Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы



бет4/11
Дата23.10.2016
өлшемі2,14 Mb.
#28
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Әңгімелерімен танысу, оқып мазмұнын айту.


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. «Ұлпан» романының ерекшелігі неде.

2. Романдағы жағымсыз және жағымды кейіпкерлерді атаңдар


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Ұлпан» романы


16-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин «Дауылдан кейін» романы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: жазушы Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен әңгімелерінен оқушыларға хабар беру. «Дауылдан кейін» романы бойынша игерген білімдерін тексеру, шығарманы жан –жақты талдауға және шығармашылықпен жұмыс жасай алуға үйрету;

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге, өзгеге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: шығармаға жан –жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)


1. Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы

2. «Қыран жыры», «Сөз жоқ соның іздері» әңгімелері

3. Ұлпан романы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Ғабиден Мұстафин «Дауылдан кейін» романы
Ғабиден Мұстафин 1902 жылы 29 қарашада қазіргі Қарағанды облысы, Тельман ауданындағы шағын дәулетті отбасында дүниеге келген. Талапты бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. «Басқа оқу жоқ еді», - дейді ол кейін жастық шағын қынжыла, мұңая еске алып. Кішкентай жүректе жанған шырақ оқу-білім іздетеді,

1916 жылы зауыттағы орысша-қазақша мектептің төртінші сыныбына түсіп, бір жылдан кейін бітіріп шығады. «Қайтып оқуға мұрша болған жоқ», - деп өкінеді.

1918-1925 жылдары ауылдық кеңестің әр алуан жұмысына араласады. Білімге деген құштарлық Қазақстанның сол кездегі орталығы Қызылордадан оқу іздетеді. Бірақ балалық шағында алған шамалы білім оқу орнына түсуге мүмкіндік бермейді де, жоғарғы сотқа қызметке орналасады. Жазушының өзі айтқандай, көркем әдебиетке деген құштарлығы осы жылдары оянады.

Жиырмасыншы жылдар туған еліміз үшін аса бір маңызды кезең еді. Ауылдағы тартыс, Азамат соғысынан кейінгі ауыртпалық, әлі оңы мен солын айыра бермейтін кедейдің қиын хал-күйі төңірегінде өрбитін. Жастайынан талай қиянат көрген болашақ жазушы қайнаған өмір ағымынан сырт қала алмады. Өзінің алғашқы қадамы туралы: «Көргенімді, сезгенімді жазатынмын», - дейтін Ғабең. Демек, жазушылық өмірінің алғашқы сәтінен бастап, бүкіл өнер жолында үлкен әсер еткен осындай өмір-ғұмыр тартысының қызу ортасы еді.

Жас талапкер өзі көрген, сотқа келіп түскен шағымдағы қиянат, мұң-шер, жапа шеккен адам туралы нақтылы оқиға негізінде жазған хабарлама, очерк, фельетонын «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне жариялап жүреді.

Ғабиден Мұстафин мұрасы – 20-40 – жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық – дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел-жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысатын- азаматтық тұғырдан түспеген жағымды кейіпкердің тұтас бір тізбегін жасады.

Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатынуақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасынааянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді күрескер биігінен таймау – Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.

Сөйтіп, Ғабиден Мұстафин алғашқы қалам тартысынан-ақ өзінің өзекті тақырыбын- бүгінгі қайнаған өмірді, қызу күресті дәл тапты. Тұңғыш кітабы «Ер шойынға» (1929) арқау болған да өзі жақсы білетін қилы-қилы ауыл өмірі, кедейдің сана-сезімі, таптық күрес еді. «Ер Шойын» - жазушының ғұмырлық тақырыбын белгілеген, өзінің талабы мен талантына сенім туғызған ерекше мәні бар жинақ.

Алғашқы әңгімесі "Сәрсен мен Боқаш" (1927) "Жыл құсы" журналында жарияланады.

Тұңғыш әңгімелер жинағы "Ер Шойын" (1929) деген атпен басылып шықты. 1930 жылы көктемде Қарағандыға ауысып, үш жыл қара жұмыс істейді: слесарь, токарь мамандығын меңгереді. 1938 жылы "Қарағанды пролетариаты" газетінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалады. Көп кешікпей, Новосибирск қаласында казақ тілінде "Қызыл ту" атты газеттің шығуына байланысты, сонда жіберіледі. Газет жабылғаннан кейін (1938) Алматыға келеді. 7-8 жыл көркем әдебиеттен қол үзіп кеткенімен, журналистік жұмыста қаламы төселіп, өмір тәжірибесі молайып қалған оның Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазған тұңғыш романы "Өмір не өлім" - 1940 жылы жеке кітап болып басылды. Бұрын өндіріс тақырыбына "Алыптың кереметтері" (1936) очеркі мен "Керуен" (1938) атты әңгімесі жарияланған автордың аталған романы қазақ әдебиетінде бұл саладағы алғашқы күрделі туындылардың бірі болды. Он шақты жылдан кейін осы тақырыпқа қайта оралып, "Қарағанды" (1952) романын жазды.

Алғашқыда "Әдебиет майданы" (қазіргі "Жұлдыз") журналының қатардағы қызметкері (1938-1940),

Кейіннен редакторы (1940-1948) бола жүріп, жемісті шығармашылық еңбек етті. Колхоз-совхоз сахналарына арналған бірнеше шағын пьесалар ("Айғақ", 1942), көптеген әңгімелер жазды.

"Шығанақ", "Дауылдан кейін" романдары мен "Миллионер" повесі ауыл өміріндегі елеулі өзгерістерді суреттеуге арналды. Соңғы күрделі шығармасы - "Көз көрген". 1953-1957 және 1961-1964 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қызмет атқарды.Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1958), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Алтыншы сайланған Қазак КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ленин ордені мен (2 рет) II дәрежелі Отан соғысы, екі Еңбек Қызыл Ту (2 рет), Халықтар Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

1940 жылы Ғ.Мұстафиннің алғашқы көлемді туындысы –«Өмір мен өлім» романы жарыққа шықты. Бұл – қазақ әдебиетіндегі ауыр өнеркәсіпте еңбек еткен жұмысшы табы мен маманы бейнеленген тұңғыш шығарманың бірі еді. Қарағандыда көтеріліп келе жатқан зор жаңалық кеңінен суреттелгенмен, алғашқы әңгімелерде кеткен кемшілікті бұл кітаптан да байқаредіңіз. Әйтсе де, жаңа шығарма болашақ романшының шеберлігін шыңдауда үлкен мектеп болды.

«Өмір мен өлімнен» кейін қаламгердің сәтті кезеңі басталады. Ауылдағы өзгеріске арналған «Шығанақ» (1945) пен «Миллионер» (1948) жарық көреді. Көп кешікпей, орыс тілінде жарияланған бұл шығармалар қаламгер есімін кеңінен танытады, шет тілдерге де аударылады.

Қазақ әдебиетінің көрнекті туындысына айналған «Қарағанды» романы (1952) мен жазушы шығармашылығының бір шыңы – «Дауылдан кейін» (1960) романы басылып шығады. Соңғы жылдары өз басынан кешкенін, көргенін ғұмырнамалық «Көз көрген» романында жинақтады.

Өте маңызды тақырыптарға арналған бұл романдарға кең тұрғыдан қарау керек. Жиырмасыншы жылдардағы кескілескен таптық тартыс, қалың бұқараның рухани өзгеруі, ауылдың өзерісі, ен далаға өнеркәсіп алыптарының салынуы – феодалдық құрылыстың тас-талқаны шығып, жаңа бір қоғамның қанат жаюы кең бейнеленген кең құлашты шығармаларға айналды.

Қазақ әдебиетінде шаруа тақырыбына жазылған шығармалардың ішіндегі айрықша көркемдік қуатқа ие болғаны – «Шығанақ» романы.

Өмірдің талай бел-белесін басынан кешірген Олжабек бейнесі өзінің типтік сипатымен миллиондаған орта шаруаның жолайырықтағы әуре-сарсаңын шыншылдықпен әйгілейді. «Өзімдікі» дегенде өзегі талып, көкірегінің күйгеніне қарамай, жалғыз саяғын көш жерден іздейтін Олжабектер аз болған жоқ. Бұл өмірден алынған шындық еді.

«Шығанақ» романының бас қаһарманы – Шығанақтың өмір жолы-адам деген ардақты атты, түсте көрген арманын, бақытын еркін еңбек-өмірден тапқан қазақ кедейінің жолы. Тағатсыз ой шырмауы, тынымсыз еңбек, ел қамы, жер сәні – кәрі тарланды күрке босағасынан тұрмыс шыңына көтерген рухани кеңістігі. Кешегі қара табан тақыр кедей – бұл күнде төңірекке азаматтық биік мұнардан көз жібереді, ол өмірдің қадір-қасиетін, өз борышын түсінген зерделі жан. Шығанақ бұл күнде – арамдыққа душар болса, табан тіреп қарсы тұрар, адалдық үшін жанын қияр азамат. Өмір тепкісін жұмыр басына жетерліктей көрген ел атасы – Шығанақ өзінің, өзі сияқты еңбек сүтін емген шымыр білек, шыңдалған жүрек жандардың өмірдегі ізгі де ауыр орнын әбден ұққан: адамды (Олжабекті) өзгерту, құлазыған шөлейт даланы құлпырту, өмірді сәндеу өз қолының ісі екенін жақсы түсінген.

Миллиондаған ауыл шаруасының өмір жолы - өз мүлкіне деген санасының өзгеруі оңай болмаған. Жазушы табиғатты өзгертуші бейбіт еңбек адамын жырлай отырып, өмірге нәр беріп, адамның өзін жаңғыртатын жасампаз еңбекті дәріптейді.

Соғыстан кейінгі халық шаруашылығы мен әдебиетіне арналған «Миллионер» повесінде ауыл еңбекшілерінің рухани-әлеуметтік келбеті кеңінен бейнеленген. Колхозды ауылдың жаңа кезеңін суреттейтін «Миллионер» повесі «Шығанақ» романының заңды жалғасындай: тақырып – біреу, кейіпкерлер – жүйелес, бірақ уақыт жағынан екі кезең суреттелген. Жаңа уақытұа сай жаңа әуен-бояумен әрлендірілген «Миллионер» ауылдың келешегін паш етеді, жаны сұлу адамдар жырланады.

Кезінде сыншылар шығарманың негізгі тартысы Жомарт пен Жақып жоспарына байланысты еді деп, -талданғанды. Бұл дұрыс та, бірақ бұл тартыс күрделі әлеуметтік- қоғамдық құбылысты ашуға дәнекер ғана. Өйткені осынау тартыс үстінде жас қауымның ой шеңберінің керемет өскенін, жаңа көзқарасты азамат болып қалыптасқанын, жаны таза, адамгершілігі мол жандар екенін көреміз. Кейін «Миллионер» шет елдердің тіліне аударылғанда шығарманың осы жарқын рухы жоғары бағалаған-ды.

«Миллионердің» кейіпкерлері – талғамы биік, сезімтал жандар, олар өмірдің сұлу табиғатын терең түсінеді, өмірді халықтық тұрғыдан бағалайды.

Егер «Шығанақ» романындағы Олжабектер «Қайтсем, өмірден опық жемей, жылы ұя табам!» деп жеке басының қамын ойлап жанталасса, «Миллионердің» кейіпкерлері «Қайтсем, еліме, жұртыма септігім тиеді» деп, алдарына биік мақсат қояды. Мұстафин сүттен ақ, қардан таза кейіпкер емес, бірақ әрқашан да адамгершілік өреден табылатын адал жандарды үлгі тұтады.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Әңгімелерімен танысу, оқып мазмұнын айту.


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. Ғ.Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Шығармаларын оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Ғабиден Мұстафин «Дауылдан кейін» романы

17-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Дариға сол қыз»
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы жеке тұлғасын анықтату, ақын шығармашылығына қызығушылықты ояту;

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: оқушының талдай, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы

2. «Дауылдан кейін» романы


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Қасым Аманжолов «Дариға сол қыз»
Қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.

Қасым Аманжолов - көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.

Қ.Аманжолов - өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы қазан айында дүниеге келеді. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл - сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді. Жинаққа енген өлеңдерден болашақтағы кемелденген ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол, шумақтар табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ ақынның әлі де үйрену, еліктеу үстінде екенін көрсететін еді. Әсіресе көзге ауыз әдебиетінің 7-8 буынды терме, толғау үлгілеріне бой ұруы жиі шалынатын. Өлеңіне арқау етіп алған өмір құбылыстарын сырттай таңырқап, тамашалауға, көрген-білгенін тәптіштеп, тізбелеп суреттеуге әуестік байқалатын.

   Бірақ ақын бұл қалпында көп кідірмей, осыдан кейінгі не бары екі-үш жылда-ақ:

Ішім пысты, жалықтым,

Жүре алман енді аяңдап.

Кенде қаппын, жаңа ұқтым,

Не болса соған аяңдап -

немесе:


Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға,

Қайрат шіркін алып шықса, қиын ба!..

Жығылам деп жүре алмаймын жай басып,

Жүгіремін киіп-жарып, айқасып.

Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар,

Іш пыстырып, жалт-жұлт қарап, жай басып

Жығылсам да, жүгірумен өтемін,

Аяңшылдың ақылын мен не етемін.

Жығылармын, алқынармын, шаршармын,

Барар жерге бұрынырақ жетермін, -

дегеніндей-ақ, қатты талпынып, талантына мәдениеті қосылып, ақындықтың шырқау биігіне самғап көтерілді. Махамбет, Абай поэзиясының көркемдік табиғатына терең бойлау, дүниежүзілік поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен алымдылық, шалымдылықпен үйрену оның буырқанған күшті талантын тез қанаттаңдырды. Қасым 30-жылдардың өзінде-ақ А.Пушкиннен, М.Лермонтовтан, Т.Шевченкодан, Дж.Байроннан, В.Маяковскийден шебер аудармалар жасады. Бұл оның үлкен поэзияның сырына терең бойлап, ақындық өнерінің қыр-сырын тануына көмектесті.


Дариға, сол қыз







      I

      Өңімде ме еді,түсімде ме еді,

Көріп ем ғой бір армандай қызды...

Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,

Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.

Сапырды дауыл,тебіренді теңіз,

Тулады толқын,шайқалды шың-құз...

Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз,

Қайда екен, қайда,дариға, сол қыз?!

       II

     Оқ тиді келіп,қайратым кеміп,

Барамын сөніп,келмейді өлгім!

Тұрғандай сол қыз жаныма келіп,

Талпына берді қайран жас көңілім!

Барамын сөніп,барамын сөніп,

Жұтар ма мені мына сұм соғыс?

Арманым бар мА өлсем бір көріп,

Қайда екен, қайда,дариға, сол қыз?!

       III

     «Келмейді өлгім,келмейді өлгім!

Қайратым қайда,келші осындайда»,

Дедім де тұрдым,жүгіре бердім,

Қолымда найзашағылып айға.

Жеңдік қой жауды,арман не, құрбым!

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс.

Келемін қайтып,өлеңімді айтып...

Қайда екен, қайда,дариға, сол қыз!



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Әңгімелерімен танысу, оқып мазмұнын айту.


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. Қ. Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Шығармаларын оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қасым Аманжолов «Дариға сол қыз»


18-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Туған жер»
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы жеке тұлғасын анықтату, ақын шығармашылығына қызығушылықты ояту;

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: оқушының талдай, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет