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып, тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған.

Ал ақылды, мейірбан нағашы атасы 1919 жылдың қысында сүзектен қайтыс болғанша Әбділданы қасынан тастамай, қайда барса да бірге алып жүрген. Әбділда атасына көмектесіп, ау жайысып, тарысын суғарысқан. Той-томалаққа да бірге барып, атасының жанында төрде отырып, үлкендерден қазақтың ескілікті қызық әңгімелеріне қаныққан. Неше түрлі аңыз, ертегілерді көп білетін атасы да тыңдауға құмар жиеніне айтып беруден жалықпайды екен.

Бұл Әбділданың өзі туралы айтылған сөз еді. Шынында да, ол 1922 жылы Қызылорда қаласында жаңадан ашылған жетім балаларға арналған интернатқа қабылданып, сауаттылығының арқасында бірден интернат жанындағы бастауыш мектептің 3-сыныбынан бастап оқып кетеді.  Әбділданың алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жарияланады. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте, 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956 жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді Еңбек жолын "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде алдымен пошта тасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небары 4-5 жылда "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті редакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың "Жұмысшының гудогі" өлеңі 1926 жылы "Жұмысшы" газетінде басылады. Бұл - оның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Әрі қарай өлеңдері "Жұмысшы" және "Еңбекші қазақ" газеттерінде шығып тұрады. Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады.

30-жылдары ақын көп оқу, тынымсыз іздену үстінде өндіре де жазады, шығармаларының көркемдік сапасы жағынан да айтарлықтай биікке көтеріледі. "Жаңа ұрпақ" (1935), "Лирикалар" (1936) деп аталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді. Белгілі "Оркестр", "Абыл", "Толағай" сынды романтикалық поэмалары мен М.Әуезовпен бірігіп жазған "Ақ қайың" деп аталатын тұңғыш пьесасы да сол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарының біріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: "Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын" деп (1939) бағалайды.

Жас ақынның өмірден алған алғашқы әсері оның жырларындағы қызулы екпін- күшті, ілгеріге ұмтылысты байқатқандай. Мұндай үнді қаламгерлерге сол дәуірдегі күрес шындығы бергені даусыз. Әуелі қадамын саясатқа, байлардың тәркіленуі мен кедей-жалшылардың теңдікке ұмтылуы жолын суреттеуден бастаған ол оттызыншы жылдардың бас кезінде-ақ лирикалық жырлар жазуға ауысады. Оның өлеңдерінен нақтылық, суреткерлік мол орын ала бастайды. Осы жылдары А.С.Пушкин, Г.Гейне, Т.Шевченко өлеңдерін көптеп аударып, олардан үлгі-өнеге үйренеді. Лирика табиғатын тануда, оның эстетикалық мәнін көтеруде ол үшін аударма үлкен мектеп болды. Ақынның «Сырдария», «Айнабұлақ», «Алтын ай» сияқты тамаша лирикалары осы кездің жемісі. «Сырдария» өлеңінде туған жер табиғатына деген адамдық ыстық ықылас, халық өмірімен үзілмес байланыс өз жерін, Отанын сүйген ұлы ұстаздарының көңіл –күйімен сабақтас өрбиді.

Соғыстан кейінгі жылдар - Әбділда ақындығының айрықша жемісті, оның лирикасының өрісі кеңейген дәуірі. Бұл кезде ақын өмір фактілері негізінде тебіреніс пен толғаныстарға толы сыршыл, сезімтал лирикалық өлеңдерді көбірек жазды. Ақынның лирикалық кейіпкерінің дүниетанымы, көзқарасы кеңейіп, ойшылдыққа бет бұрады. Жеке бастың өмір тәжірибесіне сүйене отырып, ол характер есебінде де күрделене түседі, адамгершілік, күрескерлік сипаттарын бойына жинақтайды. Ақын «мені» заман рухын бойына жинап, гуманистік сезіммен байиды.

Әбділда өлеңдерінде уақыт қызметіне мол орын беріледі. Өмір сыры, қозғалысы сол арқылы өлшенеді, танылады. Сондықтан ол уақытты бос өткізбеуге шақырады.




Теңізде




           Теңіз, теңіз, көк те теңіз, жер теңіз..,.

Толқындармен бірге ойнаған еркеміз.

Арасында ала-сапран нөсердін

Әләуләйлап әнді де еркін шертеміз.

Теңіз неге тынышсызданды, білемін,

Бұзылғандай менің-дағы реңім.

Соқса борап өленімнің дауылы,

Дәл осындай дөңбекшиді жүрегім.

1957


Қара теңізге







        Теңіз, теңіз, Қара теңіз!

Туғандайсың көкпен егіз.

Өзгерілмес өз күйінде

Жатырсың бір жарты дүние,

Мен де сонау әуел бастан

Әбділда боп жаралмастан,

Теңіз болып туғанымда,

Құл боп кетпей ку қарынға,

Бұлтқа айналып алған демім,

Күйге айналып соққан селім.

Жатпас па еді сенше ырғалып,

Тұрмас па еді жұрт таң қалып!

1957






11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Өлеңдерімен танысу, оқып мазмұнын айту.

3. Жаттау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. Ә. Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Шығармаларын оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Әбділда Тәжібаев «Теңізге», «Қара теңізге»

20 -сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Ілияс Есенберлиннің өмірі мен әңгімелерінен хабар беру. «Көшпенділер» трилогиясы бойынша білім игерту, көшпенді қазақ өмірімен, қазақ хандарымен таныстыру, шығарманы жан –жақты талдауға және шығармашылықпен жұмыс жасай алуға үйрету;

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге, өзгеге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: шығармаға жан –жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы

2. «Теңізге», «Қара теңіз» өлеңдері


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы
Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. Жазушының балалық шағы аштық жалмаған зұлмат заманға тап келіп, 5 жасында тұл жетім қалды. Бала Ільяс балалар үйіне тапсырылды. Шығармашылыққа бір табан жақын өскен ол қабырға газетіне өлең жазып тұрды. Мектепті тәмамдаған соң, Қызылорда қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Кейін Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Жұмыс ісей жүріп, Алматыдағы Қазақ тау-кен институтына түсті.  Талантты да талапты бала тез көзге түсіп, 1937 жылы Қазақстан КСР-ның бірінші Конституциясын қабылдаған Қазақстан Советтерінің алғашқы Төтенше съездіне делегат болып сайланды.

1940 жылы институтты аман-есен аяқтап, Жезқазғанға жұмысқа жіберілген. Сол жылы күзде Қызыл әскер қатарына шақырылтып, Рига әскери-саяси училищесінде оқып, соғысқа аттанды. 1942 жылы қатта жарақаттанып, госпитальге түсіп, бір жылдан соң мүгедек болып елге оралды.

1947 жылға дейін Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің аппаратында инструктор болып жұмыс істеді.

Ілияс Есенберлиннің қаламды ерте қолға алғанмен (алғашқы өлеңі 1940 жылы жарық көрген), жемісті жылдары кейінірек басталған еді.Алғашқы он бес жыл ішінде «Айша», «Сұлтан», «Адамгершілік туралы поэма» сынды шығармалары жарық көрді. Бұл кездегі қаламгердің жемісі деп «Біржан сал трагедиясын» атаған жөн. Адамның асыл рухын қастерлеу – бұл шығармалардың өзекті арнасы. Қандай азап, арпалысқа тап болмасын, адам өзінің ардақты атына дақ түсірмей, өмір сапарында адалдықтың үстемдігі үшін күрессін; қара жүрек қатыгездер түбінде өз жазасын алады. Бұл шығармаларды бүгінгі биіктен сараласа, сондай тосын жаңалығы жарқылдап тұрмауы да мүмкін, дегенмен жазушының өлең, поэмалары мен қазіргі романдары арасында ондаған жылдар жатса да үзілмеген жібек жол көлеңдейді. Ол – ел өмірімен сабақтас тағдырды әлеуметтік – рухани тұрғыдан сұрыптау сынды қасиет. Жазушының елуінші жылдардың аяғында жарық көрген «Адам туралы жыр» атты повесі де сын құлағын елеңдете қоймады. Жұмысшы ұжымының қызу еңбегін, қилы-қилы қарым-қатынасын тартымды бейнелеген автор қазіргі өнеркәсіп, шаруашылық тек «таза» өндірістік мәселе емес, әлеуметтік, адамгершілік тәрізді биік атаумен астасып жатқан күрделі құбылыс деген қорытынды шығарды.

1958 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1962 жылдан «Қазгослитиздат» мекемесінде редактор, 1967 жылдан «Жазушы» баспасында директор, содан Қазақстан жазушылар одағының хатшысы (1971-1975 жылдары) болып қызмет атқарды.

1975 жылдан бастап толық шығармашылық жұмысқа көшіп, 16 жылда 15 роман дүниеге әкеледі.       

1962 жылы драматургияда күшін сынап, «Таудағы тартыс» пьесасы Республикалық жас көрермен театрының сахнасында қойылды. Қазақ тіліне Константин Дмитриевич Ушинскийдің шығармаларын аударды.

1969 жылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдарын жазды. Романдар 15-ші ғасырдан 19-шы ғасырдың ортасына дейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Сөз болатын тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы, Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары. Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды тарихи тақырыпта қалам тартылмаған. Алғаш рет 1976 жылы «Көшпенділер» атымен жарық көрген трилология орыс тілінің өзінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарады. Жалпы «Көшпенділер» трилологиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды. 2005 жылғы есеп бойынша, дүние жүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана. Бұл трилогияның негізінде 2005 жылы  «Көшпенділер» атты тарихи көркем фильмі түсірілді.

Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы» романдары - тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, әдебиетке серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар.

Өмірінің соңында жазушы «Алтын Орда» трилогиясын жазды (1982-83 жылдары).

Тың жерді игерудің кезінде дүбірі зор болғаны мәлім. Көп ұлтты механизатор, егінші ішінде ақшақұмар, «жеңіл өмірді» іздеуші де болғаны белгілі. Ғасырлар бойы қарлы боран мен қара суық, аптап жайлаған алып далаға егін егу жеңіл болған жоқ, ерлік пен ездіктің қатал сахна таразысына айналды, кімнің кім екені мүлтіксіз анықталды. Сөйтіп, тың игерушілердің қарқынды ісін үңіле зерттеген Есенберлиннің «Толқиды Есіл» (1965) атты повесінде даланың аңызағы мен саршұнақ аязында еңбек еткен азаматтардың тұлғасы жасалды.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Шығармасымен танысу, оқып мазмұнын айту.


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Шығармасын оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;

Б) тест тапсырмаларын орындау;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы


12-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейісов «Курляндия» романы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:


  • Оқыту: жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығынан оқушыларға хабар беру. «Курляндия» романы мен «Қан мен тер» трилогиясын оқып, мазмұндап, шығарманы талдау, білімдерін тексеру, шығарманы жан –жақты талдауға және шығармашылықпен жұмыс жасай алуға үйрету;

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге, өзгеге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: шығармаға жан –жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет